Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі

  • Home
  • Kazakhstan
  • Nur-Sultan
  • Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Министерство здравоохранения Республики Казахстан

Центральный исполнительный орган Республики Казахстан в области регулирования системы здравоохранения
Подробнее на нашем сайте www.mz.gov.kz/

ДӘРІЛІК ЗАТТАРДЫ ЦИФРЛЫҚ ДЕРБЕС ЕСЕПКЕ АЛУ 2027 ЖЫЛҒА ҚАРАЙ 2 МЛН-ДАН АСТАМ ПАЦИЕНТТІ ҚАМТИДЫҚазақстанда 2026 жылдан бас...
01/09/2026

ДӘРІЛІК ЗАТТАРДЫ ЦИФРЛЫҚ ДЕРБЕС ЕСЕПКЕ АЛУ 2027 ЖЫЛҒА ҚАРАЙ 2 МЛН-ДАН АСТАМ ПАЦИЕНТТІ ҚАМТИДЫ

Қазақстанда 2026 жылдан бастап дәрілік заттардың айналымының бірыңғай цифрлық контуры енгізілді: препаратты тіркеуден бастап оны нақты пациентке беруге дейінгі барлық кезең қамтылады.

Амбулаториялық деңгейде дәрі-дәрмектерге қажеттілікті жекелендіріп жоспарлау және есепке алуға көшу негізінде 2026 жылға 1,9 млн нақты пациент, ал 2027 жылға 2,16 млн нақты пациент бойынша қажеттілік қалыптастырылды. Бұл кімге қандай препарат және қандай көлемде қажет екенін дәлірек анықтауға, сондай-ақ сатып алуды нақты қажеттілікке қарай жоспарлауға мүмкіндік береді.

Пациент үшін бұл тағайындалған тегін дәрілік заттарды атаулы және уақтылы алуға кепілдік беруді білдіреді. Ал мемлекет пен денсаулық сақтау жүйесі үшін – қаржы қаражатын тиімді жұмсау және дәрілік заттардың айналымын толық қадағалау мүмкіндігін қамтамасыз етеді.

Бүгінде дәрілік заттарды таңбалау жүйесі 1,01 млрд қаптаманы қамтиды. Цифрлық тізбек дәрілік заттың дәріханаға және нақты пациентке дейін жеткізілуін қадағалауға мүмкіндік береді, ал «Әлеуметтік әмиян» арқылы беру кезінде препараттың түпнұсқалығы қатар тексеріледі.

Цифрландыру арқылы дәрілік заттар нарығының ашықтығын қамтамасыз ету нәтижесінде бюджетке қосымша 23,9 млрд теңге салық түсімі түсті.

2026 жылы амбулаториялық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету шеңберінде 1,9 млн пациентке 8,6 млн-нан астам электрондық рецепт жазылды. Бүгінде дәрі-дәрмек берудің 82%-ы «Әлеуметтік әмиян» арқылы жүзеге асырылады.

Осылайша, дәрілік заттарды жай ғана электрондық есепке алу емес, препаратты өндіру мен тіркеуден бастап сатып алу, жеткізу, босату және нақты пациенттің алуына дейінгі барлық кезеңді қамтитын тұтас бақылау жүйесі қалыптасуда.

МИНЗДРАВ ЗАВЕРШИЛ ИНТЕГРАЦИЮ 23 ИНФОРМСИСТЕМ В ЕДИНЫЙ ЦИФРОВОЙ КОНТУРМинистерством здравоохранения по поручению Главы го...
01/09/2026

МИНЗДРАВ ЗАВЕРШИЛ ИНТЕГРАЦИЮ 23 ИНФОРМСИСТЕМ В ЕДИНЫЙ ЦИФРОВОЙ КОНТУР

Министерством здравоохранения по поручению Главы государства впервые осуществлена интеграция 23 разрозненных государственных информационных системе в 7 цифровых экосистем, 5 из которых уже находятся в режиме эксплуатации.

Это позволит обеспечить бесшовный обмен данными, повысить качество медицинских услуг и сократить административную нагрузку на врачей. Благодаря этому медицинские данные становятся доступнее, а процессы – быстрее и удобнее для всех участников системы. По принципам интеграции медицинских данных Казахстан сопоставим сегодня с практикой Турции, Финляндии, Эстонии и Сингапура.

В едином цифровом контуре здравоохранения доступны 20 миллионов цифровых профилей пациентов, в том числе 7 миллионов детей со стопроцентным цифровым паспортом здоровья, 173 тысячи беременных женщин и 3,7 миллиона граждан на диспансерном учёте.

