Спортты дамыту дирекциясы

Спортты дамыту дирекциясы ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының ресми парақшасы "Спортты дамыту дирекциясы" РМҚК-ның ресми парақшасы

Бадминтоннан Дмитрий Панарин Нигериядағы халықаралық турнирдің қола жүлдесіне ие болды🏸🇰🇿Бадминтоннан Нигерияның Лагос қ...
30/08/2026

Бадминтоннан Дмитрий Панарин Нигериядағы халықаралық турнирдің қола жүлдесіне ие болды🏸🇰🇿

Бадминтоннан Нигерияның Лагос қаласында өткен Lagos International Badminton Classics 2026 турнирінде ұлттық құраманың көшбасшысы Дмитрий Панарин жартылай финалға дейін жетіп, қола жүлдегер атанды.

Отандасымыздың жарыстағы жолы:

✅🇮🇳Пранаув Рам Нагалингам (Үндістан) - 2:1
✅🇳🇬Сайду Алиуи (Нигерия) - 2:0
✅🇦🇪Шашаанк Сей Муннанги (БАӘ) - 2:0
❌🇮🇳Танкара Гнана Дату Таласила (Үндістан) - 1:2

Айта кетейік, 26-29 тамыз аралығында жалғасқан жарыста 24 елден 149 қатысушы сынға түсті.

🇰🇿Мария Бровкова Польшадағы әлем чемпионатында үздік бестіктің қатарындаБүгін Польшаның Познань қаласында байдарка мен к...
30/08/2026

🇰🇿Мария Бровкова Польшадағы әлем чемпионатында үздік бестіктің қатарында

Бүгін Польшаның Познань қаласында байдарка мен каноэде ескек есуден ересектер арасындағы әлем чемпионатында кезекті жүлделер сарапқа салынды. Бұл қатарда Ұлттық құрама өкілдері 2 ақтық сында бақ сынады.

Қазақстан командасының спортшысы Мария Бровкова каноэде 500 метрге жарыста А финалында жарысты. Отандасымыз мұнда қашықтықты 2 минут, 06,33 секунда өтіп, мәреге 5-ші болып жетті. Бас жүлде Канада спортшысының еншісінде. Тұғырдың 2-сатысына Мажарстан, одан кейін Бейтарап атлет В (Беларусь) өкілі көтерілді. Барлығы А финалында 9 елдің ескек есу шебері жүлдеге таласты.

Осыдан кейін Мария Бровкова мен Ульяна Киселёва жұбы бірлесіп, А финалына (каноэ, 200 метр) шықты. Қазақстан спортшылары 43.99 секунд көрсеткішімен 9-сатыдан көрінді.
Бұл бағдарлама жүлдегерлері:
1. Бейтарап атлет В (Беларусь)
2. Өзбекстан
3. Қытай ..
9. Қазақстан

Польшадағы әлем чемпионаты күзде Жапонияның Нагоя қаласында өтетін жазғы Азия ойындарына дайындықтың маңызды бөлігі саналады.

Айта кетейік, Познань қаласындағы чемпионат ертең, 30 тамызда аяқталады. Байдарка, каноэ және параканоэден Қазақстан командасы сапында 21 отандасымыз аттанды. Барлығы жарысқа 79 елден 890 ескек есу шебері қатысып жатыр.
___

Мария Бровкова - в ТОП-5 чемпионата мира по гребле в Польше

​В польском Познани на чемпионате мира по гребле на байдарках и каноэ среди взрослых разыграны очередные комплекты наград. Представители сборной Казахстана пробились в два главных финала дня.

Главным событием дня для нашей команды стало выступление Марии Бровковой в финале А каноэ-одиночек на дистанции 500 метров. Казахстанская спортсменка преодолела дистанцию за 2:06.33 и замкнула пятерку сильнейших планеты. В решающем заплыве соревновались гребцы из 9 стран. Золотая медаль досталась представительнице Канады, серебро завоевала спортсменка из Венгрии, а бронзовую награду забрала нейтральная атлетка из Беларуси.

