Кызылординский областной филиал АО "НК "КазАвтоЖол"

  • Home
  • Kazakhstan
  • Kyzylorda
  • Кызылординский областной филиал АО "НК "КазАвтоЖол"
11/08/2026

Республикалық маңызы бар KAZ-06 «Қарабұтақ – Қызылорда – Шымкент» автомобиль жолының 1800+400 шақырымында АӨС (автоматтандырылған өлшеу станциясы) орнатуға байланысты орташа жөндеу жұмыстары басталғанын хабарлаймыз.
Қазіргі уақытта жол жамылғысын фрезерлеу жұмыстары орындалуда. Жөндеу барысында көлік қозғалысы уақытша айналма жол арқылы ұйымдастырылған.
Құрметті жол пайдаланушылары! Түсіністігіңіз үшін алдын ала алғыс білдіреміз. Уақытша қойылған жол белгілеріне мұқият назар аударуыңызды және жол қозғалысы ережелерін сақтауыңызды сұраймыз.

07/08/2026

🏗 «ҚазАвтоЖол» АҚ Қызылорда облыстық филиалының директоры «Шиелі-Тас» ЖШС өндірісіне барды.
Кәсіпорында заманауи стандарттарға сай жұмыс істеуге дайын ұсатқыш қондырғылар орнатылған.
📍 Шиелі ауданы, Қызылорда облысы

03/08/2026
03/08/2026

Мемлекет басшысының қатысуымен стратегиялық "Ұлғайсын - Сексеуіл" , "Бейнеу - Сексеуіл", Қызылорда - Сексеуіл" автомобиль жолдарының құрылысы арнайы телекөпірде ашық деп жарияланды.

03/08/2026

Мемлекет басшысының тапсырмасымен елімізде стратегиялық 3 автомобиль жолдарының құрылысы басталды.

29/07/2026

«ҚазАвтоЖол» ҰК АҚ Қызылорда облыстық филиалы хабарлайды: Қызылорда қаласы айналма жол құрылысы қарқынды түрде жүргізілуде.

Нысанда келесі негізгі жұмыс түрлері орындалды:
✅ табиғи құм-қиыршықтас қоспасынан қосымша негіз қабатын құрылғылау, қалыңдығы 0,25 м — 1,3 км;
✅ С4 щебень-құм қоспасынан төменгі негіз қабатын құрылғылау жүргізілуде, қалыңдығы 0,20 м — 1,1 км;
✅ ыстық кеуекті ірі түйіршікті асфальтобетон қоспасынан жоғарғы негіз қабатын құрылғылау басталды, қалыңдығы 0,12 м;
Сонымен қатар айналма жолдағы көлік айрығының құрылысы бойынша жұмыстар орындалуда.

27/07/2026

Назарларыңызда республикалық маңызы бар KAZ06 "Қарабұтақ-Қызылорда-Шымкент " автомобиль жолының 1836 шақырымында орташа жөндеу аясында атқарылған автоматтандырылған өлшеу құралын орнату жұмыстарының нәтижесі.

20/07/2026

«ҚазАвтоЖол» ҰК АҚ жүзеге асырып отырған Қызылорда қаласынан Сексеуіл кентіне дейінгі автомобиль жолын ІІ техникалық санаттан І санатқа көтеру жобасының бірінші кезеңі — Қызылорда қаласының айналма жолын салу жұмыстары қарқынды жүргізілуде.
Құрылыс алаңында 80 жұмысшы мен 60-тан астам арнайы техника еңбек етіп жатыр. Жұмыс қарқынын арттыру мақсатында ауысымдық тәртіп енгізілген, яғни жұмыстар тәулік бойы тоқтаусыз жүргізіледі.
Жалпы ұзындығы 25,8 шақырымды құрайтын айналма жол бойында 4 көпір, 2 жол айрығы, 1 демалыс алаңы және 9 су өткізгіш құбыр салу жоспарланған. Қазіргі уақытта жол негізін дайындаумен қатар инженерлік құрылыстарды орнату жұмыстары жүргізілуде.

23/06/2026

2026 жылғы 23 маусым күні Қызылорда облысы аумағындағы республикалық маңызы бар «Қарабұтақ–Қызылорда–Шымкент» автомобиль жолында «Заң мен тәртіп» іс-шарасы аясында «Жолдағы қабылдау» акциясы ұйымдастырылды.

Аталған іс-шараның негізгі мақсаты – жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету, жол-көлік оқиғаларының алдын алу, жүргізушілердің құқықтық сауаттылығын арттыру және қолданыстағы заңнама талаптарын түсіндіру болып табылады.

Акцияға Қызылорда облыстық көлік прокуратурасының, облыстық Полиция департаментінің Әкімшілік полиция басқармасының, Көліктік бақылау инспекциясының, «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ Қызылорда облыстық филиалының және «КАЖсервис» ЖШС өкілдері қатысты.

Іс-шара барысында жол бойында арнайы қабылдау пункттері ұйымдастырылып, автокөлік жүргізушілерімен тікелей кездесу өткізілді. Кездесу аясында жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтау, белгіленген жылдамдық режимін бұзбау, қарсы қозғалыс жолағына шықпау, көлік құралын масаң күйде басқармау, жаяу жүргіншілердің қауіпсіздігін сақтау және жалпы жол мәдениетін қалыптастыру бойынша кең көлемде түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Сонымен қатар, жүргізушілерге ауыр салмақты және ірі габаритті жүк көліктерінің қозға

22/05/2026

Қазіргі таңда Әйтеке би кенті – Арал қаласы аралығындағы республикалық маңызы бар KAZ06 «Қарабұтақ – Қызылорда – Шымкент» автомобиль жолының іріктелген 10 км учаскесінде орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Мердігер мекеме – жергілікті «Арал Құрылыс» ЖШС.

Жөндеу барысында жолдың жер төсемі қазылып, жол жабыны қайта қалпына келтірілуде. Қазіргі кезде көлік қозғалысы уақытша айналма жол арқылы ұйымдастырылған.

Сонымен қатар, жолдың техникалық жағдайына байланысты км 1402–1433 аралығындағы 31 км учаскеде ақы алу уақытша тоқтатылған.

Address

ЖЕЛТОҚСАН, 18
Kyzylorda
120000

Opening Hours

Monday 08:00 - 17:30
Tuesday 08:00 - 17:30
Wednesday 08:00 - 17:30
Thursday 08:00 - 17:30
Friday 08:00 - 17:30

Website

Alerts

Be the first to know and let us send you an email when Кызылординский областной филиал АО "НК "КазАвтоЖол" posts news and promotions. Your email address will not be used for any other purpose, and you can unsubscribe at any time.

Shortcuts

Share