«Есік» музей-қорығы / музей-заповедник «Есік»

  • Home
  • Kazakhstan
  • Esik
  • «Есік» музей-қорығы / музей-заповедник «Есік»

«Есік» музей-қорығы / музей-заповедник «Есік» «Есік» Мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы» РМҚК/
РГКП

The museum is situated in the
picturesque foothills of the Trans-Ili-Alatau on the site of the Issyk necropolis
and the place of the discovery of
the most spectacular archaeological
find in Kazakhstan – the Golden Man. The picturesque landscape and the
unparalleled views of the burial mounds,
which for 2500 years have been witness
to major historical events, make this a
truly

unique museum. The main theme of
the museum exposition is the Saki-Wusun
period of Kazakhstan’s ancient history –
the period of the Golden Man, or Golden
Warrior, the image of which has become
the symbol of independent Kazakhstan.

Очередной выпуск «Экспоната месяца» посвящён одному из предметов, хранящихся в фондах музея-заповедника, — серебряной ло...
04/09/2026

Очередной выпуск «Экспоната месяца» посвящён одному из предметов, хранящихся в фондах музея-заповедника, — серебряной ложке, обнаруженой в кургане № 1 могильника Тургень, датируемой IV–III вв. до н. э.
«Ложка» у ранних кочевников – это, возможно, не название конкретного столового предмета, а условное археологическое обозначение группы небольших многофункциональных инструментов с вогнутой рабочей частью. Их могли использовать не только во время еды, но и для того, чтобы зачерпывать, отмерять, смешивать и обрабатывать различные вещества. Функциональная интерпретация подобных ложек остаётся дискуссионной. В.К. Фёдоров связывал часть костяных ложек из погребений ранних кочевников с культовой практикой и культом Сомы/Хаомы. В свою очередь, находка из Урысай-2 предоставляет собой более конкретное свидетельство функционального характера: на фрагменте деревянной ложечки обнаружены следы краски, что позволило исследователям предположить её использование при манипуляциях с красящими веществами. В контексте остальных находок из шкатулки данный предмет рассматривается как часть ритуально-туалетного набора.
Особый интерес представляют серебряные ложки с орнитоморфным оформлением, известные по памятникам сакского времени Жетысу. В Иссыкском кургане среди погребального инвентаря была обнаружена серебряная ложка, ручка которой завершалась изображением головы птицы. Предмет находился в комплексе сосудов, включавшем, в частности, серебряные чаши и чашу с надписью. К. А. Акишев рассматривал находку в составе богатого комплекса предметов, характеризующего высокий статус погребённого. Впоследствии серебряная ложка с изображением птицы была обнаружена также в кургане № 1 могильника Тургень. Предмет хранится в Государственном историко-культурном музее-заповеднике «Есік» (инв. № ЕКМ НТК 496). Повторение сходного орнитоморфного решения в двух памятниках позволяет предполагать наличие устойчивой художественной традиции в сакской культуре Юго-Восточного Казахстана. При этом семантика изображения птицы не может считаться однозначно установленной: оно могло иметь символическое значение, связанное с сакральной сферой. Важно, что в Иссыкском кургане ложка входила в комплекс серебряной и керамической посуды, поэтому её следует рассматривать в контексте всего погребального набора. Серебряная ложка из кургана № 1 могильника Тургень была изготовлена с применением сложной технологии обработки металла. Её присутствие в составе престижного металлического инвентаря свидетельствует о высоком статусе предмета. Вместе с тем технологические особенности изделия сами по себе не позволяют однозначно определить его конкретное функциональное назначение.

#музейзаповедникесік #экспонатмесяца #серебрянаяложка

04/09/2026

Адам Мицкевич атындағы Университеттің (Познань қ., Польша) докторанты Магдалена Хоецканың (Magdalena Chojecka) ыстық лебізі:

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен Арман Оразбайұлы Қырықбаев Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақ...
03/09/2026

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен Арман Оразбайұлы Қырықбаев Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрі болып тағайындалды.