Позже Мария Бровкова в дуэте с Ульяной Киселёвой выступила в финале А на спринтерской 200-метровке среди каноэ-двоек. Казахстанский экипаж финишировал на 9-й позиции с результатом 43.99 секунды. Тройка призеров в этом виде программы расположилась следующим образом:
​Нейтральный атлет (Беларусь)
​Узбекистан
​Китай

Мировое первенство в Польше служит ключевым этапом подготовки национальной сборной к предстоящим осенним Летним Азиатским играм в Нагое (Япония).

​Чемпионат мира в Познани завершается 30 августа. В составе казахстанской делегации (байдарка, каноэ и параканоэ) выступает 21 спортсмен. Всего турнир собрал 890 сильнейших гребцов из 79 стран мира.

Абылайхан Жұбаназар - Ecole Mont - Olivet Lausanne Grand Slam-ның чемпионы🥇🇰🇿Дзюдодан Швейцарияның Лозанна қаласында өті...
29/08/2026

Абылайхан Жұбаназар - Ecole Mont - Olivet Lausanne Grand Slam-ның чемпионы🥇🇰🇿

Дзюдодан Швейцарияның Лозанна қаласында өтіп жатқан Grand Slam турнирінде қоржынымызға алғашқы жүлде түсті.

81 келіде көшбасшы саналатын Абылайхан Жұбаназар финалдық белдесуде Өзбекстан өкілі Арслонбек Тожиевтан басым түсті.

Отандасымыздың жарыстағы жолы:

✅1/32 финал. Петр Млади (Чехия)
✅1/16 финал. Владислав Колобов (Украина)
✅1/8 финал. Заур Двалашвили (Грузия)
✅1/4 финал. Егор Сухопаров (Ресей)
✅1/2 финал. Георгий Елбакиев (БАӘ)

Абылайхан Жұбаназар өз мансабында екінші мәрте Grand Slam-ның финалына шыға алды.

Бұған дейін ол 2023 жылы Tbilisi Grand Slam-ында күміс жүлде иеленген.

Айта кетейік, 28-30 тамыз аралығында жалғасып жатқан Grand Slam бәсекесіне 77 елден 513 спортшы сынға түсіп жатыр.

🇰🇿Сергей Емельянов пен Мария Бровкова байдарка мен каноэде есуден Польшадағы әлем чемпионатының финалына шықтыПольшаның ...
28/08/2026

🇰🇿Сергей Емельянов пен Мария Бровкова байдарка мен каноэде есуден Польшадағы әлем чемпионатының финалына шықты

Польшаның Познань қаласында өтіп жатқан байдарка мен каноэде ескек есуден ересектер арасындағы әлем чемпионатында тағы 2 отандасымыз ақтық сында жүлдеге таласуға мүмкіндік алды.

Қазақстан командасының спортшысы Сергей Емельянов каноэде 200 метрге жарыстың финалында өнер көрсетеді. Ол жартылай финалда өз тобында 42,99 секунд нәтижесімен 3-орын алды.

Ал Мария Бровкова каноэде 500 метрге жарыста финалда жүлдеге таласады. Отандасымыз жартылай финалда 2:19,31 секунд көрсеріп өз екінші сатыға жайғасты. Айта кетейік, Мария осыған дейін Ульяна Киселевамен жұптық сында (200 метр) финалға жолдама алған.

Сергей Емельянов 28 тамызда Астана уақытымен сағат 12:40-та, ал Бровкова 29 тамыз сағат 12:05-те шешуші жарысқа шығады.

Познаньда жартылай финалдар әлі жалғасып жатыр. Әзірге Қазақстан командасының еншісінде 3 финал бар.

