Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісі

  • Home
  • Kazakhstan
  • Astana
  • Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісі

Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісі Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжiлiсі — Қазақстан Республикасының жоғарғы заң шығарушы органы

Мәжілістің Facebook желісіндегі ресми парақшасына басты жаңалықтар, депутаттардың қызметі, түрлі жобалар және Парламент өкілдерінің қатысуымен өтетін іс-шаралар туралы толық ақпарат жарияланады.
Парақшаға жазылуды ұмытпаңыз!

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстанның Жаңа Конституциясының күшіне енуіне орай үндеуі Құрметті отандастар...
01/07/2026

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстанның Жаңа Конституциясының күшіне енуіне орай үндеуі

Құрметті отандастар!

Жаңа Конституциямыздың заңды күшіне енуі – бүкіл еліміз үшін айрықша маңызды оқиға. Баршаңызды шын жүректен құттықтаймын!

Бүгін тәуелсіз Қазақстан тарихының жаңа дәуірі басталады. Біз саяси-экономикалық реформалардың, ауқымды өзгерістердің және қарқынды дамудың даңғыл жолына түсеміз.

Осы ерекше күн еліміздің бүкіл саяси жүйесін, сондай-ақ мемлекеттің және азаматтық қоғамның негізгі институттарын түбегейлі жаңғырту кезеңі басталғанын аңғартады.

15 наурызда өткен жалпыұлттық референдумда Қазақстан халқы ел тағдырына тікелей ықпал ететін және мемлекеттің ондаған жылдарға арналған даму бағдарын айқындайтын таңдауын жасады. Миллиондаған отандасымыз берекелі бірлік танытып, шынайы отаншылдық пен жоғары жауапкершіліктің озық үлгісін көрсетті. Бұл тарихи шешімнің төл шежіремізде алтын әріппен жазылатыны анық.

Бұдан былай Конституция күні «Наурызнама» онкүндігімен қатар аталып өтеді. Мұның символдық мәні зор. Конституция күні ел ішінде ғасырлар бойы орныққан көктемгі жаңару дәстүрлерін Ата заңның басты қағидаттарымен тоғыстырады, яғни азаматтарымыздың ырысты ынтымаққа, озық білімге, ел игілігі жолында адал еңбек етуге деген талпынысымен үндеседі.

Біз нағыз Халық Конституциясының мызғымас құқықтық негізіне арқа сүйеп, барлық мақсат-мұраттарымызға міндетті түрде жетеміз. Заң мен Тәртіп, Еңбексүйгіштік пен Өрлеу, Тазалық пен Табиғатты аялау сынды жасампаздық құндылықтарын қоғамда берік орнықтырамыз. Бұған еш күмәнім жоқ.

Біз бірлігі бекем, біртұтас ұлт ретінде әлемдік өркениеттің шыңын бағындырып, баршаға бірдей мүмкіндік беретін және барлық азаматтың жан-жақты дамуына жол ашатын мемлекетті – Әділетті Қазақстанды құрамыз!

Қастерлі Отанымызды көркейту жолындағы жоспарларымызды ойдағыдай орындаймыз. Мен бұған кәміл сенемін!

Қазақстан Республикасы жасай берсін!

Халқымыз мәңгі жасасын!
__

Обращение Главы государства Касым-Жомарта Токаева
по случаю вступления в силу Новой Конституции Казахстана

Уважаемые соотечественники!

От всего сердца поздравляю вас с поистине эпохальным событием – вступлением в силу Новой Конституции нашей страны!

Сегодня начинается новая эра в истории суверенного Казахстана. Мы выходим на магистральный путь поступательного прогресса, политических и экономических реформ, масштабной модернизации.

Этот день знаменует собой кардинальную перестройку политической системы, трансформацию ключевых институтов государства и гражданского общества.

На общенациональном референдуме 15 марта народ Казахстана сделал судьбоносный выбор, определивший горизонты развития государства на многие десятилетия вперед. Это историческое решение навсегда останется в летописи страны как яркий пример подлинного патриотизма и высокой гражданской ответственности миллионов наших соотечественников.

Глубоко символично, что День Конституции отныне неразрывно связан с началом декады «Наурызнама». Знаковая дата гармонично объединяет многовековые традиции весеннего возрождения с основополагающими принципами Нового Основного закона – стремлением к гражданской солидарности, передовым знаниям и добросовестному труду на благо Родины.

