Қарағанды облысының прокуратурасы

Қарағанды облысының прокуратурасы Қарағанды қ.Құрылысшылар даңғылы,28а Официальный блог прокуратуры Карагандинской области

03/06/2026

Абай ауданының прокуроры Толеубек Рымбаевтың төрағалығымен қылмыстылықтың, оның ішінде сотталғандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері бойынша ведомствоаралық кеңес өткізілді.

Іс-шара барысында алаяқтық қылмыстардың, есірткіге байланысты құқық бұзушылықтардың, алкогольдік масаң күйде жасалған қылмыстардың өсу себептері, сондай-ақ жол-көлік оқиғаларының жай-күйі талқыланды.

Уәкілетті мемлекеттік органдардың назары алаяқтықтың, есірткі қылмыстарының және масаң күйде жасалатын құқық бұзушылықтардың алдын алу жұмыстарының жеткіліксіздігіне, сондай-ақ ауданның жол-көлік оқиғалары жиі орын алатын қауіпті учаскелерінде жарықтандыру мен бейнебақылау жүйелерінің болмауына аударылды.

Кеңес қорытындысы бойынша жауапты мемлекеттік органдарға профилактикалық жұмысты күшейтуге бағытталған нақты тапсырмалар берілді

03/06/2026

Бұқар жырау ауданының прокуратурасымен азаматтардың өтініштерін қарау сапасы мен тиімділігін арттыру мақсатында облыс прокуратурасының бастамасымен іске қосылған «Таза Сенім» пилоттық жобасын жүзеге асыру бойынша жұмыс кездесуі өткізілді.
Жобаның негізгі мақсаты – азаматтардың өтініштерін заң талаптарына сәйкес сапалы әрі жан-жақты қарауды қамтамасыз ету, сондай-ақ тұрғындар тарапынан түсетін қайталама шағымдар мен өтініштердің санын азайту болып табылады.
Кездесу барысында қатысушыларға азаматтардың өтініштерін қарау кезінде мемлекеттік органдардың жауапкершілігін арттыруға бағытталған жобаның негізгі міндеттері түсіндірілді. Әрбір мемлекеттік орган өз құзыреті шегінде өтініш берушілерге түсінікті, уәжді және түпкілікті жауап беруді қамтамасыз етуге міндетті екендігі атап өтілді.
Жобаны үйлестіру және іске асыру мақсатында жұмыс тобы құрылып, жауапты тұлғалар айқындалып, мемлекеттік органдар арасындағы өзара іс-қимыл тетіктері пысықталды.
«Таза Сенім» жобасын жүзеге асыру мемлекеттік органдарға деген азаматтардың сенім деңгейін арттыруға, тұрғындардың құқықтарын қорғауды қамтамасыз етуге және қоғаммен кері байланыстың сапасын жақсартуға мүмкіндік береді.

01/06/2026

Ә.Бөкейхан ауданының прокуратурасы «Ашық полиция» бағдарламасы аясында оқушыларға арналған танымдық іс-шара ұйымдастырылды.
Іс-шара барысында колледж студенттері Жаңа-Майқұдық полиция бөлімі ғимаратына барып, құқық қорғау органдарының жұмысымен танысты.
Қызметкерлер оқушыларға полиция қызметінің негізгі бағыттарын түсіндіріп, олардың сұрақтарына жауап берді.
Мұндай кездесулер жастардың құқықтық сауаттылығын арттыруға бағытталған.

30/05/2026

«Казводхоз» ШЖҚ «Қаныш Сәтбаев атындағы канал» РМК филиалы ұжымымен Осакаров ауданының прокуроры жеке қабылдау өткізді.
Іс-шара барысында қызметкерлерге қолданыстағы еңбек заңнамасының талаптары жеткізіліп, еңбек қызметін жүзеге асырудың тәртібі мен шарттары, сондай-ақ қауіпсіздік техникасы мен еңбекті қорғау нормаларын қатаң сақтау мәселелері түсіндірілді.
Құқық бұзушылықтардың алдын алу және жағымсыз әлеуметтік құбылыстардың профилактикасы мәселелеріне ерекше назар аударылды, оның ішінде: алаяқтық; өндірістік жарақаттану; алкогольдік масаң күйде жасалатын қылмыстар; денсаулыққа зиян келтіру; кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтар, соның ішінде жазғы демалыс кезеңінде.
Кездесу қорытындысы бойынша қатысушыларға заңдылық пен құқықтық тәртіпті нығайтуға, құқықтық сауаттылық деңгейін арттыруға, сондай-ақ өндірістегі және күнделікті өмірдегі қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған ұсынымдар берілді.

30/05/2026

Қазыбек би атындағы аудан прокуратурасы Қарағанды қаласы Полиция басқармасының киберқылмысқа қарсы іс-қимыл бөлімімен бірлесіп, «Ашық полиция» бағдарламасын іске асыру аясында құқық бұзушылықтардың алдын алуға және халықтың құқықтық сауаттылығын арттыруға бағытталған профилактикалық іс-шара өткізді.

Іс-шара барысында азаматтарға интернет-ресурстарды, әлеуметтік желілерді және мобильді қосымшаларды пайдалану кезіндегі қауіпсіздіктің негізгі шаралары түсіндірілді. Интернет-алаяқтықтың профилактикасына, дербес деректерді қорғауға, киберқылмыстардың алдын алуға, сондай-ақ ақпараттық технологиялар саласында құқық бұзушылықтар жасағаны үшін жауапкершілікке ерекше назар аударылды.

#законипорядок

27/05/2026

Бұқар жырау ауданы прокуратурасының бастамасымен SIM Kids жобасын іске асыру мақсатында білім бөлімімен бірлесіп ата-аналар арасында түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Кездесулер барысында жоба туралы жан-жақты ақпарат беріліп, балалардың интернет кеңістігіндегі қауіпсіздігін қамтамасыз ету жолдары түсіндірілді.
Жүргізілген жұмыстың нәтижесінде 24 ата-анаға арнайы SIM Kids SIM-карталары табысталды

Address

г. Караганда пр. Строителей 28а
Karaganda
100000

Opening Hours

Monday 09:00 - 18:30
Tuesday 09:00 - 18:30
Wednesday 09:00 - 18:30
Thursday 09:00 - 18:30
Friday 09:00 - 18:30

Alerts

Be the first to know and let us send you an email when Қарағанды облысының прокуратурасы posts news and promotions. Your email address will not be used for any other purpose, and you can unsubscribe at any time.

Contact The Organization

Send a message to Қарағанды облысының прокуратурасы:

Shortcuts

Share