ЕРБОЛ МЫРЗАБОСЫНОВ СПОРТ ФЕДЕРАЦИЯЛАРЫНЫҢ БАСШЫЛАРЫМЕН АЗИЯ ОЙЫНДАРЫНА ДАЙЫНДЫҚТЫ ТАЛҚЫЛАДЫ2026 жылғы 19 қыркүйек пен 4 ...
27/08/2026

ЕРБОЛ МЫРЗАБОСЫНОВ СПОРТ ФЕДЕРАЦИЯЛАРЫНЫҢ БАСШЫЛАРЫМЕН АЗИЯ ОЙЫНДАРЫНА ДАЙЫНДЫҚТЫ ТАЛҚЫЛАДЫ

2026 жылғы 19 қыркүйек пен 4 қазан аралығында Жапонияның Айти префектурасы мен Нагоя қаласында өтетін XX жазғы Азия ойындарына ұлттық құраманың дайындығына арналған жиын өтті.

Жиынға жазғы спорт түрлері бойынша ұлттық спорт федерацияларының басшылары қатысты. Кездесуде ұлттық құрамалардың қазіргі дайындық деңгейі, спортшылардың халықаралық жарыстардағы нәтижелері, бекітілген жоспарлардың орындалуы, сондай-ақ медициналық, материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз ету мәселелері қаралды.

XX жазғы Азия ойындарына 45 елден 15 мыңға жуық спортшы қатысады деп жоспарланған. Жарыс барысында 469 медаль жиынтығы сарапқа салынады. Қазақстан құрамасы спорттың 35 түрінен сынға түсуді жоспарлап отыр.

Жыл басынан бері қазақстандық спортшылар спорттың 68 түрінен 282 халықаралық жарысқа қатысты. Оның ішінде 26 әлем чемпионаты, 71 Әлем кубогінің кезеңі, 37 Азия чемпионаты және 148 халықаралық турнир бар. Сонымен қатар Спортты дамыту дирекциясы 226 оқу-жаттығу жиынын ұйымдастырды. Жаттықтырушылар құрамын күшейту мақсатында спорттың 13 түрі бойынша 11 елден 24 шетелдік маман тартылды.

Жиын қорытындысында қабылданған міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ету, ұлттық құрамалардың дайындығын бақылауды күшейту және туындаған мәселелерді жедел шешу қажеті атап өтілді. Министрлік Ұлттық Олимпиада комитеті және спорт федерацияларымен бірлесіп, Қазақстан құрамасының XX жазғы Азия ойындарында табысты өнер көрсетуіне қажетті барлық жағдайды жасау бағытындағы жұмысты жалғастырады.

Кездесу аясында федерация басшылары Астанадағы Қазақ ұлттық спорт университетінің инфрақұрылымымен де танысты. Жаңа университет Орталық Азиядағы спорт ғылымы мен мамандар даярлау саласындағы ең ірі білім беру жобаларының біріне айналды. Мұнда жаттықтырушылық қызмет, спорт ғылымы, спорттық медицина және оңалту, менеджмент, спорт журналистикасы, аналитика және басқа да бағыттар бойынша мамандар даярлауға заманауи жағдай жасалған.

******

ЕРБОЛ МЫРЗАБОСЫНОВ ОБСУДИЛ С РУКОВОДИТЕЛЯМИ СПОРТИВНЫХ ФЕДЕРАЦИЙ ПОДГОТОВКУ К АЗИАТСКИМ ИГРАМ

Cостоялось совещание по вопросам подготовки национальной сборной к XX летним Азиатским играм, которые пройдут с 19 сентября по 4 октября 2026 года в японской префектуре Айти и городе Нагоя.

В совещании приняли участие руководители национальных спортивных федераций по летним видам спорта.
Участники рассмотрели текущий уровень готовности национальных команд, результаты спортсменов на международных соревнованиях, выполнение утверждённых планов, а также вопросы медицинского, материально-технического и организационного обеспечения.
В XX летних Азиатских играх ожидается участие около 15 тысяч спортсменов из 45 стран. В рамках соревнований будет разыграно 469 комплектов медалей. Казахстан планирует выступить в 35 видах спорта.

