22/06/2026
Кабулда алғашқы Қазақстан–Ауғанстан білім беру және ғылыми-зерттеу орталығы құрылады
Қазақстандық делегацияның Ауғанстанға ресми сапары аясында Қазақ ұлттық су шаруашылығы және ирригация университеті, Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті және Кабул университеті арасында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды.
Келісім аясында Кабул университетінің базасында су ресурстарын басқару, ирригация және орнықты ауыл шаруашылығы бағытындағы алғашқы Қазақстан–Ауғанстан білім беру және ғылыми-зерттеу орталығын құру жоспарлануда.
Жаңа орталық мамандар даярлау, бірлескен ғылыми зерттеулер жүргізу, тәжірибе алмасу және су-аграрлық секторға заманауи шешімдерді енгізуге бағытталған маңызды алаңға айналады. Сонымен қатар, жоба су қауіпсіздігі, климаттық бейімделу, экологиялық мониторинг және азық-түлік қауіпсіздігі салаларындағы ғылыми-зерттеу жұмыстарын дамытуға және өңірлік ынтымақтастықты нығайтуға ықпал етеді.
Аталған бастаманы жүзеге асыруға «Болашақ» бағдарламасының түлегі, PhD, Қазақ ұлттық су шаруашылығы және ирригация университетінің Басқарма төрағасы – ректоры Камшат Түсіпова қатысуда.
Бұл бастама «Болашақ» бағдарламасы түлектерінің халықаралық деңгейдегі кәсіби әлеуеті мен елдік мүддеге қосып жүрген үлесінің айқын көрінісі.
Дереккөз: Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің ресми сайты
——————
В Кабуле будет создан первый казахстанско-афганский образовательный и научно-исследовательский центр по управлению водными ресурсами
В рамках официального визита казахстанской делегации в Афганистан подписано соглашение о создании первого казахстанско-афганского образовательного и научно-исследовательского центра в области управления водными ресурсами, ирригации и устойчивого сельского хозяйства.
Новая площадка станет важным шагом в укреплении академического сотрудничества, подготовке высококвалифицированных специалистов и развитии совместных научных исследований между Казахстаном и Афганистаном.
В реализации данной инициативы принимает участие выпускница международной программы «Болашак», Председатель Правления – Ректор Казахского национального университета водного хозяйства и ирригации, PhD Камшат Тусупова
Ассоциация «Болашак» поздравляет коллег с этим значимым достижением и желает успешной реализации проекта.
Источник: официальный сайт Премьер-Министра Республики Казахстан