Алматы қаласының әкімдігі

Алматы қаласының әкімдігі Алматы қаласының әкімдігі/Акимат города Алматы

Telegram: t.me/almaty_akimat

05/09/2026

Түрксіб ауданын жұмыс барысымен аралау, «Тамарикс» тұрғын үй кешеніне барып, тұрғындармен кездесу. Кездесу барысында жылу және электрмен қамту, жол мен тротуардың жай-күйі, арық жүйесі мен сыртқы жарықтандыру жайы талқыланды.

***

Рабочий объезд Турксибского района, посещение ЖК «Тамарикс» и встреча с жителями. Основные вопросы касались теплоснабжения и электроснабжения, состояния дорог и тротуаров, арычной сети и наружного освещения.

Жұмыс сапары аясында Алматы әкімі Дархан Сатыбалды Түрксіб ауданындағы «Тамарикс» тұрғын үй кешеніне барып, тұрғындармен...
05/09/2026

Жұмыс сапары аясында Алматы әкімі Дархан Сатыбалды Түрксіб ауданындағы «Тамарикс» тұрғын үй кешеніне барып, тұрғындармен кездесті.

Кездесуде негізінен жылу және электрмен жабдықтау мәселелері көтерілді. Қала әкімі қазандықты тиісті мекеменің теңгеріміне беруді жеделдетіп, трансформаторлық қосалқы станцияларға қатысты мәселені шешу үшін қажетті шаралар қабылдауды тапсырды. Құрылыс салушы анықталған кемшіліктерді жоюға тиіс. Осыдан кейін Энергетика басқармасы қосалқы станцияларды теңгеріміне қабылдайды.

Сондай-ақ, тұрғындарға жеке шот ашу мәселесі талқыланды. Құрылыс салушы бұл мәселені шешуге қажетті қолдау көрсетеді.

Тұрғындар жол мен тротуардың жай-күйі, арық желісі және сыртқы жарықтандыру жайын да көтерді. Жауапты қызметтерге қажетті жұмысты, жауапты орындаушыларды және оларды жүзеге асыру мерзімін айқындау тапсырылды.

Алматы әкімі берген тапсырмалардың орындалуы мен тұрғындар көтерген мәселелердің шешілуі бақылауға алынды.

***

В рамках рабочего объезда аким Алматы Дархан Сатыбалды посетил жилой комплекс «Тамарикс» в Турксибском районе и встретился с жителями.

Основные вопросы касались теплоснабжения и электроснабжения. Аким поручил ускорить передачу котельной профильной организации и принять необходимые меры для решения вопроса с трансформаторными подстанциями. Застройщику необходимо устранить выявленные замечания, после чего управление энергетики примет подстанции на баланс. Также обсуждался вопрос открытия лицевых счетов для жителей. Застройщик окажет необходимое содействие в его решении.

Жители обратились и по вопросам состояния дорог и тротуаров, арычной сети и наружного освещения. Ответственным службам поручено определить необходимые работы, ответственных исполнителей и сроки их выполнения.

Исполнение поручений акима Алматы и решение вопросов, поднятых жителями, взяты на контроль.

Алматыда жылу магистралін қайта жаңғыртуға байланысты Арықов көшесіндегі қозғалыс уақытша шектеледіАлматыда 2026 жылы 5 ...
05/09/2026

Алматыда жылу магистралін қайта жаңғыртуға байланысты Арықов көшесіндегі қозғалыс уақытша шектеледі

Алматыда 2026 жылы 5 қыркүйек пен 10 қазан аралығында Арықов көшесінің Жетісу көшесінен Жангелдин көшесіне дейінгі бөлігінде көлік қозғалысы толығымен жабылады. Мұндай шектеу жылу магистралін қайта жаңғырту жұмыстарын жүргізу үшін қажет. Бұл туралы қалалық Энергетика және сумен жабдықтау басқармасының өкілдері хабарлады.

Сонымен қатар, 12-25 қыркүйек аралығында Арықов және Жангелдин көшелерінің қиылысында көлік қозғалысы уақытша шектеледі. Алайда Жангелдин көшесі толық жабылмайды. Шектеу тек оның Арықов көшесімен қиылысатын бөлігіне енгізіледі.

Жөндеу жұмыстары кезінде жүргізушілер Райымбек даңғылы мен Мақатаев көшесі арқылы айналып өте алады. Ал маңайдағы көшелердегі қозғалыс бекітілген жол қозғалысын ұйымдастыру сызбасына сәйкес реттеледі.

