Сарға ауылының әкімдігі

Сарға ауылының әкімдігі "Сарға ауылы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесін?

 #ЗАҢМЕНТӘРТІП #ЗАКОНИПОРЯДОКМаңғыстау облысында «Браконьер» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде24-28 тамыз аралы...
04/09/2026

#ЗАҢМЕНТӘРТІП
#ЗАКОНИПОРЯДОК

Маңғыстау облысында «Браконьер» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде

24-28 тамыз аралығында Маңғыстау облысының аумағында заңсыз аң аулаудың алдын алу және жолын кесу, табиғи ресурстарды қорғау мен сақтау мақсатында «Браконьер» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.

Іс-шараның негізгі мақсаты – аңшылық саласындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу, заңсыз аң аулау фактілерін анықтау және болдырмау, сондай-ақ табиғи ресурстарды ұқыпты пайдалануға бағытталған профилактикалық жұмыстарды күшейту.

Іс-шара барысында Маңғыстау облысының аумағында рейдтік және профилактикалық іс-шаралар ұйымдастырылып, аңшылық алқаптарында заң талаптарының сақталуына бақылау жүргізіледі. Заңсыз аң аулау, аңшылық құралдарын белгіленбеген тәртіппен пайдалану және табиғатқа залал келтіру фактілерінің жолын кесуге ерекше назар аударылады.

Сонымен қатар, тұрғындар мен аңшылықпен айналысатын азаматтар арасында табиғатты қорғау заңнамасының талаптарын сақтау бойынша түсіндірме жұмыстары күшейтіледі. Азаматтарға заңсыз аң аулаудың қоршаған ортаға келтіретін зияны және мұндай құқық бұзушылықтар үшін көзделген жауапкершілік түсіндіріледі.

Табиғи ресурстарды қорғау – қоршаған ортаның тұрақтылығын қамтамасыз етудің маңызды бағыты. Осыған байланысты әрбір азамат табиғат байлығына жауапкершілікпен қарап, заң талаптарын сақтауы қажет.

Табиғатты қорғау – ортақ міндет!

#МаңғыстауоблысыПолициядепартаменті #ДепартаментполицииМангистаускойобласти #АяғановСағындық СағындықАяғанов АягановСагиндик СагиндикАяганов ДПМО МОПД ҚРІІМ МВДРК

04/09/2026

ҚАЛАЛЫҚ ПРОКУРАТУРА БІРҚАТАР ЗАҢБҰЗУШЫЛЫҚТЫ АНЫҚТАДЫ

Жаңаөзен қалалық прокуратурасы табиғи монополия субъектілері қызметінің заңдылығын қадағалауға, тарифтердің негізділігін тексеруге, кәсіпкерлер мен жеке тұлғалардың құқықтарын қорғауға және әкімшілік кедергілерді жою бағытында жұмыс істейді. Талдау жүргізу барысында монополистер тарапынан бірқатар заңбұзушылықтар анықталған. Көп жағдайда кәсіпкерлер коммуналдық салаларда желілерге қосылу кезінде немесе техникалық шарттар жасаған кезде кедергілерге тап болады екен. Мұндай бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да өз жалғасын табады дейді мамандар.

04/09/2026

Жасөспірімдік кезеңдегі баланың мінез-құлқындағы өзгерістерді дер кезінде байқап, буллинг, зорлық-зомбылық, құқық бұзушылық және өзге де қауіптердің алдын алу – мектеп психологтары мен сынып жетекшілерінің маңызды міндеті.

Осы мақсатта аудан прокуратурасының бастамасымен әкімдікпен бірлесіп, психологтар мен сынып жетекшілерінің кәсіби дағдыларын жетілдіруге бағытталған «Қауіпсіз орта – біріккен күштің нәтижесі» атты арнайы іс-шара өткізілді.

Іс-шараға Қазақстан психологтар қоғамы бірлестігінің мүшесі, халықаралық деңгейдегі тренер Дина Жұмабаева арнайы шақырылып, мамандармен тәжірибелік кездесу өткізді.

Қатысушылар жасөспірімнің мінез-құлқындағы қауіпті белгілерді ерте тану, қиын жағдайдағы баламен дұрыс қарым-қатынас жасау және ата-анамен тиімді жұмыс жүргізудің практикалық әдістерін меңгеруде.

Басты мақсат – қауіп орын алғаннан кейін әрекет ету емес, оны алдын ала байқап, баланы дер кезінде қорғау.

Өйткені, бір баланың қауіпсіздігі – баршамыздың ортақ жауапкершілігіміз.

04/09/2026

#ЗАҢМЕНТӘРТІП

🔹 «Қаңғыбас» профилактикалық іс-шарасы аясында учаскелік полиция инспекторлары өздеріне бекітілген аумақта қаңғыбастықпен айналысып жүрген азаматтарды анықтап, оларды уақытша арнайы қабылдау орындарына орналастыру жұмыстарын жүргізуде.