С начала года казахстанские спортсмены приняли участие в 282 международных соревнованиях, включая 26 чемпионатов мира, 71 этап Кубка мира, 37 чемпионатов Азии и 148 международных турниров по 68 видам спорта. Кроме того, Дирекцией развития спорта организовано 226 учебно-тренировочных сборов. Для усиления тренерских штабов по 13 видам спорта привлечены 24 иностранных специалиста из 11 стран.

По итогам совещания отмечена необходимость обеспечить выполнение принятых обязательств, усилить контроль за подготовкой национальных сборных и оперативно решать возникающие проблемные вопросы. Министерство совместно с Национальным олимпийским комитетом и спортивными федерациями продолжит работу по созданию всех необходимых условий для успешного выступления сборной Казахстана на XX летних Азиатских играх.

В рамках встречи руководители федераций также ознакомились с инфраструктурой Казахского национального университета спорта в Астане. Новый университет стал одним из крупнейших образовательных проектов в сфере спортивной науки и подготовки кадров в Центральной Азии. Здесь созданы современные условия для подготовки специалистов в области тренерской деятельности, спортивной науки, спортивной медицины и реабилитации, менеджмента, спортивной журналистики, аналитики и других направлений.

🇰🇿Мария Бровкова мен Ульяна Киселёва әлем чемпионатының финалына шықты Польшаның Познань қаласында байдарка мен каноэде ...
27/08/2026

🇰🇿Мария Бровкова мен Ульяна Киселёва әлем чемпионатының финалына шықты

Польшаның Познань қаласында байдарка мен каноэде ескек есуден ересектер арасындағы 51-ші әлем чемпионаты өтіп жатыр.

Әйелдер арасында каноэде 200 метрге жұптық жарыста Қазақстан командасы ақтық сынға шықты. Отандасымыз Мария Бровкова мен Ульяна Киселёва іріктеуде өз тобында мәреге 3-болып келді. Олардың уақыт көрсеткіші - 46.61 секунд. Бұл бағдарламаның жүлделері 29 тамызда Польша уақытымен сағат 16:10-да (Астана уақытымен 13:10-да) сарапқа салынады.

Еске сала кетейік, Мария мен Ульяна маусымда Түркістан қаласында өткен U23 жас санатында бірге өнер көрсетіп, 2 алтын медаль жеңіп алған. Ал Мария Бровкова - 23 жасқа дейінгі спортшылар арасында әлем чемпионы, тағы бірнеше дүркін жүлдегері.

Айта кетейік, Познаньдағы жарыс Мальта көліндегі есу арнасында өтіп жатыр. Қазақстан командасы сапында байдарка, каноэ және параканоэден ескек есуден 21 отандасымыз барды. Жарыс 30 тамызда аяқталады.

25 тамызда Польшаның Познань қаласында байдарка мен каноэде, параканоэде ескек есуден ересектер арасындағы әлем чемпиона...
25/08/2026

25 тамызда Польшаның Познань қаласында байдарка мен каноэде, параканоэде ескек есуден ересектер арасындағы әлем чемпионаты басталады.

🇰🇿Бұл жарыс Қазақстан командасы үшін күзде Жапонияда өтетін XX жазғы Азия ойындарына дайындықтың маңызды бөлігі саналады. Сондай-ақ чемпионат кезінде спортшылар Лос-Анджелес 2028 Олимпиадасына ұпай жинайды. Кейін осы ұпайлар қорытынды рейтинг жасақтап, лицензия таратуға тікелей әсер етеді.

Назарыңызға Қазақстан командаларының тізімін ұсынамыз:

🔹️Байдарка - Бекарыс Раматулла, Дмитрий Холмогоров, Артём Терещенко, Игорь Ряшенцев, Жахонгир Жамедов, Денис Кленин, Эвелина Костенко, Татьяна Токарницкая, Ольга Шмелёва, Стелла Суханова, Татьяна Гладкова.

