Астана қаласының прокуратурасы/Прокуратура города Астаны

  • Home
  • Kazakhstan
  • Nur-Sultan
  • Астана қаласының прокуратурасы/Прокуратура города Астаны

Астана қаласының прокуратурасы/Прокуратура города Астаны Contact information, map and directions, contact form, opening hours, services, ratings, photos, videos and announcements from Астана қаласының прокуратурасы/Прокуратура города Астаны, Law enforcement agency, город Астана, проспект Кабанбай батыра, 31, Nur-Sultan.

09/01/2026
06/01/2026

«Қамқорлық пен Заң» жобасы аясында азаматтардың тұрғылықты жеріне барып, жеке қабылдау өткізу, келіп түскен өтініштерді қарау, сондай-ақ денсаулық сақтау, білім беру және өзге де әлеуметтік нысандардың қолжетімділігін бағалау жұмыстары жалғасуда.
Басты мақсат – мүмкіндігі шектеулі азаматтардың өмір сүру сапасын арттыру, олардың құқықтарын қорғау және қоғамдағы теңдік пен сенімді нығайту.
Бұл – әлеуметтік әділеттілік пен құқықтық қолжетімділікті қамтамасыз етуге бағытталған маңызды шаралардың бірі.

В рамках проекта «Қамқорлық пен Заң» продолжается работа по выездам на места проживания граждан, проведению личных приемов, рассмотрению обращений, а также оценке доступности объектов здравоохранения, образования и других социальных учреждений.
Основное внимание уделяется реальному улучшению качества жизни лиц с ограниченными возможностями, защите их прав, обеспечению равенства и укреплению доверия в обществе.
Это является одной из приоритетных мер, направленных на обеспечение социальной справедливости и правовой доступности.

31/12/2025

Астана қаласының прокуратурасы Жаңа жыл мерекесімен барлық азаматтарды шын жүректен құттықтайды!
Келер жыл елімізге заң мен тәртіп үстемдік құрған тұрақтылық әкелсін!

Прокуратура города Астаны искренне поздравляет всех граждан с Новым годом!
Пусть наступающий год принесет нашей стране стабильность, где торжествуют закон и порядок

29/12/2025

«Қамқорлық пен Заң» жобасы – бұл тек заң аясындағы жұмыс емес.
Бұл – мейірімділік, тең мүмкіндіктер мен шынайы қамқорлықтың көрінісі.

Проект «Қамқорлық пен Заң» — это сочетание закона и заботы, направленное на обеспечение равных возможностей, защиту прав и оказание реальной помощи людям с особыми потребностями.

26/12/2025

Студенттермен «ашық диалог» форматындағы кездесу

«Жас үміт» жобасын жүзеге асыру аясында Астана қаласы «Алматы» ауданы прокуратурасының қызметкерлері колледж студенттерімен «ашық диалог» форматында кездесу өткізді.
Кездесу бейресми жағдайда өтіп, сенімді қарым-қатынас орнатуға, сондай-ақ «прокурор – бұл тек формадағы бейне емес, тыңдай да, ести де алатын адам» екенін көрсетуге мүмкіндік берді.
Қызметкерлер студенттермен өздерінің өмір жолы мен қызметтегі жетістіктері туралы бөлісіп, жастарды армандарынан бас тартпауға, өз күшіне сенуге және еңбекқор болуға шақырды.
Іс-шара соңында студенттер өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, прокуратура қызметкерлерімен ашық әңгіме жүргізді.
Сонымен қатар, заң талаптарын сақтау қажеттілігі, құқық бұзушылықтардың алдын алу және құқықтық жауапкершілік мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Іс-шараның мақсаты – өсіп келе жатқан ұрпақ арасында құқықтық мәдениетті қалыптастыру, өз әрекеттері үшін жауапкершілікті сезінуді дамыту, сондай-ақ белсенді азаматтық ұстанымды қалыптастыруда заң мен тәртіпті сақтаудың маңыздылығын атап көрсету.
Өскелең ұрпаққа қамқорлық жасау, олардың үйлесімді дамуы, лайықты тәрбиесі мен білімі – прокуратура органдары қызметінің басым бағыттарының бірі болып табылады.

26/12/2025

Сарыарқа ауданының прокуратурасымен «Халық заңгер» акциясы аясында азаматтарды мобильді қабылдау өткізілді

Астана қаласы «Сарыарқа» ауданының прокуратурасы уәкілетті органдар өкілдерімен бірлесіп «Халық заңгер» акциясы аясында азаматтарды ашық диалог форматында ашық талқылау өткізді.
Іс-шараның мақсаты – халыққа қолжетімді құқықтық көмек көрсету, білікті заң кеңестерін беру, қолданыстағы заңнама нормаларын түсіндіруге және құқықтық мәселелерді шешуге жәрдемдесу.
Акцияға 18-ден астам мемлекеттік органдар мен салалық ұйымдардың өкілдері қатысты. Қабылдау барысында 90-нан аса тұрғын өздерін қызықтырған сұрақтар бойынша түсініктемелер алды.
Бұдан бөлек акция қатысушыларына кәмелетке толмағандар арасындағы құқықбұзушылықтардың алдын алу жөніндегі ұсынымдар мен алаяқтыққа қарсы сақтық шараларын қамтитын ақпараттық буклеттер мен жадынамалар табысталды.
Аталған іс-шара азаматтардың білікті құқықтық көмекке қол жеткізуін кеңейтуге және мемлекеттік институттар мен қоғам арасындағы сенімді нығайтуға бағытталған.
Алдағы уақытта бұл бағыттағы жұмыс жүйелі түрде жалғастырылатын болады.