 #ЗАҢМЕНТӘРТІП #ЗАКОНИПОРЯДОК💠 Маңғыстау облысында жаңа оқу жылына дайындық: балалардың қауіпсіздігі басты назардаЖаңа о...
04/09/2026

#ЗАҢМЕНТӘРТІП
#ЗАКОНИПОРЯДОК
💠 Маңғыстау облысында жаңа оқу жылына дайындық: балалардың қауіпсіздігі басты назарда
Жаңа оқу жылы қарсаңында Маңғыстау облысының Полиция департаменті балалардың жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында «Абайлаңыз, балалар!» жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізуде.
Тамыз айында облыстағы 182 білім беру ұйымының маңындағы жол инфрақұрылымы мен жол қозғалысын ұйымдастырудың техникалық құралдары тексерілді. Анықталған кемшіліктер бойынша 71 акт-нұсқама енгізіліп, оның 66-сы орындалды. Жергілікті атқарушы органдарға жол қауіпсіздігін арттыру бойынша 4 ұсыныс жолданды.
Жаңа оқу жылына дайындық аясында 110 білім беру ұйымының маңындағы жол желісі жабдықталды. 496 жол белгісі ауыстырылып, 84 жаяу жүргіншілер өткелі ақ-сары түске жаңартылды, 52 жерге жасанды жол кедергісі орнатылды.
Ақтау қаласында 3 жаяу жүргіншілер өткелін бағдаршаммен реттеу және 2 өткелді ауыстыру жұмыстары жүргізілуде. Жаңөзенде 3 өткел лазерлік-проекциялық құрылғылармен жабдықталды. Кендірлі мен Рахат ауылдарында 12 шақырым жол жарықтандырылып, 5,5 шақырым тротуар салынды.
Сонымен қатар бүгінгі күнге дейін балаларды тасымалдайтын 35-ке жуық автобус пен көліктің техникалық жағдайы тексерілді.
Полиция департаменті жүргізушілерді оқу орындары маңында жылдамдықты төмендетіп, балалардың жол қауіпсіздігіне ерекше назар аударуға шақырады.

🚔 «Квадрат» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілдіАқтау қаласы Полиция басқармасы Қоғамдық қауіпсіздік бөлімі қызметк...
04/09/2026

🚔 «Квадрат» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілді

Ақтау қаласы Полиция басқармасы Қоғамдық қауіпсіздік бөлімі қызметкерлері қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында «Квадрат» жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізді.

Іс-шара барысында құқық бұзушылықтардың алдын алуға, қоғамдық тәртіпті сақтауға және азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған профилактикалық жұмыстар жүргізілді.

Полиция қызметкерлері азаматтарды заң талаптарын сақтауға және қоғамдық тәртіпті бұзбауға шақырады.

04/09/2026

Аудан аумағында қылмыс деңгейін төмендету және тәртіпті нығайту мақсатында 2026–2027 жылдарға арналған құқық бұзушылықтың алдын алу бағытында прокуратура мен мәслихат бірлесе жоспар бекітті.
Құжат 8 бөлім, 40 іс-шарадан тұрады.
Бағдарламаны нәтижелі жүзеге асыру үшін жергілікті маслихат депутаттарының қолдауымен қосымша инфрақұрылымдық қаржыландыру қарастырылмақ. Жоспардың басты мақсаты — құқық қорғау органдары мен әкімдіктердің біріккен жұмысы арқылы тұрғындар үшін қауіпсіз орта қалыптастыру.

Маңғыстау облысының прокуроры Серікқали Күшалиев өңірдегі қылмыстық-атқару жүйесі мекемелеріне барып, сотталғандар мен қ...
04/09/2026

Маңғыстау облысының прокуроры Серікқали Күшалиев өңірдегі қылмыстық-атқару жүйесі мекемелеріне барып, сотталғандар мен қамауда отырған азаматтар құқықтарының сақталуын тексерді, деп хабарлайды Otpannews.kz.

Өңірдегі Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің өкілі Аслан Құжиевпен бірге прокуратура басшысы азаматтардың ұсталуы жағдайын, сондай-ақ еңбек, коммуналдық-тұрмыстық және медициналық қамтамасыз ету салаларындағы заң талаптарының сақталуын бағалады.

Сотталғандарды еңбекпен қамту мәселесіне ерекше назар аударылды. Облыс прокуратурасының үйлестіру жұмыстары аясында 250-ден астам сотталған азамат кәсіпорындар мен кәсіпкерлік субъектілеріне жұмысқа орналасуға мүмкіндік алды.

Сонымен қатар прокуратураның бастамасымен жергілікті атқарушы органдардың қолдауымен тергеу изоляторындағы медициналық пункт жаңғыртылды. Оны қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз етуге 60 млн теңгеден астам қаржы бағытталды. Медициналық пункт заманауи құралдармен, оның ішінде стоматологиялық қондырғы, рентген аппараты және ультрадыбыстық зерттеу (УДЗ) құрылғысымен жабдықталды.