К единому хранилищу медицинских данных подключены 12 частных медицинских информационных систем. Все компоненты интегрированы более чем с 50 информационными системами других государственных органов.

В хранилище уже накоплено около 1,5 петабайта медицинских данных, охватывающих период с 2012 года. Система обрабатывает 62 вида медицинских событий.

Главное преимущество создания единой экосистемы – пациенту не придется каждый раз заново сообщать одни и те же сведения, они будут закреплены за ним один раз и навсегда.

Массив медицинских данных переведен в единый защищённый государственный контур с сертифицированной информационной безопасностью. Объекты здравоохранения отнесены к критически важным цифровым объектам с обязательным аудитом кибербезопасности, обеспечена защита персональных данных пациентов.

ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ 23 АҚПАРАТТЫҚ ЖҮЙЕНІ БІРЫҢҒАЙ ЦИФРЛЫҚ КОНТУРҒА ИНТЕГРАЦИЯЛАУДЫ АЯҚТАДЫМемлекет басшысының т...
01/09/2026

ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ 23 АҚПАРАТТЫҚ ЖҮЙЕНІ БІРЫҢҒАЙ ЦИФРЛЫҚ КОНТУРҒА ИНТЕГРАЦИЯЛАУДЫ АЯҚТАДЫ

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Денсаулық сақтау министрлігі алғаш рет 23 бөлек мемлекеттік ақпараттық жүйені 7 цифрлық экожүйеге біріктірді. Оның 5-еуі бүгінде пайдалануға беріліп, жұмыс режимінде іске қосылды.

Бұл деректермен үздіксіз алмасуды қамтамасыз етуге, медициналық қызметтердің сапасын арттыруға және дәрігерлерге түсетін әкімшілік жүктемені азайтуға мүмкіндік береді. Соның нәтижесінде медициналық деректер қолжетімді болып, процестер жүйенің барлық қатысушылары үшін жылдам әрі ыңғайлы бола түседі. Медициналық деректерді интеграциялау қағидаттары бойынша бүгінде Қазақстан Түркия, Финляндия, Эстония және Сингапур тәжірибесімен салыстыруға келеді.

Денсаулық сақтаудың бірыңғай цифрлық контурында 20 миллион пациенттің цифрлық бейіні қолжетімді. Оның ішінде денсаулық паспорты 100% цифрландырылған 7 миллион бала, 173 мың жүкті әйел және диспансерлік есепте тұрған 3,7 миллион азамат бар.

Медициналық деректердің бірыңғай қоймасына 12 жекеменшік медициналық ақпараттық жүйе қосылды. Барлық компонент 50-ден астам мемлекеттік органның ақпараттық жүйесімен интеграцияланған.

Қоймада 2012 жылдан бергі кезеңді қамтитын шамамен 1,5 петабайт медициналық дерек жинақталған. Жүйе медициналық сипаттағы 62 түрлі оқиғаны өңдейді.

Бірыңғай экожүйені құрудың басты артықшылығы – пациентке бір ақпаратты әр жолы қайта хабарлаудың қажеті болмайды. Мәліметтер оған бір рет енгізіліп, тұрақты түрде бекітіледі.

Медициналық деректер жиынтығы сертификатталған ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сәйкес бірыңғай қорғалған мемлекеттік контурға көшірілді. Денсаулық сақтау нысандары киберқауіпсіздікке міндетті аудит жүргізілетін аса маңызды цифрлық нысандар санатына жатқызылды. Пациенттердің дербес деректерін қорғау қамтамасыз етілді.

МИНЗДРАВ ПРЕДОТВРАТИЛ НЕОБОСНОВАННЫЕ РАСХОДЫ НА МЕДПОМОЩЬ НА СУММУ СВЫШЕ 30 МЛРД ТЕНГЕМинистерством здравоохранения с по...
01/09/2026

МИНЗДРАВ ПРЕДОТВРАТИЛ НЕОБОСНОВАННЫЕ РАСХОДЫ НА МЕДПОМОЩЬ НА СУММУ СВЫШЕ 30 МЛРД ТЕНГЕ

Министерством здравоохранения с помощью цифровых инструментов выявлено и исключено в медицинских информационных системах 400 тысяч неактуальных карт пациентов. Это предотвратило необоснованные расходы на медицинскую помощь и лекарства в размере 31 млрд тенге.

Выстроена сквозная цепочка достоверности – от обращения пациента до оплаты медицинской организации. Единое хранилище выступает единым источником данных, цифровая идентификация подтверждает факт обращения пациента и исключает приписки, форматно-логический контроль проверяет событие до сохранения, единая система оплаты проверяет объём и качество помощи.

