Көкшетау қаласының әкімдігі/акимат города Кокшетау

  • Home
  • Kazakhstan
  • Kokshetau
  • Көкшетау қаласының әкімдігі/акимат города Кокшетау

Көкшетау қаласының әкімдігі/акимат города Кокшетау Пресс-служба аппарата акима г. Кокшетау

#қалаөмірі #жаңалықтар #тұрғындар #ісшаралар #мемлекеттікқызмет #кәсіпкерлік #саясат #Көкшетау #Ақмолаоблысы #жизньгорода #новости #жители #мероприятия #государственнаяслужба #предпринемательство #Кокшетау #Акмолинскаяобласть

🚨 Назар аударыңыз! Көлік қозғалысына уақытша шектеу енгізіледіҚұрметті қала тұрғындары мен қонақтары!TAILGATING іс-шарас...
04/09/2026

🚨 Назар аударыңыз! Көлік қозғалысына уақытша шектеу енгізіледі

Құрметті қала тұрғындары мен қонақтары!

TAILGATING іс-шарасының, сондай-ақ «Оқжетпес» пен «Ордабасы» командалары арасындағы футбол матчының өтуіне байланысты қаланың бірқатар көшелерінде автокөлік қозғалысы уақытша шектеледі.

📍 Жағалау көшесі — Кенесары Қасымұлы көшесінен Мақтай Сағдиев көшесіне дейін
11:00-ден 13:00-ге дейін

📍 Абай көшесі — Темірбеков көшесінен Н. Назарбаев көшесіне дейін
11:00-ден 23:00-ге дейін

📍 Абай көшесі — Н. Назарбаев көшесінен Мәлік Ғабдуллин көшесіне дейін
11:00-ден 16:00-ге дейін

Қозғалыс бағыттарын алдын ала жоспарлап, уақытша шектеулерді ескеріп, балама жолдарды пайдалануды сұраймыз.

Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз және түсіністік танытқандарыңызға алғыс білдіреміз.

03/09/2026

Көкшетау әкімі Әнуар Күмпекеев ГРУ-ларды қалпына келтіру жұмыстарын тексерді

Көкшетау қаласында коммуналдық меншіктегі газ реттеу қондырғыларын (ГРУ) қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде.

Қалада барлығы 78 ГРУ бар, оның 44-і қолданыста, 34-і жұмыс істемейді.

Көкшетау қаласының әкімі Әнуар Күмпекеев газ реттеу қондырғыларының қазіргі жағдайымен танысып, жұмыс істемейтін 34 ГРУ-ды қалпына келтіру жұмыстарының барысын тексерді.

Қазіргі уақытта мердігер ұйым қажетті қалпына келтіру жұмыстарын жүргізуде.

***

Аким Кокшетау Ануар Кумпекеев проверил ход восстановления ГРУ

В Кокшетау проводится работа по восстановлению газораспределительных установок (ГРУ), находящихся в коммунальной собственности.
Всего в городе насчитывается 78 ГРУ, из них 44 действующие и 34 недействующие.

Аким города Кокшетау Ануар Кумпекеев ознакомился с текущим состоянием газораспределительных установок и проверил ход работ по восстановлению 34 недействующих ГРУ.

В настоящее время подрядная организация проводит необходимые восстановительные работы.

02/09/2026

Көкшетау мектеп автобустары жұмысын бастады

Көкшетауда жаңа оқу жылының басталуымен мектеп автобустары оқушыларды тасымалдауға кірісті.

Жұмыс басталар алдында барлық көлік техникалық байқаудан өтіп, жол-патрульдік полиция қызметкерлері тарапынан тексерілді. Сондай-ақ жүргізушілер мен сүйемелдеуші тұлғаларға нұсқама өткізілді.

Автобустардағы бейнебақылау жүйелері мен байланыс құралдары тексеріліп, жабдықтардың жарамдылығы және қауіпсіздік талаптарының сақталуы қамтамасыз етілді.

Балаларды тасымалдау штаттық режимде жүзеге асырылуда. Оқушылардың қауіпсіздігі мен жайлылығын қамтамасыз ету – басты басымдықтардың бірі.

***

Школьные автобусы Кокшетау приступили к работе

В Кокшетау школьные автобусы уже приступили к перевозке учащихся с началом нового учебного года.

Перед началом работы весь транспорт прошёл технический осмотр и проверку сотрудниками ДПС. Также проведён инструктаж водителей и сопровождающих лиц.

В автобусах проверены системы видеонаблюдения и средства связи, обеспечена исправность оборудования и соблюдение требований безопасности.

