Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы

  • Home
  • Kazakhstan
  • Kyzylorda
  • Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы

Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы Қызылорда облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы

БІЗ СЕНБІЛІКТЕМІЗ! #ТазаҚазақстан
05/09/2026

БІЗ СЕНБІЛІКТЕМІЗ!
#ТазаҚазақстан

МҰНАЙ САЛАСЫНЫҢ МЕРЕЙЛІ БЕЛЕСІ:«ҚҰМКӨЛГЕ» – 40 ЖЫЛ Бүгін облыс әкімі Мұрат Ергешбаевтың қатысуымен Мұнайшылар күні аясын...
04/09/2026

МҰНАЙ САЛАСЫНЫҢ МЕРЕЙЛІ БЕЛЕСІ:
«ҚҰМКӨЛГЕ» – 40 ЖЫЛ

Бүгін облыс әкімі Мұрат Ергешбаевтың қатысуымен Мұнайшылар күні аясында «Құмкөл» кен орнының өнеркәсіптік игерілуінің 40 жылдығына арналған «Құмкөл: Қара алтын шежіресі» атты салтанатты шара өтті.

Аймақ басшысы мұнай саласының ел экономикасындағы маңызын атап өтіп, мамандарды кәсіби мерекемен құттықтады.
«Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы: «Мұнай-газ саласы – экономикамыздың тірегі, еліміздің қарқынды дамуының кепілі. Мемлекет әрқашан энергетика саласының әлеуетін арттыруға, жаңа кен орындарын игеруге және сала жұмысшыларының мүддесін қорғауға ерекше көңіл бөледі» деп атап өткен болатын.

Бұл сала мемлекеттік бюджеттің басым бөлігін қалыптастырып, ірі инфрақұрылымдық жобаларды қаржыландыруға және әлеуметтік бағдарламаларды жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Еліміздің экономикалық әлеуетін арттыруда Қызылорда облысындағы мұнай компанияларының, онда еңбек ететін мұнайшылардың үлесі зор.
Сіздер тек Қызылорданың игілігіне ғана емес, тұтас мемлекеттің көркеюіне, экономикалық өркендеуіне, әлеуметтік тұрақтылығына атсалысып келесіздер», – деді Мұрат Ергешбаев.

«Құмкөл» кенішін игеру туралы шешім осыдан қырық жыл бұрын қабылданып, кен орны өңірдегі өндірістің өзегіне айналды. Облыс мұнайлы аймаққа айналу жолында қалыптасу, даму кезеңдерінен өтті.
Салтанатты шарада «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ басқарма төрағасы Асхат Хасенов, «CNPC Central Asia» және «CNPC Kazakhstan» компанияларының бас директоры Ян Миньюй, «ПетроҚазақстан Құмкөл Ресорсиз» АҚ президенті Чэнь Даю құттықтау сөз сөйледі.

Мұнай-газ саласын дамытуға қосқан елеулі үлесі мен өндірістік қызметтегі жоғары жетістіктері үшін сала мамандары мемлекеттік және салалық марапаттарға ие болды.

Атап айтқанда, мұнайшыларға «Құрмет» ордені, Қызылорда облысының Құрмет грамотасы, III дәрежелі «Еңбек даңқы» ордені, «Үздік мұнайшы» төсбелгісі, «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ естелік белгісі мен Құрмет грамотасы, «CNPC Kazakhstan» компаниясының Құрмет грамотасы, сондай-ақ «Құмкөл» кен орнының 40 жылдығына арналған мерейтойлық медаль табысталды.

Өңірде мұнай компанияларының қолдауымен әлеуметтік нысандар салынып, инфрақұрылымдық және әлеуметтік жобалар жүзеге асуда. «ҚазГермұнай» компаниясының демеушілігімен «Оқушылар сарайы», «Саутс Ойл» компаниясының қолдауымен музыкалық колледж ғимараты жатақханасымен бірге салынды. Ал «ПетроҚазақстан Құмкөл Ресорсиз» АҚ жыл сайын қайырымдылық шараларына 150 млн теңгеден астам қаржы бөліп келеді.