Таким образом, результат стал измеримым. Выявляемость дефектов при оплате выросла в 3,5 раза. Необоснованное потребление услуг снижено на 7,1 процента, это около 7 миллиардов тенге. Выявлены завышения на 10,6 миллиарда тенге. Только по неактивным получателям подушевого норматива эффект составил 3,2 миллиарда.

Риск-ориентированный надзор через цифровую систему управления ресурсами дал возможность выявить около 40 организаций, работавших без действующей лицензии, деятельность пяти приостановлена.

Также новая система впервые позволила установить более 2 тысяч специалистов с истёкшими сертификатами, из них более 50 отстранены от работы.

Создание единого цифрового контура здравоохранения позволяет реализовать простой принцип: деньги следуют за пациентом и реально оказанной ему медицинской помощью.

ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ МЕДИЦИНАЛЫҚ КӨМЕККЕ НЕГІЗСІЗ ЖҰМСАЛАТЫН 30 МЛРД ТЕҢГЕДЕН АСТАМ ҚАРАЖАТТЫҢ АЛДЫН АЛДЫДенсаул...
01/09/2026

ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ МЕДИЦИНАЛЫҚ КӨМЕККЕ НЕГІЗСІЗ ЖҰМСАЛАТЫН 30 МЛРД ТЕҢГЕДЕН АСТАМ ҚАРАЖАТТЫҢ АЛДЫН АЛДЫ

Денсаулық сақтау министрлігі цифрлық құралдардың көмегімен медициналық ақпараттық жүйелердегі 400 мың өзектілігін жоғалтқан пациент картасын анықтап, жүйеден алып тастады. Бұл медициналық көмек пен дәрілік заттарға 31 млрд теңге көлемінде негізсіз шығыстардың алдын алуға мүмкіндік берді.

Пациенттің медициналық ұйымға жүгінуінен бастап медициналық ұйымға төлем жүргізуге дейінгі деректердің дұрыстығын қамтамасыз ететін тұтас тізбек қалыптастырылды. Бірыңғай қойма деректердің негізгі көзі ретінде қызмет етеді, цифрлық сәйкестендіру пациенттің медициналық көмекке нақты жүгінгенін растап, жалған мәлімет енгізуге жол бермейді, форматтық-логикалық бақылау медициналық оқиғаны сақтауға дейін тексереді, ал бірыңғай төлем жүйесі көрсетілген көмектің көлемі мен сапасын тексереді.

Осылайша, нәтиже өлшенетін көрсеткіштермен айқындалды. Төлем жасау кезінде кемшіліктерді анықтау деңгейі 3,5 есеге артты. Медициналық қызметтерді негізсіз тұтыну 7,1%-ға, яғни шамамен 7 млрд теңгеге төмендеді. 10,6 млрд теңге көлемінде негізсіз көтеру фактілері анықталды. Жан басына шаққандағы норматив бойынша белсенді емес алушыларға қатысты ғана әсер 3,2 млрд теңгені құрады.

Цифрлық ресурстарды басқару жүйесі арқылы қауіптерге бағдарланған қадағалау нәтижесінде қолданыстағы лицензиясы жоқ қызмет жүргізген шамамен 40 ұйым анықталды, олардың бесеуінің қызметі тоқтатылды.

Сонымен қатар жаңа жүйе алғаш рет сертификаттарының мерзімі өткен 2 мыңнан астам маманды анықтауға мүмкіндік берді, олардың 50-ден астамы жұмыстан шеттетілді.

Денсаулық сақтаудың бірыңғай цифрлық контурын құру: пациентке көрсетілген сапалы медициналық көмекке қомақты қаражат деген қарапайым қағидатты іске асыруға мүмкіндік береді.

МИНЗДРАВ УСИЛИВАЕТ КОНТРОЛЬ ЗА ИНФЕКЦИОННОЙ БЕЗОПАСНОСТЬЮ В МЕДИЦИНСКИХ ОРГАНИЗАЦИЯХМинистерство здравоохранения Республ...
01/09/2026

МИНЗДРАВ УСИЛИВАЕТ КОНТРОЛЬ ЗА ИНФЕКЦИОННОЙ БЕЗОПАСНОСТЬЮ В МЕДИЦИНСКИХ ОРГАНИЗАЦИЯХ

Министерство здравоохранения Республики Казахстан усиливает систему профилактики инфекций, связанных с оказанием медицинской помощи (ИСМП), и повышение безопасности пациентов в больницах и других медицинских организациях. Соответствующий проект приказа «Об утверждении Правил проведения внутреннего инфекционного аудита» разработан и проходит процедуру согласования и государственной регистрации.

