Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театры

  • Home
  • Kazakhstan
  • Almaty
  • Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театры

Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театры КазНТОБ им.Абая – ведущий театр оперы и балета в Казахстане

04/07/2026

Бүгін, 2026 жылдың 4 шілдесінде, КСРО және Қазақ КСР Халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтардың лауреаты, профессор Ермек Бекмұхамедұлы Серкебаевтың туғанына 100 жыл толып отыр.
Ермек Бекмұхамедұлы Серкебаевтың 100 жылдық мерейтойы 2026–2027 жылдарға арналған ЮНЕСКО-ның атаулы және айтулы күндер күнтізбесіне енгізілді.

Ермек Серкебаевты еңбегіне лайық «Баритондардың королі» және «Кеңес Одағының Үздік Фигаросы» деп атаған.
Әйгілі опера әншісі, актер, ұстаз, жарқын да дарынды тұлға қазақ классикалық өнерінің дамуына орасан зор үлес қосқан. Оның есімі тек Қазақстанға ғана емес, елімізден шалғай шет елдерге де кеңінен танымал. Ол әлемнің 50-ден астам ең үздік сахналарында өнер көрсетті. Ермек Серкебаев үлкен сахналық мәдениеттің, адамгершілік және әртістік тартымдылықтың иесі еді. Керемет баритон мен жарқын әртіс ретінде ол Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театрында жетекші баритондық репертуардың барлығын орындап, қазақ, орыс және батысеуропалық композиторлардың спектакльдерінде жарқын образдар галереясын жасады.

Әлі күнге дейін өнерсүйер қауым оны ерекше кейіпкерлерімен еске алады: «Абай» операсындағы Абайды, «Ер Тарғын» операсындағы Тарғынды, «Дударай» операсындағы Семенді, «Біржан-Сарадағы» Жанботаны, «Алпамыстағы» Алпамысты, «Пиковая дама» операсындағы Елецкийді, «Евгений Онегиндегі» Онегинді, «Кармендегі» Эскамильоны және «Травиатадағы» Жермонды.

Ермек Серкебаевқа кең танымалдықты Фигароның партиясы әкелді. Аты аңызға айналған әнші Дмитрий Гнатюк оны «баритондардың патшасы» деп атаса, Мүслім Магомаев «Кеңес Одағындағы ең үздік Фигаро» деп бағалаған. Осы партиямен Ермек Бекмұхамедұлы Еуропа мен КСРО-ның көптеген опера сахналарында өнер көрсетті. Оған әлемнің үздік театрларынан көптеген ұсыныстар түссе де, Ермек Серкебаев өзіне қымбат Абай атындағы опера және балет театрына адал болып қалды.

Ермек Бекмұхамедұлы Серкебаев біздің жадымызда көрнекті әнші, ұлағатты ұстаз, ұлы сахна шебері, сондай-ақ кең жүректі, әділ әрі парасатты жан ретінде мәңгі сақталады.

04/07/2026

Құрметті достар!

2018 жылдан бастап шілденің алғашқы жексенбісі төл аспабымызды ұлықталатын күн ретінде дәстүрлі түрде атап өтіліп келеді.
Домбыра — қазақ халқының тірі шежіресі әрі ұлттық кодымыздың ажырамас бөлшегі. Мәдени болмысымызды жаңғыртуға бағытталған бұл мерекенің әрбір қазақстандық үшін маңызы терең, мәні бөлек. Бұл күн — Тәттімбет Қазанғапұлы, Сүйінбай Аронұлы, Құрманғазы Сағырбайұлы, Дәулеткерей Шығайұлы, Біржан сал Қожағұлұлы, Жаяу Мұса Байжанұлы, Дина Нұрпейісова, Жамбыл Жабаев, Қазанғап Тілепбергенұлы, Сейтек Оразалыұлы, Сүгір Әлиұлы, Кенен Әзірбаев, Нұрғиса Тілендиев, Ғарифолла Құрманғалиев сынды ұлы бабаларымыздан мұраға қалған күй өнерін насихаттап, сақтауда ерекше орын алады.
Абай атындағы опера және балет театры Сіздерді Ұлттық домбыра күнімен шын жүректен құттықтайды! Рухани құндылықтарымыз бен ұлттық дәстүрлерімізді дәріптеп, туған жерге деген сүйіспеншілікті арттыратын Ұлы дала сазы жүректеріңізде мәңгі асқақтай берсін!