Жұмыс жүріп жатқан аумаққа уақытша жол белгілері, қоршаулар мен бағыттаушы белгілер қойылады. Мердігер ұйым жүргізушілер мен жүргіншілердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге міндеттелді.

Қала тұрғындары мен қонақтарынан бағытын алдын ала жоспарлап, уақытша шектеуді ескеріп, жол белгілерінің талаптарын сақтауды сұраймыз.

Уақытша қолайсыздық үшін кешірім сұраймыз және түсіністік танытқандарыңыз үшін алғыс білдіреміз.

***

В Алматы временно ограничат движение на ул. Арыкова из-за реконструкции тепломагистрали

С 5 сентября по 10 октября 2026 года в Алматы будет полностью перекрыто движение по ул. Арыкова на участке от ул. Жетысуйской до ул. Жангельдина. Ограничения связаны с проведением работ по реконструкции тепломагистрали. Об этом сообщили в управлении энергетики и водоснабжения города.

Кроме того, с 12 по 25 сентября временные ограничения движения будут действовать на пересечении улиц Арыкова и Жангельдина. При этом ул. Жангельдина полностью перекрывать не будут - ограничения коснутся только участка пересечения с ул. Арыкова.

На время проведения работ объезд будет организован по пр. Райымбека и ул. Макатаева. Движение по прилегающим улицам будет осуществляться в соответствии с утвержденной схемой организации дорожного движения.

На участке установят временные дорожные знаки, ограждения и указатели. Подрядной организации поручено обеспечить безопасность автомобилистов и пешеходов.

Жителей и гостей города просят заранее планировать маршруты, учитывать временные ограничения и соблюдать требования дорожных знаков. Приносим извинения за временные неудобства и благодарим за понимание.

Алтынсарин даңғылының бір бөлігінде орташа жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты көлік қозғалысы уақытша шектеледі...
05/09/2026

Алтынсарин даңғылының бір бөлігінде орташа жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты көлік қозғалысы уақытша шектеледі.

5-9 қыркүйек күндері сағат 23:00-ден таңғы 06:00-ге дейін Жандосов көшесінен Қабдолов көшесіне дейінгі учаскеде көлік қозғалысы толық тоқтатылады. Бұл аралықта жолға жаңа асфальтбетон жабыны төселеді.

Жөндеу жүргізіліп жатқан аумақта жүргізушілерге арналған ескерту белгілері орнатылады. Жұмыс кестесі ауа райына немесе өндірістік қажеттілікке қарай өзгеруі мүмкін.

***

В связи с проведением среднего ремонта участка проспекта Алтынсарина, вводятся временные ограничения движения.

Так, с 23:00 до 06:00 часов с 5 по 9 сентября движение будет перекрываться на участке от ул. Жандосова до ул. Кабдолова в связи с укладкой асфальтобетонного покрытия.

На ремонтируемом участке будут выставлены предупреждающие знаки. Сроки проведения ремонтных работ могут быть скорректированы в зависимости от погодных условий либо производственной необходимости.

Алматының туристік әлеуеті MATTA Fair көрмесінде таныстырылып жатырАлматы Малайзияның Куала-Лумпур қаласында 4-6 қыркүйе...
05/09/2026

Алматының туристік әлеуеті MATTA Fair көрмесінде таныстырылып жатыр

Алматы Малайзияның Куала-Лумпур қаласында 4-6 қыркүйек аралығында өтіп жатқан MATTA Fair халықаралық туристік көрмесіне қатысып жатыр. Биылғы көрмеге 285 компания қатысып, 2 мыңнан астам стенд қойылған. Ұйымдастырушылар іс-шараға шамамен 200 мың адам келеді деп отыр.

Алматы көрмеде Visit Almaty арнайы стенді арқылы таныстырылып жатыр. Келушілер қаладағы туристік бағыттармен, тау мен табиғат аясындағы демалыс орындарымен, мәдени нысандармен, ұлттық және заманауи гастрономиямен, сондай-ақ туристерге арналған инфрақұрылыммен таныса алады.

Экспозицияда Алматының басты ерекшелігі қаланың заманауи мүмкіндіктері мен таулы өлкенің табиғи сұлулығын бір арнада тоғыстыратын туристік әлеуетіне басымдық берілген. Сонымен қатар көрме қонақтарына қазақ халқының мәдениеті мен салт-дәстүрі, ұлттық тағамдары және Қазақстанның бай мәдени мұрасы таныстырылады.

