АО НК «КазМунайГаз»

АО НК «КазМунайГаз» «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ

АО НК «КазМунайГаз»: высокоэффективная и конкурентоспособная интегрированная нефтегазовая компания, соответствующая высочайшим стандартам безопасности производственной деятельности.

Мангистауской нефти – 65 лет В преддверии Дня работников нефтегазового комплекса особое значение приобретает еще одна ва...
01/09/2026

Мангистауской нефти – 65 лет

В преддверии Дня работников нефтегазового комплекса особое значение приобретает еще одна важная дата – 65-летие мангистауской нефти.

В 1961 году нефтяные фонтаны были получены на двух крупнейших месторождениях региона. 5 июля на Жетыбае ударил первый мощный фонтан нефти, а 15 декабря нефть была получена на месторождении Узень.

Знаковые события положили начало полномасштабному освоению недр, стали важной вехой в истории нефтегазовой отрасли Казахстана и дали мощный импульс развитию всего региона.

Еще одну знаменательную дату в этом году отмечает производственное управление «Жетыбаймунайгаз» – 60 лет. Сегодня Жетыбай остается одним из ключевых месторождений АО «Мангистаумунайгаз», где наряду с накопленным опытом применяются современные технологии и развивается производственная инфраструктура.

За 65-летней историей мангистауской нефти стоит труд нескольких поколений нефтяников, в том числе геологов, буровиков и инженеров. Особая заслуга принадлежит первопроходцам и ветеранам отрасли, которые в непростых условиях осваивали новые месторождения и заложили основу нефтяной промышленности региона.

Сегодня их дело продолжает новое поколение нефтяников, сохраняя профессиональные традиции и обеспечивая дальнейшее развитие нефтегазовой отрасли.

Маңғыстау мұнайына - 65 жылМұнай-газ кешені қызметкерлері күні қарсаңында Маңғыстау мұнайының 65 жылдық мерейтойы - ерек...
01/09/2026

Маңғыстау мұнайына - 65 жыл

Мұнай-газ кешені қызметкерлері күні қарсаңында Маңғыстау мұнайының 65 жылдық мерейтойы - ерекше маңызы бар мерейлі меже.

1961 жылы өңірдегі екі ірі кен орнында мұнай бұрқағы атқылады. Маңғыстау мұнайының тарихы Жетібай жерінде 5 шілдеде атқылаған мұнай бұрқағынан басталды. Ал 15 желтоқсанда Өзен кен орнынан алғашқы мұнай алынды.

Бұл маңызы зор оқиғалар қойнауы құтты жер байлығын кең көлемде игерудің бастауына айналып, Қазақстанның мұнай-газ саласы тарихындағы айтулы белес болды. Қазыналы түбектің өркендеуіне тың серпін беріп, экономикасының дамуына жол ашты.

Сонымен қатар биыл тарихы бай, тамыры терең «Жетібаймұнайгаз» өндірістік басқармасының құрылғанына 60 жыл толып отыр. Бүгінгі таңда Жетібай өңірдегі іргелі кәсіпорны – «Маңғыстаумұнайгаз» компаниясының негізгі кен орындарының бірі. Қазіргі уақытта жетібайлық майталман мұнайшылар заманауи технологияларды енгізіп, өндірістік инфрақұрылымды дамытып келеді.

Маңғыстау мұнайының 65 жылдық даңқты тарихы – бұл бірнеше буын мұнайшылардың, соның ішінде геолог, бұрғышы, инженер және басқа да мамандарының маңдай тері мен қажырлы қызметінің жемісі. Сан қырлы өндіріс сынына төтеп беріп, жаңа кеніштерді іздеп тауып, мұнай өнеркәсібінің негізін қалаған сала ардагерлерінің еңбегі ерен.

Бүгінде мұнайшылардың жаңа буыны аға-апаларымыз салған жолды жалғастырып, мұнай-газ секторының одан әрі дамуына, ел игілігіне өз үлесін қосып келеді.

КМГ расширяет применение новых технологий на зрелых месторождениях Председатель Правления АО НК «КазМунайГаз» Асхат Хасе...
31/08/2026

КМГ расширяет применение новых технологий на зрелых месторождениях

Председатель Правления АО НК «КазМунайГаз» Асхат Хасенов посетил производственные объекты АО «Озенмунайгаз» (ОМГ), где внедряются новые технологии, а также провел совещание по вопросам их дальнейшего применения для повышения эффективности разработки месторождений Узень и Карамандыбас. Также глава КМГ ознакомился с работой Центра аналитики и производственных решений.