Ұлттық домбыра күні және Ахмет Жұбановтың 120 жылдығы: Ұлы даланың өшпес мұрасыШілденің алғашқы жексенбісінде Қазақстан ...
04/07/2026

Ұлттық домбыра күні және Ахмет Жұбановтың 120 жылдығы: Ұлы даланың өшпес мұрасы
Шілденің алғашқы жексенбісінде Қазақстан халқы тарихымыз бен рухани жадымыздың, ұлттық мәдениетіміздің жанды символына айналған қастерлі аспабымыз – Ұлттық домбыра күнін атап өтеді. Бұл айтулы күннің маңызы биыл ерекше, себебі еліміз көрнекті композитор, музыкатанушы, дирижер әрі қоғам қайраткері Ахмет Қуанұлы Жұбановтың туғанына 120 жыл толуын қатар тойлап отыр.
Ахмет Жұбановтың есімі домбыра өнерін сақтау және дамыту ісімен тығыз байланысты. Ол саналы ғұмырын қазақ күйшілерінің бай мұрасын зерттеу мен насихаттауға арнады. Халық шығармаларын жинап, таспаға түсірді, оларды алғаш рет кәсіби деңгейде өңдеп, оркестрге лайықтап нотасын дайындады. Сонымен қатар, ұлттық аспаптардың, соның ішінде домбыра мен қобыздың құрылымын жетілдіруге зор үлес қосты. Жұбановтың бастамасымен 1934 жылы тұңғыш рет Қазақ ұлт-аспаптар оркестрі құрылып, өзі оның алғашқы көркемдік жетекшісі әрі дирижеры болды.
Ұлы дала музыкасының дүлдүлдері – Құрманғазы Сағырбайұлы, Дәулеткерей Шығайұлы, Дина Нұрпейісованың шығармашылығынан нәр алып, оларды өзіне ұстаз санаған А. Жұбанов халық өнерінің ғасырлар бойы қалыптасқан дәстүрін кәсіби музыка мәдениетінің жетістіктерімен ұштастыра білді.
Оның «Ғасырлар пернесі» және «Замана бұлбұлдары» атты ғылыми еңбектері қазақ музыкасы тарихының іргелі зерттеулеріне айналды. Ал Латиф Хамидимен бірлесіп жазған «Абай» операсы ұлттық музыка өнерінің алтын қорынан ойып тұрып орын алды.
Домбыра күні — бұл тек қасиетті аспапқа көрсетілген құрмет қана емес, сонымен бірге оның үнін әлемдік деңгейге көтерген бірегей тұлғалардың еңбегін ұлықтау.
Ахмет Жұбановтың 120 жылдық мерейтойын атап өте отырып, біз отандық кәсіби музыкалық білім берудің, музыкатану ғылымы мен орындаушылық өнердің негізін қалап, Ұлы даланың баға жетпес қазынасын келешек ұрпаққа аман-есен жеткізген ұлы ұстаздың рухына тағзым етеміз.

28/06/2026

Құрметті достар, бұқаралық ақпарат құралдарының қызметкерлері!
Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театры атынан Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз — Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері күнімен шын жүректен құттықтаймыз!
Сіздердің еңбектеріңіз — тек ақпарат жеткізу ғана емес, сонымен қатар қоғам мен мәдениет арасындағы маңызды көпір. Сіздер күн сайын шынайы ақпарат таратып, қоғамдық пікір қалыптастырып, ел дамуына елеулі үлес қосып келесіздер.
Біздің театр үшін сіздердің қолдауларыңыздың орны ерекше. Өнерімізді кең аудиторияға танытып, жаңа қойылымдар мен концерттерімізді көрерменге жеткізуде сіздердің еңбектеріңіз зор. Сіздердің кәсібиліктеріңіз бен шығармашылық көзқарастарыңыз арқылы театр өмірі халыққа жақындай түседі.
Сіздерге шынайы алғысымызды білдіре отырып, шығармашылық шабыт, кәсіби табыс, мықты денсаулық және толағай табыстар тілейміз. Еңбектеріңіз әрдайым ел игілігіне қызмет ете берсін!
Ізгі ниетпен,
Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театры

Дорогие друзья, все, кто связал свою жизнь со СМИ!
От имени Казахского национального театра оперы и балета имени Абая примите самые искренние поздравления с профессиональным праздником — Днём работников средств массовой информации!
Ваш труд — это не просто профессия, а важнейшая миссия, требующая высокой ответственности, объективности и преданности делу. Именно вы ежедневно формируете информационное пространство, сохраняете общественный диалог, доносите до широкой аудитории значимые события, идеи и достижения, способствуя развитию культуры, общества и государства.
Для нашего театра ваша поддержка имеет особое значение. Благодаря вашему вниманию, профессионализму и искреннему интересу к искусству, зрители узнают о премьерах, концертах, творческих проектах и ярких страницах нашей истории. Вы помогаете нам быть ближе к публике, расширять границы искусства и вдохновлять новые поколения.

