Aqmolaregion

Aqmolaregion ⚜️Ақмола облысының әкімдігі ⚜️Akimat of Aqmola region
⚜️Акимат Акмолинской области

06/09/2026

🔹Степногорск қаласында қысқы кезеңге дайындық жұмыстары жүргізілуде

06/09/2026

🔹Степногорск ЖЭО-да жылу маусымына дайындық қарқынды жүріп жатыр

05/09/2026

⚽️ Марат Ахметжанов “Оқжетпес” футбол клубын тартысты ойындағы жеңісімен құттықтады

04/09/2026

🔹Степногорск қаласында алдағы жылу маусымына дайындық жұмыстары жалғасуда

🔹Ақмола облысында республикалық Киберқауіпсіздік айлығына старт берілдіКөкшетау қаласында кибермәдениет, дербес деректер...
04/09/2026

🔹Ақмола облысында республикалық Киберқауіпсіздік айлығына старт берілді

Көкшетау қаласында кибермәдениет, дербес деректерді қорғау және заманауи киберқауіп-қатерлерге қарсы іс-қимыл мәселелеріне арналған «Киберайлық: цифрлық қауіпсіздікке қадам» өңірлік форумы өтті. Ақмола облысы республика өңірлері арасында Киберқауіпсіздік айлығы аясындағы іс-шараларға алғаш болып бастамашылық жасады.

Ақмола облысы цифрлық трансформация саласындағы өз позициясын жүйелі түрде нығайтып келеді. Өңірде заманауи IT-шешімдер енгізіліп, электрондық қызметтер дамуда, сондай-ақ жасанды интеллект технологияларын қолдануға қажетті инфрақұрылым қалыптастырылуда.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Digital Aqmola орталығына сапары барысында бұл бағыттағы жұмыстарға жоғары баға берілді. Сонымен қатар облыстың Governance Cup байқауында «AI Өңір» номинациясы бойынша жеңіске жетуі де қол жеткізілген нәтижелердің айқын дәлелі болды.

Форумның ашылуында Ақмола облысы әкімінің аппарат басшысы Ержан Жұмабеков заманауи технологиялардың дамуы цифрлық ортада жауапты әрі қауіпсіз мінез-құлық мәдениетін қалыптастырумен қатар жүруі қажеттігін атап өтті.

«Бүгінде цифрлық технологиялар күнделікті өміріміздің ажырамас бөлігіне айналды. Сондықтан дербес деректерді қорғау және интернеттегі қауіпсіз мінез-құлық – баршамызға ортақ жауапкершілік. Ақмола облысында бұл бағытта жүйелі жұмыс жүргізіліп келеді. Биыл ақпараттық қауіпсіздік бойынша жауапты мамандар мен цифрлық офицерлерді оқыту ұйымдастырылып, 150-ге жуық маман қамтылды.

Біздің міндетіміз – тұрғындар мен мемлекеттік қызметшілердің цифрлық сауаттылығын арттырумен қатар, ақпараттық жүйелерді қорғауға жауапты IT-мамандардың кәсіби құзыретін күшейту. Бүгінгі форум тәжірибе алмасып, күнделікті жұмыста қолдануға болатын нақты шешімдер әзірлеуге мүмкіндік береді деп сенемін», – деді Ержан Жұмабеков.

Іс-шараның жеке бөлімі жергілікті атқарушы органдар мен квазимемлекеттік сектордың бейінді мамандарына арналған практикалық воркшопқа арналды. Қатысушылар киберинциденттердің нақты мысалдарын талдап, туындаған қауіптерге ден қою алгоритмдерін тәжірибе жүзінде пысықтады

🔹В Акмолинской области дали старт республиканскому Кибермесяцу

В Кокшета

04/09/2026

🔹Ақмола облысында мектептерді реновациялау жұмыстары 2025 жылдан бері қарқынды жүргізіліп келеді. Бағдарлама арқасында білім ошақтарының ғимараттары күрделі жөндеуден өтіп қана қоймай, материалдық-техникалық базасы да нығаюда.

