Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты

  • Home
  • Kazakhstan
  • Almaty
  • Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты

Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының ресми
парақшасы

Қ Ұ Т Т Ы Қ Т А Й М Ы З !Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының бас ғылыми қызметкері, тарих ғылымдар...
06/09/2026

Қ Ұ Т Т Ы Қ Т А Й М Ы З !

Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының бас ғылыми қызметкері, тарих ғылымдарының кандидаты, профессор Нұрсан Әлімбайды туған күнімен құттықтаймыз!

ҚҰРМЕТТІ НҰРСАН ӘЛІМБАЙҰЛЫ!

Өзіңізді туған күніңізбен шын жүректен құттықтаймыз. Еңбегіңіз жана берсін. Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты ғалымдарымен бірлесіп жазған «ҚАЗАҚСТАННЫҢ СОЛТҮСТІК, СОЛТҮСТІК-ШЫҒЫС АЙМАҚТАРЫНЫҢ ДӘСТҮРЛІ ТОПОНИМДІК ЛАНДШАФТЫ ЖӘНЕ КРЕСТЬЯНДЫҚ ОТАРЛАУ фАКТОРЫ
(ХІХ ҒАСЫРДЫҢ ЕКІНШІ ЖАРТЫСЫ - 1917 Ж.)» атты ғылыми еңбегіңізді жоғары бағалаймыз. Елге береріңіз көп болсын!

Отбасыңызға бақ-береке, деніңізге саулық және ұзақ ғұмыр тілейміз!

Құрметпен,
Тіл білімі институты ұжымының атынан Анар Фазылжан

📢Х А Б А Р Л А Н Д Ы Р У2026 жылдың 8 қыргүйегінде Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының туған күніне және Қазақстан халқы ті...
05/09/2026

📢Х А Б А Р Л А Н Д Ы Р У

2026 жылдың 8 қыргүйегінде Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының туған күніне және Қазақстан халқы тілдері күніне орай республикалық семинар өтеді.

🗓Өтетін күні: 8 қыргүйек
🕙Уақыты: 10.00
🏢Өтетін орны: Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты Мәжіліс залы (317 каб.)

🎙Алматыда 5 қыргүйек – Қазақстан халқы тілдері күніне және Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының туған күніне орай брифинг өт...
05/09/2026

🎙Алматыда 5 қыргүйек – Қазақстан халқы тілдері күніне және Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының туған күніне орай брифинг өтті.

*ҚАЗАҚ ТІЛІ ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ ДӘУІРІНЕ БЕЙІМДЕЛЕДІ

🎙Қазақ тілі цифрлық ресурстары шектеулі тілдердің санатынан шығып, цифрлық ортада толыққанды ұсынылған тілдердің қатарына қосылуға тиіс. Ол үшін тек сөздік пен академиялық зерттеу ғана емес, сапалы тілдік деректің ауқымды массивтері, Ұлттық корпус, NLP-құралдары мен төл тілдік модельдер қажет. Өңірлік коммуникациялар қызметінің брифингінде Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының бас директоры, филология ғылымдарының кандидаты Анар Фазылжан осылай деп мәлімдеді.

🎙Спикердің айтуынша, цифрлық дәуір лингвистерге жүктелген міндетті түгел өзгерткен. Бұған дейін тіл білімі негізінен тілдің құрылымын сипаттаумен, грамматиканы, сөздікті әзірлеумен айналысса, енді тілді машинамен өзара әрекеттесуге де «үйрету» қажет. Яғни жасанды интеллектіні дамыту мүмкін болмайтын сапалы цифрлық деректермен қамтамасыз ету керек.

🎙«Қазақ тіл білімі енді тек академиялық сипаттамамен, сөздікпен, грамматикамен шектеле алмайды. Қазір тілдік корпустар, деректер базасы, аннотацияланған мәтін, цифрлық сөздік, NLP-құралдары, тілдік модельдер мен жасанды интеллект өнімдері қажет. Қазақ тілін low-resource language деңгейінен high-resource language деңгейіне жедел көшіріп, оның цифрлық ортадағы қолданылу аясын кеңейтуіміз керек», – деді Анар Фазылжан.

🎙Мұндай жұмыстың негізгі тірегінің бірі – Қазақ тілінің ұлттық корпусы. Бүгінде оның көлемі 200 миллион сөз қолданысқа жетті. Оның құрамында ауызекі сөйлеу тілін, диалектілерді, терминологияны, оқу мен ғылыми мәтіндерді, қазіргі поэзияны, интернет-контентті, жасанды интеллект жасаған мәтіндер мен тілдің басқа да қабатын қамтитын 22 мамандандырылған қосалқы корпус жұмыс істейді.

