Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігі

  • Home
  • Kazakhstan
  • Nur-Sultan
  • Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігі

Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігі Contact information, map and directions, contact form, opening hours, services, ratings, photos, videos and announcements from Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігі, Government Organization, Мәңгілік ел 8, 16В подъезд, Nur-Sultan.

⚜️Су ресурстары және ирригация министрлігінің Қаржы департаментінің бас сарапшысы Диана Үсенова ҚР Ғылым және жоғары біл...
04/09/2026

⚜️Су ресурстары және ирригация министрлігінің Қаржы департаментінің бас сарапшысы Диана Үсенова ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің Тіл саясаты комитеті ұйымдастырған «Тіл шебері» республикалық байқауына қатысты.

Ол мемлекеттік қызметшілерге арналған іскерлік қазақ тілін күнделікті үйренуге бағытталған «ІсТіл» жобасы платформасын таныстырды. Байқауға белсенді қатысқаны үшін Диана Үсенова алғыс хатпен марапатталды.

➖➖➖➖➖➖➖➖➖➖

⚜️Главный эксперт Департамента финансов Министерства водных ресурсов и ирригации Диана Усенова приняла участие в республиканском конкурсе «Тіл шебері», организованном Комитетом языковой политики Министерства науки и высшего образования РК.

Она представила проект «ІсТіл» — платформу для ежедневного изучения делового казахского языка, предназначенную для государственных служащих. За активное участие в конкурсе Диана Усенова была награждена благодарственным письмом.

⚜️Су ресурстары және ирригация министрлігінде қызметкерлердің құқықтық сауатын арттыруға арналған семинар өтті. Іс-шара ...
04/09/2026

⚜️Су ресурстары және ирригация министрлігінде қызметкерлердің құқықтық сауатын арттыруға арналған семинар өтті. Іс-шара барысында мына тақырыптар бойынша баяндамалар ұсынылды:
2026 жылға арналған нормативтік құқықтық актілер жобаларын әзірлеу және ғылыми сыбайлас жемқорлыққа қарсы сараптама жүргізу;
Жасанды интеллект технологияларын қолдану арқылы азаматтардың өтініштерін қарау құралдарын енгізу және жетілдіру;
Министрлік мамандарын бейінді білім беру бойынша оқыту;
Мемлекеттік қызметшілердің әкімшілік жауапкершілігі: құқық қолдану практикасының өзекті мәселелері.
Семинарға министрліктің құрылымдық бөлімшелерінің қызметкерлері, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Заңнама және құқықтық ақпарат институтының және «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ өкілдері қатысты.

➖➖➖➖➖➖➖➖➖➖

⚜️В Министерстве водных ресурсов и ирригации состоялся семинар по повышению правовой грамотности сотрудников. В рамках мероприятия были представлены доклады по темам:
Подготовка проектов нормативных правовых актов и проведение научной антикоррупционной экспертизы на 2026 год;
Внедрение и совершенствование инструментов обработки обращений граждан с применением технологий искусственного интеллекта;
Обучение по профильному образованию для специалистов Министерства;
Административная ответственность государственных служащих: актуальные вопросы правоприменительной практики.
В семинаре приняли участие сотрудники структурных подразделений Министерства, а также представители Института законодательства и правовой информации Республики Казахстан и НАО «Государственная корпорация «Правительство для граждан».

04/09/2026

⚜️💧Новый Водный кодекс, развитие водохозяйственной инфраструктуры и рост инвестиций в основной капитал: главные итоги работы Министерства водных ресурсов и ирригации за прошедшие три года

В сентябре 2023 года по поручению Главы государства было создано Министерство водных ресурсов и ирригации. Ведомством последовательно реализуются системные меры по обеспечению водной безопасности, повышению эффективности использования водных ресурсов и модернизации водохозяйственной инфраструктуры. Соответствующие задачи определены и закреплены в Концепции развития системы управления водными ресурсами на 2024–2030 годы и Комплексном плане развития водной отрасли на 2024–2028 годы.

В прошлом году в силу вступил новый Водный кодекс, который заложил кардинально новые принципы охраны и использования водных ресурсов. Расширены требования по охране малых рек и озер. А местные исполнительные органы должны определить водоохранные зоны и полосы на поверхностных водных объектах в пределах населенных пунктов. Документ также предусматривает разработку Генерального и бассейновых планов охраны и использования водных ресурсов. Выводы и рекомендации этих планов будут приниматься во внимание при государственном планировании.