«Есік» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы Арман Оразбайұлын Мәдениет және ақпарарт министрі болып тағайындалуымен шын жүректен құттықтай отырып, еліміздің мәдени өмірін дамытудағы еңбегіне табыс, мықты денсаулық тілейді!

«Айлық жәдігер» жобасының кезекті саны музей-қорық қорында сақталған жәдігерлердің бірі – б.з.д. IV–III ғғ.,Түрген қорым...
03/09/2026

«Айлық жәдігер» жобасының кезекті саны музей-қорық қорында сақталған жәдігерлердің бірі – б.з.д. IV–III ғғ.,Түрген қорымынан табылған күміс қасыққа арналады.

Ерте көшпелілер мәдениетін зерттеуде «қасық» атауы қазіргі түсініктегі ас ішуге арналған нақты тұрмыстық бұйымды ғана білдірмейді. Археологиялық контексте бұл атау ойысты жұмыс бөлігі бар, көлемі шағын әрі функционалдық қолданыс аясы кең бұйымдардың шартты типологиялық атауы ретінде қолданылуы мүмкін. Мұндай заттарды ас ішуге ғана емес, сонымен қатар сұйық немесе ұнтақ тәрізді заттарды мөлшерлеу, араластыру, жағу және әртүрлі технологиялық немесе ғұрыптық үдерістерде пайдалану мақсатында қолданылуы ықтимал. Осыған байланысты археологиялық материалдардан белгілі «қасықтардың» нақты функционалдық мақсатын анықтау қазіргі таңда да қайшылықты мәселелердің бірі болып табылады.
В. К. Фёдоров ерте көшпелілердің жерлеу кешендерінен анықталған сүйек қасықтардың бір бөлігінің қызметін ғұрыптық тәжірибемен және Сома/Хаома культімен байланыстырады. Бұл тұрғыдан алғанда, аталған бұйымдарды күнделікті тұрмыстық инвентарь ретінде ғана емес, белгілі бір діни-ғұрыптық рәсімдерде қолданылған арнайы жабдықтың құрамдас бөлігі ретінде қарастыруға негіз бар. Ұрысай-2 ескерткішінен табылған ағаш қасық бұл мәселені нақтылай түсетін маңызды археологиялық дерек болып табылады. Бұйымның жекелеген бөліктерінен бояғыш заттардың іздерінің анықталуы оның бояумен байланысты операцияларда пайдаланылған болуы мүмкін деген тұжырым жасауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, құты құрамынан табылған өзге де заттардың сипатын ескере отырып, зерттеушілер аталған бұйымды ғұрыптық жабдықтар кешенінің бір элементі ретінде қарастырады.
Жетісудың сақ дәуіріне жататын ескерткіштері арасынан құс тұрпатында жасалған күміс қасықтар ерекше назар аудартады. Солардың бірі – Есік обасынан табылған, сабы құс басы бейнесінде қайырыла жасалған күміс қасық күміс тостаған мен жазуы бар тостағанмен бірге жерлеу кешенінен анықталған бағалы ыдыстар жиынтығының құрамында болған. К.А. Ақышев бұл затты жерленген адамның әлеуметтік дәрежесін айқындайтын мәртебелі бұйымдар кешенімен бірге қарастырады. Демек, Есік обасындағы күміс қасықты жеке ерекшеліке емес жерлеу инвентарының жалпы құрылымы мен семантикалық мазмұны аясында бағалау орынды.
