ҚР МҚІА Ақмола облысы бойынша департаменті

ҚР МҚІА Ақмола облысы бойынша департаменті Ақмола облысы аумағында мемлекеттік қызмет саласындағы саясатты іске асыру

19 тамызда Көкшетау қаласындағы «Үміт шаңырақ» қарттар мен мүгедектігі бар адамдарға арналған пансионатында Ашық есік кү...
25/08/2026

19 тамызда Көкшетау қаласындағы «Үміт шаңырақ» қарттар мен мүгедектігі бар адамдарға арналған пансионатында Ашық есік күні өткізілді.

Іс-шараға департаментінің Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу басқармасының бас маманы Жолдасхан Қазтаев, жеке сот орындаушы, нотариус және адвокат қатысты.

Кездесу барысында пансионат тұрғындарына сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнамаға енгізілген жаңа өзгерістер мен толықтырулар туралы ақпарат берілді.

Сонымен қатар мамандар тұрғындарға құқықтық мәселелер бойынша жеке консультациялар беріп, олардың сауалдарына түсіндірме жасады.

​Іс-шараның негізгі мақсаты – пансионат тұрғындарының құқықтық сауаттылығын арттыру және олардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға практикалық көмек көрсету.

18 тамызда Ақмола облысындағы ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Әдеп жөніндегі кеңес отырысы өтті.Кеңес отырысын...
25/08/2026

18 тамызда Ақмола облысындағы ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Әдеп жөніндегі кеңес отырысы өтті.

Кеңес отырысында Шортанды ауданы әкімінің және Көкшетау қаласы әкімі аппараты басшысының қызметтік тәртіпті нығайту, мемлекеттік қызмет туралы заңнаманың және қызметтік әдеп нормаларының бұзылуының алдын алу жөніндегі, сонымен қатар мемлекеттік қызметшілерді құмар ойындарға және (немесе) бәс тігуге қатысқаны үшін тәртіптік жауапкершілікке тарту мәселесі бойынша есептері тындалды.

Бұдан басқа, Сандықтау, Ерейментау, Қорғалжын аудандары әкімі аппараттарының тәртіптік комиссиясы төрағаларының 2026 жылдың 2-тоқсанындағы тәртіптік практиканы талдау қорытындысы бойынша есептері тыңдалды.

Кеңес отырысының қорытындысы бойынша мемлекеттік органдарға тиісті ұсынымдарды жіберу туралы шешім қабылданды.

14 тамызда Көкшетау қалалық сотында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру,...
25/08/2026

14 тамызда Көкшетау қалалық сотында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, сондай-ақ осы саладағы заңнамаға енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды түсіндіру бойынша семинар өтті.

Іс-шараны департаменттің Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу басқармасының басшысы Аманжол Құсайынов жүргізді.

Жиын барысында мемлекеттік қызметшілерге қойылатын негізгі талаптар, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу тетіктері және қызметтік әдеп нормаларын сақтау мәселелері түсіндірілді.

25/08/2026

Уважаемые молодые специалисты! 🇰🇿

Информируем Вас о том, что у вас есть возможность занять определенные вакантные должности на государственной службе вне конкурса!

Основные условия:

1) Возможность поступления на госслужбу без проведения конкурса реализуется в течение 1 года после окончания высшего учебного заведения;
2) Уровень успеваемости (GPA) по диплому об образовании должен составлять не менее 3,33;
3) Специальность по диплому должна соответствовать квалификационным требованиям к должности.

Вы можете занять без проведения конкурса:

1️⃣ низовую должность аппаратов акима и маслихата района области или города областного значения (кроме Кокшетау);

2️⃣ не руководящую должность исполнительного органа района области и города областного значения (кроме Кокшетау), финансируемого из местного бюджета;

3️⃣ не руководящую должность аппарата акима города районного значения, села, поселка, сельского округа;

4️⃣ не руководящую должность территориального подразделения центрального государственного органа и его ведомства в районе области или городе областного значения (кроме Кокшетау).

Предусматривается возможность выплаты подъёмного пособия и предоставления бюджетного кредита на покупку или строительство жилья для молодых специалистов, прибывших на работу в сельские населённые пункты.

Если вас заинтересовала данная информация или вы хотите получить более подробную консультацию, вы можете обратиться непосредственно в кадровые службы государственных органов, а также в Департамент Агентства Республики Казахстан по делам государственной службы по Акмолинской области .aqmola по адресу: г. Кокшетау, ул. Абая, 87, 3 этаж, либо по телефону: 8 (7162) 51-81-32.

14 тамызда Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің «Курортология және медициналық оңалту ғылыми-зерттеу и...
25/08/2026

14 тамызда Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің «Курортология және медициналық оңалту ғылыми-зерттеу институты» ШЖҚ РМК-да (Бурабай кенті) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл заңнамасына енгізілген өзгерістер мен толықтырулар, оның ішінде квазимемлекеттік секторға қатысты жаңашылдықтар бойынша семинар өтті.

Іс-шараны департаменттің Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу басқармасының бас маманы Жолдасхан Қазтаев жүргізді.

Семинар барысында қызметкерлерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамадағы негізгі өзгерістер, мүдделер қақтығысын болдырмау мен реттеу талаптары түсіндірілді. Сонымен қатар корпоративтік әдеп нормаларын сақтау және квазимемлекеттік сектор ұйымдарында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мәселелері талқыланды.