Мы выражаем глубокую благодарность за сотрудничество, за вашу объективность, творческий подход и постоянную готовность быть рядом с культурной жизнью страны.
Желаем вам крепкого здоровья, неиссякаемой энергии, профессиональных успехов, ярких материалов и благодарных читателей, зрителей и слушателей! Пусть в вашей работе всегда будет место вдохновению, а в жизни — благополучию и гармонии.
С уважением,
Казахский национальный театр оперы и балета имени Абая

27/06/2026

Театрдың Бас демеушілері / Генеральные спонсоры театра:
фонд “Самрук - Қазына”
Freedom Holding Corp
26 маусым күні «Опера түні» жобасы мүлде жаңа көркемдік кеңістікте жалғасын тапты. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі мен Алматы қаласы әкімдігінің қолдауымен өткен жобаның екінші күні көрермендерді Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театрының жүрегіне жетелеп, театрдың бірегей шығармашылық әлемімен таныстырып, жоғары өнермен қауышудың ерекше форматын ұсынды.

Егер алғашқы кеш ашық аспан астында мыңдаған көрерменді біріктірген ауқымды мәдени мереке болса, екінші күн қонақтарды Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театрының жүрегіне шақырды. 500-ден астам көрермен театрдың тарихи залдары мен көпшілікке беймәлім сахна сыртындағы әлемге саяхат жасап, театр өнерінің қалай дүниеге келетінін өз көздерімен көруге мүмкіндік алды.

Бұл кеште театр көрерменге өзінің ең құпия әрі ерекше қырын ашты. Тарихи фойелер, баспалдақтар, театр декорациялары, дайындық залдары, сахна мен сахна сыртындағы дәліздер біртұтас көркем кеңістікке айналып, қонақтарды бүкіл жол бойы әуезді музыка сүйемелдеп отырды. Мұнда уақыт баяулап, оның орнын сұлулық, шабыт пен ұлы өнерге жақындық сезімі басты.

Кештің ерекше әсерлі сәттерінің бірі – театр декорацияларының арасында өткен концерт болды. Көрермендер қойылымдардың көркем әлемінің дәл ортасына еніп, тарихи сценография, камералық атмосфера және жанды орындаудың арқасында театрды тек сахна ретінде емес, тынысы бар шығармашылық құрылым ретінде қабылдады. Артистер мен көрермен арасындағы үйреншікті шекараның жойылуы әрбір музыкалық шығарманы шынайы сұхбатқа айналдырып, дауыс, сәулет және кеңістік тұтас көркемдік үйлесім тапты.

Сахна сыртына ұйымдастырылған экскурсиялар көрермендерге әдетте көпшілікке қолжетімсіз әлемге енуге мүмкіндік берді. Символдық мәні бар 26.06.26 күні қонақтар театрдың күн сайынғы шығармашылық құпияларының куәсі болды. Тарихи дәліздер, сахна және сахна сыртындағы кеңістіктер келушілерді әр спектакльдің сәтті өтуіне үлес қосатын, бірақ көрермен назарынан тыс қалатын көптеген театр қызметтерінің жұмысымен таныстырды. Бұл саяхат театрдың шынайы тынысын сезінуге мүмкіндік беріп, кездесуді ерекше әсерлі әрі ұмытылмас сәтке айналдырды.

Екі күнге созылған жобаны жүзеге асыруға 200-ден астам өнерпаз қатысты. Олардың қатарында театрдың жетекші опера солистері, жас орындаушылар, симфониялық оркестр мен хор ұжымы бар. Олардың кәсіби шеберлігінің арқасында «Опера түні» соңғы жылдардағы театрдың ең ауқымды әрі көркемдік маңызы зор жобаларының біріне айналды.

Түнгі театр ерекше атмосфера сыйлады. Тарихи сәулет өнері, жұмсақ жарық пен жанды дауыс кеңістікті ерекше энергияға бөлеп, әрбір қонақтың өзін театр әлемінің бір бөлшегі ретінде сезінуіне мүмкіндік берді.

