15/07/2026
РЕСПУБЛИКАЛЫҚ СПАРТАКИАДАДАҒЫ ЖЕТІСТІК!
🔹 2026 жылдың 11 шілдесінде Астана қаласында Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасының 30 жылдығына және Тексеру комиссияларының 15 жылдығына арналған республикалық спартакиада өтті.
🔹 Спорттық додаға Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасы мен өңіраралық іріктеу кезеңінен жолдама алған Тексеру комиссияларының командалары қатынасты.
🔹 Жарыс қорытындысы бойынша Атырау облысы бойынша Тексеру комиссиясының командасы шағын футболдан үздік төрт команданың қатарына енді. Сонымен қатар, Тексеру комиссиясының мүшесі Ж. Дауталиева үстел теннисінен қарсыластарынан басым түсіп, І орынды иеленді.
👏 Тексеру комиссиясының төрағасы әріптестерімізді жоғары жетістіктерімен шын жүректен құттықтап, Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасының алғысын жеткізді.