Инфекции, связанные с оказанием медицинской помощи, остаются одной из наиболее серьезных проблем современной системы здравоохранения. По данным Всемирной организации здравоохранения, каждый десятый пациент в мире сталкивается с инфекцией во время получения медицинской помощи, а около 1,4 млн человек одновременно проходят лечение от ИСМП.

В Казахстане в 2025 году уровень регистрации ИСМП увеличился в 1,41 раза по сравнению с 2024 годом. Наибольшее количество таких случаев приходится на организации родовспоможения, где чаще всего регистрируются гнойно-септические инфекции.

Теперь внутренний инфекционный аудит станет обязательным элементом системы инфекционного контроля в медицинских организациях независимо от формы собственности.

Его главная задача – не реагировать на последствия, а предупреждать риски: своевременно выявлять нарушения, устранять причины их возникновения и предотвращать повторные случаи инфекций.

Периодичность аудита будет определяться с учетом профиля медицинской организации, эпидемиологической ситуации и результатов предыдущих проверок. При возникновении дополнительных эпидемиологических рисков будут проводиться внеплановые аудиты.

В рамках внутреннего инфекционного аудита медицинские организации будут системно оценивать соблюдение требований инфекционной безопасности, включая:
• соблюдение гигиены рук медицинским персоналом;
• выполнение правил асептики и антисептики;
• качество дезинфекции и стерилизации медицинских изделий;
• использование средств индивидуальной защиты;
• профилактику инфекций в хирургии и отделениях высокого риска;
• безопасность медицинских процедур;
• обращение с медицинскими отходами;
• обучение персонала вопросам инфекционной безопасности.

При выявлении нарушений комиссия по профилактике ИСМП будет разрабатывать корректирующие мероприятия с конкретными сроками исполнения и ответственными лицами. После этого проводится контроль выполнения и оценка эффективности принятых мер.

Проект правил разработан с учетом рекомендаций Всемирной организации здравоохранения и направлен на совершенствование эпидемиологического надзора внутри медицинских организаций.

Особое внимание уделено профилактике распространения микроорганизмов с множественной лекарственной устойчивостью, поскольку ИСМП увеличивают продолжительность госпитализации, потребность в дополнительной антибактериальной терапии, повторных медицинских вмешательствах и лабораторной диагностике.

Принятие новых Правил позволит:
• повысить эффективность профилактики ИСМП;
• снизить риск возникновения и распространения внутрибольничных инфекций;
• усилить внутренний контроль качества и инфекционной безопасности в медицинских организациях;
• повысить компетентность медицинских работников в вопросах инфекционного контроля;
• сократить затраты системы здравоохранения, связанные с лечением инфекционных осложнений.

ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ МЕДИЦИНАЛЫҚ ҰЙЫМДАРДАҒЫ ИНФЕКЦИЯЛЫҚ ҚАУІПСІЗДІКТІ БАҚЫЛАУДЫ КҮШЕЙТЕДІҚазақстан Республикасы...
01/09/2026

ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ МЕДИЦИНАЛЫҚ ҰЙЫМДАРДАҒЫ ИНФЕКЦИЯЛЫҚ ҚАУІПСІЗДІКТІ БАҚЫЛАУДЫ КҮШЕЙТЕДІ

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі медициналық көмек көрсетуге байланысты инфекциялардың (МКБИ) профилактикасы жүйесін жетілдіру және ауруханалар мен басқа да медициналық ұйымдардағы пациенттердің қауіпсіздігін арттыру бойынша жұмысты күшейтуде. Осыған байланысты «Ішкі инфекциялық аудит жүргізу қағидаларын бекіту туралы» бұйрықтың жобасы әзірленіп, қазіргі уақытта келісу және мемлекеттік тіркеу рәсімдерінен өтуде.

Медициналық көмек көрсетуге байланысты инфекциялар қазіргі заманғы денсаулық сақтау жүйесінің аса маңызды мәселелерінің бірі болып қала береді. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының деректеріне сәйкес әлемде әрбір оныншы пациент медициналық көмек алу кезінде инфекцияға шалдығады, ал шамамен 1,4 млн адам бір мезгілде МКБИ бойынша ем қабылдайды.

Қазақстанда 2025 жылы МКБИ тіркелу деңгейі 2024 жылмен салыстырғанда 1,41 есеге өсті. Мұндай жағдайлардың ең көп саны акушерлік ұйымдарда тіркеледі, онда іріңді-септикалық инфекциялар жиі кездеседі.

Бұдан былай ішкі инфекциялық аудит меншік нысанына қарамастан, медициналық ұйымдардағы инфекциялық бақылау жүйесінің міндетті элементіне айналады.