24/12/2025

Балалар суицидінің алдын алудың жаңа тәсілі

«Заң мен Тәртіп» идеологиясын іске асыру аясында «Байқоңыр» ауданының прокуратурасы, аудандық полиция басқармасы және Астана қаласы әкімдігінің Психологиялық қолдау орталығы араларында балалар суицидінің алдын алу саласындағы өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.
Келісімнің мақсаты – кәмелетке толмағандардың өмірі мен денсаулығын сақтау үшін суицидтік мінез-құлық жағдайларына әрекет етудің тиімді іс-шаралар жүйесін қалыптастыру.
Меморандум аясында әрбір суицидке оқталу немесе оны жасау қаупі туындаған жағдайда Психологиялық қолдау орталығы мамандарының қатысуы қарастырылған.
Психолог суицид фактісін растау және кәсіби қорытынды беру бойынша қажетті жұмыстар жүргізеді. Бұл оқиға мән-жайларын объективті бағалауға мүмкіндік береді.

Новый подход к профилактике детских суицидов

В рамках реализации идеологии «Закон и Порядок» прокуратурой района «Байқоңыр», Управлением полиции района и Центром психологической поддержки акимата города Астаны подписан меморандум о сотрудничестве в сфере профилактики детских суицидов.
Целью соглашения является формирование эффективной межведомственной системы реагирования на случаи суицидального поведения, направленной на сохранение жизни и здоровья несовершеннолетних.
В рамках меморандума предусмотрено участие специалистов Центра психологической поддержки по каждому факту попытки суицида или угрозы его совершения.
Психолог будет проводить работу для подтверждения факта суицида и предоставлять профессиональное заключение, что позволит обеспечить объективный подход к оценке обстоятельств происшествия.

24/12/2025

Инклюзивті спорттық іс-шара өткізілді

Астана қаласы Сарыарқа ауданының прокуратурасы «Қамқорлық пен Заң» жобасы аясында қосымша қажеттіліктері бар адамдардың қатысуымен спорттық іс-шара өткізді.
Іс-шараның негізгі мақсаты - халықтың теңдік, заңдылық және әлеуметтік әділеттілік қағидалары туралы түсінігін қалыптастыру, сондай-ақ барлық азаматтардың тең екендігін көрсету.
Спорттық жарыс барысында қатысушылар өз қабілеттерін көрсетуге, қоғамның қолдауын және жарқын жағымды эмоцияларды сезінуге мүмкіндік алды.
Шара нәтижесінде қатысушыларға естелік марапаттар мен ынталандыру сыйлықтары табыс етілді.
Байқауға мемлекеттік органдардың қызметкерлері, оның ішінде жергілікті атқарушы органның өкілдері, сондай-ақ қосымша қажеттіліктері бар тұлғалар қатысты.
Олардың бірлескен қатысуы сенімді нығайтуға, инклюзивті құндылықтарды дамытуға және әрбір адамның құқықтарын құрметтеу идеясын ілгерілетуге ықпал етті.
Азаматтардың құқықтық мәдениетін қалыптастыру мақсатында мұндай іс-шаралар алдағы уақытта да жалғасын табады.

Проведено инклюзивное спортивное мероприятие

Прокуратурой района Сарыарка города Астаны проведено спортивное мероприятие с участием лиц с дополнительными потребностями в рамках проекта «Қамқорлық пен Заң».
Основной целью мероприятия стало формирование у населения понимания принципов равенства, законности и социальной справедливости, а также демонстрация того, что все граждане равны.
В ходе спортивных соревнований участники получили возможность проявить свои способности, почувствовать поддержку со стороны общества и испытать яркие положительные эмоции.
По итогам мероприятия участникам были вручены памятные подарки и поощрительные призы.
В соревнованиях приняли участие сотрудники государственных органов, в т.ч. представители местного исполнительного органа, а также лица с дополнительными потребностями.
Совместное их участие способствовало укреплению доверия, развитию инклюзивных ценностей и продвижению идеи уважения к правам каждого человека.
Проведение подобных мероприятий будет продолжено и впредь в целях формирования правовой культуры граждан.

Address

город Астана, проспект Кабанбай батыра, 31
Nur-Sultan

Opening Hours

Monday 09:00 - 18:30
Tuesday 09:00 - 18:30
Wednesday 09:00 - 18:30
Thursday 09:00 - 18:30
Friday 09:00 - 18:30

Telephone

+77172712449

Website

Alerts

Be the first to know and let us send you an email when Астана қаласының прокуратурасы/Прокуратура города Астаны posts news and promotions. Your email address will not be used for any other purpose, and you can unsubscribe at any time.

Shortcuts

Share