Мұнай компаниялары қоршаған ортаны қорғауды басты назарда ұстап, зиянды қалдықтарды ауаға таратпау, «жасыл» технологияларды өндіріске енгізу бағытында маңызды жобаларды жүзеге асырды. Жаңа кеніштерді анықтау мақсатында шөгінді бассейндерді зерделеу қарастырылған. Арал шөгінді бассейнінде геологиялық зерттеу жұмыстары 2024 жылдың желтоқсан айында аяқталып, шамамен 1,1 млрд.тонна көмірсутек қоры анықталды. Ал, Сырдария шөгінді бассейнін зерттеу жалғасуда. «СаутсОйл» компаниясы тақтатас мұнайын дәстүрлі емес тәсілмен өндіру үшін дайындық жұмыстарын бастады.

Мерекелік шарада көрермендерге арнайы концерттік бағдарлама ұсынылып, ән мен күйден шашу шашылды. Эстрадалық-симфониялық оркестр, «Сыр самалы» вокалдық-аспапты және «Томирис» би ансамбльдері өнер көрсетіп, кеш мазмұнын аша түсті.
@Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

«ДАЛА КҮНІ – 2026»: СЫР ӨҢІРІНДЕ КҮРІШКЕ ОРАҚ ТҮСТІБүгін «Қарауылтөбе» ауылдық округіндегі «Дала күні – 2026» іс-шарасын...
04/09/2026

«ДАЛА КҮНІ – 2026»: СЫР ӨҢІРІНДЕ КҮРІШКЕ ОРАҚ ТҮСТІ
Бүгін «Қарауылтөбе» ауылдық округіндегі «Дала күні – 2026» іс-шарасында Ы.Жақаев атындағы Қазақ күріш шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының егіс алқабына алғашқы орақ салу рәсімі өтті.
Оған облыс әкімі Мұрат Ергешбаев, Ауыл шаруашылығы вице-министрі Ермек Кенжеханұлы, Су ресурстары және ирригация вице-министрі Жандос Салимов, Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығының басқарма төрағасы Бауыржан Асанов, министрлік өкілдері, еліміздің жетекші ғылыми-зерттеу институттарының басшылары, қала және аудан әкімдері, облыстық басқармалар мен департаменттердің басшылары, су шаруашылығы мекемелері мен шаруа қожалықтарының төрағалары, қаржы институттарының өкілдері қатысты.
Аймақ басшысы еңбеккерлерді құттықтап, биылғы жауапты науқанға дайындық барысында атқарылған жұмыстарға тоқталды.
«Сыр елі – ежелден диқаншылық дәстүрі орныққан берекелі өңір. Ақ күрішімен аты шыққан аймақ бүгінде еліміздің азық-түлік қауіпсіздігіне елеулі үлес қосып келеді.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы жаһандық азық-түлік нарығында бәсекеге қабілеттілікті арттыру үшін ғылымды дамытуды, соның ішінде тұқым шаруашылығын жандандыруды атап өткен болатын.
Басты міндет – дәстүрлі саланың әлеуетін заманауи технология, ғылым және инновациямен сабақтастырып, су ресурстарын тиімді пайдалану арқылы мол өнімге қол жеткізу. Бұл ретте мемлекеттік қолдау мен ғылым мүмкіндігін шаруалардың тәжірибесімен ұштастыру маңызды. Барша диқан қауымын күрішке орақ түсуімен құттықтаймын! Еңбектеріңіз берекелі болып, ақ күріштен мол өнім жиналсын. Сыр өңірінің ырысы арта берсін!», – деді Мұрат Нәлқожаұлы.
Жиында Ауыл шаруашылығы, Су ресурстары және ирригация вице-министрлері, Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығының басқарма төрағасы, облыстық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасының басшысы Талғат Дүйсебаев, «Ер-Әлі» шаруа қожалығының төрағасы Әліби Бекжанов сөз сөйлеп, саладағы өзекті мәселелерге қатысты өз пікірлерін білдірді.
Басқосуда ала жаздай аптап ыстықта маңдай терін төгіп, ел ырысын еселеген мәртебелі еңбек адамдары марапат төрінен көрінді.
Атап айтқанда, бірқатар азаматқа «Қызылорда облысының дамуына қосқан үлесі үшін» медалі, облыс әкімінің Алғыс хаты, Ауыл шаруашылығы министрлігінің «Еңбек ардагері», «Ауыл шаруашылығы саласының үздігі» төсбелгілері және Құрмет грамотасы, Су ресурстары және ирригация министрлігінің «Су шаруашылығы саласының үздігі» төсбелгісі мен «Құрмет грамотасы» табысталды.
Жиында ауыл шаруашылығы техникаларының көрмесі ұйымдастырылып, қатысушылар заманауи техникалармен және олардың мүмкіндіктерімен танысты.
Ы. Жақаев атындағы Қазақ күріш шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты – күріш селекциясымен және тұқым шаруашылығымен айналысатын бірегей аграрлық ұйым. Биыл институттың материалдық-техникалық базасын жаңғыртуға республикалық бюджеттен 4,2 млрд теңге бөлініп, заманауи селекциялық техникалар мен тұқым зауыттары алынды. Бұл тұқым шаруашылығының дамуына, оның ішінде отандық күріш сорттарының сапасы мен егіс көлемінің артуына оң әсерін тигізері сөзсіз.
Қабылданған жүйелі шаралардың нәтижесінде вегетациялық кезең тұрақты өтіп, егіс алқаптары жоспарға сәйкес сумен қамтамасыз етілді. Одан бөлек, су үнемдеу технологияларын қолдауға 2026-2028 жылдарға 34 млрд. теңгеден астам қаржы бөлінді.
Мемлекет басшысының суды көп қажет ететін дақылдар көлемін оңтайландыру тапсырмасына сәйкес, биыл күріш алқабы қысқартылып, 70 мың гектарға егілді. Су үнемдеу технологияларын енгізу және әртараптандыру бағытында ірі инвестициялық жобалар қолға алынды.

@Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ АЙТЫСТА ТОП ЖАРДЫБауырлас Қырғыз елінде өтіп жатқан Көшпенділер ойыны аясында қазақ-қырғыз ақындарының VI ха...
04/09/2026

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ АЙТЫСТА ТОП ЖАРДЫ
Бауырлас Қырғыз елінде өтіп жатқан Көшпенділер ойыны аясында қазақ-қырғыз ақындарының VI халықаралық айтысы ұйымдастырылды. Оған екі елден 16 ақын қатысып, үш күн бойы сөз сайысының көрігін қыздырды.
Қазақ-қырғыз айтысының тамыры тым тереңде жатыр. Көршілес екі елдің ынтымағы мен татулығын, бірлік-берекесін жырлаған. Сүйінбай мен Қатаған, Жамбыл мен Тоқтағұл ақындардың дәстүрі бүгінге дейін жалғасып келеді.
Қырчын жайлауындағы аламанда Сыр елінің қос ақыны Мейірбек Сұлтанхан мен Мұхтар Ниязов бас жүлде мен І орынды қанжығаға байлады!
Ұстаз бен шәкірт дәстүр сабақтастығын жалғап, алыптардың айнымас достығын, татулығын, сыйластығын жырлады.
Орамды ой, айшықты тіркес, мың құбылған мақамымен көрермен көңілін серпілткен қазақ айтысының жүйріктерін, Сыр саңлақтарын құттықтаймыз!
@Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызмет

Қызылордада Мемлекет басшысының «Әділетті қоғамға – шыншыл сөз» кітабы талқыландыҚызылордадағы "Студенттер сарайында" Қа...
04/09/2026

