04/09/2026
МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕР АРАСЫНДА ШАХМАТТАН ТУРНИР ӨТТІ
🔹Бүгін Қызылорда қаласында мемлекеттік қызметшілер арасында шахматтан турнир өтті.
Зияткерлік спортты дәріптеп, мемлекеттік қызметшілердің бос уақытын тиімді ұйымдастыруға және олардың ойлау қабілетін дамытуға бағытталған жарысты Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті, Қызылорда облыстық шахмат федерациясы, Президенттік Академия түлектерінің альянсы және Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Қызылорда облысы бойынша филиалы бірлесіп ұйымдастырды.
🔹Айта кетейік, аталған жарыс мемлекеттік қызметшілер арасында ұйымдастырылатын «Government Chess Cup 2026» шахмат турнирінің 9 турдан тұратын іріктеу кезеңі болып табылады. Жарыс Швейцариялық жүйе бойынша командалық жарыстарға арналған ФИДЕ ережелеріне сәйкес өткізілді.
🔹Турнирдің ашылу салтанатында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің басшысы Ерлеген Жәрдемұлы қатысушыларға жылы лебізін білдіріп, додада сәттілік пен жеңіс тіледі.
🔹Жарыс барысында мемлекеттік қызметшілер өздерінің шеберліктерін, стратегиялық ойлау қабілеттері мен жоғары дайындық деңгейін көрсетті. Тартысты өткен ойындардың қорытындысы бойынша Бейімбетов Ержан, Қалдыбеков Бижан Ескермесұлы, Есенәлиев Нұржан Оспанұлы, Әбдуәли Ләйлә Рамазанқызы жүлделі І орынға ие болды.
🔹Шахмат турнирі мемлекеттік қызметшілердің зияткерлік әлеуетін арттырумен қатар, әріптестер арасында өзара тәжірибе алмасуға, командалық рухты нығайтуға және салауатты бәсекелестік ортаны қалыптастыруға ықпал етті.
В КЫЗЫЛОРДЕ СОСТОЯЛСЯ ШАХМАТНЫЙ ТУРНИР СРЕДИ ГОСУДАРСТВЕННЫХ СЛУЖАЩИХ
🔹Сегодня в городе Кызылорда состоялся шахматный турнир среди государственных служащих.
Соревнование, направленное на популяризацию интеллектуального спорта, эффективную организацию досуга государственных служащих и развитие их интеллектуальных способностей, было организовано совместно Департаментом Агентства Республики Казахстан по делам государственной службы по Кызылординской области, Кызылординской областной шахматной федерацией, Альянсом выпускников Президентской академии и филиалом Академии государственного управления при Президенте Республики Казахстан по Кызылординской области.
🔹Отметим, что данный турнир является отборочным этапом шахматного турнира среди государственных служащих «Government Chess Cup 2026», состоящим из 9 туров. Соревнования проведены по швейцарской системе в соответствии с правилами ФИДЕ для командных соревнований.
🔹В ходе церемонии открытия турнира руководитель Департамента Агентства Республики Казахстан по делам государственной службы по Кызылординской области Ерлеген Жардемович поприветствовал участников, пожелал им успехов и победы в соревнованиях.
🔹В ходе турнира государственные служащие продемонстрировали своё мастерство, стратегическое мышление и высокий уровень подготовки. По итогам напряжённых партий первое призовое место заняли Бейімбетов Ержан, Калдыбеков Бижан Ескермесұлы, Есенәлиев Нуржан Оспанұлы и Әбдуәли Ләйлә Рамазанқызы.
🔹Шахматный турнир не только способствовал повышению интеллектуального потенциала государственных служащих, но и содействовал обмену опытом между коллегами, укреплению командного духа и формированию атмосферы здоровой конкуренции.