03/09/2026
📌 ISO 37001:2025 халықаралық стандартының жаңа нұсқасы жарияланды - ол ISO 37001:2016 стандартын алмастырады.
Қазақстанда көшу халықаралық нұсқамен бірдей ҚР СТ ISO 37001-2025 арқылы жүзеге асырылады.
Ұйымдар үшін не өзгереді?
🔹 сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін бағалауды өзектендіру;
🔹 сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттегі басшылықтың рөлін күшейту;
🔹 контрагенттерді неғұрлым мұқият тексеру;
🔹 ішкі процедураларды қайта қарау және қызметкерлерді оқыту;
🔹 жүйенің тиімділігін және тұрақты жақсаруын бақылауды күшейту.
Сертификатталған ұйымдар не істеуі керек?
1.Жаңа талаптарды зерделеу және gap-талдауын жүргізу.
2.Жауапты тұлғалар мен мерзімдері көрсетілген көшу жоспарын әзірлеу.
3.Қызметкерлерді оқыту.
4.Құжаттаманы өзектендіру және қажетті сәйкестікті бағалаудан өту.
📌 Жаңа нұсқаға көшу жоспарлы инспекциялық, қайта сертификаттау немесе жоспардан тыс аудит аясында бағаланатын болады.
Сәйкестікті растау органдары үшін де IAF MD 30:2025 және «Ұлттық аккредиттеу орталығы» ШЖҚ РМК-ның ҚР СТ ISO 37001-2025 стандартына көшу жөніндегі Саясатына сәйкес арнайы іс-шаралар қарастырылған.
Өзекті стандарт бұл сертификаттаудың жарамдылығын сақтау ғана емес, сонымен қатар ұйымға деген сенімді арттыру.
___________
🔎Опубликована новая версия международного стандарта ISO 37001:2025 — она заменяет ISO 37001:2016.
В Казахстане переход осуществляется через СТ РК ISO 37001-2025, идентичный международной версии.
Что меняется для организаций?
🔹 актуализация оценки коррупционных рисков;
🔹 усиление роли руководства в антикоррупционной культуре;
🔹 более тщательная проверка контрагентов;
🔹 пересмотр внутренних процедур и обучение сотрудников;
🔹 усиление контроля эффективности и постоянного улучшения системы.
Что делать сертифицированным организациям?
1. Изучить новые требования и провести gap-анализ.
2. Разработать план перехода с ответственными и сроками.
3. Обучить сотрудников.
4. Актуализировать документацию и пройти необходимую оценку соответствия.
📌 Переход на новую версию будет оцениваться в рамках планового инспекционного, ресертификационного или внепланового аудита.
Для органов по подтверждению соответствия также предусмотрены специальные мероприятия в соответствии с IAF MD 30:2025 и Политикой РГП «Национальный центр аккредитации» по переходу на СТ РК ISO 37001-2025.
Актуальный стандарт это не только сохранение действительности сертификации, но и повышение доверия к организации.