Көрермендердің шынайы әсері, толассыз қол шапалақтауы және әлеуметтік желілерде жарияланған көптеген жазбалар классикалық өнердің әлі де адамдарды біріктіріп, кең аудиторияның жүрегінен орын алатынын тағы бір мәрте дәлелдеді.

Екі күнге созылған «Опера түні» жобасы академиялық өнерді жаңа форматта ұсынудың жарқын үлгісіне айналып, open air концерттерін, камералық музыкалық кештерді, сахна сыртына экскурсияларды және көрерменмен тікелей шығармашылық байланысты бір арнаға тоғыстырды.

Жобаның зор жетістігі академиялық музыкаға деген жоғары қызығушылықты тағы бір мәрте айқындап, Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театры дәстүрді сақтай отырып, жаңа мәдени тәжірибелерді батыл қалыптастырып, Алматының заманауи мәдени келбетін дамытуға елеулі үлес қосып келе жатқанын дәлелдеді.


26 июня проект «Ночь в опере» продолжился в совершенно ином художественном измерении. При поддержке Министерства культуры и информации Республики Казахстан и Акимата города Алматы второй вечер проекта пригласил зрителей в самое сердце Казахского национального театра оперы и балета имени Абая, открыв публике его уникальное творческое пространство и подарив новый формат встречи с высоким искусством.
Если первый вечер стал масштабным праздником под открытым небом, объединившим тысячи зрителей, то второй пригласил публику в самое сердце Казахского национального театра оперы и балета имени Абая. Более 500 гостей стали участниками уникального путешествия по историческим интерьерам и таинственному закулисью — пространству, где рождается театральное искусство.
В этот вечер театр раскрыл зрителям свою сокровенную сторону. Исторические фойе, величественные лестницы, театральные декорации, репетиционные залы, сцена и закулисные коридоры превратились в единое художественное пространство, где музыка сопровождала гостей на протяжении всего маршрута. Здесь время словно замедлило свой ход, уступив место красоте, вдохновению и ощущению сопричастности великому искусству.
Особую атмосферу создал концерт среди театральных декораций. Зрители буквально оказались внутри художественного мира спектаклей, где историческая сценография, камерная обстановка и живое исполнение позволили увидеть театр не только как сцену, но и как живой творческий организм. Отсутствие привычной дистанции между артистами и публикой превратило каждый музыкальный номер в искренний диалог, в котором голос, архитектура и пространство сливались в единое художественное целое.
Экскурсии по закулисью — редкая возможность прикоснуться к миру, обычно скрытому от зрительских глаз. Символично, что именно в зеркальную дату — 26.06.26 — гости словно открыли дверь в тайны театра, оказавшись там, где ежедневно рождается сценическое волшебство. Исторические коридоры, сцена и закулисные пространства познакомили посетителей с работой многочисленных театральных служб, чей труд остаётся невидимым, но делает возможным каждый спектакль. Это путешествие позволило почувствовать живое дыхание театра и сделало встречу с ним особенно личной и незабываемой.
В реализации двухдневного проекта приняли участие более 200 артистов — ведущие солисты театра, молодые исполнители, симфонический оркестр и хор. Благодаря их мастерству «Ночь в опере» стала одним из самых масштабных и художественно значимых проектов театра последних лет.
Ночной театр создавал особую атмосферу. Историческая архитектура, мягкий свет и живое звучание голосов наполняли пространство особой энергетикой, позволяя гостям почувствовать себя частью театрального мира.
Искренние эмоции зрителей, продолжительные аплодисменты и многочисленные публикации в социальных сетях подтвердили, что классическое искусство по-прежнему объединяет людей и находит широкий отклик.
Двухдневный проект «Ночь в опере» стал новым этапом в развитии современных форм представления академического искусства, объединив open air, камерные концерты, экскурсии по закулисью и живой диалог со зрителем.
Успех проекта подтвердил высокий интерес к академической музыке и вновь доказал, что Казахский национальный театр оперы и балета имени Абая, сохраняя традиции, уверенно создаёт новые культурные практики, формируя современный культурный облик Алматы.

