Атырау Қыздар лицейі

Атырау Қыздар лицейі Атырау қаласында ашылған дарынды қыз балаларға арналған лицейдің ресми парақшасы Атырау Қыздар лицейі

07/09/2026

Лицейімізде Атырау қаласының №7 қалалық кітапханасының ұйымдастыруымен 7-сынып оқушыларына арналған танымдық кездесу өткізілді. Іс-шараға кітапхана қызметкерлері қатысып, қазақ тіл білімінің көрнекті ғалымдары Рабиға Сыздықова мен Құдайберген Жұбановтың ғылыми еңбектері мен өмір жолы туралы құнды ақпараттар ұсынды.

Кездесу барысында оқушыларға ғалымдардың қазақ тіл білімінің дамуына қосқан үлесі, зерттеу бағыттары мен еңбектерінің маңызы жөнінде мағлұмат берілді. Сонымен қатар оқушылардың кітап оқуға, ғылыми мұраға қызығушылығын арттыруға бағытталған мазмұнды пікірлер айтылды.

Танымдық іс-шара оқушылардың тіл білімі саласындағы білімдерін толықтырып, ұлттық ғылыми мұраны құрметтеуге ықпал етті.

07/09/2026

Лицейімізге жаңадан қабылданған 7-сынып оқушыларына «Заң және тәртіп» тұжырымдамасы аясында «Менің құқықтарым – менің жауапкершілігім» тақырыбында мектептің ішкі тәртіп ережелерімен таныстыру шарасы өткізілді.

Шара барысында тәрбие ісі жөніндегі орынбасар Ш.Ермеккалиева және шет тілдері жөніндегі орынбасар А.Раимбаева оқушыларға мектептің ішкі тәртібі, сабақ барысындағы талаптар, оқушылардың құқықтары мен міндеттері және жауапкершіліктері туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

23/08/2026

A place to learn, dream, and grow🫧

KBO-Junior 2026✨Олимпиада 29-8 маусым аралығында Астана, Көкшетау, Щучинск қалаларында өтті.Олимпиадада оқушыларымыз үзд...
10/06/2026

KBO-Junior 2026✨
Олимпиада 29-8 маусым аралығында Астана, Көкшетау, Щучинск қалаларында өтті.

Олимпиадада оқушыларымыз үздік нәтижелер көрсете білді✨
Белсенді қатысқан оқушыларымызды және жетекшілерін шын жүректен құттықтаймыз және алда сәттілік тілейміз🏆🔥

17/05/2026

Лицейімізде 7-сыныпқа қабылдау емтиханы сәтті өтті✨

Қабылдау емтиханы 2 лек бойынша ұйымдастырылып, талапкерлер өз білімдері мен дайындықтарын көрсете білді. Бұл емтихан — әр оқушы үшін маңызды қадамдардың бірі. Біз барлық қатысушылар бар күш-жігерін салып, өз мүмкіндіктерін жоғары деңгейде көрсетті деп сенеміз🤍

Емтихан нәтижелері 25.05.2026 күні
bilemtihan.kz сайтында жарияланады.

Барлық қатысушыларға алғыс білдіреміз!
Сіздер үлкен еңбек пен табандылық таныттыңыздар. Жарайсыңдар!✨

14/05/2026

2016 жылы Атырау қыздар «Білім-Инновация» лицейі өз тарихының алғашқы парағын ашты. Содан бері лицей талай шәкірттің арманына қанат бітіріп, білім мен тәрбиенің, достық пен ізгіліктің ордасына айналды. 🤍

10 жыл — естеліктерге, жетістіктерге және жарқын сәттерге толы үлкен жол. Осы ерекше мерейтойды бірге атап өтуге шақырамыз!

🗓 15.05.2026
🕒 15:00
📍 Махамбет атындағы драма театры

Қуаныш пен сағынышқа толы кеште жүздескенше🕊️

Address

Vladimirski 28
Atyrau
060000

Opening Hours

Monday 09:00 - 18:00
Tuesday 09:00 - 18:00
Wednesday 09:00 - 18:00
Thursday 09:00 - 18:00
Friday 09:00 - 18:00
Saturday 09:00 - 16:00

Telephone

+77122520539

Alerts

Be the first to know and let us send you an email when Атырау Қыздар лицейі posts news and promotions. Your email address will not be used for any other purpose, and you can unsubscribe at any time.

Contact The Organization

Send a message to Атырау Қыздар лицейі:

Shortcuts

Share

Category