Ключевой технологией по увеличению добычи остается гидроразрыв пласта (ГРП). Ежегодно ГРП проводится на 400 скважинах, обеспечивая более 500 тыс. тонн нефти в год. Компания продолжает совершенствовать технологию с учетом мировых практик. В 2025 году в ОМГ успешно проведены пенно-азотный ГРП и ГРП на основе синтетических жидкостей, а в текущем году начато их промышленное тиражирование.

Для зрелых месторождений как Узень и Карамандыбас приоритетной задачей является сдерживание темпов падения добычи и снижение обводненности. Для этого в ОМГ реализуется комплекс полимерных технологий.

В частности, оптимизирована технология выравнивания профиля приемистости (ВПП) с закачкой полимера. Параметры обработки подбираются индивидуально для каждой скважины с учетом свойств пласта и характеристик применяемых химических реагентов. Такой подход позволил вдвое оптимизировать затраты на проведение работ. Годовой эффект от ВПП составляет порядка 200 тыс. тонн нефти.

Параллельно проводятся опытно-промышленные испытания полимерного заводнения, направленного на повышение нефтеотдачи и снижение обводненности. Успешные результаты испытаний позволят масштабировать технологию на участках с высокой выработанностью запасов.

Перспективным направлением является бурение горизонтальных скважин. Технология позволяет увеличить площадь контакта скважины с пластом и вовлекать в разработку дополнительные запасы. Для реализации подобраны четыре скважины.

Продолжается работа по зарезке боковых стволов, которая возвращает в эксплуатацию бездействующие скважины. Для проведения работ подобраны более 15 скважин.

Одна из ключевых целей — рост межремонтного периода работы (МРП). Количество скважин, оборудованных установками электроцентробежных насосов, достигло 500 единиц. На часто ремонтируемом фонде внедряется более надежное подземное оборудование — насосно-компрессорные трубы с защитным покрытием и штанги. Начаты опытно-промышленные испытания электровинтовых насосов.

Отдельное внимание в ходе совещания уделено цифровизации производственных процессов и внедрению искусственного интеллекта. В ОМГ создается цифровой двойник актива на базе информационной системы ABAI. Проект охватывает добычу, геологию и разработку, капитальное строительство и наземное обустройство.

С июня 2026 года эксплуатируется система «Электронные заявки на транспорт», через которую подано и обработано более 12,8 тыс. заявок.

На объекте Западный Тенге завершена модернизация контрольно-измерительных приборов и автоматизированной системы управления технологическими процессами: мониторинг, контроль и визуализация производственных данных ведутся в SCADA-системе. Кроме того, в ОМГ действует система «Электронный наряд-допуск», а также внедряется инструмент видеоаналитики TUMAR, направленные на повышение безопасности труда. В рамках объявленного Главой государства Года цифровизации и искусственного интеллекта КМГ продолжит работу по масштабированию цифровых решений на своих объектах.

По итогам совещания Асхат Хасенов поручил продолжить работу по внедрению технологических и цифровых решений, уделив особое внимание их производственной эффективности и дальнейшему масштабированию.

ҚМГ ескі кен орындарда жаңа технологияларды кеңінен қолдануда«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқарма төрағасы Асхат Хасенов «Өзенмұ...
31/08/2026

ҚМГ ескі кен орындарда жаңа технологияларды кеңінен қолдануда

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқарма төрағасы Асхат Хасенов «Өзенмұнайгаз» АҚ-ның (ӨМГ) жаңа технологиялар енгізіліп жатқан өндірістік нысандарында болды. Сонымен қатар Өзен және Қарамандыбас кен орындарын игеру тиімділігін арттыру мақсатында жаңа технологияларды одан әрі қолдану мәселелеріне арналған жиналыс өткізді. Бұдан бөлек, ҚМГ басшысы Сараптама және өндірістік шешімдер орталығының жұмысымен танысты.