Көрме аясында «Алматы туризм күндері» арнайы іс-шарасы да өтеді. Онда қаланың туристік әлеуеті, мәдениеті мен гастрономиялық ерекшеліктері кеңінен таныстырылады. Сондай-ақ бұл алаң халықаралық туризм индустриясының өкілдерімен іскерлік байланыс орнатып, жаңа серіктестік бағыттарды талқылауға жол ашады.

Малайзия Алматы үшін болашағы зор туристік нарықтардың бірі. 2025 жылы қалаға Малайзиядан 9 416 турист келген. Бұл 2024 жылмен салыстырғанда 23%-ға көп. Олардың 5 242-сі Алматыға іскерлік және кәсіби мақсатпен келіпті. MATTA Fair көрмесіне қатысу Алматының халықаралық туристік бағыт ретіндегі танымалдығын арттырып, жаңа аудиторияның қызығушылығын оятуға және Малайзияның туристік нарығындағы серіктестермен байланысты нығайтуға мүмкіндік береді.

***

Алматы участвует в международной туристической выставке MATTA Fair

Алматы представлен на международной туристической выставке MATTA Fair, которая проходит с 4 по 6 сентября в Куала-Лумпуре, Малайзия. В этом году выставка объединяет 285 компаний и более 2 тысяч стендов, а ожидаемое количество посетителей составляет порядка 200 тысяч человек.

MATTA Fair - одна из крупнейших туристических выставок Малайзии, которая объединяет представителей туристической отрасли, национальных туристических организаций, авиакомпаний, отелей, туроператоров и других участников международного рынка.

Алматы представлен на выставке со стендом Visit Almaty. Посетители могут познакомиться с туристическими возможностями города - горными и природными маршрутами, культурными достопримечательностями, гастрономией и современной туристической инфраструктурой.

Отдельное внимание уделено ключевому преимуществу Алматы - сочетанию развитой городской среды и близости горной природы. На стенде также представлены казахская культура, национальные традиции, кухня и культурное наследие Казахстана.

В рамках MATTA Fair состоится специальное мероприятие «Дни туризма Алматы», посвященное туристическому потенциалу города, его культуре и гастрономии. Мероприятие также станет площадкой для деловых встреч и развития сотрудничества с представителями международной туристической индустрии.

Малайзия входит в число перспективных рынков для Алматы. В 2025 году город посетили 9 416 туристов, что на 23% больше, чем годом ранее. При этом 5 242 гостя прибыли с деловыми и профессиональными целями. Участие в MATTA Fair позволит представить туристические возможности Алматы потенциальным путешественникам и зарубежным партнерам и расширить сотрудничество с малайзийским рынком.

Биыл Алматының Медеу ауданында аулалар көркейтіліп, жөнделіп жатыр. Жобалардың бір бөлігі «Халық қатысатын бюджет» бағда...
05/09/2026

Биыл Алматының Медеу ауданында аулалар көркейтіліп, жөнделіп жатыр. Жобалардың бір бөлігі «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы аясында қолға алынған. Бұл тұрғындардың ауласында немесе ауданында нені өзгерту қажет екенін ұсынуға және жобаны таңдауға мүмкіндік беретін бағдарлама.

Қалған жұмыстар ағымдағы жөндеу аясында жүргізіледі. Мұнда ауладағы қолданыстағы инфрақұрылым элементтері ретке келтіріледі.

Балалар алаңдары жөнделіп, жабындар ауыстырылып, орындықтар мен қоршаулар жаңартылып жатыр.

📍 Қай аулалар бағдарламаға енгені, онда қандай жұмыстар атқарылатыны және қай аулада жөндеу аяқталғаны туралы карточкалардан біле аласыз.

***

В этом году в Медеуском районе Алматы благоустраивают и ремонтируют дворовые территории. Часть проектов реализуется по программе «Бюджет народного участия» (БНУ) - это возможность для жителей самим предложить и выбрать, что нужно изменить в их дворе.

Остальные работы проходят в рамках текущего ремонта: здесь приводят в порядок уже существующие элементы дворовой инфраструктуры.
Ремонтируют детские площадки, меняют покрытия, обновляют скамейки и ограждения.

📍 Какие дворы вошли в программу, что именно там сделают и где работы уже завершены - рассказываем в карточках.