🎙Сонымен қатар Институт басқа да лингвистикалық ресурстарды цифрлық форматқа көшірп жатыр. Қазірдің өзінде пайдаланушыларға 30-дан астам өнім қолжетімді. Олардың қатарында электронды сөздіктер, орфографияны, пунктуация мен стилистиканы тексеру құралы, мәтінді тануға арналған OCR жүйесі, морфологиялық талдау, синонимдерді іздеу мен орфоэпиялық норманы тексеру сервисі бар. Сондай-ақ сенімді тілдік контекстер негізінде қалыптастырылған 4,5 миллион бірліктен тұратын картотекалық қор да цифрландырылды.

🎙Бұл ресурстардың маңызы үлкен тілдік модельдердің дамуымен бірге арта түсуде. Тіл білімі институты Қазақ тілінің ұлттық корпусын құру мен дамыту бойынша үйлестіруші ұйым ретінде айқындалып, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-мен бірлесіп қазақ тіліне арналған үлкен тілдік модель әзірлеу жөніндегі үлкен жобаға қатысып жатыр.

🎙«Үлкен тілдік модельдер дәуірі алдымызға жаңа міндет қойып отыр: тілді тек зерттеп қана қоймай, оны жасанды интеллект жүйелеріне бейімдеу қажет. Қазақ тілі мұндай модельдерде толыққанды ұсынылуы тиіс. Сонымен қатар ұлттық қауіпсіздік тұрғысынан отандық және салалық жасанды интеллект жүйелерін дамыту өзекті болып отыр», – деп атап өтті институт басшысы.

🎙Алдағы уақытта әңгіме тек әмбебап тілдік модельдер туралы емес, қазақ тіліндегі мамандандырылған AI-жүйелер туралы да болуы мүмкін. Ғалымдардың пікірінше, сондай жобалардың бірі отандық AI-лингвист болуы ықтимал. Ол пайдаланушыларға қазақ тіліне қатысты мәселе бойынша кеңес беріп, филологтар мен тіл мамандарын даярлауға көмектесіп, сондай-ақ әртүрлі жастағы адамдарға мемлекеттік тілді үйренуге арналған жеке оқу бағдарламасын әзірлей алар еді. Кейін осы тілдік база негізінде AI-дәрігер, AI-инженер, AI-логопед, AI-провизор, AI-заңгер мен басқа да мамандандырылған модельдер пайда болуы мүмкін.

🎙«Мұндай салалық модельдер мамандарға мемлекеттік тілде толыққанды жұмыс істеуге мүмкіндік берер еді. Бұл бір мезгілде қазақ тіліндегі коммуникацияның сапасын арттырып, сапалы контент көлемін ұлғайтады. Жасанды интеллект дәуірінде қазақ тілінің цифрлық кеңістікте толыққанды қызмет етуі білім беру, ғылым, мәдениет, мемлекеттік басқару мен ұлттық қауіпсіздік үшін стратегиялық мәнге ие», – дейді Анар Фазылжан.

🎙Алайда мұндай технологияларды дамыту үшін тек бағдарламалық қамтамасыз етудің болуы жеткіліксіз. Спикердің айтуынша, қазіргі таңда қазақ тілінің тірі қолданысын көрсететін ауқымды әрі сапалы эмпирикалық база жеткіліксіз. Заманауи жүйелерге көркем және ғылыми әдебиеттің, ресми-іскерлік құжаттардың, бұқаралық ақпарат құралдары материалдарының, интернет мәтіндерінің, ауызекі сөйлеу тілінің, диалектілер мен оқу материалдарының елеулі көлемі қажет.

🎙Сондай-ақ брифингке Тіл білімі институты Ономастика бөлімінің ғылыми қызметкері Әрлен Сейтбатқал қатысып, журналистердің сұрауларына жауап берді.

Қ А З А Қ   Т І Л І   Қ А Н Д А Й   Т І Л ?✅Қазақ тілі – түпкі түркі түрін сақтаған байырғы тіл. Қазақ тілі ғайыптан пай...
05/09/2026

Қ А З А Қ Т І Л І Қ А Н Д А Й Т І Л ?

✅Қазақ тілі – түпкі түркі түрін сақтаған байырғы тіл. Қазақ тілі ғайыптан пайда болған жоқ және оқшау жаратылған тіл емес. Оның шыққан ататегі бар. Қазақ тілі түркі тілдері деп аталатын алып бәйтеректің аса бір ірі тармағына жатады.
Түбі бір түркі тілдерін бұтақтары тармақталып жапырақ жайған алып бәйтерекке ұқсатамыз.