Қызылордада Мемлекет басшысының «Әділетті қоғамға – шыншыл сөз» кітабы талқыланды
Қызылордадағы "Студенттер сарайында" Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Әділетті қоғамға – шыншыл сөз» атты кітабын талқылауға арналған өңірлік дөңгелек үстел өтті.
Алқалы жиынды облыс әкімінің орынбасары Мейрамбек Шермағанбет жүргізді. Оған зиялы қауым, мемлекет және қоғам қайраткерлері, ғылыми-академиялық орта өкілдері, заңгерлер мен белсенді жастар қатысты.
Жиында Мемлекет басшысының еңбегінде көтерілген негізгі тақырыптар, қоғамдық-саяси, әлеуметтік, рухани-адамгершілік мәселелер мен ел дамуының стратегиялық бағыттары жан-жақты талқыланды.
Мемлекет және қоғам қайраткері Мұрат Бақтиярұлы «Әділетті Қазақстан, Таза Қазақстан, халықаралық саясат» атты баяндамасында еліміздегі жүйелі реформалар, қоғамдық жауапкершілік және экологиялық бастамалардың өзара сабақтастығына тоқталды.
Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің басқарма төрағасы – ректоры, облыстық қоғамдық кеңес төрағасы Наурызбай Байқадамов өз баяндамасында бәсекеге қабілетті ұлт қалыптастырудағы сапалы білім, ғылым мен тиімді мемлекеттік басқарудың маңызын атап өтті.
Қазақстан Жазушылар одағы облыстық филиалының төрағасы Қаршыға Есімсейітова «Тарих, мәдениет және руханият туралы пайымдар» тақырыбында ұлттық құндылықтарды сақтау, тарихи сананы жаңғырту және рухани сабақтастық мәселелерін ортаға салды.
Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы Қызылорда облысы бойынша филиалының директоры, заң ғылымдарының кандидаты Ақзада Мадалиева «Конституция және Заң мен Тәртіп» тақырыбындағы баяндамасында құқықтық мемлекетті нығайту, заң үстемдігін қамтамасыз ету және азаматтық жауапкершілікті арттыру мәселелерін саралады.
Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің философия докторы (PhD) Серікхан Жүзеев «Жастарға арналған ойлар: білім, еңбек, жауапкершілік және болашақ» тақырыбында сөз сөйлеп, жас ұрпақтың бойында білімге ұмтылыс, еңбекқорлық, отаншылдық және жауапкершілік құндылықтарын қалыптастырудың маңызын атап өтті.
Дөңгелек үстелге қатысушылар Мемлекет басшысының еңбегіндегі әділеттілік, заң үстемдігі, ашықтық, адал еңбек пен жауапкершілік қағидаттарының қоғам дамуындағы маңызын жан-жақты талқылады.
Пікір алмасу кезінде «Заң мен Тәртіп» қағидатын қоғамдық санада орнықтыру, ұлттық руханиятты дамыту, білім мен ғылымның беделін арттыру, жастарды адал еңбек пен азаматтық жауапкершілікке баулу
бойынша ұсыныстар айтылды.
Жиын Мемлекет басшысының еңбегінде көтерілген бастамалар мен құндылықтарды қоғамда кеңінен насихаттауға, ел болашағына қатысты өзекті мәселелер төңірегінде мазмұнды пікір алмасуға мүмкіндік берген маңызды диалог алаңына айналды.
Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

04/09/2026

ЕҢБЕК ЖОЛЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КОНКУРСЫНЫҢ ҮМІТКЕРІ

Байбосынов Қылышбек Шарапұлы - 1969 жылы 25 қыркүйекте Райым ауылдық кеңесі, Қосжар ауылындағы балықшы, шаруа отбасында дүниеге келген.
1986 жылы №73 Аманөткел орта мектебінен 10 жылдық орта білім алды.
1986 жылы тамыз айында Қызылорда облысы, Арал ауданы, Қосжар елді мекенінде орналасқан «Қамыстыбас балық питомнигі» РМҚК-ға жұмысшы болып орналасып, 1996 жылдан бері осы аталған кәсіпорынның тоған жұмысшыларының бригадирі қызметін атқарып келеді.
6 бала, 10 немересі бар.

Марапаттары:
2007 жылы АШМ Балық шаруашылығы комиететінің Алғыс хаты
2009 жылы Қызылорда облысы әкімінің «Жыл балықшысы» номинациясы
2010 жылы «Жыл үздігі» төсбелгісі
2013 жылы АШМ-нің «Экология саласының үздігі» төсбелгісі
2016 жылы Қызылорда облытық Ауыл шаруашылығы басқармасының Алғыс хаты
2017 жылы Қызылорда облысы әкімінің «Үздік балық өсіруші» номинациясы
2021 жылы ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің «Балық шаруашылығы саласында еңбек сіңірген қызметкер» төсбелгісі
2026 жылы Қызылорда облысы әкімінің Алғыс хаты

04/09/2026

"ЕҢБЕК ЖОЛЫ" РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КОНКУРСЫНЫҢ ҮМІТКЕРІ

«ҮЗДІК ТЕМІРЖОЛШЫЛАР ӘУЛЕТІ» НОМИНАЦИЯСЫ БОЙЫНША ЖЕҢІМПАЗ - АБДРАХМАНОВТАР ӘУЛЕТІ

Бұхарбайұлы Абдрахман - Байқожа станциясына қоныс тепкен Әбдірахман Бұхарбаев Қармақшы ауданының Қуаңдария ауылында 1860 жылы туған. Алғашқы қызмет жолын 1913 жылы Қазалы ауданының Байқожа стансиясынан бастаған. Шаңырақ құрып, 6 ұл, 1 қыз тәрбиелеген.
Жалпы әулеттің 31 мүшелерінің жиынтық еңбек өтілі 869 жыл, қызмет атқарып жатырған мүшелерінің еңбек өтілі 318 жыл. Көлік саласында 4 буын қызмет атқаруда.