05/09/2026

Алматының Жетісу ауданындағы 69 қоғамдық тамақтану нысаны экологиялық таза жабдыққа көшеді

Алматыда атмосфералық ауаның сапасына әсер етуі мүмкін нысандарға мониторинг жүргізу жалғасып келеді. «Eco Almaty» ЖШС мамандары моншаларды, қоғамдық тамақтану орындарын, техникалық қызмет көрсету станцияларын және басқа да нысандарды тексеріп жатыр.

Жетісу ауданында бүгінде 5 жекеменшік монша, 25 қоғамдық тамақтану нысаны және 11 техникалық қызмет көрсету станциясы тексерілді.

Қоғамдық тамақтану орындарына ерекше назар аударылады. Аудандағы осындай 91 нысанның 80-і әлі де қатты отынды пайдаланады. 2026 жылдың соңына дейін олардың 69-ын электр мангалдарына көшіру жоспарланып отыр.

2027 жылдан бастап III санаттағы бірқатар нысан үшін атмосфералық ауаны қорғауға қатысты жаңа талаптар күшіне енеді. Олар экологиялық тұрғыдан таза отын түрлерін пайдалануды, шығарындыларды тазарту жүйелерін орнатуды және белгіленген экологиялық талаптарды сақтауды көздейді.

Мониторинг кәсіпкерлерді жаңа талаптар туралы алдын ала хабардар етуге және нысандарды оларды орындауға уақытылы дайындауға мүмкіндік береді.

***

В Жетысуском районе Алматы 69 объектов общепита перейдут на более экологичное оборудование

В Алматы продолжается мониторинг объектов, которые могут влиять на качество атмосферного воздуха. Специалисты ТОО «Eco Almaty» обследуют бани, объекты общественного питания, станции технического обслуживания и другие объекты.

В Жетысуском районе уже проверены 5 частных бань, 25 объектов общественного питания и 11 СТО.

Особое внимание уделяется объектам общепита. Из 91 такого объекта в районе 80 пока используют твердое топливо. До конца 2026 года 69 из них планируют перейти на электрические мангалы.

С 2027 года для ряда объектов III категории начнут действовать новые требования по охране атмосферного воздуха. Они предусматривают использование более экологичных видов топлива, установку систем очистки выбросов и соблюдение установленных экологических требований.

Мониторинг позволяет заранее информировать предпринимателей о новых требованиях и подготовить объекты к их выполнению.

6 қыркүйекте Алматыдағы «Астана» алаңында Қала күніне арналған GT SPORT FEST спорт фестивалі өтеді.Фестиваль спорт пен ж...
05/09/2026

6 қыркүйекте Алматыдағы «Астана» алаңында Қала күніне арналған GT SPORT FEST спорт фестивалі өтеді.

Фестиваль спорт пен жастарға арналған бірнеше бағытты біріктіреді. Бағдарламада 3×3 стритбол, киберспорт, BMX, брейкинг және стрит-дэнс бойынша би батлдары, воркаут, сондай-ақ «Формула-1» және картинг симуляторлары бар симрейсинг аймағы қарастырылған.

Спорттық бағдарлама сағат 12:00-ден 20:00-ге дейін өтеді. Сондай-ақ қонақтар үшін көрсетілімдер, ойын-сауық және концерттік бағдарлама ұйымдастырылады. Кештің хедлайнері – MC DONI.

Іс-шара Алматы қаласы әкімдігінің қолдауымен өткізіледі.

***

6 сентября на площади «Астана» в Алматы состоится спортивный фестиваль GT SPORT FEST, приуроченный ко Дню города Алматы.

Фестиваль объединит несколько спортивных и молодежных направлений. В программе — стритбол 3×3, киберспорт, BMX, танцевальные батлы по брейкингу и стрит-дэнсу, воркаут, а также зона симрейсинга с симуляторами «Формулы-1» и картинга.

Спортивная программа пройдет с 12:00 до 20:00. Также для гостей предусмотрены показательные выступления, развлекательная и концертная программы. Хедлайнером вечера станет MC DONI.

Мероприятие проводится при поддержке акимата города Алматы.

Концерт кезінде Орталық стадион мен оған іргелес аумақта 2 мыңға жуық полиция қызметкері кезекшілік етеді. Құқық қорғау ...
04/09/2026

Концерт кезінде Орталық стадион мен оған іргелес аумақта 2 мыңға жуық полиция қызметкері кезекшілік етеді. Құқық қорғау органдары күшейтілген режимде жұмыс істейді.

🚪 Көрермендерге арналған кіреберістер сағат 16:00-ден бастап Абай даңғылы мен Байтұрсынұлы көшесі жағынан ашылады. VIP Standing билеті бар көрермендер стадионға Сәтбаев көшесі жағынан кіре алады.

