Қарағанды ОӘҒК

Қарағанды ОӘҒК Н.В.Гоголь атындағы Қарағанды облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы

05/09/2026

Құрметті оқырмандар! Назарларыңызға қазақтың ақыны, әдебиет зерттеуші ғалым, түркітанушы, публицист, педагог, аудармашы, қоғам қайраткері -Ахмет Байтұрсынұлының туған күніне арналған «Ана тілінің шырақшысы» атты бейне презентацияны ұсынамыз. Ана тіліміздің мәртебесін асқақтатып, ұлт болашағы үшін жан аямай еңбек еткен ұлы тұлғаның өмір жолы мен шығармашылығынан сыр шертетін бейне баянды бірге тамашалайық!

04/09/2026

🇰🇿 «Тіл – менің байлығым»

Тіл – ұлттың тарихы, мәдениеті мен рухани байлығы. ✨

Іс-шарамызда қатысушылар қызықты ойындар ойнап, өз білімдерін сынап, қазақ тілінің байлығын таныды.

🎬 Іс-шарадан естелік сәттерді бірге тамашалайық!

#ТілМеніңБайлығым #ҚазақТілі #ТілБайлығы

03/09/2026
26/08/2026

Құрметті оқырмандар!
Арт - гид «Өнер әлемі– мир искусства» айдарынан әртүрлі өнер түрлеріне арналған ең қызықты басылымдармен танысуға шақырамыз.
____________

Уважаемые читатели!
Приглашаем Вас ознакомиться с наиболее интересными изданиями по разным видам искусства в рубрике Арт – гид «Өнер әлемі – мир искусства».

26/08/2026

📚 «Әділдік пен адалдық – басты құндылық»
Әділдік пен адалдық – қоғамның берік негізі, адамдықтың асыл қасиеті.
Осы құндылықтарды дәріптеу мақсатында ұйымдастырылған кітап көрмесінде сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, құқықтық сауаттылық, адал еңбек пен әділдік туралы құнды әдебиеттер топтастырылды.

Кітап – білімнің ғана емес, сананы қалыптастыратын үлкен тәрбие құралы.
Адалдықты ардақтап, әділдікті ту етейік!

25/08/2026

⛏️ «КЕНШІ РУХЫ – ҚАРАҒАНДЫНЫҢ ШАМШЫРАҒЫ»

Бүгін кітапханамызда Қарағанды өңірінің өндірістік тарихына арналған инсталляция-көрме ұйымдастырылады.
Көрмеде көмір өнеркәсібінің қалыптасу тарихы, шахтадағы еңбек жағдайы мен кенші мамандығының ерекшелігі таныстырылады. Тақырыптық кітаптар мен тарихи фотоматериалдар кеншінің арнайы киімі, каскасы, шамы, құрал-саймандары және өндірістік бұйымдарымен толықтырылып, кеншінің жұмыс орнының шағын көрінісі жасалады.

Қарағандының қалыптасуы мен дамуына өлшеусіз үлес қосқан кеншілердің қажырлы еңбегі мен кәсіби рухын дәріптейтін көрмені бірге тамашалауға шақырамыз!

24/08/2026

📚 «КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ»

Кітап — білім мен жаңа мүмкіндіктердің бастауы.
Оқу мәдениетін қалыптастырып, ойлайтын, ізденетін, білімді ұлт болуға бірге ұмтылайық!

Бұл бейнеролик — кітап оқудың маңызын, оның адам мен қоғам дамуына әсерін көрсетеді.

Әр оқылған кітап — жаңа ой.
Әр жаңа ой — жаңа мүмкіндік!

📖 Кітап оқиық! Білімді ұлт болайық!

21/08/2026

Address

Улица Ерубаева, 44
Karaganda
100008

Opening Hours

Monday 09:00 - 19:00
Tuesday 09:00 - 19:00
Wednesday 09:00 - 19:00
Thursday 09:00 - 19:00
Friday 09:00 - 19:00
Sunday 09:00 - 19:00

Telephone

+77212567655

Alerts

Be the first to know and let us send you an email when Қарағанды ОӘҒК posts news and promotions. Your email address will not be used for any other purpose, and you can unsubscribe at any time.

Contact The Organization

Send a message to Қарағанды ОӘҒК:

Shortcuts

Share

Category