Құс тұрпатты күміс қасықтың тағы бір үлгісі Түрген қорымының №1 обасынан анықталған. Қазіргі уақытта бұл бұйым «Есік» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының қорында сақтаулы (инв. № ЕКМ НТК 496). Есік пен Түрген ескерткіштерінен табылған бұйымдардың морфологиялық және көркемдік шешімдеріндегі ұқсастықтар Оңтүстік-Шығыс Қазақстанның сақ мәдениетінде құс бейнесін бұйымның көркемдік құрылымына енгізудің белгілі бір тұрақты дәстүрі болғанын пайымдауға мүмкіндік береді. Оған қоса аталған бұйымдардағы құс бейнесінің семантикасын бір ғана мағынамен шектеу әдістемелік тұрғыдан негізсіз. Құс образының сақ дүниетанымындағы ықтимал сакралдық және ғұрыптық мәнін ескере отырып, оның белгілі бір діни-символдық қызмет атқарған болуы мүмкін деген болжамды да назардан тыс қалдыруға болмайды. Әсіресе Есік обасының материалдары бұл мәселені кешенді тұрғыдан қарастырудың қажеттігін көрсетеді.
Түрген қорымының №1 обасынан табылған күміс қасықтың технологиялық ерекшеліктері де оның мәртебелік сипатын айқындайтын маңызды көрсеткіштердің бірі болып табылады. Бұйымды дайындау барысында металды өңдеудің күрделі технологиялық тәсілдерінің қолданылуы оның қарапайым тұрмыстық құрал болмағанын аңғартады. Алайда бұйымның технологиялық және морфологиялық ерекшеліктері оның нақты функционалдық қызметін біржақты анықтауға мүмкіндік бермейді. Осыған байланысты Түрген қасықтарының қызметін тағам ішуге арналған тұрмыстық құрал ретінде ғана емес жерлеу кешенінің құрылымы, заттардың өзара орналасуы, қолданылған материал, көркемдік шешім және ықтимал ғұрыптық семантика сияқты факторлардың жиынтығы негізінде қарастырған жөн.
Қорыта айтқанда, ерте көшпелілер мәдениетіндегі «қасық» деп аталатын бұйымдардың функционалдық табиғаты біркелкі болмаған. Олардың бір бөлігі технологиялық немесе тұрмыстық міндеттер атқарса, енді бір үлгілерінің ғұрыптық-символдық қызметі басым болуы ықтимал. Әсіресе сүйек және ағаш қасықтардың ғұрыптық кешендермен байланысы, сондай-ақ Жетісу сақтарының құс тұрпатты күміс қасықтарының мәртебелі жерлеу инвентары құрамынан табылуы бұл бұйымдарды тек утилитарлық заттар шеңберінде қарастырудың шектеулі екенін көрсетеді. Сондықтан олардың қызметін анықтауда типологиялық сипаттамалармен қатар археологиялық контекст, материалдық-технологиялық ерекшеліктер, жерлеу ғұрпы және заттардың семантикалық байланыстары кешенді түрде ескерілуі қажет.