Мұнай өндіру деңгейін арттырудың негізгі әдісі ретінде қабатты гидравликалық жару (ҚГЖ) болып қала береді. Бұл әдіс жыл сайын 400 ұңғымада қолданылып, нәтижесінде жылына 500 мың тоннадан астам мұнай қамтамасыз етіледі. Компания халықаралық тәжірибелерді ескере отырып, бұл технологияны жетілдіріп келеді. 2025 жылы ӨМГ-де көбік-азотты ҚГЖ және синтетикалық сұйықтық негізіндегі ҚГЖ сәтті жүргізіліп, биыл олардың өнеркәсіпке кеңінен енгізілуі басталды.

Өзен және Карамандыбас сияқты ескі кен орындарының басты міндеті – өндіру көлемінің төмендеу қарқынын тежеу және сулану деңгейін азайту. Ол үшін ӨМГ-де полимерлік технологиялар кешені іске асырылуда.

Атап айтқанда, полимерді айдау арқылы қабылдау профилін теңестіру технологиясы оңтайландырылды. Жер қабатының қасиеті мен пайдаланылатын химиялық реагенттердің сипаттамасы ескеріліп, өңдеу параметрлері әр ұңғыма үшін жеке таңдалады. Бұл тәсіл жұмыс шығынын екі есеге оңтайландыруға мүмкіндік берді. Қабылдау профилін теңестіру технологиясының жылдық тиімділігі – шамамен 200 мың тонна мұнай.

Сонымен қатар мұнай беру көрсеткішін арттыруға және сулану деңгейін азайтуға бағытталған полимерлі су айдау әдісінің тәжірибелік-өнеркәсіптік сынақ жұмыстары жүргізіліп жатыр. Іс-шаралардың нәтижесі сәтті болған жағдайда, бұл технология мұнай қоры едәуір азайған учаскелерде кеңінен қолданылады.

Көлбеу ұңғымаларды бұрғылау – перспективті бағыттардың бірі. Технология ұңғыманың жер қабатымен жанасу аймағын ұлғайтуға және қосымша қор көлемін игеруге тартуға мүмкіндік береді. Оны жүзеге асыру үшін төрт ұңғыма таңдалды.

Бос тұрған ұңғымаларды қайта іске қосу үшін бүйірлік оқпандарды бұрғылау жұмыстары жалғасуда. Бұл жұмыстарды жүргізуге 15-тен аса ұңғыма таңдалды.

Басты мақсаттардың бірі – жөндеуаралық жұмыс істеу кезеңін ұлғайту. Электрлі орталықтан тепкіш сорғы қондырғыларымен жабдықталған ұңғымалар саны 500-ге жетті. Жиі жөндеуден өтетін ұңғымаларда сенімділігі жоғары жерасты жабдықтар — қорғаныш жабыны бар сорғы-компрессорлық құбырлар мен штангалар орнатылуда. Электр бұрандалы сорғылардың тәжірибелік-өнеркәсіптік сынақ іс-шаралары басталды.

Жиын барысында өндірістік процестерді цифрландыру және жасанды интеллектіні енгізу мәселелеріне ерекше назар аударылды. ӨМГ-де ABAI ақпараттық жүйесі негізінде активтің цифрлық телнұсқасы жасалып жатыр. Жоба өндіру, геология және игеру, күрделі құрылыс пен жерүстін жайластыру процестерін қамтиды.

2026 жылғы маусым айынан бастап «Көлікке электрондық өтінім беру» жүйесі пайдаланылып келеді, ол арқылы 12,8 мыңнан астам өтінім берілді әрі өңделді.

Компанияның Батыс Теңге нысанында бақылау-өлшеу аспаптарын және технологиялық процестерді басқарудың автоматтандырылған жүйесін жаңғырту аяқталды. Қазіргі кезде SCADA жүйесінде өндірістік деректерді мониторингтеу, бақылау және визуализациялау жүргізілуде. Бұдан бөлек, ӨМГ-де «электрондық наряд-рұқсат» жобасы қолданылады, сондай-ақ еңбек қауіпсіздігін арттыруға бағытталған TUMAR бейнеталдау құралы енгізіліп жатыр. Мемлекет басшысы жариялаған Цифрландыру және жасанды интеллект жылы аясында ҚМГ өз нысандарында цифрлық шешімдерді кеңінен енгізу жөніндегі жұмысты жалғастырады.

Жиын қорытындысы бойынша Асхат Хасенов өндірістік тиімділікті арттыруға бағытталған технологиялық және цифрлық шешімдерді енгізу бойынша жұмыстарды жалғастыруды тапсырды.