Оның басты міндеті – инфекция салдарымен күресу емес, қауіптердің алдын алу: бұзушылықтарды уақтылы анықтау, олардың туындау себептерін жою және инфекциялардың қайталанатын жағдайларына жол бермеу.

Аудит жүргізу мерзімділігі медициналық ұйымның бейіні, эпидемиологиялық жағдай және алдыңғы тексерулердің нәтижелері ескеріле отырып айқындалады. Қосымша эпидемиологиялық қауіптер туындаған жағдайда жоспардан тыс аудиттер жүргізіледі.

Ішкі инфекциялық аудит шеңберінде медициналық ұйымдар инфекциялық қауіпсіздік талаптарының сақталуын жүйелі түрде бағалайды. Атап айтқанда:
• медициналық персоналдың қол гигиенасын сақтауын;
• асептика және антисептика қағидаларының орындалуын;
• медициналық бұйымдарды дезинфекциялау және стерильдеу сапасын;
• жеке қорғаныш құралдарын пайдалануды;
• хирургияда және жоғары қауіп тобына жататын бөлімшелерде инфекциялардың профилактикасын;
• медициналық емшаралардың қауіпсіздігін;
• медициналық қалдықтармен жұмыс істеуді;
• персоналды инфекциялық қауіпсіздік мәселелері бойынша оқытуды бағалайды.

Бұзушылықтар анықталған жағдайда МКБИ профилактикасы жөніндегі комиссия нақты орындау мерзімдері мен жауапты тұлғаларды көрсете отырып, түзету шараларын әзірлейді. Одан кейін қабылданған шаралардың орындалуына бақылау жүргізіліп, олардың тиімділігі бағаланады.

Қағидалар жобасы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының ұсынымдары ескеріле отырып әзірленді және медициналық ұйымдардың ішіндегі эпидемиологиялық қадағалауды жетілдіруге бағытталған.

Көптеген дәрілік препараттарға төзімді микроорганизмдердің таралуының профилактикасына ерекше назар аударылған. Себебі МКБИ пациенттердің стационарда болу мерзімін ұзартып, қосымша антибактериялық емге, қайталама медициналық араласулар мен зертханалық диагностикаға қажеттілікті арттырады.

Жаңа Қағидаларды қабылдау:
• МКБИ профилактикасының тиімділігін арттыруға;
• ауруханаішілік инфекциялардың туындау және таралу қаупін төмендетуге;
• медициналық ұйымдардағы ішкі сапа мен инфекциялық қауіпсіздікті бақылауды күшейтуге;
• медицина қызметкерлерінің инфекциялық бақылау мәселелері бойынша құзыреттілігін арттыруға;
• инфекциялық асқынуларды емдеуге байланысты денсаулық сақтау жүйесінің шығындарын қысқартуға мүмкіндік береді.

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ӨҢІРЛІК БАЛАЛАР КАРДИОХИРУРГИЯЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫТүркістан облыстық көпбейінді балалар ауруханасының...
31/08/2026

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ӨҢІРЛІК БАЛАЛАР КАРДИОХИРУРГИЯЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ

Түркістан облыстық көпбейінді балалар ауруханасының базасында Өңірлік балалар кардиохирургиялық орталығы ашылды. Жаңа орталық балаларға жоғары мамандандырылған кардиохирургиялық көмектің қолжетімділігі мен сапасын арттыруға, жүрек-қан тамыры ауруларынан болатын нәресте өлімін төмендетуге және туа біткен жүрек ақаулары бар балалардың өмір сүру сапасын жақсартуға мүмкіндік береді.

Түркістан және Ақтөбе облыстарында балалар кардиохирургиялық орталықтарын құру Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 29 қаңтардағы №56 қаулысымен бекітілген «Қазақстан балалары» 2026–2030 жылдарға арналған тұжырымдамасында көзделген.

Түркістан облысының 900 мыңнан астам тұрғыны - балалар. Өңірде жыл сайын 80 мыңнан астам сәби дүниеге келеді. Бір жасқа дейінгі балалар арасында жүрек пен қан айналымы жүйесінің туа біткен аномалияларымен сырқаттанушылық көрсеткіші 1 мың балаға шаққанда 35 жағдайды құрайды. Республика бойынша бұл көрсеткіш – 22,5.

2014 жылдан бері облыста туа біткен жүрек ақаулары бар балаларға 3 433 операция жасалған. Балалар кардиохирургиясы бөлімшесінде жыл сайын 100-ден астам операция орындалады. Олардың 82%-ы жасанды қан айналымы аппаратын қолдану арқылы ашық жүрекке жасалса, 78%-ы бір жасқа дейінгі балаларға жүргізіледі. Сондай-ақ критикалық туа біткен жүрек ақауларымен дүниеге келген 26 нәрестеге ота жасалған.

