14/08/2026
🔷 Президент Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменовті қабылдады
➡️Мемлекет басшысы 2026 жылғы қаңтар-шілде айларындағы ақша-кредит саясатын жүзеге асыру қорытындысы туралы есепті тыңдады.
Тимур Сүлейменов:
➤ экономикадағы жағдай, іскерлік белсенділік, инфляцияға әсер ететін факторлар және бағаны тұрақтандыру мақсатында қабылданып жатқан шаралар жөнінде баяндады.
▪️Жылдық инфляция он ай қатарынан төмендеп, шілдеде 10,2 пайызды құрады. Бұған жүргізіліп отырған ақша-кредит саясаты, теңге бағамының нығаюы, тұтыну белсенділігінің тұрақталуы, сондай-ақ Үкімет пен Ұлттық банктің инфляцияға қарсы бірлесе қабылдаған жан-жақты шаралары ықпал етіп отыр.
➤ экономиканы кредиттеу динамикасы туралы мәлімдеді.
▪️2026 жылдың 1 шілдесіндегі жағдай бойынша банктердің бизнеске берген кредиттерінің несие портфелі жылдық мәнде 17,1 пайызға ұлғайған.
▪️Бұл ретте шағын және орта бизнесті кредиттеу қарқыны 29,6 пайызға дейін жеделдеген. Ал тұтынушылық кредиттің өсуі жыл басындағы 21,0 пайыздан 13,0 пайызға дейін баяулаған.
▪️Бұл қабылданған пруденциялық шаралардың тиімділігін және тұтынушыларды кредиттеу қарқыны қалыпқа келгенін көрсетеді. Осылайша, кредит ресурстары бизнесті қаржыландыруға көбірек бағыттала бастады.
➤ валюта нарығындағы жағдайдан, Ұлттық қор мен БЖЗҚ активтерінің, сондай-ақ елдің алтын-валюта резервтерінің жай-күйінен хабардар етті.
▪️Биыл 1 шілдедегі көрсеткіш бойынша Ұлттық қор мен алтын-валюта резервтерінің жиынтық көлемі 127,3 миллиард долларды құрады.
▪️Alatau City қаржы экожүйесін дамыту мақсатында Ұлттық банк капиталдың жылдам әрі икемді қозғалысын қамтамасыз етуді және қаланың дамуына инвестиция тартуды көздейтін шаралар әзірледі.
▪️Ұлттық қордың инвестициялық кірісі бірінші жартыжылдықта 2,3 миллиард долларға жетті. БЖЗҚ-ның зейнетақы активтері жыл басынан бері 1,7 триллион теңгеге ұлғайып, 27,8 триллион теңгені құрады.
➤ цифрлық қаржы активтері индустриясы мен Ұлттық цифрлық қаржы инфрақұрылымын дамыту бойынша тапсырмаларының орындалу барысын таныстырды.
▪️Трансшекаралық төлем жасау үшін стейблкоинді қолдану, инфрақұрылымды дамыту мен токенделген мемлекеттік активтерді шығару жаңа бағыттар ретінде аталды.
▪️Сондай-ақ төлем нарығының жаңа сегменті – лицензияланатын бірінші санаттағы төлем ұйымдары қолданысқа енгізілді. Бұл бәсекелестікті ынталандыруға мүмкіндік беріп, клиенттердің шығындарын азайтады және халық пен бизнес үшін инновациялық цифрлық сервистердің қолжетімділігін кеңейтеді.
▪️19 шілдеден бастап Ұлттық төлем жүйесі аясында кез келген банктің клиенттеріне өзара QR арқылы төлем жасауға және телефон нөмірі бойынша ақша аударуға мүмкіндік беретін тетік іске қосылды. Жүйе жұмыс істей бастаған сәттен бері жалпы сомасы 170 миллиард теңге болатын 6,5 миллион операция өңделді.
▪️Ұлттық банк баға тұрақтылығын қамтамасыз етіп, инфляцияны орта мерзімде 5 пайызға дейін төмендету үшін барлық қажетті шараны қабылдап жатыр.
Президент:
📌Ұлттық банк қызметі бойынша бірқатар міндет жүктеп, инфляцияны одан әрі тұрақтандырудың маңызына назар аударды.
*****
🔷 Президент принял председателя Национального банка Тимура Сулейменова
➡️Глава государства заслушал отчет об итогах реализации денежно-кредитной политики в январе-июле 2026 года.
Тимур Сулейменов:
➤ проинформировал о ситуации в экономике, деловой активности, факторах инфляции и принимаемых мерах для стабилизации цен.
▪️Годовая инфляция снижается десятый месяц подряд и в июле составила 10,2%, чему способствуют проводимая денежно-кредитная политика, укрепление обменного курса тенге, стабилизация потребительской активности, а также комплекс скоординированных антиинфляционных мер Правительства и Национального банка.
➤ доложил о динамике кредитования экономики.
▪️Ссудный портфель банков по кредитам бизнесу на 1 июля 2026 года увеличился на 17,1% в годовом выражении, при этом темпы кредитования малого и среднего бизнеса ускорились до 29,6%.
▪️Одновременно рост потребительского кредитования замедлился с 21,0% в начале года до 13,0%, что свидетельствует об эффективности принятых пруденциальных мер и нормализации темпов потребительского кредитования. Таким образом, кредитные ресурсы перераспределяются в пользу финансирования бизнеса.
➤ сообщил о ситуации на валютном рынке, состоянии активов Национального фонда и ЕНПФ, а также золотовалютных резервов страны (ЗВР).
▪️На 1 июля текущего года совокупный объем Национального фонда и ЗВР составил 127,3 млрд долларов.
▪️Для развития финансовой экосистемы Alatau City Национальным банком выработаны меры, направленные на быстрое и гибкое передвижение капитала, а также привлечение инвестиций в развитие города.
▪️Инвестиционный доход Национального фонда за первое полугодие этого года достиг 2,3 млрд долларов. Пенсионные активы ЕНПФ составили 27,8 трлн тенге, увеличившись с начала года на 1,7 трлн тенге.
➤ представил информацию о ходе реализации поручений Президента по развитию индустрии цифровых финансовых активов и Национальной цифровой финансовой инфраструктуры.
▪️В числе новых направлений – использование стейблкоинов для трансграничных платежей, развитие инфраструктуры и выпуск токенизированных государственных активов.
▪️Также введен новый сегмент платежного рынка – лицензируемые платежные организации первой категории. Это позволит стимулировать развитие конкуренции, снизить издержки клиентов, а также расширить доступность цифровых инновационных сервисов для населения и бизнеса.
▪️В рамках Национальной платежной системы с 19 июля запущены QR-платежи и переводы по номеру телефона между клиентами любых банков. С момента запуска в системе обработано 6,5 млн операций на 170 млрд тенге.
▪️Национальный банк принимает все необходимые меры для обеспечения ценовой стабильности и достижения среднесрочной цели по инфляции в 5%.
Президент:
📌поставил ряд задач по деятельности Национального банка и подчеркнул важность дальнейшей стабилизации инфляции.