#есікмузейқорық #айлықжәдігер #күмісқасық

02/09/2026

В Государственный историко-культурный музей-заповедник «Есік» с визитом прибыла доктор Лондонской школы экономики и политических наук (London School of Economics and Political Science) Джулия Скиорати (Dr Giulia Sciorati), которая познакомилась с экспозициями музея-заповедника.
В ходе экскурсии старший научный сотрудник Г.Р. Мухтарова рассказала гостье о древней и средневековой истории Казахстана, историко-культурном наследии Жетысуского региона, связях между цивилизациями на Великом Шёлковом пути, а также феномене «Золотого человека». Кроме того, Г.Р. Мухтарова дала интервью, посвящённое значению Великого Шёлкового пути в истории Казахстана и научно-исследовательской работе, проводимой музеем-заповедником.

По завершении экскурсии доктор Джулия Скиорати поделилась своими впечатлениями от посещения музея и оставила небольшой видеоотзыв:

💬 «Сегодня я с большим удовольствием посетила музей-заповедник “Есік”. Для меня это был невероятный опыт, позволивший глубже понять историю Казахстана, особенно средневековый период. Кроме того, я смогла больше узнать о местных сообществах и этой территории.
Думаю, что, когда мы говорим о Казахстане, первое, что приходит многим из нас на ум, — это Золотой человек. Поэтому было удивительно узнать больше о том, откуда он происходит, не только с точки зрения исторического повествования, но и благодаря масштабным научным исследованиям, которые проводятся в музее-заповеднике и на прилегающей территории.
Я узнала больше о происхождении Золотого человека, его истории, значении, а также о взаимодействии различных цивилизаций и народов на этой территории. Я очень благодарна сотрудникам музеях-заповедника за этот замечательный опыт. Большое спасибо!»

Выражаем благодарность Dr Giulia Sciorati за интерес к нашему музею-заповеднику и тёплые слова!

Лондон экономика және саяси ғылымдар мектебінің докторы Джулия Скиоратимен кездесу«Есік» Мемлекеттік тарихи-мәдени музей...
02/09/2026

Лондон экономика және саяси ғылымдар мектебінің докторы Джулия Скиоратимен кездесу
«Есік» Мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығына Лондон экономика және саяси ғылымдар мектебінің (London School of Economics and Political Science) докторы Джулия Скиорати (Dr Giulia Sciorati) арнайы келіп, музей экспозициясымен танысты.
Экскурсия барысында аға ғылыми қызметкер - Г.Р. Мұхтарова қонаққа Қазақстанның ежелгі және ортағасырлық тарихы, Жетісу өңірінің тарихи-мәдени мұрасы, Ұлы Жібек жолы бойындағы өркениеттер арасындағы байланыстар және «Алтын адам» феномені туралы кең көлемде ақпарат беріп, экскурсия жүргізді. Сонымен қатар, Ұлы Жібек жолының Қазақстан тарихындағы маңызы мен музейде жүргізіліп жатқан ғылыми-зерттеу жұмыстары туралы сұхбат берді.

Экскурсия соңында доктор Джулия Скиорати музейге деген әсерімен бөлісіп, қысқаша пікірін білдірді:

💬 «Бүгін “Есік” музей-қорығына келіп, тамаша уақыт өткізгеніме қуаныштымын. Қазақстанның тарихын, әсіресе ортағасырлық кезеңді тереңірек түсіну мен үшін керемет тәжірибе болды. Сонымен қатар, осы аймақтағы жергілікті қауымдастықтар мен олардың тарихы туралы көбірек білуге мүмкіндік алдым. Қазақстан туралы ойлағанда, көпшілігіміздің есімізге ең алдымен Алтын адам келеді. Сондықтан оның қайдан шыққанын тарихи деректермен қатар, музейде және оның айналасындағы аумақтарда жүргізіліп жатқан ауқымды ғылыми зерттеулер арқылы танып-білу ерекше әсерлі болды. Алтын адамның шығу тегі, оның тарихы және бұл жердегі өркениеттер мен халықтар арасындағы байланыстар туралы көп нәрсе білдім. Бүгінгі маған осындай ғажайып әсер сыйлаған музей қызметкерлеріне зор алғысымды білдіремін. Көп рақмет!»
Dr Giulia Sciorati-ге музейімізге деген қызығушылығы мен жылы лебізі үшін алғыс білдіреміз!

#есікмузейқорық #жібекжолы #сұхбат #интервью

Аида Балаева: «Жаңа саяси цикл – жаңа сапа кезеңіне айналуы тиіс».Сұхбатта білім, ғылым, мәдениет, әлеуметтік сала және ...
27/08/2026

Аида Балаева: «Жаңа саяси цикл – жаңа сапа кезеңіне айналуы тиіс».

Сұхбатта білім, ғылым, мәдениет, әлеуметтік сала және тарихи-мәдени мұраны сақтау мәселелері қамтылып, нақты нәтижелердің сапасына басымдық берудің маңызы атап өтілді.
Толығырақ сілтеме арқылы таныса аласыздар: https://kazpravda.kz/n/aida-balaeva-novyy-politicheskiy-tsikl-dolzhen-stat-vremenem-kachestva/

*****

Аида Балаева: «Новый политический цикл должен стать временем качества».