Қазіргі уақытта бөлімше Түркістан облысы мен Шымкент қаласының тұрғындарына қызмет көрсетеді. Бұған қоса, медициналық авиация арқылы Жамбыл және Қызылорда облыстарынан жеткізілген жаңа туған нәрестелерге операция жасау тәжірибесі қалыптасқан.

Орталықты ашу шеңберінде балалар кардиохирургиясы бөлімшесі кеңейтіліп, кардиожансақтау бөлімшесі мен ота залдарына жөндеу жұмыстары жүргізілді. Орталық заманауи медициналық жабдықтармен толық қамтамасыз етіліп, білікті мамандармен жасақталған.

Орталықтың негізгі міндеті – туа біткен жүрек ақаулары бар балаларға жоғары мамандандырылған медициналық көмек көрсету. Мұнда диагностикалау мен емдеудің заманауи әдістерін енгізу, медицина қызметкерлерін оқыту және олардың біліктілігін арттыру, сондай-ақ консультациялық көмек көрсету үшін телемедицина технологияларын дамыту жоспарланып отыр.

Орталықтың ашылуы:

🔹 балалар арасындағы жүрек-қан тамыры ауруларынан болатын өлім-жітімді төмендетуге;

🔹 туа біткен жүрек ақауларын түзету бойынша операциялардың санын арттыруға;

🔹 балаларға қажетті көмекті тұрғылықты жеріне жақын маңайда көрсетуге;

🔹 туа біткен жүрек ақаулары бар балалардың өмір сүру сапасын жақсартуға мүмкіндік береді.

В КАЗАХСТАНЕ ОБНОВЛЕНО УЧЕБНОЕ ПОСОБИЕ ПО ГРУДНОМУ ВСКАРМЛИВАНИЮ ДЛЯ МЕДИЦИНСКИХ РАБОТНИКОВВ рамках совместного проекта ...
31/08/2026

В КАЗАХСТАНЕ ОБНОВЛЕНО УЧЕБНОЕ ПОСОБИЕ ПО ГРУДНОМУ ВСКАРМЛИВАНИЮ ДЛЯ МЕДИЦИНСКИХ РАБОТНИКОВ

В рамках совместного проекта Министерства здравоохранения, Всемирной организации здравоохранения (ВОЗ) и Евразийского фонда стабилизации и развития (ЕФСР) «Охрана, поддержка и поощрение грудного вскармливания в больнице доброжелательного отношения к ребенку» обновлено учебное пособие для медицинских работников «Охрана, поддержка и поощрение грудного вскармливания в больнице доброжелательного отношения к ребенку. Пересмотренная инициатива ВОЗ/ЮНИСЕФ по созданию в больницах благоприятных условий для грудного вскармливания». Документ опубликован на официальном сайте Минздрава РК (https://www.gov.kz/memleket/entities/dsm/documents/details/1057239?lang=ru).

«Мы стремимся к тому, чтобы поддержка грудного вскармливания стала не отдельной инициативой, а неотъемлемой частью системы охраны здоровья матери и ребенка. Каждая женщина, независимо от региона проживания, должна иметь возможность получить в медицинской организации квалифицированную помощь, основанную на единых современных стандартах. Обновленное учебное пособие и подготовка национальных тренеров – это важный шаг к тому, чтобы такие подходы системно применялись во всех регионах страны», — отметила министр здравоохранения Акмарал Альназарова.

Пособие предназначено для руководителей медицинских организаций родовспоможения и первичной медико-санитарной помощи, врачей акушеров-гинекологов, неонатологов и педиатров, а также национальных и региональных экспертов и координаторов программ по охране, поддержке и поощрению грудного вскармливания.

«Во всем мире менее половины детей находятся исключительно на грудном вскармливании в первые шесть месяцев жизни, и Казахстан не является исключением. Это вызов, но одновременно и возможность для совместной работы. Создание благоприятных условий для грудного вскармливания – общая ответственность системы здравоохранения. ВОЗ готова и далее поддерживать Казахстан в продвижении грудного вскармливания и восстановлении сети больниц доброжелательного отношения к ребенку», – отметил д-р Скендер Сыла, Представитель ВОЗ в Казахстане.

Учебное пособие подготовлено Тамарой Курмангалиевной Чуваковой, доктором медицинских наук, профессором, одним из ведущих специалистов в области неонатологии в Казахстане, при технической поддержке Странового офиса ВОЗ в Казахстане и Министерства здравоохранения Республики Казахстан.

