31/08/2026
📹 ЖАРИЯЛАНЫМ ІЗІМЕН
Қызылорда облысында жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзып, қарсы бағытқа шығып, авариялық жағдай туғызған және жол бойында пиротехникалық құралдар пайдаланған той кортежінің қатысушылары анықталды. Құқық бұзушылық 23 тамызға қараған түні Жаңақорған ауданында болғаны белгілі болды.
Барлық қатысушы анықталып, полицияға жеткізілді. Олар — 21 мен 35 жас аралығындағы Жаңақорған ауданының, Алматы және Жамбыл облыстарының, сондай-ақ Шымкент қаласының тұрғындары.
Жауапкершілікке тартылғандардың арасында 13 жүргізуші және 2 жолаушы бар. Барлығы заңда белгіленген тәртіппен жазаланды.
Құқық бұзушыларға қатысты 56 әкімшілік іс қозғалды. Олар қарсы бағытқа шығу, авариялық жағдай туғызу, қауіпті маневр жасау, көлікті жүргізу құқығынсыз және техникалық ақауы бар автокөлікті басқару, ұсақ бұзақылық жасау, сондай-ақ елдімекен аумағында пиротехникалық құралдарды заңсыз пайдалану деректері бойынша жауапкершілікке тартылды.
Сот шешімімен үш жүргізуші көлік басқару құқығынан айырылды. Қатысушылардың біріне бес тәулікке әкімшілік қамау жазасы тағайындалды. Қалғандарына әкімшілік айыппұлдар салынды. Бес автокөлік арнайы тұраққа қойылды. Барлық қатысушыға мұндай әреке