Также согласно Водному кодексу, промышленные предприятия должны разработать пятилетние планы поэтапного перехода на повторное и оборотное водоснабжение, а имеющиеся системы — модернизировать с применением наилучших доступных технологий.

Одной из ключевых задач водной политики является повышение эффективности использования ресурсов во всех секторах экономики. Особенно, в сельском хозяйстве. Для ускорения внедрения современных технологий орошения в республиканском бюджете на 2026–2028 годы предусмотрено более 228 млрд тенге — в четыре раза больше, чем в предыдущий трехлетний период.

По итогам 2025 года площадь применения водосберегающих технологий достигла 543,5 тыс. га. Динамика внедрения увеличилась в пять раз, а экономия поливной воды составила порядка 874 млн м³. Дополнительным стимулом для сельхозтоваропроизводителей стало увеличение возмещения затрат на внедрение водосберегающих технологий до 80%.

За 2024–2025 годы завершены работы по реконструкции и модернизации 1 458 км каналов. В настоящее время работы ведутся более чем на 4,6 тыс. км каналов. В 2026 году планируется ввести в эксплуатацию 962 км, что позволит улучшить водообеспечение около 200 тыс. га орошаемых земель. Параллельно увеличены объемы механизированной очистки каналов. Если в 2023 году было очищено 678 км, то в 2025 году — уже 1 840 км.

Кроме того, в 2024–2025 годах завершена реконструкция пяти водохранилищ. Реализованы 22 проекта по строительству и реконструкции объектов питьевого водоснабжения, охватившие 321 населённый пункт с населением порядка 945 тыс. человек. Ведутся конкурсные процедуры по строительству трех новых водохранилищ в Жамбылской, Кызылординской и Западно-Казахстанской областях.

Завершено формирование правовой базы со всеми сопредельными государствами по вопросам трансграничных вод. Подписано соглашение с Узбекистаном о совместном управлении и рациональном использовании трансграничных водных объектов.

Благодаря согласованным режимам работы водохранилищ на реке Сырдарья обеспечен стабильный приток воды в Северное Аральское море. В результате объем Северного Арала увеличился с 18,4 км³ в начале 2023 года до 23,5 км³ в настоящее время.

Одной из задач государственной политики является укрепление кадрового потенциала водной отрасли и повышение ее привлекательности для молодых специалистов. За три года сеть учебных заведений, готовящих водников, увеличилась до 13 вузов и 10 колледжей против 9 вузов и 6 колледжей в 2023 году.

Количество студентов, поступающих на водные специальности, существенно увеличилось. Если в 2023–2024 учебном году был зачислен 291 студент, то в минувшем учебном году первый курс окончило уже 1 000 студентов.

Одновременно повышается уровень оплаты труда в отрасли. За два года средняя заработная плата в РГП «Казводхоз» увеличилась более чем в два раза и достигла 326 тыс. тенге.

Активно реализуется поручение Главы государства по привлечению инвестиций. Так, объем инвестиций в основной капитал водной отрасли за 2024–2025 годы составил 676,7 млрд тенге — на 79% больше по сравнению с предыдущими двумя годами. С зарубежными партнерами заключено 9 соглашений и 44 меморандума о взаимопонимании и сотрудничестве, привлечено $15,9 млн грантовых средств.

Разработана Национальная информационная система водных ресурсов, которая объединяет данные о водных объектах, водохозяйственной инфраструктуре, водопользователях, подземных водах и других элементах отрасли. На сегодня в ней оцифрованы и структурированы данные по более чем 23 тыс. водных объектов. Кроме того, полностью оцифрован процесс заключения договоров по подаче поливной воды.

Заново создана Национальная гидрогеологическая служба «Казгидрогеология». На сегодня Службой определены 711 потенциальных родников. Кроме того, по фондовым и архивным материалам сформирована карта из 2772 родников на территории страны.

🗣«Реализация поручений Главы государства в водной сфере перешла от формирования стратегической и нормативной базы к масштабной модернизации инфраструктуры и внедрению современных механизмов управления водными ресурсами. Основная задача следующего этапа — обеспечить переход от плановых показателей к своевременному завершению конкретных объектов и получить устойчивый практический эффект для водной безопасности, сельского хозяйства, экономики и населения страны», — отметил министр водных ресурсов и ирригации Нуржан Нуржигитов.