🔹️Каноэ - Мария Бровкова, Ульяна Киселёва, Сергей Емельянов, Тимофей Емельянов.

🔹️Параканоэ - Жалғас Тайкенов (KL-3 санаты), Бейбарыс Спатай (KL-2, VL-3), Максим Богатырёв (KL-3, VL-3), Мейіржан Армия (VL-2), Жаңыл Балтабаева (VL-3 санаты), Маржан Билялова (KL-1, VL-1).

51-ші рет өтетін әлем чемпионатында барлығы ерлер мен әйелдер арасында 24 жүлде жиынтығы сарапқа салынады (12 - каноэ, 12 - байдарка). Биыл аралас жұптық сайыстар (микст) бағдарламада жоқ. Жарыс 30 тамызда аяқталады.

Еске сала кетейік, Познань осыған дейін байдарка мен каноэде ескек есуден әлем чемпионатын 2010 жылы қабылдаған.

24/08/2026

Азия ойындарының тарихы: жеңіл атлетика

Спортты дамыту дирекциясының XX жазғы Азия ойындарына арналған жобасы🎬

🇰🇿Бүгін біз «спорт падишасы» саналатын жеңіл атлетика жайында айтамыз. Осы материалдан мына сұрақтарға жауап ала аласыздар👇
- Сары құрлық ойындарында ең көп медаль алған спортшымыз кім?
- Азиадада қанша отандасымыз рекорд жаңартты?
- Күзде Аичи-Нагоя ойындарына қанша спортшы барады?

📈Жеңіл атлетикадан бүгінге дейін 23 алтын, 23 күміс, 27 қола медаль жеңіп алғанбыз.

Айта кетейік, XX жазғы Азиада 19 қыркүйек пен 4 қазан аралығында Жапонияның Нагоя қаласында өтеді. Оның ішінде жеңіл атлетикадан бәсеке 23-29 қыркүйекке жоспарланған.
_____

История Азиатских игр: лёгкая атлетика

Проект Дирекции развития спорта к XX летним Азиатским играм 🎬

🇰🇿 Сегодня мы расскажем о лёгкой атлетике - «королеве спорта». В этом материале вы узнаете ответы на следующие вопросы👇

* Кто из наших спортсменов завоевал больше всего медалей в истории Азиатских игр?
* Сколько наших соотечественников установили рекорды на Азиаде?
* Сколько спортсменов представят Казахстан на Играх Айти-Нагоя этой осенью?

📈 На сегодняшний день в лёгкой атлетике Казахстан завоевал 23 золотые, 23 серебряные и 27 бронзовых медалей.

Напомним, XX летние Азиатские игры пройдут с 19 сентября по 4 октября в японском городе Нагоя. Соревнования по лёгкой атлетике запланированы с 23 по 29 сентября.

24/08/2026

🇰🇿Мемлекет басшысы қазақстандық дзюдошыларды жастар арасындағы әлем чемпионатында табысты өнер көрсетуімен құттықтады

🔷 Қасым-Жомарт Тоқаев Эквадордың Гуаякиль қаласында өтіп жатқан дзюдодан жастар арасындағы әлем чемпионатында Қазақстан құрамасын аралас командалық жарыстағы айтулы жеңісімен, ал Ғабит Расулханды, Фатима Сұпығалиеваны, Әділжан Жаудиновті жекелеген сында алтын медальға ие болуымен құттықтады.

Президент жас чемпиондардың спорттағы жолы жарқын болуына және жаңа биіктерді бағындыра беруіне тілектестік білдірді.

🏅Қазақстандық дзюдошылар әлем біріншілігінде 4 алтын, 3 күміс және 4 қола – барлығы 11 медаль жеңіп алып, отандық дзюдо тарихындағы үздік нәтижеге қол жеткізді.