В интервью затронуты ключевые вопросы развития образования, науки, культуры, социальной сферы и сохранения историко-культурного наследия. Особое внимание уделено переходу от количественных показателей к качеству конкретных результатов.
Подробнее по ссылке:
https://kazpravda.kz/n/aida-balaeva-novyy-politicheskiy-tsikl-dolzhen-stat-vremenem-kachestva/

Первые выборы депутатов нового однопалатного Құрылтая обозначили уже следующий этап – практической реализации этих изменений. Теперь эффективность реформ буд...

26/08/2026

Дипломат из Вашингтона, США.

- Всем привет! Меня зовут Тарик. Я из Соединённых Штатов, а точнее, из Нью-Йорка. Сегодня, я посетил этот замечательный музей-заповедник. Я узнал много нового об истории и культуре Казахстана, а так же, обо всём важном, что есть в этом регионе.
Одним из самых интересных открытий для меня стало то, насколько хорошо здесь сохранились артефакты. Как вы можете видеть, Золотой человек покрыт большим количеством золота. Я тоже люблю золото!
Очень интересный музей-заповедник, и я рекомендую всем его посетить, особенно если вы находитесь в районе Алматы. Спасибо!

*****

A diplomat from Washington, USA.

- Hello everyone, my name is Tarik.
I’m from the United States, New York city to be more exact. Today, I’m here in this wonderful museum-reserve, I learnt a lot about the historical culture of Kazakhstan and all of the great things in the surrounding area. One of the fascinating things I learnt about Kazakhstan was how well preserved the individuals were, as you can see there is a lot of gold on him, same way I like gold as well. Fascinating museum and I recommend everyone to come and visit, especially if you are in the Almaty area. Thank you!

#есікмузейқорық #США

Мәдени мұраны сақтау саласының мамандары «Есік» музей-қорығы мен Талғар қалашығына барды2026 жылғы 20 тамызда «Есік» мем...
21/08/2026

Мәдени мұраны сақтау саласының мамандары «Есік» музей-қорығы мен Талғар қалашығына барды

2026 жылғы 20 тамызда «Есік» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығына мәдени мұраны сақтау, сәулет және археологиялық нысандарды зерттеу саласының мамандары – Bursa Uludağ университетінің профессоры, PhD, UNESCO Түркия Ұлттық комиссиясының Материалдық мәдени мұра жөніндегі сарапшы комитетінің мүшесі, сондай-ақ ICOMOS Түркия Ұлттық комитетінің мүшесі - Фиген Кивилчим Чоракбаш (Figen Kıvılcım Çorakbaş, Түркия), сәулет докторы, тарихи-мәдени мұраны сақтау саласының маманы, UNESCO кафедрасының жетекшісі, Қазақстан Республикасының UNESCO және ICESCO істері жөніндегі Ұлттық комиссиясының мүшесі әрі WHITR-AP басқарушы кеңесінің мүшесі - Мехрибану Глаудинова және Халықаралық білім беру корпорациясы (ХБК) / ҚазБСҚА-ның «Сәулет» мамандығы бойынша 2-курс докторанты - Дүйсен Бауыржан Исраилұлы келді.
Сапар барысында қонақтарға «Есік» музей-қорығының залдары бойынша экскурсия ұйымдастырылып, музей экспозициялары, ғылыми-зерттеу жұмыстары және қорық-музей қызметінің негізгі бағыттары таныстырылды. Мамандар музейде ұсынылған археологиялық мұралармен, сақ-үйсіндердің материалдық мәдениетімен және музей-қорықтың тарихи-мәдени мұраны сақтау мен насихаттау бағытындағы жұмыстарымен танысты. Музей-қорықтан кейін қонақтар ортағасырлық Талғар қалашығына (Талхиз) аттанды. Ескерткіш аумағында оларға арнайы экскурсия өткізіліп, қалашықтың тарихи маңызы, археологиялық зерттелу тарихы, қазіргі жай-күйі және оны сақтау бағытында атқарылып жатқан жұмыстар туралы ақпарат берілді.
Кездесу барысында археологиялық және сәулеттік мұраны сақтау, ескерткіштерді тиімді басқару, музейлендіру, ғылыми зерттеу және мәдени мұраны заманауи тәсілдер арқылы таныстыру мәселелері талқыланды. Ұлы Жібек жолы бойындағы маңызды тарихи орталықтардың бірі – ортағасырлық Талғар қалашығымен тікелей танысу мамандар арасында кәсіби тәжірибе алмасуға және ескерткішті сақтау мен зерттеудің өзекті мәселелері жөнінде пікір бөлісуге мүмкіндік берді.