Грудное вскармливание – это не только важный источник питания для ребенка, но и одна из ключевых мер защиты его здоровья, способствующая снижению риска инфекций, поддержанию оптимального роста и развития и укреплению здоровья в долгосрочной перспективе.

Недостаточная практика грудного вскармливания имеет последствия не только для здоровья детей и матерей, но и для экономического благополучия стран. В глобальном масштабе, по оценке ВОЗ, ежегодные экономические потери, связанные с неоптимальным грудным вскармливанием, оцениваются в пределах от 257 до 341 млрд долларов США.

В этом контексте особое значение имеет создание в медицинских организациях условий, способствующих грудному вскармливанию, а также повышение компетенций медицинских работников, которые непосредственно взаимодействуют с женщинами и семьями.

При подготовке и доработке пособия также был учтен вклад экспертов и специалистов системы здравоохранения, принимавших участие в обсуждении и совершенствовании материалов.

Отметим, что инициатива ВОЗ/ЮНИСЕФ «Больница доброжелательного отношения к ребенку» является одним из ключевых подходов к созданию благоприятных условий для грудного вскармливания в системе здравоохранения. Она помогает медицинским организациям выстраивать практики, поддерживающие матерей с первых часов после рождения ребенка, и укреплять знания и навыки медицинских работников.

В рамках проекта национальные тренеры посетили 20 регионов Казахстана, где провели обучающие семинары по основам грудного вскармливания для медицинских работников организаций родовспоможения, детства и первичной медико-санитарной помощи.

Всего было подготовлено 503 национальных тренера, которые продолжают содействовать внедрению рекомендаций ВОЗ и ЮНИСЕФ по поддержке грудного вскармливания на региональном уровне.

За последние десятилетия практика вскармливания детей грудного и раннего возраста также существенно изменилась, в том числе под воздействием маркетинга коммерческих заменителей грудного молока.

Это подчеркивает необходимость обеспечения семей достоверной информацией и создания условий, в которых каждая женщина сможет получить квалифицированную помощь и поддержку в вопросах грудного вскармливания.

ҚАЗАҚСТАНДА МЕДИЦИНА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНЕ АРНАЛҒАН АНА СҮТІМЕН ҚОРЕКТЕНДІРУ  ЖӨНІНДЕГІ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК ҚҰРАЛ ЖАҢАРТЫЛДЫҚазақс...
31/08/2026

ҚАЗАҚСТАНДА МЕДИЦИНА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНЕ АРНАЛҒАН АНА СҮТІМЕН ҚОРЕКТЕНДІРУ ЖӨНІНДЕГІ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК ҚҰРАЛ ЖАҢАРТЫЛДЫ

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДҰ) және Еуразиялық тұрақтандыру және даму қоры (ЕТДҚ) бірлесіп жүзеге асырып жатқан «Балаға ізгі ниетпен қарайтын ауруханада ана сүтімен қоректендіруді қорғау, қолдау және ынталандыру» жобасы шеңберінде медицина қызметкерлеріне арналған «Балаға ізгі ниетпен қарайтын ауруханада ана сүтімен қоректендіруді қорғау, қолдау және ынталандыру. Ауруханаларда ана сүтімен қоректендіруге қолайлы жағдайлар жасау жөніндегі ДДҰ/ЮНИСЕФ қайта қаралған бастамасы» оқу-әдістемелік құралы жаңартылды. Құжат ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің ресми сайтында жарияланды.

«Біз ана сүтімен қоректендіруді қолдаудың жеке бастама емес, ана мен баланың денсаулығын сақтау жүйесінің ажырамас бөлігіне айналуына ұмтыламыз. Әрбір әйел тұрғылықты өңіріне қарамастан, медициналық ұйымда бірыңғай заманауи стандарттарға негізделген білікті көмек алуға мүмкіндікке ие болуы тиіс. Жаңартылған оқу-әдістемелік құрал және ұлттық тренерлерді даярлау – мұндай тәсілдерді еліміздің барлық өңірінде жүйелі түрде енгізуге жасалған маңызды қадам», – деп атап өтті Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова.

Оқу-әдістемелік құрал босандыру және медициналық-санитариялық алғашқы көмек ұйымдарының басшыларына, акушер-гинеколог дәрігерлерге, неонатологтар мен педиатрларға, сондай-ақ ана сүтімен қоректендіруді қорғау, қолдау және ынталандыру бағдарламалары бойынша ұлттық және өңірлік сарапшылар мен үйлестірушілерге арналған.