31/08/2026

Жаңаөзендегі газ электр станциясы желіге электр энергиясын бере бастады

Газовая электростанция в Жанаозене начала выдавать электроэнергию в сеть

Газовая электростанция в Жанаозене начала выдавать электроэнергию в сетьВ ходе рабочей поездки в Мангистаускую область п...
31/08/2026

Газовая электростанция в Жанаозене начала выдавать электроэнергию в сеть

В ходе рабочей поездки в Мангистаускую область председатель Правления АО НК «КазМунайГаз» Асхат Хасенов посетил строительную площадку гибридной электростанции общей мощностью 247 МВт в Жанаозене.

Проект реализуется совместно с итальянской компанией Eni и предусматривает объединение солнечной (50 МВт), газовой (120 МВт) и ветровой (77 МВт) генерации в единый энергетический комплекс.

На строительной площадке газовой электростанции проведены нагрузочные испытания трех газопоршневых агрегатов, включавшие синхронизацию с энергосистемой и выдачу мощности в сеть. Во время испытаний каждый агрегат выведен на свою номинальную электрическую мощность 20 МВт. Всего было выработано более 500 тыс. кВт·ч электроэнергии.

Также завершено возведение подстанции 110 кВ, газопровода и линий связи. Предстоят испытания еще трех газопоршневых агрегатов, проведение комплексных испытаний и ввод объекта в промышленную эксплуатацию. Готовность газовой электростанции достигла 98,3%. С начала строительно-монтажных работ на объекте зафиксировано 2,7 млн человеко-часов без травм с потерей рабочего времени (LTI). В период активного строительства здесь было задействовано более 1 000 человек.

По проекту ветровой электростанции (ВЭС) подготовлены 6 котлованов для заливки фундаментов ветровых турбин, начата поставка основного оборудования на строительную площадку.

Солнечная электростанция (СЭС), которая была запущена в сентябре 2025 года, за время работы выработала порядка 75 млн кВт·ч электроэнергии, подтвердив эффективность солнечной генерации в регионе.

После полного ввода объектов Гибридной электростанции в промышленную эксплуатацию общее количество постоянных рабочих мест составит 77, включая 15 уже трудоустроенных сотрудников СЭС, а также 47 мест на газовой электростанции и 15 на ВЭС.

Жаңаөзендегі газ электр станциясы желіге электр энергиясын бере бастады«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқарма төрағасы Асхат Хасен...
31/08/2026

Жаңаөзендегі газ электр станциясы желіге электр энергиясын бере бастады

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқарма төрағасы Асхат Хасенов Маңғыстау облысына жұмыс сапары барысында Жаңаөзен қаласындағы жалпы қуаты 247 МВт болатын гибридті электр станциясының құрылыс алаңына барды.

Жоба ҚМГ мен италиялық Eni компаниясымен бірлесіп іске асырылуда, сондай-ақ күн (50 МВт), газ (120 МВт) және жел (77 МВт) генерациясын бірыңғай энергетикалық кешенге біріктіруді көздейді.

Газ электр станциясының құрылыс алаңында үш газ поршенді агрегаттың жүктемесіне сынақ жүргізілді. Қондырғылар энергия жүйесімен үйлестіріліп, электр қуаты желіге берілді. Әр қондырғы өзінің номиналды 20 МВт электр қуатына шығарылды. Барлығы 500 мың кВт·сағ астам электр энергиясы өндірілді.

Сонымен қатар 110 кВ қосалқы станциясының, газ құбыры мен байланыс желілерінің құрылысы аяқталды. Алдағы уақытта тағы үш газ поршенді агрегаттың сынақ жұмыстары, кешенді сынақтар жүргізіледі және нысан өнеркәсіптік пайдалануға беріледі. Газ электр станциясының дайындық деңгейі 98,3% жетті. Құрылыс-монтаждау жұмыстары басталғаннан бері нысанда жарақатсыз және жұмыс уақытын жоғалтусыз (LTI) 2,7 млн адам-сағат тіркелді. Құрылыс қызған шақта мұнда 1000-нан астам адам жұмылдырылған болатын.

Жел электр станциясының (ЖЭС) жобасы бойынша жел турбиналарының іргетасын құю үшін 6 қазандық дайындалды, құрылыс алаңына негізгі жабдық жеткізіле бастады.

2025 жылғы қыркүйекте іске қосылған күн электр станциясы (КЭС) осы уақытқа дейін шамамен 75 млн кВт·сағ электр энергиясын өндіріп, өңірдегі күн генерациясының тиімділігін растады.