‼️Кеше кешкісін Қасым-Жомарт Тоқаев Халықаралық дзюдо федерациясының президенті Мариус Визермен сөйлесті.

Ұйым жетекшісі Мемлекет басшысын балуандарымыздың әлемдік жастар турниріндегі бұрын-соңды болмаған бірегей жеңісімен құттықтады.

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның Туризм және спорт министрлігімен, сондай-ақ ұлттық федерациямен сындарлы ынтымақтастық орнатқаны үшін халықаралық ұйымның басшысына ризашылығын білдіріп, соның нәтижесінде елімізде дзюдо күресі кеңінен дамып келе жатқанына тоқталды.

****

🇰🇿Глава государства поздравил казахстанских дзюдоистов с триумфальным выступлением на чемпионате мира среди молодежи

🔷Касым-Жомарт Токаев поздравил сборную Казахстана по дзюдо с убедительной победой в смешанных командных соревнованиях, а Габита Расулхана, Фатиму Супыгалиеву и Адильжана Жаудинова – с золотыми медалями в индивидуальных состязаниях на чемпионате мира по дзюдо среди молодежи в Гуаякиле (Эквадор).

Президент пожелал юным чемпионам блестящего спортивного будущего и новых достижений.

🏅Казахстанские спортсмены завоевали на первенстве 11 медалей – 4 золотые, 3 серебряные и 4 бронзовые, продемонстрировав лучший результат в истории отечественного дзюдо.

‼️Вчера вечером состоялся разговор Президента Касым-Жомарта Токаева с президентом Международной федерации дзюдо Мариусом Визером, который поздравил казахского лидера с беспрецедентным успехом наших борцов на мировом молодежном турнире.

Касым-Жомарт Токаев в ответ выразил международному спортивному функционеру признательность за конструктивное сотрудничество с национальной федерацией и министерством туризма и спорта Казахстана, что содействует популяризации и развитию дзюдо в нашей стране.

Батырхан Төлеуғали мен Назым Махмутова Лахордағы Президент кубогы турнирінде топ жарды Пәкістанның Лахор қаласында өтіп ...
20/08/2026

Батырхан Төлеуғали мен Назым Махмутова Лахордағы Президент кубогы турнирінде топ жарды

Пәкістанның Лахор қаласында өтіп жатқан таеквондодан G-3 санатына жататын дәстүрлі World Taekwondo Президенті кубогында Қазақстан командасының қоржынына 2 алтын медаль түсті, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Назым Махмутова жартылай финалда Оңтүстік Корея өкілі Ох Сенгюді (2:0), финалда Сауд Арабиясының спортшысы Сабер Дунья Бушуайбтан басым түсіп, -73 кг салмақта алтыннан алқа тақты.

Ал отандасымыз Батырхан Төлеуғали (-87 кг) финалда Өзбекстан спортшысы Ёдгорбек Джурабоевты ұтып, жеңімпаз атанды. Батырхан бүгін жарыс барысында Оңтүстік Корея, Таиланд пен Өзбекстан өкілінен басым түсті.

Айта кетейік, осыған дейін Ұлттық құрама еншісінде 3 қола медаль болған. Бүгін Қазақстан жарысты 2 алтын, 3 қола жүлдемен аяқтады. Биыл додаға әлемнің 49 елінен 427 спортшы қатысты.

Address

Нұр-Сұлтан қаласы, Қабанбай батыр 11/5
Nur-Sultan
010000

Opening Hours

Monday 09:00 - 18:30
Tuesday 09:00 - 18:30
Wednesday 09:00 - 18:30
Thursday 09:00 - 18:30
Friday 09:00 - 18:30

Website

Alerts

Be the first to know and let us send you an email when Спортты дамыту дирекциясы posts news and promotions. Your email address will not be used for any other purpose, and you can unsubscribe at any time.

Shortcuts

Share