🔹Ақмола облысында Zijin RG Gold жаңа алтын өндіру фабрикасының құрылыс жобасын іске асыру басталдыАқмола облысы елімізде...
04/09/2026

🔹Ақмола облысында Zijin RG Gold жаңа алтын өндіру фабрикасының құрылыс жобасын іске асыру басталды

Ақмола облысы еліміздегі Доре қорытпасын өндірудің жалпы республикалық көлемінің 54 пайызын қамтамасыз ете отырып, Қазақстандағы басты алтын өндіру орталығы мәртебесін сенімді түрде нығайтып келеді. Бұл әсерлі көрсеткіш – RG Gold, Altyntau Kokshetau және «Алтыналмас» сияқты өнеркәсіп гиганттарының нәтижелі жұмысының жемісі.

Облыстың өсіп келе жатқан инвестициялық тартымдылығының жарқын дәлелі Бурабай ауданындағы Райгородок кен орнында Zijin RG Gold жаңа алтын өндіру фабрикасының жобасын іске асырудың басталуы болды. Жоба Мемлекет басшысының инвестиция тарту және елдегі инвестициялық климатты жақсарту жөніндегі тапсырмасын орындау шеңберінде «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ белсенді қолдауымен жүзеге асырылуда. Жобаны іске асыруға саланың әлемдік көшбасшыларының бірі – халықаралық Zijin Mining гиганты тартылуда.

Тікелей инвестициялар көлемі 600 миллион АҚШ долларынан асатын жоба жылына 10 млн тонна кен өңдейтін жаңа қуаттылықты құруды көздейді. Бұл компанияға кешеннің жалпы кен өңдеу қуатын жылына 16 миллион тоннаға дейін арттыруға мүмкіндік береді.

Екінші алтын өндіру фабрикасын пайдалануға беру жылына қосымша 7 тонна алтын өндіруді қамтамасыз етеді, бұл кәсіпорынның жылдық өнім шығару көлемін 6 тоннадан 12 тоннадан астам Доре қорытпасына дейін арттырады.

«Біз үшін бұл жоба – өндіріс қуатын арттыру ғана емес, сонымен бірге өңірді дамытуға салынған инвестиция. Өндірісті көбейту мамандар үшін жаңа мүмкіндіктер ашады, ШОБ-ты дамытуға және экономиканы нығайтуға ықпал етеді. Біз тұрғындар, мемлекет және серіктестер үшін ұзақ мерзімді құндылықтар құруға ұмтыламыз», – деп атап өтті Zijin RG Gold со-бас директоры Марат Шаймарданов.

Осы түйінді жобаларды кешенді түрде іске асыру Ақмола облысына көшбасшылық позициясын сақтап қана қоймай, 2028 жылға қарай алтын өңдеу көлемін жылына 50 тоннаға дейін арттыруға мүмкіндік береді.

🔹В Акмолинской области началась реализация проекта строительства новой золотодобывающей фабрики Zijin RG Gold

Акмолинская область уверенно укрепляет статус одного из главных центров золотодобычи в Казахстане, обеспечивая 54% от общереспубликанского объём

04/09/2026

💬 Марат Шаймарданов, со-генеральный директор компании RG Gold

04/09/2026

🔹«Zijin RG Gold» фабрикасы құрылысының басталуына арналған капсула салу рәсімі өткізілді

Address

Абай к-сі 83
Kokshetau

Opening Hours

Monday 09:00 - 18:30
Tuesday 09:00 - 18:30
Wednesday 09:00 - 18:30
Thursday 09:00 - 18:30
Friday 09:00 - 18:30

Alerts

Be the first to know and let us send you an email when Aqmolaregion posts news and promotions. Your email address will not be used for any other purpose, and you can unsubscribe at any time.

Contact The Organization

Send a message to Aqmolaregion:

Shortcuts

Share