04/09/2026

⚜️💧Жаңа Су кодексі, су шаруашылығы инфрақұрылымын дамыту және негізгі капиталға инвестиция көлемінің өсуі: Су ресурстары және ирригация министрлігінің соңғы үш жылдағы жұмысының негізгі қорытындылары

2023 жылғы қыркүйекте Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Су ресурстары және ирригация министрлігі құрылды. Ведомство су қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, су ресурстарын пайдалану тиімділігін арттыруға және су шаруашылығы инфрақұрылымын жаңғыртуға бағытталған жүйелі шараларды жүзеге асырып келеді. Тиісті міндеттер 2024-2030 жылдарға арналған Су ресурстарын басқару жүйесін дамыту тұжырымдамасында және 2024-2028 жылдарға арналған Су саласын дамыту жөніндегі кешенді жоспарда айқындалып, бекітілді.

Былтыр жаңа Су кодексі күшіне еніп, онда су ресурстарын қорғау және пайдалану бойынша түбегейлі жаңа қағидаттар белгіленді. Шағын өзендер мен көлдерді қорғауға қойылатын талаптар күшейтілді. Ал жергілікті атқарушы органдар елді мекендер шегіндегі жерүсті су нысандарында су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеуі тиіс. Құжатта сондай-ақ Су ресурстарын қорғау және пайдалану жөніндегі бас жоспар мен бассейндік жоспарларды әзірлеу көзделген. Бұл жоспарлардың қорытындылары мен ұсыныстары мемлекеттік жоспарлау кезінде ескеріледі.

Сондай-ақ Су кодексіне сәйкес өнеркәсіптік кәсіпорындар қайта және айналымды сумен жабдықтауға кезең-кезеңімен көшу бойынша бес жылдық жоспарлар әзірлеуі, ал қолданыстағы жүйелер ең үздік қолжетімді технологияларды қолдана отырып жаңғыртылуы тиіс.

Су саясатының негізгі міндеттерінің бірі – экономиканың барлық секторында ресурстарды пайдалану тиімділігін арттыру. Әсіресе ауыл шаруашылығында. Заманауи суару технологияларын енгізуді жеделдету үшін 2026-2028 жылдарға арналған республикалық бюджетте 228 млрд теңгеден астам қаржы қарастырылған. Бұл алдыңғы үш жылмен салыстырғанда төрт есе көп.

2025 жылдың қорытындысы бойынша су үнемдеу технологиялары қолданылатын алқаптардың көлемі 543,5 мың гектарға жетті. Оларды енгізу қарқыны бес есе артты, ал үнемделген су көлемі шамамен 874 млн текше метрді құрады. Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер үшін қосымша ынталандыру шарасы ретінде су үнемдеу технологияларын енгізуге жұмсалған шығындарды өтеу үлесі 80%-ға дейін ұлғайтылды.

2024-2025 жылдары жалпы ұзындығы 1 458 шақырым болатын каналдарды реконструкциялау және жаңғырту жұмыстары аяқталды. Қазіргі уақытта 4,6 мың шақырымнан астам каналда жұмыстар жүргізіліп жатыр. 2026 жылы 962 шақырым канал пайдалануға беріледі деп жоспарланып отыр. Бұл шамамен 200 мың гектар суармалы жердің сумен қамтамасыз етілуін жақсартуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар каналдарды механикалық тазарту көлемі де артты. Егер 2023 жылы 678 шақырым канал тазартылса, 2025 жылы бұл көрсеткіш 1 840 шақырымға жетті.

Бұдан бөлек, 2024-2025 жылдары бес су қоймасын реконструкциялау жұмыстары аяқталды. Ауыз сумен жабдықтау нысандарын салу және реконструкциялау бойынша 22 жоба іске асырылып, 321 елді мекенді, яғни шамамен 945 мың адамды қамтыды. Жамбыл, Қызылорда және Батыс Қазақстан облыстарында үш жаңа су қоймасын салу бойынша конкурстық рәсімдер жүргізіліп жатыр.

Трансшекаралық су мәселелері бойынша барлық көршілес мемлекеттермен құқықтық база қалыптастыру аяқталды. Өзбекстанмен трансшекаралық су нысандарын бірлесіп басқару және ұтымды пайдалану туралы келісімге қол қойылды.

Сырдариядағы су қоймаларының жұмыс режимдерін келісу нәтижесінде Солтүстік Арал теңізіне судың тұрақты келуі қамтамасыз етілді. Соның нәтижесінде Солтүстік Аралдың көлемі 2023 жылдың басындағы 18,4 текше шақырымнан қазіргі уақытта 23,5 текше шақырымға дейін ұлғайды.