Убежден, опираясь на незыблемый правовой фундамент поистине всенародной Конституции, мы обязательно достигнем всех поставленных целей и утвердим в обществе созидательные ценности Закона и Порядка, Трудолюбия и Прогресса, Чистоты и Природолюбия.

Сплотившись в нерушимый монолит общенационального единства, мы непременно покорим вершины мировой цивилизации и построим Справедливый Казахстан – государство равных возможностей и всестороннего развития всех без исключения граждан!

Выражаю уверенность в конечном успехе намеченных планов, ведущих к процветанию нашего Отечества.

Да здравствует Республика Казахстан!

Да здравствует наш народ!

⚜️Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстанның Жаңа Конституциясының күшіне енуіне орай үндеуі Құрметті отандастар! Жаңа Конституциямыздың заңды күшін...

Итоги работы VIII созыва Мажилиса Парламента: главные законодательные инициативы и результаты в цифрах – подробнее в инф...
30/06/2026

Итоги работы VIII созыва Мажилиса Парламента: главные законодательные инициативы и результаты в цифрах – подробнее в инфографике.

Будьте в курсе! Подписывайтесь на Мажилис в социальных сетях.

t.me/mazhilis_kz

VIII сайланымдағы Парламент Мәжілісінің жұмыс қорытындысы: басты заңнамалық бастамалар мен нәтижелер – толығырақ инфогра...
30/06/2026

VIII сайланымдағы Парламент Мәжілісінің жұмыс қорытындысы: басты заңнамалық бастамалар мен нәтижелер – толығырақ инфографикада

Мәжіліс жаңалықтарынан хабардар болыңыз! Біздің әлеуметтік желілерімізге жазылыңыз.

t.me/mazhilis_kz

30/06/2026

Чем запомнился восьмой созыв Мажилиса?

Какие кодексы и законы были приняты за этот период? Какие актуальные вопросы были подняты по инициативе комитетов? Каковы основные итоги законотворческой деятельности и какие инициативы, направленные на повышение благосостояния граждан, были реализованы?

На эти вопросы ответила председатель Комитета по международным делам, обороне и безопасности Айгуль Куспан.

Подробнее смотрите в рубрике «Депутат жауап береді».

Будьте в курсе! Подписывайтесь на Мажилис в социальных сетях.

t.me/mazhilis_kz

30/06/2026

Мәжілістің сегізінші шақырылымы қандай нәтижелерімен есте қалды?

Осы кезеңде қандай кодекстер мен заңдар қабылданды? Комитеттердің бастамасымен қандай өзекті мәселелер күн тәртібіне шығарылды?

Осы сауалдарға Экология мәселелері және табиғат пайдалану комитетінің төрағасы Еділ Жаңбыршин мен Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің төрағасы Нұртай Сабильянов жауап берді. Толығырақ «Депутат жауап береді» айдарынан көре аласыздар.

Мәжіліс жаңалықтарынан хабардар болыңыз! Біздің әлеуметтік желілерімізге жазылыңыз.

t.me/mazhilis_kz

30/06/2026

Депутаттар бірлескен отырыстың кулуарында журналистердің сұрақтарына жауап берді.

30 маусым 2026.

Мәжіліс жаңалықтарынан хабардар болыңыз! Біздің әлеуметтік желілерімізге жазылыңыз.

t.me/mazhilis_kz

29/06/2026

Мәжілістің сегізінші шақырылымы несімен есте қалды?

Осы шақырылымда қандай кодекстер мен заңдар қабылданды? Комитет мүшелерінің бастамасымен нендей маңызды мәселелер көтерілді? Заң шығару қызметіндегі нәтижелер мен халықтың әл-ауқатын жақсартуға бағытталған қандай бастамалар жүзеге асты?

Бұл сұрақтарға Аграрлық мәселелер комитетінің төрағасы Серік Егізбаев пен Заңнама және Сот-құқықтық реформа комитетінің төрайымы Снежанна Имашева жауап берді.

Толығырақ «Депутат жауап береді» айдарынан біле аласыздар.

t.me/mazhilis_kz

27/06/2026

Ерлан Қошанов: ІV сессия Қазақстан парламентаризмінің ең маңызды кезеңіне айналды

Кеше Мәжілістің сегізінші сайланымдағы қорытынды жалпы отырысы өтті. Палата төрағасы Ерлан Қошанов Мәжілістің төртінші сессиядағы қызметіне тоқталды.

