03/09/2026
📍АУДАНДА ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАРДЫҢ АЛДЫН АЛУ БОЙЫНША ЖҰМЫСТАР ПЫСЫҚТАЛДЫ
🔰Бүгін аудан әкімі Мұрат Сердалиннің төрағалығымен төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі комиссия отырысы өтті. Комиссия отырысына аудандық мекемелер мен дербес бөлім басшылары, сондай-ақ ауылдық округ әкімдері селекторлық режим арқылы қатысты.
🔖Күн тәртібінде екі мәселе қаралды:
1️⃣2026-2027 жылдардағы жылыту маусымына дайындық және өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Аудандағы газ-техникалық инспекцияның жұмысы.
2️⃣Қазандықтарды қауіпсіз аумаққа шығару және апатты, тозығы жеткен тұрғын үйлер, ғимараттар мен құрылыстарда төтенше жағдайлардың алдын алу.
📄Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша жауапты бөлімдер мен мекеме басшыларының есептері тыңдалды.
♨️Жылыту маусымына дайындық:
Ауданда 2025-2026 жылдардағы жылыту маусымы әлеуметтік бағыттағы нысандарда тұрақты өтіп, проблемалық мәселелер туындаған жоқ.
2026-2027 жылдардағы жылыту маусымына дайындық жұмыстары бекітілген жоспарға сәйкес жүргізілуде. Аудан бойынша білім беру, мәдениет және денсаулық сақтау салаларындағы әлеуметтік нысандардың басым бөлігі табиғи газбен жылытылады.
Бүгінгі күні әлеуметтік нысандардағы қазандықтарға техникалық қызмет көрсету, сығымдау, газ жабдықтарын тексеру және қауіпсіздік талаптарын қамтамасыз ету жұмыстары жүргізілуде.
🏫Білім беру саласында 44 мектеп, 9 мемлекеттік балабақша/бөбекжай және 3 қосымша білім беру ұйымы жұмыс істейді. Білім беру нысандарының жылыту жүйелерінің дайындығы бақылауда.
🏥Денсаулық сақтау саласында 44 нысанның 43-і газбен, 1 нысан электр қуатымен жылытылады. Медициналық нысандарда қазандықтар мен инженерлік жүйелердің техникалық дайындығы қамтамасыз етілуде.
🏛️Мәдениет саласындағы нысандардың жылыту жүйелері де қысқы кезеңге дайындалуда. Сонымен қатар, әлеуметтік нысандардың жылыту маусымына дайындығын аудандық штаб мүшелері тексеріп, бақылауға алатын болады.
🔥Өрт қауіпсіздігіне ерекше назар аударылды.
Жылыту маусымы қарсаңында білім беру және әлеуметтік нысандарда өрт қауіпсіздігі талаптарының сақталуы, өрт дабылы жүйелерінің жарамдылығы, электр желілерінің техникалық жағдайы, бастапқы өрт сөндіру құралдарымен қамтамасыз ету және жауапты қызметкерлерді оқыту мәселелері бақылауға алынған.
Газ тұтыну жүйелері мен газ жабдықтарының техникалық жағдайына да ерекше назар аударылуда. Газ тұтынушыларға техникалық қызмет көрсету шарттарын уақтылы жасасудың маңыздылығы түсіндірілуде.
⚠️Қауіпті және апатты нысандар бойынша.
Комиссия отырысында қазандықтарды қауіпсіз аумаққа шығару, апатты және тозығы жеткен тұрғын үйлер мен ғимараттарға қатысты қауіпсіздік шараларын қабылдау мәселелері де қаралды.
Ауданның елді мекендеріндегі әлеуметтік нысандар мен тұрғын үй қорының жағдайын зерделеу, анықталған кемшіліктерді жою және қысқы кезеңге дайындықты уақытылы аяқтау бойынша тиісті тапсырмалар берілді.
💧Сонымен қатар, ауданның қысқы кезеңдегі ауыз сумен қамту, электр желілерінің тұрақты жұмысы және автомобиль жолдарының қысқы күтімі мәселелері де назардан тыс қалмайды.
🚧Қысқы кезеңде жолдардың үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін мердігер ұйымдарға тиісті тапсырмалар беріліп, жұмыстар бақылауда болады.
📝Комиссия отырысының қорытындысы бойынша жауапты мекеме басшылары мен ауылдық округ әкімдеріне жылыту маусымына дайындық жұмыстарын белгіленген мерзімде аяқтау, анықталған кемшіліктерді жою және төтенше жағдайлардың алдын алу бағытындағы жұмыстарды күшейту жөнінде нақты тапсырмалар берілді.