Мемлекеттік саясаттың міндеттерінің бірі – су саласының кадрлық әлеуетін нығайтып, оны жас мамандар үшін тартымды ету. Үш жыл ішінде су шаруашылығы мамандарын даярлайтын оқу орындарының желісі 2023 жылғы 9 жоғары оқу орны мен 6 колледжден 13 жоғары оқу орны мен 10 колледжге дейін ұлғайды.

Су саласы мамандықтарына түсетін студенттер саны да айтарлықтай артты. Мысалы, 2023-2024 оқу жылында 291 студент оқуға қабылданса, өткен оқу жылында бірінші курсты 1 000 студент аяқтады.

Сонымен қатар саладағы еңбекақы деңгейі де көтеріліп келеді. Екі жыл ішінде «Қазсушар» РМК-дағы орташа жалақы екі еседен астам өсіп, 326 мың теңгеге жетті.

Мемлекет басшысының инвестиция тарту жөніндегі тапсырмасы да белсенді түрде жүзеге асырылып жатыр. 2024-2025 жылдары су саласының негізгі капиталына салынған инвестиция көлемі 676,7 млрд теңгені құрап, алдыңғы екі жылмен салыстырғанда 79%-ға артты. Шетелдік серіктестермен 9 келісім және өзара түсіністік пен ынтымақтастық туралы 44 меморандум жасалып, 15,9 млн АҚШ доллары көлемінде грант қаражаты тартылды.

Су ресурстарының ұлттық ақпараттық жүйесі әзірленді. Ол су нысандары, су шаруашылығы инфрақұрылымы, су пайдаланушылар, жерасты суы және саланың басқа да элементтері туралы мәліметтерді біріктіреді. Қазіргі уақытта жүйеде 23 мыңнан астам су нысаны бойынша деректер цифрландырылып, құрылымдалды. Бұдан бөлек, суармалы су беру бойынша келісімшарттар жасасу процесі толық цифрландырылды.

«Қазгидрогеология» ұлттық гидрогеологиялық қызметі қайта құрылды. Қазіргі уақытта қызмет 711 ықтимал бұлақтың орнын анықтады. Сонымен қатар қор және мұрағат материалдары негізінде ел аумағындағы 2 772 бұлақтың картасы жасалды.

🗣«Мемлекет басшысының су саласындағы тапсырмаларын іске асыру стратегиялық және нормативтік базаны қалыптастыру кезеңінен инфрақұрылымды ауқымды жаңғыртуға және су ресурстарын басқарудың заманауи тетіктерін енгізу кезеңіне өтті. Келесі кезеңнің негізгі міндеті – жоспарлы көрсеткіштерден нақты нысандарды уақытылы аяқтауға көшу және су қауіпсіздігі, ауыл шаруашылығы, экономика мен ел халқы үшін тұрақты практикалық нәтижеге қол жеткізу», – деді Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов.

✍️ Мемлекет басшысының Жарлығымен Нұржан Молдиярұлы Нұржігітов Қазақстан Республикасының Су ресурстары және ирригация ми...
03/09/2026

✍️ Мемлекет басшысының Жарлығымен Нұржан Молдиярұлы Нұржігітов Қазақстан Республикасының Су ресурстары және ирригация министрі лауазымына тағайындалды.

✍️ Указом Главы государства Нуржигитов Нуржан Молдиярович назначен Министром водных ресурсов и ирригации Республики Казахстан.

📍🌊🔎Порядка 600 родников обследованы в Жамбылской области в рамках масштабной инвентаризации родников КазахстанаСпециалис...
03/09/2026

📍🌊🔎Порядка 600 родников обследованы в Жамбылской области в рамках масштабной инвентаризации родников Казахстана

Специалисты Национальной гидрогеологической службы «Казгидрогеология» провели полевые работы по обследованию и инвентаризации родников Жамбылской области. Данные мероприятия проводятся в рамках формирования единой базы данных родников Республики Казахстан. Впервые в стране одновременно с инвентаризацией проводится паспортизация родников с формированием систематизированных сведений по каждому природному источнику воды.