Ерлан Қошанов депутаттар жаңа Конституцияны іске асыру үшін бірқатар конституциялық заңды қабылдағанын атап өтті. Бұдан бөлек, цифрландыру, заң мен тәртіп, экономикалық саясат салаларын жетілдіруге, халықтың әл-ауқатын жақсартуға бағытталған сапалы заңдар мен кодекстер әзірленгеніне назар аударды. Палата қарауында жалпы 190 заң жобасы болды, әрбір үшінші құжатқа депутаттар бастамашылық етті.

Қорытындылай келе, Мәжіліс төрағасы осы миссияны абыроймен атқарған депутаттық корпусқа, Үкімет мүшелеріне, Мәжіліс аппаратына, БАҚ өкілдеріне алғыс білдірді.

t.me/mazhilis_kz

26/06/2026

Парламент Палаталарының бірлескен отырысынан бейнеүзінді

26 маусым 2026.

Мәжіліс жаңалықтарынан хабардар болыңыз! Біздің әлеуметтік желілерімізге жазылыңыз.

t.me/mazhilis_kz

Өзбекстанмен шекарадағы бірқатар өткізу пункттері тәулік бойы жұмыс режиміне көшедіМәжіліс 2006 жылғы 4 қыркүйектегі Қаз...
26/06/2026

Өзбекстанмен шекарадағы бірқатар өткізу пункттері тәулік бойы жұмыс режиміне көшеді

Мәжіліс 2006 жылғы 4 қыркүйектегі Қазақстан мен Өзбекстан үкіметтері арасындағы Қазақстан-Өзбекстан мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттері туралы келісімге Хаттамаға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы хаттаманы ратификациялады. Құжат аясында «Сырдария – Мәлік» және «Целинный – Оқ олтин» өткізу пункттерінің мәртебесі мен жұмыс режимі «екіжақты» мәртебе «халықаралық (көпжақты)» болып өзгереді. Сондай-ақ жұмыс режимі «күндізгі уақыттан» «тәулік бойы» тәртібіне ауысады.

Бұдан бөлек, Мәжіліс «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне экология және экономиканың жекелеген салаларын жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңға Сенат енгізген түзетумен келісті. Сенат енгізген өзгеріс заңның тұжырымдамасын өзгертпейді және оның мазмұнын төмендетпейді. Түзету климаттың өзгеруіне жаһандық ден қоюға Қазақстанның ұлттық деңгейде айқындалатын үлесі есебінен мемлекет резервке қоятын көміртегі бірліктерінің үлесін төмендетуге бағытталған.

Толық ақпаратты Мәжілістің mazhilis.parlam.kz ремси сайтынан және mazhilis_kz Telegram-арнасынан оқи аласыздар.
__

Ряд пунктов пропуска на границе с Узбекистаном перейдет на круглосуточный режим работы

Мажилис ратифицировал Протокол о внесении изменений и дополнений в Протокол к Соглашению между правительствами Казахстана и Узбекистана о пунктах пропуска через казахстанско-узбекскую государственную границу от 4 сентября 2006 года. Документом вносятся изменения в статус и режим работы пунктов пропуска «Сырдарья – Малик» и «Целинный – Ок олтин» с «двустороннего» на «международный (многосторонний)». Также меняется режим работы с «в светлое время суток» на «круглосуточный».

Кроме того, Мажилис согласился с поправкой Сената в закон «О внесении изменений и дополнений в некоторые законодательные акты Республики Казахстан по вопросам экологии и совершенствования отдельных отраслей экономики». Внесенное Сенатом изменение не меняет концепцию закона и не ухудшает его содержание. Поправка направлена на снижение доли углеродных единиц, резервируемых государством в счет определяемого на национальном уровне вклада Казахстана в глобальное реагирование на изменение климата.

Подробности читайте на официальном сайте mazhilis.parlam.kz и Telegram-канале Мажилиса mazhilis_kz.

t.me/mazhilis_kz

Address

Астана қ. Парламент Мәжілісінің Үйі, Мәңгілік Ел, 2
Astana

Alerts

Be the first to know and let us send you an email when Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісі posts news and promotions. Your email address will not be used for any other purpose, and you can unsubscribe at any time.

Contact The Organization

Send a message to Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісі:

Shortcuts

Share