Гибридті электр станциясының нысандары өнеркәсіптік пайдалануға толық енгізілгеннен кейін тұрақты жұмыс орындарының жалпы саны 77 құрайды. Атап айтқанда, КЭС-ке қабылданған 15 маман, ал газ электр станциясында 47 орын және ЖЭС-те 15 орын болады.

31/08/2026

Первая партия изготовленного оборудования для нового ГПЗ в Жанаозене направлена в Казахстан

Во время рабочей поездки в Мангистаускую область председатель Правления АО НК «КазМунайГаз» Асхат Хасенов посетил строительную площадку нового газоперерабатывающего завода в Жанаозене.

Для будущего предприятия основное оборудование длительного цикла изготавливается на производственных площадках в КНР. На сегодняшний день из 240 позиций готово 122, еще 118 находятся в работе.

Как мы ранее сообщали, в возведении нового газоперерабатывающего завода в Жанаозене применяется модульный метод строительства, что отличает его от аналогичных предприятий в стране. Основные технологические модули изготавливаются в заводских условиях с последующей доставкой на строительную площадку, где выполняются подготовка фундаментов и монтаж. Это повышает степень готовности и сокращает объем работ.

Всего планируется изготовить 38 модулей общим весом порядка 30 тыс. тонн. Их габариты достигают 45 метров в длину, 9 метров в ширину и 11,5 метров в высоту.

В августе текущего года из морского порта в КНР отправлена первая партия изготовленного оборудования в Казахстан. Дальнейшая отгрузка оборудования и технологических модулей будет осуществляться в соответствии с утвержденным графиком.

На сегодняшний день завершено устройство фундаментов под резервуары противопожарного запаса воды, а также резервуары хранения сжиженного углеводородного газа, широкой фракции легких углеводородов и пентан-гексановой фракции. На строительную площадку поставлено 100% материалов для их устройства.

Также завершено строительство объекта внешнего электроснабжения, ведется подготовка к пусконаладочным работам.

Продолжается устройство фундаментов объектов основного производства и общезаводского хозяйства, возводятся монолитные железобетонные конструкции административно-хозяйственной зоны. Общий объем бетонных работ составляет порядка 65,8 тыс. м³. По состоянию на конец августа уложено 9,5 тыс. м³ бетона. С учетом мер по ускорению темпов строительства основной объем бетонных работ планируется выполнить до конца текущего года.

Крупный проект реализуется по поручению Главы государства и предусматривает создание производственного комплекса мощностью переработки 900 млн м³ природного и попутного газа в год. Завод будет обеспечивать население и промышленные предприятия Мангистауской области товарным и сжиженным нефтяным газом, а также пентан-гексановой фракцией.

Наряду со строительством нового ГПЗ важной задачей остается стабильная работа действующего газоперерабатывающего завода, который имеет ключевое социальное значение для региона. В ходе рабочей поездки глава КМГ посетил КазГПЗ, где ведется монтаж двух дополнительных компрессорных установок. Это обеспечит бесперебойный прием сырого газа на переработку и увеличит объем производства товарного газа. Отметим, что после запуска нового предприятия действующий завод планируется сохранить в эксплуатации на уровне порядка 30–40% от текущей загрузки. В настоящее время КМГ прорабатывает вопросы обеспечения завода необходимыми объемами сырья на последующие годы.

Жаңаөзендегі жұмыс істеп тұрған газ өңдеу зауытыДействующий газоперерабатывающий завод в Жанаозене
31/08/2026

Жаңаөзендегі жұмыс істеп тұрған газ өңдеу зауыты

Действующий газоперерабатывающий завод в Жанаозене

Жаңаөзенде салынып жатқан жаңа газ өңдеу зауыты үшін жасалған жабдықтың бірінші партиясы Қазақстанға жөнелтілді«ҚазМұнай...
31/08/2026

Жаңаөзенде салынып жатқан жаңа газ өңдеу зауыты үшін жасалған жабдықтың бірінші партиясы Қазақстанға жөнелтілді

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқарма төрағасы Асхат Хасенов Маңғыстау облысына жұмыс сапары барысында Жаңаөзен қаласындағы жаңа газ өңдеу зауытының құрылыс алаңында болды.

