21/08/2026
2026–2027 жылдардағы жылыту маусымына дайындық шеңберінде Департаментпен «Qarmet» АҚ ЖЭО-2-дегі жөндеу науқанының барысына мониторинг жүргізілді.
⚙️ Қазіргі уақытта №2 қазандықта күрделі жөндеу жұмыстары жалғасуда. Қазандық ағымдағы жылдың шілде айында жөндеуге шығарылды. Мердігер ұйымның жұмылдырылған қызметкерлерінің саны 115 адамды құрайды.
🔧 Жұмыстардың негізгі көлемі 2, 3 және 4-сатылы конвективті бу қыздырғышты, I сатыдағы ауа қыздырғышты ауыстыруды, сондай-ақ шикі көмір бергіштерді, шарлы барабанды диірмендерді, тозаң құбырларын, ауа құбырларын және жанарғы құрылғыларын жөндеуді көздейді.
📋 Жөндеу жұмыстары бекітілген жұмыс өндірісінің кестесіне сәйкес жүргізілуде. Жөндеу науқанының барысы және белгіленген мерзімдердің сақталуы Департаменттің тұрақты бақылауында.