27/06/2026

Театрдың Бас демеушілері / Генеральные спонсоры театра:
фонд “Самрук - Қазына”
Freedom Holding Corp
Алматыдағы «Опера түні»: ашық аспан астындағы классика жауһарлары және 24/7 форматындағы мегаполис
Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театрының сахна төрінде 92-ші театр маусымының жарқын қорытындысына айналған «Опера түні» жобасы жоғары деңгейде өтті. Бұл бірегей мәдени бастама музыка мен сұлулықтың нағыз мерекесіне айналып қана қоймай, еліміздің мәдени өмірінде үлкен қоғамдық резонанс тудырды.
Аталмыш іс-шара дәстүрлі театр форматының шекарасынан шығып, оңтүстік астанамыздың жаңа даму тұжырымдамасының айқын көрінісі болды. Жақында ғана Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Токаев «Turkistan» газетіне берген сұхбатында Алматы қаласын Нью-Йорк, Мәскеу және Париж сияқты тәулік бойы (24/7) жұмыс іштетін, тұрғындар мен туристердің мүддесіне қызмет ететін мегаполиске айналдыруды тапсырған болатын. «Опера түні» жобасы осы президенттік бастаманың бір дәлелі іспетті: түнгі қала ұлы өнермен тыныстап, мыңдаған жанның басын біріктірді.
Open Air форматында өткен концерт театр алдындағы алаңды бір кешке үлкен сахнаға айналдырды. Көрермен саны күтілген межеден бірнеше есе асып түсіп, алаңға 5 000-нан астам адам жиналды. Алматының түкпір-түкпірінен, барлық аудандарынан келген өнерсүйер қауым классикалық музыка сиқырына куә болды.
Бұл кеште бүкіл алаң ашық аспан астындағы үлкен біртұтас залға айналғандай әсер қалдырды. Симфониялық оркестрдің сүйемелдеуімен театрдың жетекші солистері мен хор ұжымы әлемдік және ұлттық опера өнерінің ең таңдаулы жауһарларын орындады. Бағдарламада Карл Орфтың монументалды «O Fortuna» шығармасынан бастап, Верди мен Пуччинидің драмалық туындылары, сондай-ақ қазақ музыка мәдениетінің алтын қоры — «Біржан–Сара» мен «Абай» операларының үзінділері шырқалды. Кештің нағыз эмоционалды мәресі — бес мыңнан астам көрерменнің театр әртістерімен бірге «Гүл Алматым» әнін шырқауы болды. Бұл өте ауқымды және ұмытылмас сәт ретінде театр тарихына енді.
Жобаға 200-ден астам әртіс қатысты. Олардың қатарында театрдың жетекші солисттары мен сахнаға жаңа қадам басқан жас таланттар да болды.
Кештің жоғары деңгейде өтуіне кәсіби шығармашылық топ зор еңбек сіңірді. Дирижерлік пультте — Нұржан Байбосынов және Қуаныш Исмаилов болды. Бас хормейстер Әлия Темірбекова хордың үйлесімді әрі қуатты дыбысталуын жоғары деңгейде көрсетсе, режиссерлар Наталья Кагадий, Алуа Сабо концертті толыққанды біртұтас театрлық оқиға деңгейіне көрсетті.
Қала тұрғындары мен қонақтары әлеуметтік желілерде «Опера түні» туралы жарыса жазып, жобаның өте жоғары деңгейде өткенін мақтанышпен бөлісті. Концерт аяқталғаннан кейін де халық ұзақ уақыт бойы тарай алмай, сахна алдында артистерді, солистерді, хор мен оркестрді және дирижерді қимай, қол шапалақтап, естелік суреттерге түсті.
Толық аншлагпен өткен бұл жоба Абай атындағы опера және балет театрының мәртебесін тағы бір асқақтатып, Алматының мәдени өміріне жаңа серпін берген, дәстүрге айналар жарқын бастама болды.