25/08/2026
13 тамызда Ақмола облысының денсаулық сақтау басқармасы жанындағы «Облыстық жедел медициналық жәрдем станциясы» ШЖҚ МКК-...
25/08/2026

13 тамызда Ақмола облысының денсаулық сақтау басқармасы жанындағы «Облыстық жедел медициналық жәрдем станциясы» ШЖҚ МКК-да сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, оған қарсы мәдениетті қалыптастыру, корпоративтік әдеп нормаларын сақтау және заңнамадағы жаңашылдықтар мәселелері бойынша семинар өткізілді.

Семинарды ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу басқармасының басшысы Аманжол Құсайынов өткізді.

13 тамызда Мәлік Ғабдуллин атындағы Азаматтық қорғау Aкадемиясында 1-курс курсанттарына арналған сыбайлас жемқорлықтың а...
25/08/2026

13 тамызда Мәлік Ғабдуллин атындағы Азаматтық қорғау Aкадемиясында 1-курс курсанттарына арналған сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мәселелері бойынша семинар өтті.

Семинарды департаменттің Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу басқармасының бас маманы Гүлмира Сагадиева өткізді.
Іс-шара барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамадағы негізгі өзгерістер түсіндіріліп, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының алдын алу, қызметтік әдеп нормаларын сақтау, сондай-ақ адалдық, парасаттылық және жауапкершілік құндылықтарын қалыптастыру мәселелері талқыланды.

Семинар ашық диалог форматында өтіп, курсанттар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті нығайту, құқықтық сауаттылықты арттыру және адал қоғам қалыптастырудағы әр азаматтың рөлі жөнінде пікір алмасты.

25/08/2026

12 тамызда Ақмола облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаментінде «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заңының нормаларын түсіндіруге арналған семинар өтті.

Семинарды департаменттің Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу басқармасының басшысы Аманжол Құсайынов өткізді.

Іс-шара барысында заңнамадағы өзгерістер мен толықтырулар, әдеп нормаларын сақтау, мүдделер қақтығысының алдын алу және парасаттылық мәдениетін қалыптастыру мәселелері түсіндірілді.

Семинарға Департамент қызметкерлері қатысты.

Қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алып, пікір алмасты.

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің келісімі негізінде Ш. Уәлиханов атындағы...
25/08/2026

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің келісімі негізінде Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау университетін 2026 жылы «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы бойынша тәмамдаған жас маман Досқара Ерасыл Жарылқасынұлы Ақмола облысы білім басқармасының Ерейментау ауданы бойынша білім бөлімінің бас маманы лауазымына конкурс өткізілместен тағайындалды.

Жас маманды құттықтаймыз және қызметінде сәттілік тілейміз!

Естеріңізге сала кетейік, ЖОО түлектері мемлекеттік қызметтегі кейбір лауазымдарға конкурстан тыс тағайындала алады!

Негізгі шарттары:
1) конкурссыз орналасу мүмкіндігі ЖОО бітіргеннен соң 1 жыл ішінде іске асырылады;
2) білім туралы дипломның GPA деңгейі кем дегенде 3.33 құрауы тиіс;
3) мамандығыңыз лауазымның біліктілік талаптарына сәйкес келуі тиіс;
4) конкурссыз орналасу мүмкіндігі облыстық маңызы бар қаладан басқа (Көкшетаудан басқа) аудан / қалаларда іске асырылады;

Конкурссыз иеленуге болатын мемлекеттік әкімшілік лауазымдар:

1️⃣ ауданның немесе облыстық маңызы бар қаланың (Көкшетау қаласынан басқа) әкімі және мәслихаты аппараттарының төменгі лауазымына;

2️⃣ ауданның және облыстық маңызы бар қаланың (Көкшетау қаласынан басқа) жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органының басшы емес лауазымына;

3️⃣ аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімі аппаратының басшы емес лауазымына;

4️⃣ орталық мемлекеттік орган мен оның ведомствосының аудандағы немесе облыстық маңызы бар қаладағы (Көкшетау қаласынан басқа) аумақтық бөлімшесінің басшы емес лауазымына.

Ауылдық елді-мекендерге орналасқан жас мамандарға көтерме жәрдемақы және тұрғын үй сатып алуға немесе салуға бюджеттік несие беру мүмкіндігі қарастырылады.

Сізді осы ақпарат қызықтырса, не болмаса толығырақ кеңес алғыңыз келсе мемлекеттік органдардың кадр қызметтеріне тікелей жүгінуге, сондай-ақ ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментіне MEMLEKETTIK QYZMET 🇰🇿 Көкшетау қаласы, Абай көшесі 87, 3 қабат мекенжайы, 8 716 2 51 81 32 телефоны арқылы хабарласуға болады.

Address

Абая 87
Kokshetau
020000

Opening Hours

Monday 09:00 - 18:30
Tuesday 09:00 - 18:30
Wednesday 09:00 - 18:30
Thursday 09:00 - 18:30
Friday 09:00 - 18:30

Telephone

+77162518117

Alerts

Be the first to know and let us send you an email when ҚР МҚІА Ақмола облысы бойынша департаменті posts news and promotions. Your email address will not be used for any other purpose, and you can unsubscribe at any time.

Contact The Organization

Send a message to ҚР МҚІА Ақмола облысы бойынша департаменті:

Shortcuts

Share