✅Қазақ тілі - жазба мәдениеті бар тіл.

✅Қазақ тілі – кемел тіл.

✅Қазақ тілі - қазақ халқының ұлттық әдеби тілі.

✅Қазақ тілі - небір күрделі ойды, аса нәзік мағыналық реңктерді дәлме-дәл бере алатындай құрылымы мен жүйесі дамыған, стильдік тармақтары сараланған, сөз байлығы аса мол, ұлттық тіл деңгейіне көтерілген қазақ халқының ұлттық тілі, Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі.

✅Қазақ тілі - жалпыадамзат өмірінің барлық салаларында жасалған аса маңызды білімді, қорытылған тәжірибені кемел тіл ретінде өзінің сөздік қоры мен сөздік құрамында жинақтаған тіл.

✅Қазақ тілі – әлемдік тіл кеңістігінде қайталамасы жоқ, ғасырлар бойы гуманизм мен прогреске, қазақтардың ұлттық тұтастығы мен бірлігін нығайтуға қызмет етіп келе жатқан тіл.

✅Қазақ тілі - мемлекет құрушы этностың тілі.

✅Қазақ тілі – әдеби тіл, жергілікті тіл (диалекті), сөйлеу тілі, қарапайым сөйлеу тілі, ескі жазба тіл тәрізді қайнар көздері бар ұлттық тіл.

✅Қазақ тілі - демографиялық тірегі бар тіл.

✅Қазақ тілі – дәстүрлі нормасы бар әдеби тіл.

✅Қазақ тілі – құрылым-құрылысы кемелденген, сөз байлығы аса мол тіл.

✅Қазақ тілі – егемен Қазақстан Республикасы өз қамқорлығына алған мемлекеттік тіл.

✅Қазақ тілі – дәстүрлі, тұрақты, қатаң тілдік нормасы бар, жалпыхалықтық тілден ұлттық деңгейге көтерілген тіл.

✅Қазақ тілі - қазақ халқының мәдени жадын, тарихи жадын жинақтаушы, сақтаушы, ұрпақтан-ұрпаққа жеткізуші, оларды қайта жеткізуші, оларды қайта жаңғыртушы, ұрпақ пен ұрпақтың рухани дүниесін сабақтастырушы ретінде қазақтілділердің экологиялық рухани ортасы.

Нұргелді Уәли,
филология ғылымдарының докторы, профессор

🔹Бүгін көрнекті лингвист-ғалым, қазақ тіл білімі мен әдебиеттану ғылымының және қазақ журналистикасының негізін салушы, ...
05/09/2026

🔹Бүгін көрнекті лингвист-ғалым, қазақ тіл білімі мен әдебиеттану ғылымының және қазақ журналистикасының негізін салушы, ұлттық әліпби мен емле реформаторы, алғашқы ұлттық әліппенің авторы, қазақ ғылымын ұйымдастырушы, қазақ филологиясының тұңғыш профессоры
(1928), қазақтың алғашқы білім министрі, ақын, философ, мәдениеттанушы, саясаткер, идеолог, педагог, XX ғасыр басындағы қазақ интеллигенциясын тәрбиелеген ағартушы ғалым, қазақ руханияты тарихындағы аса ірі тұлға, қоғам және мемлекет қайраткері, Ұлт Ұстазы АХМЕТ БАЙТҰРСЫНҰЛЫНЫҢ ТУҒАН КҮНІ!

🔹Ахмет Байтұрсынұлы 1913-1918 жж. қазақ тіліндегі алғашқы ұлттық басылым – «Қазақ» газетін шығарды. 1917 ж. Қазақтың ұлттық-территориялық мемлекеттілігі – Алаш-Орда автономиясын құрушылардың бірі және Алаш-Орда үкіметі Оқу-ағарту комиссиясының төрағасы, 1920 ж. тамызда құрылған Қазақ АКСР-і үкіметінің мүшесі, 1920-1921 жж. Қазақ АКСР-і Халық ағарту
комиссары (Қазіргі Білім және ғылым министрі), 1922 ж. Өлкелік Халық ағарту
комиссариаты жанындағы Академиялық орталықтың (ҚР ҰҒА-ның алғашқы
негізі), 1922-1925 жж. Халық ағарту комиссариаты «Білім кеңесінің» төрағасы
қызметтерін атқарды.

