Спорт және дене шынықтыру істері комитеті

Спорт және дене шынықтыру істері комитеті Комитет по делам спорта и физической культуры

ҮШІНШІ КҮННІҢ НӘТИЖЕСІ: 12 АЛТЫН, 7 КҮМІС, 5 ҚОЛА.Әлемнің 113 елінен 3000 спортшы қатысып VI Дүниежүзілік көшпенділер ой...
03/09/2026

ҮШІНШІ КҮННІҢ НӘТИЖЕСІ: 12 АЛТЫН, 7 КҮМІС, 5 ҚОЛА.

Әлемнің 113 елінен 3000 спортшы қатысып VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының додасы тартысты ойындармен, жарқын жеңістермен, жаңа рекордтармен толығуда. Қазақстан құрамасы ойындардың үшінші күнінде 12 алтын, 7 күміс, 5 қола медаль жеңіп алды. 

Аударыспақтан (эр эңиш) 100 келі салмақта ел намысын қорғаған әлем чемпионы, осы ойындардың екі дүркін жеңімпазы Ізбасаров Сырым байырғы қырғызстандық қарсыласын айқын басымдықпен жеңіп, үшінші рет жеңіс тұғырына көтерілді. Аударыспақтың алтын салмағы 90 келіде ел үмітін ақтаған Өткелбай Дарын қарсыластарының барлығын айқын басымдықпен жеңіп, алтын жүлде иегері атанды. Аса ауыр салмақта жарыс жолына шыққан Еркінұлы Нұржан қола жүлдені қанағат тұтты. 

Құсбегіліктен (куш салуу, далба, буркут) ел құрамасы сапында 9 спортшы келген болатын, соның төртеуі жеңіс тұғырына көтерілді. Атап айтқанда, «қаршыға» бойынша Жалғасұлы Серікболсын «Жебе» деген құсымен алтын, «бүркіт» бойынша Қошқаров Арман «Алғыр» атты қыранымен күміс, «ителгі» бойынша Бабажан Бақдәулет «Ұшқыр» атты құсымен күміс, «ителгі» бойынша Кенжетаев Ерлан «Ақбалық» атты құсымен қола медаль алды. 

Ойындар бағдарламасына көшпенді елдердің 14 түрлі күресі енсе, жарыстың үшінші күнінде отандастарымыз самбо мен қырғыз күресінен (кыргыз курөш) өнер көрсетті. Самбодан Сапар Болат (+98 келі) алтын, Нығметов Еркебұлан (79 келі) мен Бейсенбаев Жандос (64 келі) қола жүлдеге ие болды. Қырғыз күресінен ауыр салмақтағы балуанымыз Жұмағали Алмас (+100) ақтық сында қырғыз елінің спортшысына есе жіберді. 

Жанкүйерлердің ерекше ықыласына ие болған арқан тартыстан (аркан тартыш) құрама мүшелері бүгін де алтын жүлде олжалады. Кеше спортшыларымыз «8x8» бағдарламасы бойынша ақтық сында қырғыз елінен басым түсіп, алтын алса, бүгін «4x4» бағдарламасының ақтық сынында ирандық  спортшыларды жеңді.

02/09/2026

Бүгін VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында Алыш күресінен Қазақстанның 6 спортшысы жарысқа шығып, ел намысын қорғайды. 🇰🇿🔥

🤼‍♂️ Құрамымыз:
Тұрмаханбет Қалмұхан
Тұрғанбекұлы Бибарыс
Нұрланұлы Бекбол
Әбубәкіров Жандос
Аруов Аманбек
Қожагелдіұлы Нұрсұлтан

Барша спортшыларымызға сәттілік, жеңіс тілейміз! 💪🇰🇿

Алға, Қазақстан! Жеңіс жолында бірге болайық! 🏆

01/09/2026

🇰🇿🌍 VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындары: қонақтар қазақстандық спортшылар туралы не дейді?

*****

🇰🇿🌍 VI Всемирные игры кочевников: что гости говорят о казахстанских спортсменах?

Астанада спорт саласында елеулі еңбек етіп, отандық спорттың дамуына үлес қосып жүрген мамандарды марапатталды. Жиында Қ...
27/08/2026

Астанада спорт саласында елеулі еңбек етіп, отандық спорттың дамуына үлес қосып жүрген мамандарды марапатталды.

Жиында Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрінің орынбасары Серік Жарасбаев спорт саласындағы кәсіби еңбегімен және жоғары жетістіктерімен ерекшеленген мамандарға мемлекеттік наградалар мен ведомстволық марапаттарды табыстады.

Ресей Федерациясының пара шаңғы жарысы және пара биатлон бойынша жаттықтырушы-консультанты Роман Александрович Петушков Қазақстан Республикасының қысқы пара спорт түрлерін дамытуға, сондай-ақ ұлттық құраманың Паралимпиада және өзге де халықаралық жарыстарда жоғары нәтижелерге қол жеткізуіне қосқан елеулі үлесі үшін II дәрежелі «Достық» орденімен наградталды.

Ал Қазақстан Ұлттық паралимпиада комитетінің спорттық менеджері Меруерт Қажығалиқызы Тлебалды отандық параспортты дамытуға қосқан еңбегі үшін «Құрметті спорт қызметкері» төсбелгісімен марапатталды.

Айта кетейік, марапат иегерлері спорттық жарыстарға байланысты іссапарда болуына орай марапаттау рәсіміне жеке қатыса алмады. Осыған байланысты марапаттарды салалық министрдің орынбасары табыстады.