Әулеттің үлкені Қамбарова Қатира 1955 жылы 3 қазанда Қазалы ауданында дүниеге келген. 1962 -1972 жылы мектепті тәмәмдап, 1972 жылы Қазалы ауданындағы Көлік-техникалық училищесіне оқуға түсіп, 1974 жылы оқу орнын бітірген. Еңбек жолын 1974 жылдың қыркүйек айынан Байқожа станциясында жол монтері болып 30 жыл үздіксіз қызмет жасап, 2008 жылы зейнеткерлікке шыққан.
1989 жылы 4 наурызда Абдрахманов Жаңабай Сыдықұлымен некелескен. Күйеуі Абдрахманов Жаңабай ата жолын жалғап ПЧ-58 Жосалы жол дистанциясыда 1974 жылы жол жөндеуші, 1975 жылы жол жетекшшісі, 1986 жылы жол шебері, 1997 жылы аға жол шебері 40 жыл жол жөндеуші, жол бригадирі, жол шебері болып қызмет атқарып, 2022 жылы 69 жасында дүниеден озды.
Отбасында екі ұл, үш қызды тәрбиелеп өсірген бақытты ана.

Ұлдары:
Абдрахманов Абдрей - 1893-1976 жж. Еңбек өтілі - 47 жыл. Жосалы жол дистанциясында қызмет атқарған. 1951 ж. КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының Жарлығымен «Еңбек даңқы» медалімен, 1953 ж. «Еңбек Қызыл Ту» орденімен марапатталған.
Абдрахманов Ыбырай: 1901-1967 жж. Еңбек өтілі – 41 жыл. Жосалы жол дистанциясында қызмет атқарған. 1951 ж. КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының Жарлығымен «Ленин ордені» марапатталған.
Абдрахманов Муса: 1902-1963 жж. Еңбек өтілі – 40 жыл. Жосалы жол дистанциясында қызмет атқарған. 1951 ж. КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының Жарлығымен «Ленин ордені» марапатталған.
Абдрахманов Мәдірей: 1904-1969 жж. Еңбек өтілі – 41 жыл. Жосалы жол дистанциясында қызмет атқарған.
Абдрахманов Садық: 1908-1981 жж. Еңбек өтілі - 40 жыл. Жосалы жол дистанциясында қызмет атқарған. 1951 ж. КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының Жарлығымен «Еңбек Қызыл Ту» орденімен, 1953 ж. «Ленин ордені» марапатталған.
Абдрахманов Сыдық: 1908-1984 жж. Еңбек өтілі – 41 жыл. Жосалы жол дистанциясында қызмет атқарған. 1941 ж. «Ударник Сталинского призыва», 1969 ж. «Отличник социалистического соревнования железнодорожного транспорта» төсбелгілерімен және 1971 ж. «Еңбек Қызыл Ту» ордендерімен, 1973 ж. «Победитель социалистического соревнования» төсбелгісімен марапатталған.

04/09/2026

ЕҢБЕК ЖОЛЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КОНКУРСЫНЫҢ ҮМІТКЕРІ