«Бүкіл әлемде балалардың жартысынан азы өмірінің алғашқы алты айында тек қана ана сүтімен қоректенеді, Қазақстан да бұдан тыс емес. Бұл – сын-қатер, сонымен қатар бірлескен жұмыс жүргізуге мүмкіндік. Ана сүтімен қоректендіруге қолайлы жағдай жасау – денсаулық сақтау жүйесінің ортақ жауапкершілігі. ДДҰ Қазақстанға ана сүтімен қоректендіруді ілгерілету және балаға ізгі ниетпен қарайтын ауруханалар желісін қалпына келтіру бағытында бұдан әрі де қолдау көрсетуге дайын», – деді ДДҰ-ның Қазақстандағы өкілі, доктор Скендер Сыла.

Оқу-әдістемелік құралды Қазақстандағы неонатология саласының жетекші мамандарының бірі, медицина ғылымдарының докторы, профессор Тамара Курмангалиевна Чувакова Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі мен ДДҰ-ның Қазақстандағы елдік офисінің техникалық қолдауымен әзірледі.

Ана сүтімен қоректендіру – бала үшін маңызды қорек көзі ғана емес, сонымен қатар оның денсаулығын сақтаудың негізгі шараларының бірі. Ол инфекциялар қаупін төмендетуге, оңтайлы өсуі мен дамуын қамтамасыз етуге және ұзақ мерзімді перспективада денсаулығын нығайтуға ықпал етеді.

Ана сүтімен қоректендіру тәжірибесінің жеткіліксіз болуы балалар мен аналардың денсаулығына ғана емес, елдердің экономикалық әл-ауқатына да әсер етеді. ДДҰ-ның бағалауынша, жаһандық ауқымда ана сүтімен оңтайлы қоректендірмеуге байланысты жыл сайынғы экономикалық шығын 257-ден 341 млрд АҚШ долларына дейін бағаланады.

Осы тұрғыда медициналық ұйымдарда ана сүтімен қоректендіруге қолайлы жағдайлар жасау, сондай-ақ әйелдермен және отбасылармен тікелей жұмыс істейтін медицина қызметкерлерінің құзыреттерін арттыру ерекше маңызға ие.

Оқу-әдістемелік құралды әзірлеу және жетілдіру барысында материалдарды талқылауға және жетілдіруге қатысқан денсаулық сақтау жүйесінің сарапшылары мен мамандарының да үлесі ескерілді.

ДДҰ/ЮНИСЕФ-тің «Балаға ізгі ниетпен қарайтын аурухана» бастамасы денсаулық сақтау жүйесінде ана сүтімен қоректендіруге қолайлы жағдайлар жасаудың негізгі тәсілдерінің бірі болып табылатынын айта кеткен жөн. Бұл бастама медициналық ұйымдарға бала дүниеге келген алғашқы сағаттардан бастап аналарды қолдайтын тәжірибелерді қалыптастыруға, сондай-ақ медицина қызметкерлерінің білімі мен дағдыларын нығайтуға мүмкіндік береді.

Жобаның шеңберінде ұлттық жаттықтырушылар Қазақстанның 20 өңіріне барып, босандыру, балалар және медициналық-санитариялық алғашқы көмек ұйымдарының медицина қызметкерлеріне ана сүтімен қоректендіру негіздері бойынша оқыту семинарларын өткізді.

Барлығы 503 ұлттық тренер даярланды. Олар ДДҰ мен ЮНИСЕФ-тің ана сүтімен қоректендіруді қолдау жөніндегі ұсынымдарын өңірлік деңгейде енгізуге ықпал етуді жалғастыруда.

Соңғы онжылдықтарда омыраудағы және ерте жастағы балаларды қоректендіру тәжірибесі де айтарлықтай өзгерді. Бұған, оның ішінде, ана сүтін алмастыратын өнімдердің коммерциялық маркетингі әсер етті.

Бұл отбасыларды сенімді ақпаратпен қамтамасыз ету және әрбір әйелдің ана сүтімен қоректендіру мәселелері бойынша білікті көмек пен қолдау алуына мүмкіндік беретін жағдайлар жасаудың қажеттілігін көрсетеді.

Address

Астана, Проспект Мангилик Ел 8 (Дом министерств), 5 подъезд
Nur-Sultan
010000

Opening Hours

Monday 09:00 - 18:00
19:00 - 18:30
Tuesday 09:00 - 18:00
Wednesday 09:00 - 18:00
Thursday 09:00 - 18:00
Friday 09:00 - 18:00

Telephone

+77172750748

Alerts

Be the first to know and let us send you an email when Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі posts news and promotions. Your email address will not be used for any other purpose, and you can unsubscribe at any time.

Contact The Organization

Send a message to Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі:

Shortcuts

Share