*****

Специалисты в области сохранения культурного наследия посетили музей-заповедник «Есік» и городище Талгар

20 августа 2026 года Государственный историко-культурный музей-заповедник «Есік» посетили специалисты в области сохранения культурного наследия, архитектуры и исследования археологических памятников: профессор Университета Бурса Улудаг, PhD, член Экспертного комитета по материальному культурному наследию Национальной комиссии Турции по делам UNESCO, а также член Национального комитета ICOMOS Турции – Фиген Кивилчим Чоракбаш (Figen Kıvılcım Çorakbaş, Турция), доктор архитектуры, специалист в области сохранения историко-культурного наследия, руководитель кафедры UNESCO, член Национальной комиссии Республики Казахстан по делам UNESCO и ICESCO и член Управляющего совета WHITR-AP – Мехрибану Глаудинова, а также, докторант 2-го курса специальности «Архитектура» Международной образовательной корпорации (МОК) / КазГАСА – Дуйсен Бауыржан Исраилулы.
В ходе визита для гостей была организована экскурсия по залам музея-заповедника «Есік», где им представили музейные экспозиции, научно-исследовательскую деятельность и основные направления работы учреждения. Особое внимание было уделено археологическому наследию, материальной культуре сако-усуней, а также деятельности по сохранению и популяризации историко-культурного наследия.
После посещения музея гости продолжили свой визит на территории средневекового городища Талгар (Талхиз). На территории памятника для них была проведена специальная экскурсия, в ходе которой представлена информация об историческом значении городища, истории его археологического изучения, современном состоянии и проводимых работах по его сохранению.
В ходе встречи обсуждались вопросы сохранения археологического и архитектурного наследия, эффективного управления памятниками, музеефикации, научных исследований и современных подходов к презентации культурного наследия. Непосредственное знакомство со средневековым городищем Талгар – одним из значимых исторических центров на Великом Шёлковом пути, что позволило специалистам обменяться профессиональным опытом и обсудить актуальные вопросы сохранения и исследования памятника.

#Есік #МузейЗаповедникЕсік #Талгар #Талхиз #КультурноеНаследие #ВеликийШёлковыйПуть

2026 жылғы 12-14 тамыз аралығында Алматы қаласында ЮНЕСКО қамқорлығындағы Мәдениеттерді жақындастыру орталығы ұйымдастыр...
18/08/2026

2026 жылғы 12-14 тамыз аралығында Алматы қаласында ЮНЕСКО қамқорлығындағы Мәдениеттерді жақындастыру орталығы ұйымдастырған жыл сайынғы Еуразия елдерінің педагогтеріне арналған «Білім беру сапасы және мәдениеттерді жақындастыру» тақырыбындағы V Халықаралық жазғы мектеп өтті.