Марапаттау барысында спортшылардың жоғары нәтижелерге қол жеткізуінде жаттықтырушылар мен спорт мамандарының кәсіби еңбегі мен табанды қызметінің маңыздылығын аталды.

«Сіздердің спорт саласына қосқан үлестеріңіз – елге деген шынайы жанашырлық пен адал еңбектің көрінісі. Кәсіби шеберліктеріңіз бен тәжірибелеріңіз отандық параспорттың одан әрі дамуына серпін беріп, спортшыларымыздың халықаралық аренадағы жетістіктеріне негіз болуда», – деді Серік Жарасбаев.

21/08/2026

*Ғабит Расулхан - дзюдодан жасөспірімдер арасында Әлем чемпионы атанды*🥇

****

*Габит Расулхан - Чемпион мира по дзюдо среди кадетов* 🥇

Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитеті Қазақстан күресінің дамуы...
19/08/2026

Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитеті Қазақстан күресінің дамуына зор үлес қосқан, елге белгілі бапкер, грек-рим күресінің ардагері, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы Сағындықов Танат Өмірзақұлының дүниеден өтуіне байланысты марқұмның отбасы мен туған-туыстарына қайғырып көңіл айтады.

Танат Өмірзақұлы саналы ғұмырын отандық күрестің өркендеуіне арнап, талай балуанды тәрбиелеп, олардың үлкен спортқа қадам басуына жол ашты. Ұлттық құрама сапында еңбек етіп, шәкірттерін биік белестерге жетелеген білікті бапкердің есімі қазақ күресі мен спорт тарихында сақталады.

Бұл – марқұмның отбасы мен жақындары үшін ғана емес, бүкіл спорт қауымы үшін орны толмас ауыр қаза.

59 медаль және 16 рекорд: Қазақстан құрамасы Азия чемпионатында жоғары нәтиже көрсетті Қазақстанның ауыр атлетикадан жас...
15/08/2026

59 медаль және 16 рекорд: Қазақстан құрамасы Азия чемпионатында жоғары нәтиже көрсетті

Қазақстанның ауыр атлетикадан жасөспірімдер және жастар командасы Ташкентте өткен Азия чемпионатындағы жарысты жоғары нәтижемен аяқтады.

Қазақстандық ауыр атлеттер құрлық додасында 59 медаль, оның ішінде 19 алтын медаль жеңіп алды. Сонымен қатар ұлттық құрама спортшылары 16 рекорд — 11 Азия және 5 әлем рекордын жаңартты.

Жарыс қорытындысы бойынша Қазақстан 17 жасқа дейінгі қыздар және 20 жасқа дейінгі жастар арасында жалпы командалық есепте бірінші орынға ие болды.

Чемпионатта ерекше нәтиже көрсеткен спортшылардың бірі — Снежана Кашкарова. Ол үш Азия және үш әлем рекордын жаңартып, жарыстың қорытындысы бойынша ауыр атлетикадан Азия чемпионатының үздік спортшысы атанды.

Ал Ксения Прозорова жарыс барысында тағы екі әлем рекордын орнатты.

Қазақстан құрамасының барлық спортшыларын, жаттықтырушыларын, мамандары мен ұлттық құраманың барлық мүшелерін осы жоғары нәтижемен шын жүректен құттықтаймыз!

Сіздерге алдағы жарыстарда толағай табыс, жаңа жеңістер мен рекордтар тілейміз! Қазақстанның көк байрағын халықаралық аренада биікте желбірете беріңіздер!

🏆 ТҰҢҒЫШ АЛТЫН 🇰🇿Қазақстандық Team KZ «Болашақ ойындары – 2026» (GOTF 2026) powered by Samruk-Kazyna турнирінде Phygital...
08/08/2026

🏆 ТҰҢҒЫШ АЛТЫН 🇰🇿

Қазақстандық Team KZ «Болашақ ойындары – 2026» (GOTF 2026) powered by Samruk-Kazyna турнирінде Phygital Shooter CS 2 дисциплинасы бойынша чемпион атанды!

Ақтық бәсекеде отандастарымыз Liga Pro Team командасын тартысты матчта 2:1 есебімен жеңіп, жарыстың алтын жүлдесін иеленді.

🔥 Финалдың нәтижесі:
• Dust2 — 13:1 🇰🇿
• Neo Data — 1:13
• Nuke — 13:9 🇰🇿

Шешуші Nuke картасында Team KZ ойыншылары жоғары шеберлік пен мықты командалық үйлесімділік танытып, чемпиондық атақты өз еншісіне жазды.

🥇 Team KZ — чемпион!
🥈 Liga Pro Team
🥉 Minsk House

Жеңіспен бірге қазақстандық команда 50 мың АҚШ доллары көлеміндегі жүлдені иеленді. Ал дисциплинаның жалпы жүлде қоры 150 мың АҚШ долларын құрады.

🇰🇿 Бұл — қазақстандық киберспорт пен фиджитал спорт үшін маңызды тарихи жетістік!

Address

Мәңгілік ел
Nur-Sultan

Opening Hours

Monday 09:00 - 18:30
Tuesday 09:00 - 18:30
Wednesday 09:00 - 18:30
Thursday 09:00 - 18:30
Friday 09:00 - 18:30

Telephone

+77172740861

Alerts

Be the first to know and let us send you an email when Спорт және дене шынықтыру істері комитеті posts news and promotions. Your email address will not be used for any other purpose, and you can unsubscribe at any time.

Shortcuts

Share