Жылыой ауданы Мәдениет және спорт бөлімі

  • Home
  • Kazakhstan
  • Atyrau
  • Жылыой ауданы Мәдениет және спорт бөлімі

Жылыой ауданы Мәдениет және спорт бөлімі Мәдениет және спорт бөлімі

17/08/2026

Спорт күніне орай Counter-Strike 2 бойынша аудандық турнир өтті

Жылыой ауданы мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі және PIXEL GH компьютерлік клубының ұйымдастыруымен 2026 жылдың 15 тамыз күні Спорт күніне орай киберспорттың Counter-Strike 2 түрінен аудандық турнир өтті.

Турнирге ауданнан 10 команда қатысып, өзара бақ сынасты. Жарыс барысында командалар тартысты ойын көрсетіп, жеңіске деген жігерлерін танытты.

Жарыс қорытындысы бойынша:

🥇 1 орын — «Достық» ықшам ауданы командасы
🥈 2 орын — «1 ықшам аудан» командасы
🥉 3 орын — «3 ауыл» командасы

Сонымен қатар, жарыстың «Үздік ойыншысы» номинациясына «Достық» командасының ойыншысы Елемес Ерсултан Өтесінұлы ие болды.

Жарысқа қатысқан барлық командаларға алғыс білдіреміз! Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді құттықтап, алдағы жарыстарда сәттілік тілейміз! 🏆🎮

#СпортКүні #Киберспорт #ЖылыойАуданы

15/08/2026

🏃‍♂️ Жылыойда чемпиондармен таңғы жаттығу өтті

Спорт күніне орай Жылыой ауданының чемпиондарымен бірге таңғы жаттығу ұйымдастырылды.

Жаттығуға 50-ге жуық спортшы қатысып, таңғы уақытты спортпен бастады.

Шараның мақсаты – бұқаралық спортты дамыту, салауатты өмір салтын насихаттау және аудан тұрғындарын спортпен тұрақты түрде айналысуға шақыру.

Спорт – денсаулық кепілі! 💪🇰🇿

10/08/2026
22/07/2026

Республикалық терминшілер байқауына өтінім қабылдау жалғасып жатыр.
5 термин ұсынып бас жүлде 250.000 теңгені ұтып алыңыз.
Байқау туралы толық ақпаратты docs.google.com/document/d/12CF9zi_otUyJnajK7WUavQ8Xtt48Oqgv/edit?usp=sharing&ouid=102829762134357764975&rtpof=true&sd=true осы сілтеме арқылы немесе Tilalemi сайтынан көре аласыз.

15/07/2026

Жылыой ауданы тұрғындары назарына!

Кәсіпкерлік нысан маңдайшасы жергілікті атқарушы орган арқылы (Жылыой ауданы мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі) мақұлдануы тиіс.

Бұл туралы ҚР Кәсіпкерлік кодексінің 108 бабы 2 тармағында жазылған.

Сонымен қатар Рұқсаттар және хабарламалар туралы заңға сәйкес МАҢДАЙША туралы ХАБАРЛАМА (эскиз мақұлдау туралы) берілуі керек. ҚР әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңның 463- бабына сәйкес Хабарламасыз кәсіп бастау айыппұлға әкеп соғады.

Аталған заңда тіл туралы заңды бұзғаны үшін (75-бап) бір жолға ЕСКЕРТУ, егер қайталанса (тиісті ескерту орындалмаса) айыппұл салынады делінген.

2026 жылдан бастап Жылыой ауданы әкімдігінің Мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің ережесіне тіл туралы заңды бұзғаны үшін жеке және заңды тұлғаларға тиісті әкімшілік хаттама толтыру жөніндегі құзыреті енгізілгенін хабарлаймыз.

Жылыой ауданы мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімі

30/04/2026

🪶 Ләңгі тебуден аудандық ашық турнир өз мәресіне жетті

1 мамыр – Қазақстан халықтарының бірлігі күніне орай
2009–2011 ж.т жасөспірімдер және ересектер арасында
ләңгі тебуден аудандық ашық турнир өз мәресіне жетті.

Жарысқа 20-ға жуық спортшы қатысып, өзара бақ сынасты.

🏆 Жарыс нәтижелері бойынша:

Ересектер арасында:
🥇 1 орын – Еңсегенұлы Шерхан
🥈 2 орын – Күлмағамбетов Нұрболат
🥉 3 орын – Атырауов Жәнібек

2009–2010 ж.т жасөспірімдер арасында:
🥇 1 орын – Қуанұлы Болатбек
🥈 2 орын – Зорқарнай Нұрсұлтан
🥉 3 орын – Мақсот Мансұр

Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді құттықтаймыз!
Алдағы жарыстарда сәттілік тілейміз! 💪🏆

29/04/2026

🥊 «Спорт нашақорлыққа қарсы» ұранымен бокстан аудандық турнирдің ашылу салтанаты өтті

Жасөспірім ұлдар арасында өтіп жатқан аудандық турнирдің ашылу салтанаты жоғары деңгейде ұйымдастырылды.

Салтанатты шара барысында Жылыой ауданы мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Әлібек Қойшыбайұлы сөз сөйлеп, жас спортшыларға сәттілік тілеп, тартысты бәсекеде өз шеберліктерін көрсетулеріне сенім білдірді. Сонымен қатар, қатысушыларға жарақатсыз ойын мен жарқын жеңіс тіледі.

🏆 Аталған турнирдің мақсаты – жасөспірімдер арасында салауатты өмір салтын насихаттау және спортты дамыту.

Address

Махамбет даңғылы
Atyrau

Opening Hours

Monday 09:00 - 18:30
Tuesday 09:00 - 18:30
Wednesday 09:00 - 18:30
Thursday 09:00 - 18:30
Friday 09:00 - 18:30

Telephone

+77123750134

Alerts

Be the first to know and let us send you an email when Жылыой ауданы Мәдениет және спорт бөлімі posts news and promotions. Your email address will not be used for any other purpose, and you can unsubscribe at any time.

Contact The Organization

Send a message to Жылыой ауданы Мәдениет және спорт бөлімі:

Shortcuts

Share