Перевозка детей осуществляется в штатном режиме. Безопасность и комфорт учащихся остаются одним из приоритетных на�

01/09/2026

Город растёт, обновляется и становится уютнее

28/08/2026

Инвестициялық бағдарлама-2026: Көкшетауда электр желілері инфрақұрылымы жаңғыртылуда

Көкшетау қаласының әкімі Әнуар Күмпекеев «Көкшетау Энерго» ЖШС Көкшетау қалалық электр желілеріне барып, сервистік орталық пен жедел-диспетчерлік қызметтің жұмысымен танысты.

Инвестициялық бағдарлама-2026 аясында кәсіпорында заманауи цифрлық жабдықтарды, телемеханика және қашықтан басқару жүйелерін енгізу арқылы диспетчерлік қызмет жаңғыртылуда.

Сондай-ақ қала әкімі №116 және №455 жаңа жинақтаушы трансформаторлық қосалқы станцияларды аралап көрді. Нысандарда электр техникалық жабдықтар толық жаңартылып, трансформаторлық қуаттылық арттырылды.

Жаңғырту жұмыстары электрмен жабдықтаудың сенімділігі мен сапасын арттыруға, желілердің өткізу қабілетін ұлғайтуға және апаттық жағдайларды жою жұмыстарын жеделдетуге мүмкіндік береді.

Жұмыстар «Инвестицияларға айырбастау тарифі» бағдарламасы аясында жүргізіліп, қаланың энергетикалық инфрақұрылымын одан әрі жаңартуға бағытталған.

27/08/2026

Әкімнің бақылауында: Көкшетауда инфрақұрылымдық нысандар дамуда

Көкшетауда 630 төсек-орынға арналған көпбейінді ауруханаға тартылатын сыртқы инженерлік желілердің құрылысы жалғасуда.

Жылу желісі учаскесінде темірбетон конструкциясының биіктік белгісінің жобалық шешімдерге сәйкес келмеуі анықталды. Қазіргі уақытта конструкция бөлшектеліп, жоба талаптарына сәйкес қайта қалпына келтірілуде.

Сонымен қатар «Сарыарқа» шағын ауданында салынып жатқан облыстық аурухананың солтүстік жағынан №4 автомобиль жолының құрылысы басталды. Жол учаскесінің ұзындығы — 440 метр. Жоба аясында төрт жолақты қозғалыс, су бұру жүйесі, жарықтандыру, жаяу жүргіншілер жолы және веложолақтар қарастырылған.

Жұмыстардың барысы Көкшетау қаласының әкімі Әнуар Күмпекеевтің тұрақты бақылауында.

***

Под контролем Акима города: в Кокшетау развиваются инфраструктурные объекты

В Кокшетау продолжается строительство наружных инженерных сетей к многопрофильной больнице на 630 коек. На участке теплотрассы выявлено несоответствие высотной отметки железобетонной конструкции проектным решениям. В настоящее время проводится её демонтаж с последующим восстановлением в соответствии с проектом.

Также начаты ра

27/08/2026

Аким Көкшетау поздравил Евдокию Беккер со 100-летним юбилеем

Көкшетау қаласының әкімі Әнуар Күмпекеев Евдокия Александровна Беккерді айтулы мерейтойы — 100 жасқа толуымен құттықтады.

Евдокия Александровна 1926 жылғы 24 тамызда Архангельск облысында дүниеге келген. 1956 жылы тың игеру кезеңінде отбасымен бірге Қазақстанға қоныс аударған. Айыртау ауданында тұрып, еңбек еткен. Жұбайы қайтыс болғаннан кейін Көкшетаудағы қызының қасына көшіп келіп, еңбек жолын жалғастырған.

Бүгінде ғасыр жасаған кейуана жақындарының қамқорлығында. Евдокия Александровнаның 8 немересі, 12 шөбересі және 1 шөпшегі бар.

Қала әкімі мерейтой иесіне зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасылық жылулық пен амандық-береке тіледі.

***

Аким Кокшетау поздравил Евдокию Беккер со 100-летним юбилеем

Аким города Кокшетау Ануар Кумпекеев поздравил Евдокию Александровну Беккер со знаменательной датой — 100-летием.

Евдокия Александровна родилась 24 августа 1926 года в Архангельской области. В 1956 году вместе с семьёй переехала в Казахстан в период освоения целины. Жила и трудилась в Айыртауском районе, а после смерти супруга переехала к дочери в Кокшетау, где продолжила работать.

Сегодня юбилярша окружена заботой близких. У Евдокии Але

КОКШЕТАУ ВПЕРВЫЕ ПРИМЕТ TAILGATING5 сентября Кокшетау ярко проводит лето большим футбольным праздником. Завершение летне...
27/08/2026

КОКШЕТАУ ВПЕРВЫЕ ПРИМЕТ TAILGATING

5 сентября Кокшетау ярко проводит лето большим футбольным праздником. Завершение летнего сезона объединит музыку, футбол и городскую атмосферу на площади Абылай хана перед центральным матчем «Оқжетпес» — «Ордабасы».