🚗 Стадион маңында көлік қозғалысына уақытша шектеу енгізілуі мүмкін. Көрермендердің жол бағытын алдын ала жоспарлап, концертке ертерек келгені жөн.

🚇 Қоғамдық көлік пен метро қалыпты режимде жұмыс істейді. Концерттен кейін әуежай, Орбита, Алматы-1 теміржол вокзалы, Райымбек даңғылы – Алатау көшесі және «Алматы Арена» бағыттары бойынша қосымша шаттлдар қатынайды.

Кіреберісте бақылау ұйымдастырылады. Келушілерден ережемен алдын ала танысып, тыйым салынған заттарды өздерімен бірге алып келмеу, сондай-ақ полиция қызметкерлері мен бақылаушылардың талабын сақтауды сұраймыз.

***

Во время концерта на Центральном стадионе и прилегающей территории будут дежурить около 2 тыс. сотрудников полиции. Правоохранительные органы будут работать в усиленном режиме

🚪 Входы откроются с 16:00 со стороны проспекта Абая и улицы Байтурсынова. Для зрителей с билетами VIP Standing — со стороны улицы Сатпаева.

🚗 В районе стадиона возможны временные ограничения движения. Зрителей просят заранее планировать маршрут и приезжать заблаговременно.

🚇 Общественный транспорт и метро будут работать в штатном режиме. После концерта дополнительно запустят шаттлы в направлениях аэропорта, Орбиты, вокзала Алматы-1, пр. Райымбека — ул. Алатау и «Алматы Арены».

На входе будет организован контроль. Посетителей просят заранее ознакомиться с правилами, не брать запрещенные предметы и соблюдать требования сотрудников полиции и контролеров.

Алматы қалалық Перинаталдық орталығында бір айдың ішінде екі үшем дүниеге келді. 14 тамызда 27 жастағы Мөлдір Советханов...
04/09/2026

Алматы қалалық Перинаталдық орталығында бір айдың ішінде екі үшем дүниеге келді.

14 тамызда 27 жастағы Мөлдір Советханова екі ұл мен бір қыз дүниеге әкелді. Оларға Айхан, Айбын және Айза деп ат қойылды. Сәбилер жүктіліктің 32-аптасында туған. Қазір балалар дәрігерлердің бақылауында, күш жинап, салмақ қосып жатыр. Үйде оларды әкесі Әлібек пен төрт жастағы ағасы Айқын күтіп отыр. Енді отбасында төрт бала бар.

31 тамызда Рахат Бигелдиеваның отбасында да үшем дүниеге келді. Бір ұл – Ахмет және екі қыз – Халима мен Әмина өмірге келді. Олар да жүктіліктің 32-аптасында дүниеге келген. Қазір сәбилер қажетті медициналық көмек алып жатыр.

2026 жылдың басынан бері орталықта төрт үшем дүниеге келді. Алғашқы екі үшем қаңтар және ақпан айында туған.

Алматыдағы шала туған балалардың шамамен 60 пайызы осы орталықта дүниеге келеді. Мұнда мерзімінен бұрын туған сәбилерге күтім көрсетуге арналған мамандандырылған бөлімдер мен қажетті медициналық жабдықтар бар.

***

Сразу две тройни появились на свет в Городском перинатальном центре Алматы за один месяц.

14 августа 27-летняя Молдир Советханова родила двух мальчиков и девочку - Айхана, Айбына и Айзу. Малыши появились на свет на 32-й неделе беременности. Сейчас дети находятся под наблюдением врачей и набираются сил. Дома их ждут папа Алибек и четырехлетний брат Айкын. Теперь в семье четверо детей.

31 августа тройня родилась у Рахат Бигельдиевой. На свет появились мальчик Ахмет и две девочки — Халима и Амина. Они также родились на 32-й неделе и пока получают необходимую помощь врачей.

С начала 2026 года в центре родились уже четыре тройни. В январе и феврале появились первые две.

Около 60% недоношенных детей Алматы рождаются в этом центре. Здесь работают специализированные отделения и есть оборудование для выхаживания малышей, родившихся раньше срока.

Address

проспект Республики 4
Almaty
050001

Alerts

Be the first to know and let us send you an email when Алматы қаласының әкімдігі posts news and promotions. Your email address will not be used for any other purpose, and you can unsubscribe at any time.

Shortcuts

Share