10/04/2025
Темірлан ісі бойынша сот жалғасуда.
11 сәуір, 10:00
Наурызбай аудандық соты, Шұғыла ықшам ауданы, 347/1
Процесс ашық деп жарияланғанымен, іс жүзінде бақылаушылардың құқығы шектеулі.
Бүгінгі процессте жаңа шектеулер енгізілді:
— бақылаушыларға сот залына кіруге рұқсат берілмеді
— тікелей эфирге тағы да тыйым салынды
— сот ғимаратының жанында бірнеше серіктесіміз ұсталып, оларға «ұсақ бұзақылық» бабы бойынша айыппұл салынды
Біз ешқандай бұзақылық жасаған жоқпыз. Соттан ашықтықты талап етеміз.
Егер кеше немесе бүгін келе алмаған болсаңыз — ертең келіңіз. Соттың алдында көзімізді байлап, акция өткіземіз.
Жоспарымыз:
— Келеміз
— Көзімізді байлаймыз
— Тыныш, заң бұзбай, үнсіз тұрамыз
Бұл — бейбіт, символикалық акция.
Бұл — азаматтық ұстанымымызды білдіру жолы.
Бұл — әділдікке үндеу.
Келіңіздер! Сіздердің қолдауларыңыз бен ынтымақтарыңыз бәріміз үшін өте маңызды.
——
Суд по делу Темирлана продолжается.
11 апреля, 10:00
Наурызбайский суд, мкр. Шугыла 347/1
Хотя процесс объявлен открытым, на деле доступ к нему ограничен.
Сегодняшнее заседание прошло ещё более закрыто, чем вчера:
— наблюдателей не пустили в зал, несмотря на обещания
— прямую трансляцию вновь запретили
— нескольких соратников задержали у здания суда и оштрафовали за якобы «мелкое хулиганство»
Мы не кричим. Мы не нарушаем закон. Мы требуем открытости.
Если вы не смогли прийти вчера или сегодня — приходите завтра. Мы будем делать акцию. Мы раздадим вам повязки, которые вы сможете завязать на глазах.
Что мы делаем:
— Приходим
— Надеваем повязку на глаза
— Стоим спокойно, молча, не нарушая никаких законов.
Это — мирная, символическая акция.
Это — наш способ выразить гражданскую позицию.
Это — наш призыв к справедливости.
Приходите! Ваша поддержка и солидарность очень важна.