Детский ясли сад ТОО Согдиана

Детский ясли сад ТОО Согдиана Создание благоприятных условий для полноценного разв?

01/09/2026

Қош келдің, жаңа оқу жылы!
Білім күні құтты болсын!
Бүлдіршіндерімізге сәтті де қызықты оқу жылын тілейміз! 💫
#БілімКүні #ҚошКелдіңЖаңаОқуЖылы #1Қыркүйек #БалабақшаӨмірі #ҚарлығашТобы

31/08/2026

"Согдиана" бөбекжай бала-бақшасы ЖШС
28.08.2026 ж тәрбиеші Н.Миранованың ұйымдастыруымен «Жүгері party» өткізілді. «Аққу» тобының кішкентай балапандары бүгін нағыз сары түсті мереке ұйымдастырды! Біздің бүлдіршіндер күздің дәмді де пайдалы сыйы – жүгеріні зерттеді.Қызықты ойындар ойнап, жүгері туралы қызықты деректермен танысты. Балалардың белсенділігі мен қуанышында шек болмады! Әр бала өз өнерін көрсетіп, ерекше әсер алды.

25/08/2026

“Согдиана” бөбекжай бала-бақшасы ЖШС
"Қызғалдақ" мектепалды тобында көтеріңкі көңіл-күй сыйлау мақсатында “Лимонад күні” болып өтті .
Балалар лимонадты дайындау жолымен танысып , лимон және басқада жемістердің пайдасы туралы біліп алды.
Тәрбиешілердің көмегімен сергітетін лимонад дайындап, қызықты ойындарға қатысып,қуанышты сәттерді бірге өткіздік. Балалардың шат күлкісі мен қуанышты жүздері бүгінгі мерекенің ең әдемі көрінісі болды .
Тәрбиешілер : Г. Абдиханова
Д. Мамасалиева
[15:40, 25.08.2026] Гавхар Биржавик: Чиқариб юборсангизлар

"Согдиана" бөбекжай бала-бақшасы ЖШС     "Бәйшешек" ересек тобында дене тәрбие нұсқаушысы Тажибаева  Шахиста Полатовна "...
08/07/2026

"Согдиана" бөбекжай бала-бақшасы ЖШС

"Бәйшешек" ересек тобында дене тәрбие нұсқаушысы Тажибаева Шахиста Полатовна "Дені сау бала-дені сау ұлт" тақырыбында денсаулық аптасын өтті. Мақсаты:Балалардың салауатты өмір салты туралы түсініктерін қалыптастыру, денсаулықты сақтаудың маңызын ұғындыру, дене шынықтыруға, дұрыс тамақтануға және жеке бас гигиенасын сақтауға қызығушылықтарын арттыру. «Дені сау бала – дені сау ұлт» қағидасын насихаттау.

"Согдиана" бөбекжай бала- бақшасы ЖШС "Қарлығаш" ортаңғы тобында тәрбиеші Н.Хасанова «Ата Заң – тәуелсіздіктің тұғыры» т...
01/07/2026

"Согдиана" бөбекжай бала- бақшасы ЖШС "Қарлығаш" ортаңғы тобында тәрбиеші Н.Хасанова «Ата Заң – тәуелсіздіктің тұғыры» тақырыбында ұйымдастырылған іс-әрекет өтті.
ҰІӘ барысында балалар Қазақстан Республикасының Конституциясы туралы мағлұмат алып, Отанға деген сүйіспеншілік сезімдерін арттырды. Танымдық әңгімелер, дидактикалық ойындар, шығармашылық жұмыстар мен патриоттық бағыттағы тапсырмалар арқылы тәрбиеленушілер Мемлекеттік рәміздерді құрметтеудің маңызын түсініп, өз құқықтары мен міндеттері туралы алғашқы түсініктерін қалыптастырды.
Мақсаты: Балаларды Отанға деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу, Мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге баулу және Конституция туралы қарапайым түсінік қалыптастыру.
Еліміздің ертеңі – білімді де отансүйгіш ұрпақ!

Address

Улица Туркестан 22
Kentau
160403

Opening Hours

Monday 09:00 - 18:00
Tuesday 09:00 - 18:00
Wednesday 09:00 - 18:00
Thursday 09:00 - 18:00
Friday 09:00 - 18:00
Saturday 09:00 - 18:00

Website

Alerts

Be the first to know and let us send you an email when Детский ясли сад ТОО Согдиана posts news and promotions. Your email address will not be used for any other purpose, and you can unsubscribe at any time.

Shortcuts

Share