🔸Ғалымның ұлттық тілдегі қызметін мынадай төрт бағытта қарастыруға
болады:
✅қазақ тілінің ғылыми-лингвистикалық базасын әзірлеу;
✅ қазақ тілінің практикалық қолданысын кеңейту, жетілдіру;
✅ қазақтілді ақпарат қорын байыту (аударма);
✅қазақ тілінің саяси базасын жасақтау және күшейту.

🔸Ахмет Байтұрсынұлы еңбектерінде қазақ тілтанымы ғылыми курсының ұлттық негізі қаланып, болашақ даму бағдары қалыптасты. Қазақ тілін көркейту мен қолданысын кеңейту, қазақтілді қауымның ғылыми санасын көтеру жолына ғұмырын арнады, ұлтқа қауіп төндірген саяси-әлеуметтік себептермен күресіп, ғасырлар бойы тұнық қалпында жеткен ұлт жады мен ұлтты өктем тілдердің экспансиясы мен отарлауынан қорғауға бар күш-жігерін жұмсады.

🔸Ғалымның ұлттық мүдде жолындағы бар қызметінің жасампаздығы мен бүгінге дейін өміршеңдігін көрсетіп келе жатқан артынан қалдырған мол мұрасы, өнеге тұтарлық жанкешті күресі – адами және ғалымдық келбетінің басты ерекшелігі ретінде бағаланады.

🔸Ахмет Байтұрсынұлының қазақ тілін зерттеу әдістері мен бағыттары сол
кездегі әлемдік лингвистикада орныққан құрылымдық парадигмадағы ізденіс
талаптарына толық жауап береді, сонымен бірге ғалымның тілтанымдық ой-арнасы, теориялық шешімдерде кеңінен қолданылған әдістері қазіргі заманғы антропоөзектік парадигманың бағыттарымен үндеседі. Мәселен, ғалым еңбектеріндегі «тіл-сөз» дихотомиясы тұрғысынан айқын талданған құрылымдық парадигма бойынша: фонетика, орфоэпия, фонология (фонема, үндестік заңы, дыбыстардың тіркесім заңы), лексикология (семасиология, терминология, фразеология, этимология, лексикография), сөзжасам, терминжасам, құрылымдық грамматика (сөз тіркесі синтаксисі, сөйлем синтаксисі, мәтін синтаксисі), стилистика, грамматология (әріп, әліпби, жазу теориясы, емле, пунктуация, орфография, ортологиялық кодификация) және антропоөзекті парадигма бойынша: функционалды фонетика, просодика, интонология (интонация, екпін, ырғақ, кідіріс, әуен, қарқын, үдемелілік, реңк) функционалды грамматика (зат есім мен етістік категориялары), когнитивті грамматика, коммуникация теориясы, этнолингвистика, психолингвистика, прагмалингвистика және тағы басқа бағыттар мен теорияларға қатысты тұжырымдары бүгінгі күні өзекті болып табылады.

🔸Ғалымның тіл білімі саласындағы зерттеулері қазақ лингвистикасының
дамуына, өзінен кейінгі кәсіби лингвистердің бірнеше ұрпағының қалыптасуына ерекше ықпал етті. Солардың алдыңғы буыны – Елдес Омарұлы, Телжан Шонанов, Құдайберген Жұбанов, Қажым Басымов және т.б.

,🔸Ахмет Байтұрсынұлы сол кездегі қазақ қоғамының тек шағын әлеуметтік тобына қызмет еткен ескі қазақ жазба тілінің арабграфикалы әліпбиін жалпыхалықтық тілдің дыбыстық жүйесіне шақтап, соның негізінде «Төте жазу» аталып кеткен Ұлттық әліпби мен қазақ емлесін әзірлеп, тұтастай бір ұлттың қысқа мерзімде сауат ашуына жол салды. Ахмет Байтұрсынұлының бұл еңбегі, біріншіден, қазақ тілінің даму, әдеби тілінің қалыптасу бағытын ескі жазба тіл
негізіндегі тар құрсаулы арнадан жалпыхалықтық ауызша тілдің кең арнасына қарай бұрды; екіншіден, жазуды тілдік-мәдени қауымдастықтың ат төбеліндей жоғары әлеуметтік тобына ғана емес, сонымен бірге қалың бұқараның, жалпы халықтың игілігіне айналдырды.

🔸Ахмет Байтұрсынұлы қазақтың заманауи жазу мәдениетін қалыптастыруды мақсат етті. Қазақ тілін мемлекеттік тіл, ресми қарым-қатынас және ғылым тіліне айналдырудың алғышарттарын жасады.