В этот день впервые пройдет OKZHETPES TAILGATING – новый для казахстанского футбола формат предматчевого события.

Tailgating – часть современной мировой футбольной культуры, когда болельщики собираются вместе задолго до стартового свистка. Музыка, артисты, фан-активности, фуд-корты, партнерские зоны и общение объединяются в один большой праздник, а сам матч для болельщика начинается еще за несколько часов до выхода команд на поле.

В Кокшетау такой масштабный формат будет реализован впервые. Это возможность вместе проводить лето, встретить осень ярко и по-футбольному, а также объединить болельщиков, жителей и гостей города вокруг «Оқжетпеса».

В программе – выступления V $ X V PRiNCE и Дастана Оразбекова, DJ-сеты, фан-зоны, фуд-корты, активности для болельщиков и публичная презентация нового бренда ФК «Оқжетпес».

Завершением предматчевой программы станет организованный переход болельщиков на стадион, где в 16:00 начнется матч «Оқжетпес» — «Ордабасы».

📅 5 сентября
📍 Площадь Абылай хана
🕛 Начало Tailgating – 12:00
⚽ «Оқжетпес» – «Ордабасы» – 16:00

Провожаем лето вместе. Встречаем осень футболом.

КӨКШЕТАУДА АЛҒАШ РЕТ TAILGATING ӨТЕДІ

5 қыркүйекте Көкшетау жаз маусымын үлкен футбол мерекесімен шығарып салады. Жаздың соңғы жарқын оқиғаларының бірі музыка, футбол және қалалық атмосфераны Абылай хан алаңында біріктіреді.

«Оқжетпес» – «Ордабасы» орталық матчының алдында алғаш рет OKZHETPES TAILGATING – қазақстандық футбол үшін жаңа матч алдындағы мерекелік формат өтеді.

Tailgating — әлемдік футбол мәдениетінің бір бөлігі. Бұл форматта жанкүйерлер матч басталмай тұрып бір жерге жиналып, футбол мерекесін бірге бастайды. Музыка, әртістер, жанкүйерлерге арналған белсенділіктер, фуд-корттар, серіктестер алаңдары мен еркін қарым-қатынас бір кеңістікте тоғысады.

Көкшетауда мұндай ауқымды формат алғаш рет ұйымдастырылады. Бұл — жаз маусымын бірге шығарып салып, күзді ерекше көңіл-күймен және футболмен қарсы алуға мүмк

26/08/2026

Kokshe Industry: Көкшетау өнеркәсіптік әлеуетін дамытуда

Көкшетауда жаңа өндірістерді іске қосуға, инвестиция тартуға және жұмыс орындарын құруға бағытталған «Kokshe Industry» индустриялық аймағын дамыту жұмыстары жалғасуда.

Қазіргі таңда мұнда «MM BRICK» ЖШС кірпіш зауытының құрылысы жүргізілуде.
2030 жылға дейін индустриялық аймақта 40-қа жуық инвестициялық жобаны орналастырып, 6 мыңнан астам жұмыс орнын құру жоспарлануда.

Сонымен қатар инженерлік және көлік инфрақұрылымын дамыту жұмыстары қатар жүргізілуде.

«Kokshe Industry» — Көкшетаудың жаңа өсу нүктесі. Мұнда өндірісті дамытуға, инвестиция тартуға және қала тұрғындары үшін жаңа мүмкіндіктер қалыптастыруға жағдай жасалуда.

***

Kokshe Industry: Кокшетау развивает промышленный потенциал

В Кокшетау продолжается развитие индустриальной зоны «Kokshe Industry» — площадки для новых производств, инвестиций и создания рабочих мест.

Сегодня здесь уже ведется строительство кирпичного завода ТОО «MM BRICK».
До 2030 года в индустриальной зоне планируется разместить порядка 40 новых инвестиционных проектов и создать свыше 6 000 рабочих мест.

Параллельно ведется работа по развитию инженерной и транспортной инфраструктуры.

«Kokshe Industry» становится новой точкой роста Кокшетау �

Address

М. Әуезов к-сі 141
Kokshetau
020000

Opening Hours

Monday 09:00 - 18:30
Tuesday 09:00 - 18:30
Wednesday 09:00 - 18:30
Thursday 09:00 - 18:30
Friday 09:00 - 18:30

Telephone

+77162297825

Alerts

Be the first to know and let us send you an email when Көкшетау қаласының әкімдігі/акимат города Кокшетау posts news and promotions. Your email address will not be used for any other purpose, and you can unsubscribe at any time.

Contact The Organization

Send a message to Көкшетау қаласының әкімдігі/акимат города Кокшетау:

Shortcuts

Share