В ходе полевых работ обследованы 574 родника региона. Специалистами «Казгидрогеологии» проведена оценка санитарного и технического состояния родников, уточнены их координаты, выполнены гидрогеологические наблюдения и отбор проб воды для лабораторных исследований. По результатам обследований формируются паспорта родников, содержащие основные сведения об их местоположении, состоянии, гидрогеологических характеристиках и качестве воды. Полученные данные позволят актуализировать сведения о природных источниках воды и обеспечить их дальнейший учет и мониторинг.

🗣️«В следующем году планируется провести обследование порядка 600 родников в Алматинской области, в 2028 году — около 500 родников в области Жетісу. Важно отметить, что такая системная паспортизация родников проводится впервые. Проводимая работа направлена на сохранение природных водных объектов и источников пресной воды путем формирования современной и достоверной базы данных, которая позволит лучше понимать состояние родников, принимать своевременные меры по их сохранению и эффективно использовать их потенциал», — отметил председатель правления НАО «Казгидрогеология» Болат Бекнияз.

📍🌊🔎Жамбыл облысында Қазақстанның бұлақтарын ауқымды түгендеу аясында 600-ге жуық бұлақ зерттелді«Қазгидрогеология» ұлтты...
03/09/2026

📍🌊🔎Жамбыл облысында Қазақстанның бұлақтарын ауқымды түгендеу аясында 600-ге жуық бұлақ зерттелді

«Қазгидрогеология» ұлттық гидрогеологиялық қызметінің мамандары Жамбыл облысындағы бұлақтарды зерттеу және түгендеу бойынша далалық жұмыстар жүргізді. Бұл іс-шаралар Қазақстан Республикасындағы бұлақтардың бірыңғай деректер базасын қалыптастыру аясында жүргізіліп жатыр. Елде алғаш рет бұлақтарды түгендеумен қатар, әрбір табиғи су көзі бойынша жүйеленген мәліметтерді қалыптастыра отырып, оларды паспорттау жұмыстары жүргізілуде.

Далалық жұмыстар барысында өңірдегі 574 бұлақ зерттелді. «Қазгидрогеология» мамандары бұлақтардың санитариялық және техникалық жағдайына бағалау жүргізіп, олардың координаттарын нақтылады, гидрогеологиялық бақылаулар жүргізді және зертханалық зерттеулер үшін су сынамаларын алды. Зерттеу нәтижелері бойынша бұлақтардың орналасқан жері, жағдайы, гидрогеологиялық сипаттамалары және су сапасы туралы негізгі мәліметтер қамтылатын паспорттар әзірленіп жатыр. Алынған деректер табиғи су көздері туралы мәліметтерді өзектендіруге және оларды одан әрі есепке алып, мониторинг жүргізуді қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

🗣️«Келесі жылы Алматы облысында 600-ге жуық бұлақты зерттеу, ал 2028 жылы Жетісу облысында шамамен 500 бұлақты зерттеу жоспарланып отыр. Бұлақтарды жүйелі түрде паспорттау жұмыстары алғаш рет жүргізіліп жатқанын атап өткен маңызды. Жүргізіліп жатқан жұмыс бұлақтардың жай-күйін жақсы түсінуге, оларды сақтау бойынша уақытылы шаралар қабылдауға және олардың әлеуетін тиімді пайдалануға мүмкіндік беретін заманауи және сенімді деректер базасын қалыптастыру жолымен табиғи су объектілері мен тұщы су көздерін сақтауға бағытталған», - деді «Қазгидрогеология» КЕАҚ басқарма төрағасы Болат Бекнияз.

02/09/2026

💧Су ресурстарын кешенді басқарудың бас жоспары – ұлттық деңгейдегі стратегиялық құжат. Ол елдің су қауіпсіздігі мақсаттарын айқындайды, ресурстардың (трансшекаралық өзендерді қоса алғанда) жай-күйін болжайды және экономикада суды тиімді пайдалану талаптарын белгілейді.

📹Бұл жайлы толығырақ 24 KZ телеарнасынң «24 KZ Таңы» бағдарламасында ҚР СРИМ Су саясаты департаментінің директоры Серікжан Бекетаев айтып берді.

Address

Мәңгілік ел 8, 16В подъезд
Nur-Sultan
010000

Opening Hours

Monday 09:00 - 18:30
Tuesday 09:00 - 18:30
Wednesday 09:00 - 18:30
Thursday 09:00 - 18:30
Friday 09:00 - 18:30

Telephone

+77172741139

Alerts

Be the first to know and let us send you an email when Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігі posts news and promotions. Your email address will not be used for any other purpose, and you can unsubscribe at any time.

Shortcuts

Share