05/09/2026
05/09/2026

🔹️Ахмет Байтұрсынұлы Музей-үйінде Ахмет Байтұрсынұлының туған күні және «Қазақстан халқының тілдері күніне» орай маңызды танымдық шара өтті. Шараны «Ахмет Байтұрсынұлы Музей-үйі» мен Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты бірлесе ұйымдастырды.
🔹️Іс-шара Ахмет Байтұрсынұлы саябағында орналасқан ұстаз ескерткішінен басталып, жиынның ғылыми-танымдық бөлімі Музей кешенінде жалғасты. Жыл сайынғы дәстүріне сәйкес ұжым атынан Ахметтану бөлімі бастаған Институт жас ғалымдары ұстаз рухына тағзым етіп, гүл шоғын қойды.
🔹️Ғылыми-танымдық іс-шараға белгілі тілтанушы ғалымдар, тіл жанашырлары, ЖОО профессорлары, мектеп мұғалімдері мен оқушылар, құқық саласының қызметкерлері мен қаржылық ұйымдардың мамандары қатысты. Іс-шарада белгілі ахметтанушы ғалымдар мен тіл жанашырлары ғалым өмірі мен мұрасы туралы маңызды баяндамалар жасады. Әсіресе Асылы Осман, Анар Салқынбай, Тыныштық Ермекова, Бижомарт Қапалбек, Айгүл Сатбекова, әдіскер ғалым Нұрша Оразахынова,, актер, ұлт ұстазының бейнесін жаңғыртқан Байғали Есенәлиев, Алматы қаласы Тілдерді дамыту және ономастика бөлімінің басшысы Бақыт Әбиірұлы Қалымбеттің қатысуы шараның ғылыми салмағын арттырды.
🔹️Институт директоры Анар Фазылжан құттықтау сөзінде мектеп оқушыларына ғалым мұрасының маңызын түсіндіріп, жас ұрпақтың болашағына сенім білдірді. Ахметтану бөлімінің меңгерушісі Е.Маралбек бөлімнің ахметтану саласында ағымдағы жылы жүргізілген соңғы зерттеулерін баяндады.
🔹️Дөңгелек үстел ахметтану саласында маңызды зерттеулер жүргізіп келе жатқан тілтанушы ғалымдардың шоғыры қатысып, кәсіби тұжырымдар айтумен ерекшеленді. Әсіресе ғалымның ғылыми-әдістемелік мұрасының қазіргі білім беру жүйесіндегі орны мен ұлт руханиятына қайта енгізудегі кейбір олқылықтар туралы ой-пікірлер ортаға салынды.
🔹️Ғылыми-танымдық басқосудың маңызды рәсімдерінің бірі ретінде белгілі тілтанушы ғалым, ф.ғ.д., профессор Анар Салқынбайдың «Ахмет Байтұрсынұлы ілімі» атты еңбегінің тұсаукесері өтті. Ғалым еңбегіне құтты болсын айтып, алдағы шығармашылығына табыс тілейміз.
Ұлт ұстазын ұлықтауға арналған іс-шараны Институт ұжымы мен қатысушылар жоғары бағалады. Осы орайда маңызды шараның ұйымдастырылуына көп еңбек еткен 🔹️Музей жетекшісі Райхан Имаханбет, ғылыми қызметкері Әділет Ахмет, сондай-ақ барлық музей қызметкерлері мен қатысушыларға алғыс білдіреміз.
🔹️Тағылымды іс-шара 8-қыркүйекте Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының мәжіліс залында жалғасады. Жоспарланған Республикалық ғылыми семинарда ғалымның «Тіл-жұмсар» еңбегіндегі лингвистикалық білімдердің жүйесі мен әдістемесі талданады.

5 қыркүйек – Ахмет Байтұрсынұлының туған күні және Қазақстан халқының тілдері күні.
04/09/2026

5 қыркүйек – Ахмет Байтұрсынұлының туған күні және Қазақстан халқының тілдері күні.

Address

Шевченко көшесі, 28 (Құрманғазы, 29)
Almaty
050010

Opening Hours

Monday 09:00 - 13:00
14:30 - 18:30
Tuesday 09:00 - 13:00
14:30 - 18:30
Wednesday 09:00 - 13:00
14:30 - 18:30
Thursday 09:00 - 13:00
14:30 - 18:30
Friday 09:00 - 13:00
14:30 - 18:30

Website

Alerts

Be the first to know and let us send you an email when Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты posts news and promotions. Your email address will not be used for any other purpose, and you can unsubscribe at any time.

Contact The Organization

Send a message to Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты:

Shortcuts

Share