«Ночь в опере» в Алматы: шедевры классики под открытым небом и мегаполис в режиме 24/7
Под сводами Казахского национального театра оперы и балета имени Абая яркой и по-настоящему грандиозной финальной симфонией 92-го театрального сезона прозвучал масштабный культурный проект «Ночь в опере». Программа прошла с колоссальным триумфом и вызвала мощнейший общественный резонанс по всей стране.
Событие вышло далеко за рамки привычного театрального формата, наглядно проиллюстрировав концепцию развития Южной столицы. Накануне Президент Казахстана Касым-Жомарт Токаев в интервью газете «Turkistan» подчеркнул, что Алматы должен трансформироваться в мегаполис, полноценно функционирующий в режиме 24/7 — по аналогии с Нью-Йорком, Москвой и Парижем, работая в круглосуточном интересе жителей и туристов. Масштаб и атмосфера «Ночи в опере» стали живым воплощением этой президентской инициативы: ночной город дышал искусством, объединяя тысячи людей вокруг непреходящих ценностей классики.
Концерт в формате Open Air, прошедший на площади перед театром, превзошел все ожидания и собрал более 5 000 зрителей. Жители съезжались со всех, даже самых отдаленных районов Алматы, чтобы прикоснуться к великому искусству.
В этот вечер вся площадь и прилегающие улицы превратились в единый грандиозный зрительный зал под звездным небом. Под аккомпанемент симфонического оркестра ведущие солисты и хор театра представили масштабную музыкальную панораму. Зрители затаив дыхание слушали как шедевры мировой классики — от монументального «O Fortuna» Карла Орфа до драматических сцен Верди и Пуччини, так и жемчужины национального искусства — фрагменты из опер «Биржан–Сара» и «Абай». Кульминацией вечера стало невероятное единение артистов и публики: многотысячная аудитория в один голос пела вместе с солистами легендарную песню «Гүл Алматым». Это был волшебный, глубоко эмоциональный и масштабный момент, показавший, насколько высок в обществе интерес к академическому искусству.
В реализации этого колоссального проекта приняли участие более 200 артистов — признанные звезды оперной труппы и яркие молодые исполнители, что подчеркнуло преемственность поколений великой оперной школы КазНТОБ. Музыкальный фундамент праздника обеспечили симфонический оркестр и хор театра. За дирижерским пультом был маэстро Нуржан Байбусинов и Куаныш Исмаилов. Непревзойденную слаженность и мощь хорового звучания подготовила главный хормейстер Алия Темирбекова, а режиссер-постановщик Наталья Кагадий, режиссер Алуа Сабо виртуозно выстроили единую концепцию вечера, превратив концертную программу в полноценное, захватывающее театральное полотно.
Социальные сети мегаполиса буквально «взорвались» публикациями, отзывами и словами благодарности под тегом «Ночь в Опере». Концерт получил огромный отклик: зрители восторженно отмечали безупречный уровень организации и незабываемую атмосферу. После окончания программы публика долго не отпускала артистов — восторженные овации не умолкали, а зрители часами оставались у сцены, чтобы лично поблагодарить, сфотографироваться и побеседовать с солистами, дирижером, музыкантами оркестра и артистами хора.
Полный аншлаг, искренние эмоции радости и поющие в унисон алматинцы доказали: «Ночь в опере» — это новая яркая традиция КазНТОБ имени Абая и мощный шаг к формированию Алматы как культурной столицы, живущей искусством круглые сутки.

27/06/2026
16/06/2026

«Заң мен Тәртіп»

Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің өкілдерімен бірлескен іс-шара
Құқық бұзушылықтың алдын алу, экстремизмге қарсы іс-қимыл және қоғамдық қауіпсіздікті нығайту мақсатында театр қызметкерлерінің Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің өкілдерімен кездесуі өткізілді.

Кездесу аясында келесі мәселелер қаралды:

Қазақстан Республикасының заңнамасы шеңберіндегі діни сауаттылық және діни сенім бостандығы;
діни радикализмнің және экстремистік көріністердің алдын алу;
терроризмге қарсы іс-қимыл және терроризмге қарсы қорғалуды қамтамасыз ету;
қоғамдық қауіпсіздік саласындағы заңнама талаптарын сақтау.

Қатысушыларға терроризмге қарсы бағыттағы алдын алу бейнематериалдары көрсетіліп, қауіпсіздікті қамтамасыз ету және азаматтардың деструктивті ұйымдардың қызметіне тартылуының алдын алу мәселелері бойынша практикалық ұсынымдар берілді.

Іс-шара қорытындысы бойынша фото және бейнеесептер дайындалды.

27/05/2026

Address

г. Алматы, Улица Кабанбай батыра, 110 (уг. Панфилова))
Almaty
050000

Opening Hours

Monday 10:00 - 14:00
15:00 - 18:00
Tuesday 10:00 - 14:00
15:00 - 18:00
Wednesday 10:00 - 14:00
15:00 - 18:00
Thursday 10:00 - 14:00
15:00 - 18:00
Friday 10:00 - 14:00
15:00 - 18:00
Saturday 10:00 - 14:00
15:00 - 18:00
Sunday 10:00 - 14:00
15:00 - 18:00

Telephone

+77272727934

Alerts

Be the first to know and let us send you an email when Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театры posts news and promotions. Your email address will not be used for any other purpose, and you can unsubscribe at any time.

Contact The Organization

Send a message to Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театры:

Shortcuts

Share