Биылғы мектеп «Мәдениеттер диалогы және жақындасуы: Олжастану негіздері» тақырыбына арналып, Олжас Сүлейменовтің 90 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылды.
Жазғы мектепке Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Өзбекстан және Ресейден келген ғалымдар, педагогтермен қатар «Есік» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының бірнеше қызметкерлері офлайн және онлайн қатысты.
Іс-шара барысында Олжас Сүлейменовтің әдеби, ғылыми және қоғамдық мұрасы талқыланып, заманауи білім беру әдістері бойынша дәрістер мен тренингтер өткізілді. Негізгі бағыттардың бірі – білім беру ұйымдарына арналған «Олжастану негіздері» оқу курсын және әдістемелік нұсқаулық әзірлеу болды.
Музей-қорық пен ЮНЕСКО қамқорлығындағы Мәдениеттерді жақындастыру орталығы арасындағы кәсіби байланыс 2024 жылдан бері жалғасып келеді. Осы ынтымақтастық аясында музей-қорық қызметкерлерінің Халықаралық ғылыми-ағартушылық және білім беру жобаларына қатысуына, мәдени мұраны таныту мен мәдениеттер диалогын дамытуға бағытталған тәжірибе алмасуына ерекше мән берілуде. Іс-шара соңында қатысушыларға сертификаттар мен алғыс хаттар табысталды.

*****

В период с 12 по 14 августа 2026 года в Алматы состоялась ежегодная V Международная летняя школа для педагогов стран Евразии «Качество образования и сближение культур», организованная Центром сближения культур под эгидой ЮНЕСКО. В этом году школа была посвящена теме «Диалог и сближение культур: введение в Олжасоведение» и приурочена к 90-летию Олжаса Сулейменова.

В работе летней школы приняли участие ученые и педагоги из Казахстана, Кыргызстана, Таджикистана, Узбекистана и России, а также сотрудников Государственного историко-культурного музея-заповедника «Есік» в офлайн и онлайн форматах.
В ходе мероприятия обсуждалось литературное, научное и общественное наследие Олжаса Сулейменова, проводились лекции и тренинги по современным образовательным методикам. Одним из основных направлений стала разработка учебного курса «Введение а Олжасоведение» для образовательных организаций и подготовка к нему методического пособия.
Профессиональное сотрудничество между музеем-заповедником и Центром сближения культур под эгидой ЮНЕСКО продолжается с 2024 года. В рамках данного сотрудничества особое внимание уделяется участию сотрудников музея-заповедника в международных научно-просветительских и образовательных проектах, а также обмену опытом, направленному на популяризацию культурного наследия и развитие диалога культур. По завершении мероприятия участникам были вручены сертификаты и благодарственные письма.

#есікмузейқорық
#МЛШ #ХЖМ

Толық ақпаратты сілтемеден оқи аласыздар: https://mk-kz.kz/science/2026/08/19/olzhasovedenie-predmet-budushhego.html?fbclid=PAZnRzaATybitwZG9mAmZkaWQWUMxiMMkZnKG185Nd2F_5a-EiR2B-V2V4dG4DYWVtAjExAHNydGMGYXBwX2lkDzEyNDAyNDU3NDI4NzQxNAABpwaw2kHRvF2FeBrbMLUsDBuaUAqNNqhcPDmGPny-f3ckpy4uQnZuXiCyeqWS_aem_r6GSwSpvBIV8C7zIlpmX7g

Address

Государственная организация
Esik
040400

Opening Hours

Monday 09:00 - 18:00
Tuesday 09:00 - 18:00
Wednesday 09:00 - 18:00
Thursday 09:00 - 18:00
Friday 09:00 - 18:00
Saturday 09:00 - 18:00
Sunday 09:00 - 18:00

Telephone

+77273069130

Alerts

Be the first to know and let us send you an email when «Есік» музей-қорығы / музей-заповедник «Есік» posts news and promotions. Your email address will not be used for any other purpose, and you can unsubscribe at any time.

Contact The Organization

Send a message to «Есік» музей-қорығы / музей-заповедник «Есік»:

Shortcuts

Share