Ақтауда азаматтардың құқықтарын қорғау бойынша атқарылған жұмыстар баяндалдыАқтау қалалық прокуратурасының бастамасымен ...
04/09/2026

Ақтауда азаматтардың құқықтарын қорғау бойынша атқарылған жұмыстар баяндалды

Ақтау қалалық прокуратурасының бастамасымен биыл 200 мыңнан астам азаматтың құқығы қорғалып, қаладағы қылмыс деңгейі өткен жылмен салыстырғанда 5,6%-ға төмендеді. Бұл туралы Қоғамдық коммуникация орталығында өткен брифингте Ақтау қаласының прокуроры Дауылбай Челпеков айтты.

Брифинг барысында спикер прокурорлық актілердің негізінде қылмыстық істер бойынша 293 жәбірленушіге жалпы сомасы 472 миллион теңге қайтарылғанын айтты. Сонымен қатар, қылмыстың алдын алу және құқықтық сауаттылықты арттыру мақсатында тұрғындарға тұрақты түрде түсіндіру жұмыстары жүргізіліп келеді.

-Арнайы дайындалған баннерлер, бейнероликтер мен ескертпелер қаладағы LED-экрандарда, қоғамдық көліктерде, кинотеатрларда, сондай-ақ YouTube, Instagram, Facebook әлеуметтік желілерінде, бұқаралық ақпарат құралдарында, білім беру ұйымдары мен діни мекемелерде үздіксіз жариялануда. «Заң мен тәртіп» идеологемасы аясында адам көп шоғырланатын қоғамдық орындарда, сауда-ойын-сауық орталықтарында тұрғындармен жүйелі түрде кездесіп, олардың сұрақтарына заңдық кеңес беріп келеміз, - деді Дауылбай Челпеков.

Маңғыстауда күзгі әскерге шақыруды ұйымдастыруға бақылау күшейтіледіБүгін, 4 қыркүйекте Ақтау қаласында 2026 жылғы көкте...
04/09/2026

Маңғыстауда күзгі әскерге шақыруды ұйымдастыруға бақылау күшейтіледі

Бүгін, 4 қыркүйекте Ақтау қаласында 2026 жылғы көктемгі әскерге шақыру науқанының қорытындысы және күзгі мерзімді әскери қызметке шақыруға дайындық мәселелері бойынша кеңес өтті.

Маңғыстау облысы әкімінің бірінші орынбасары, облыстық әскерге шақыру комиссиясының төрағасы Асхат Ораловтың төрағалығымен өткен жиынға Қорғаныс істері жөніндегі департаментінің, құқық қорғау және мемлекеттік органдардың өкілдері, сондай-ақ қала мен аудан әкімдіктерінің жауапты мамандары қатысты.

Кеңесте көктемгі әскерге шақыру науқанының қорытындысы қаралып, күзгі науқанды ұйымдастыруға қатысты басым міндеттер айқындалды. Атап айтқанда, медициналық куәландырудан өткізу, заңнама талаптарын сақтау, әскерге шақырылушыларды әскери бөлімдерге уақытылы жеткізу және жөнелту мәселелеріне назар аударылды.

«Мерзімді әскери қызметке шақыру – тәртіпті, нақтылықты және жоғары жауапкершілікті талап ететін маңызды мемлекеттік міндет. Бұл мәселеге формалды көзқарас танытуға жол берілмейді. Қабылданатын шешімдердің объективтілігін, заң талаптары мен әскерге шақырылушылардың заңды құқықтарының қатаң сақталуын қамтамасыз етуіміз қажет. Барлық жауапты органдардың үйлесімді жұмысы қойылған міндеттердің уақытылы әрі сапалы орындалуына тікелей байланысты. Соңғы нәтижеге әр басшы жеке жауапты», – деді Асхат Оралов.

Күзгі әскерге шақыру науқаны аясында Маңғыстау облысынан 809 азаматты мерзімді әскери қызметке жіберу жоспарланып отыр.

Белгіленген жоспарды орындау үшін әскерге шақыру комиссиялары, қорғаныс істері жөніндегі органдар, құқық қорғау органдары мен әкімдіктердің өзара үйлесімді жұмысы қамтамасыз етілуге тиіс. Әскерге шақырылушыларды уақытылы жеткізу, шақырудан жалтарып жүрген азаматтармен жұмыс жүргізу және науқанның барлық кезеңінде заңнама талаптарының сақталуы басты назарда болады.

Кеңес қорытындысы бойынша күзгі әскерге шақыруды ұйымдастыруға қатысты нақты міндеттер белгіленді. Науқанның барысы, белгіленген жоспардың орындалуы және заңнама талаптарының сақталуы облыстық әскерге шақыру комиссиясының тұрақты бақылауына алынды.

Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі

Address

Сарға ауылы, Төлеп Әнетұлы 31а
Beyneu
130104

Opening Hours

Monday 09:00 - 12:30
14:00 - 18:30
Tuesday 09:00 - 12:30
14:00 - 18:30
Wednesday 09:00 - 12:30
14:00 - 18:30
Thursday 09:00 - 12:30
14:00 - 18:30
Friday 09:00 - 12:30
14:00 - 18:30

Telephone

+77293223335

Website

Alerts

Be the first to know and let us send you an email when Сарға ауылының әкімдігі posts news and promotions. Your email address will not be used for any other purpose, and you can unsubscribe at any time.

Contact The Organization

Send a message to Сарға ауылының әкімдігі:

Shortcuts

Share