Болашақ кәсіпорын үшін ұзақ уақыт жасалатын негізгі жабдықтар Қытай Халық Республикасындағы (ҚХР) өндірістік алаңдарда әзірленіп жатыр. Бүгінгі таңда 240 позицияның 122-сі дайын болды, тағы 118-і жасалуда.

Бұрын хабарлағанымыздай, Жаңаөзендегі зауыттың құрылысында модульдік әдіс қолданылады, бұл оны елдегі осыған ұқсас басқа кәсіпорындардан ерекшелендіреді. Басты технологиялық модульдер зауытта дайындалуда, кейін олар іргетасы құрылып, монтажы жүргізілетін құрылыс алаңына жеткізіледі. Бұл дайындық деңгейін арттырады және жұмыс көлемін азайтады.

Жалпы салмағы 30 мың тоннаға жуық 38 модуль әзірленеді деп жоспарлануда. Олардың ұзындығы 45 метрге, ені 9 метрге және биіктігі 11,5 метрге жетеді.

Биылғы тамыз айында ҚХР-дағы теңіз портынан дайындалған жабдықтың алғашқы партиясы Қазақстанға жөнелтілді. Бұдан кейінгі жабдықтар мен технологиялық модульдер бекітілген кестеге сай жіберілетін болады.

Қазіргі кезде зауыттың өртке қарсы су қоры резервуарларына, сондай-ақ сұйытылған көмірсутек газын, жеңіл көмірсутек кең фракциясын және пентан-гексан фракциясын сақтау резервуарларына арналған іргетастарды орнату жұмыстары аяқталды. Құрылыс алаңына оларды орнату үшін материалдар 100%, яғни толығымен жеткізілді.

Сонымен қатар сыртқы электрмен жабдықтау нысанының құрылысы аяқталды, іске қосу-баптау жұмыстарына дайындық жүріп жатыр.

Зауыттың негізгі өндірістік және жалпы шаруашылық нысандарының іргетастарын орнату жалғасуда, әкімшілік-шаруашылық аймағының монолитті темірбетон конструкциялары салынып жатыр. Бетон жұмыстарының жалпы көлемі шамамен 65,8 мың м³ құрайды. Тамыз айының соңындағы жағдай бойынша 9,5 мың м³ бетон төселді. Құрылыс қарқынын жеделдету жөніндегі шаралар ескеріле отырып, бетон жұмыстарының негізгі көлемі жыл соңына дейін орындалады деп жоспарлануда.

Ірі жоба Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша іске асырылуда және жылына 900 млн м³ дейін табиғи және ілеспе газды өңдей алатын заманауи өндірістік кешен құруды көздейді. Зауыт Маңғыстау облысының халқы мен өнеркәсіптік нысандарын тауарлық және сұйытылған мұнай газымен, сондай-ақ пентан-гексан фракциясымен қамтамасыз етеді.

Жаңа газ өңдеу зауытын салумен қатар Маңғыстау өңірі үшін әлеуметтік маңызы бар жұмыс істеп тұрған газ өңдеу зауытының тұрақты қызметі – басты міндеттердің бірі. ҚМГ басшысы жұмыс сапары барысында екі қосымша компрессорлық қондырғыны монтаждау жүргізіліп жатқан ҚазГӨЗ-де болды. Бұл шаралар шикі газды өңдеуге үздіксіз қабылдауды қамтамасыз етеді және тауарлық газ өндіру көлемін арттырады. Айта кетсек, жаңа кәсіпорын іске қосылғаннан кейін жұмыс істеп тұрған зауыттың қазіргі жүктемесінің шамамен 30-40% деңгейінде пайдалануын сақтап қалу жоспарланған. ҚМГ зауытты алдағы жылдарға қажетті шикізат көлемімен қамтамасыз ету мәселелерін пысықтауда.

Address

г. Астана, Улица Д. Кунаева, 8, административное здание «Изумрудный квартал», блок «Б»
Nur-Sultan
010000

Opening Hours

Monday 09:00 - 18:30
Tuesday 09:00 - 18:30
Wednesday 09:00 - 18:30
Thursday 09:00 - 18:30
Friday 09:00 - 18:30

Alerts

Be the first to know and let us send you an email when АО НК «КазМунайГаз» posts news and promotions. Your email address will not be used for any other purpose, and you can unsubscribe at any time.

Contact The Organization

Send a message to АО НК «КазМунайГаз»:

Shortcuts

Share