Сейітхан Дінмұхамбет Мұратұлы — тау-кен және гидрометаллургия саласының маманы.
1997 жылғы 16 шілдеде дүниеге келген.
Мектеп-гимназияны үздік тәмамдап, Мәскеу қаласындағы Ұлттық зерттеу технологиялық университеті – МИСиС-те «Тау-кен ісі» мамандығы бойынша жоғары білім алған.
Еңбек жолын 2021 жылы Ақтөбе ферроқорытпа зауытында слесарь-жөндеуші болып бастап, кәсіби білімі мен еңбекқорлығының арқасында мастер-механик қызметіне дейін көтерілген.
2023 жылдан бері «BAIKEN-U» ЖШС-нің Өнімді ерітінділерді қайта өңдеу цехында аппаратшы-гидрометаллург болып қызмет атқарып келеді.
Өндірісте сорбция, десорбция, ионалмасу процестерін меңгеріп, технологиялық процестердің қауіпсіз әрі тұрақты жүргізілуіне үлес қосуда.
Еңбек барысында өндірістік процестерді оңтайландыруға бағытталған бірқатар рационализаторлық ұсыныстар енгізіп, еңбек қауіпсіздігі мен тиімділікті арттыруға атсалысып келеді.
Сонымен қатар өндірісті цифрландыруға, IT-технологиялар мен жасанды интеллектіні қолдануға қызығушылық танытып, өндірістік тапсырмаларды бақылау және деректерді визуализациялау бағытында цифрлық шешімдер әзірлеуде.
Кәсіби ізденісі мен кәсіпорын дамуына қосқан үлесі үшін 2026 жылы «BAIKEN-U компаниясына 20 жыл» мерекелік төс белгісімен марапатталды.
Оның басты ұстанымы — еңбек арқылы үнемі даму, жаңа білімді игеру және өндірістің болашағына өз үлесін қосу.

«ROCA GROUP» КОМПАНИЯСЫНЫҢ ӨНДІРІСТІК ЖОБАЛАРЫ ТАЛҚЫЛАНДЫБүгін облыс әкімі Мұрат Ергешбаев «Roca Group» компаниясының ба...
03/09/2026

«ROCA GROUP» КОМПАНИЯСЫНЫҢ ӨНДІРІСТІК ЖОБАЛАРЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ
Бүгін облыс әкімі Мұрат Ергешбаев «Roca Group» компаниясының басшысы Даниэль Эрнандеспен кездесті. Кездесуде санитарлық-техникалық бұйымдар зауытын салу және компанияның өндірістік жобаларын жүзеге асыру мәселелері талқыланды.
Биыл тамыз айында Премьер-министрдің бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаевтың облысқа жұмыс сапары кезінде жыл соңына дейін смесительдер мен инсталляциялық жүйелерді құрастыру желісін іске қосу жоспарланғаны айтылған болатын. Қазіргі таңда құрастыру цехын орналастыру үшін «Панабек» және «Көлік құрылыс компаниясы» серіктестіктерінің өндірістік ғимараттары ұсынылды.
Сонымен қатар «Панабек» серіктестігі санитарлық-техникалық бұйымдарды өндіруге қажетті металл инсталляцияларын әзірлеп, компания өкілдеріне таныстырды. Өнім сапасы «Roca Group» компаниясының талаптарына сәйкес келген жағдайда, жергілікті кәсіпкерлермен өзара тиімді әріптестік орнату мүмкіндігі қарастырылады.
Жоба аясында жергілікті қамтуды арттыруға және компания өнімдерін өңірдегі құрылыс нысандарында пайдалануға басымдық беріледі.
Атап айтқанда, әлеуметтік нысандарға, Президент саябағы аумағындағы бес және үш жұлдызды қонақүйлерге осы бұйымдар қолданылады.
Облыс әкімдігі өңірдегі инвестициялық жобаларға және компанияға жан-жақты қолдау көрсетуге дайын.
@Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

✍️ Мемлекет басшысының Жарлығымен Нұрлыбек Машбекұлы Нәлібаев Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбас...
03/09/2026

✍️ Мемлекет басшысының Жарлығымен Нұрлыбек Машбекұлы Нәлібаев Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары лауазымына тағайындалды.

✍️ Указом Главы государства Налибаев Нурлыбек Машбекович назначен Первым заместителем Премьер-Министра Республики Казахстан.

https://www.facebook.com/share/p/1HG3tuWGGs/?mibextid=wwXIfr

Address

Бекзатхан Аскар 47
Kyzylorda
120014

Opening Hours

Monday 09:00 - 17:00
Tuesday 09:00 - 17:00
Wednesday 09:00 - 17:00
Thursday 09:00 - 17:00
Friday 09:00 - 17:00

Telephone

+77242270206

Alerts

Be the first to know and let us send you an email when Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы posts news and promotions. Your email address will not be used for any other purpose, and you can unsubscribe at any time.

Contact The Organization

Send a message to Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы:

Shortcuts

Share