04/09/2026
⚜️Энергетика министрі сала қызметкерлерін кәсіби мерекемен құттықтады
▪️4 қыркүйекте Астана қаласында Мұнай-газ саласы қызметкерлері күніне арналған салтанатты жиын өтті. Іс-шараға Энергетика министрі Ерлан Ақкенжанов қатысты.
▪️Ведомство басшысы сала қызметкерлері мен ардагерлерін кәсіби мерекемен құттықтап, олардың еліміздің энергетикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, экономиканы дамытуға және ірі өндірістік жобаларды іске асыруға қосып отырған үлесін атап өтті.
▪️«Өндірілген әр тонна мұнайдың, әр текше метр газдың артында сіздердің ауыр әрі қажырлы еңбектеріңіз тұр. Сала қызметкерлерінің кәсібилігі, жауапкершілігі мен тәжірибесінің арқасында Қазақстан энергетикалық кешенінің тұрақтылығын сақтап, оның әлеуетін одан әрі дамытып келеді», – деді Ерлан Ақкенжанов.
▪️Министр 2025 жыл мұнай өндіру көлемі бойынша сала үшін рекордтық жыл болғанын атап өтті. Мұнай өндіру көлемі 99,55 млн тоннаға жетті. 2026 жылы сала бірқатар елеулі сын-қатерлерге тап болды. Олардың қатарында КТК инфрақұрылымындағы штаттан тыс жағдайлар, Орынбор газ өңдеу зауытының газ қабылдау көлеміне қойылған шектеулер, сондай-ақ ірі кен орындарында жоспардан тыс жөндеу жұмыстарын жүргізу қажеттілігі бар.
▪️Соған қарамастан, жедел техникалық шешімдер мен мамандардың кәсіби жұмысының арқасында жағдайды тұрақтандыруға мүмкіндік туды. 2026 жылдың қорытындысы бойынша мұнай өндіру көлемі шамамен 96 млн тоннаны құрайды деп күтілуде.
▪️Мұнай өңдеу және мұнай-газ химиясын дамытуға да ерекше назар аударылды. 2025 жылы отандық мұнай өңдеу зауыттарында мұнай өңдеу көлемі 18,4 млн тоннаны құрады. Атырау, Павлодар және Шымкент мұнай өңдеу зауыттарының қуаттарын кеңейту жөніндегі жұмыстар жалғасуда.
«Біздің міндетіміз – шикізатты жай ғана өндіруден біртіндеп оның терең өңделуіне көшу, жоғары қосылған құны бар өнім шығару және ел ішінде жаңа өндірістік мүмкіндіктер қалыптастыру», – деп атап өтті министр.
▪️Мұнай-газ химиясы саласы да белсенді дамып келеді. Атырау облысында полиэтилен өндіру бойынша ірі жобаны іске асыру басталды, Павлодар өңірінде алкилат өндіру жобасы жүзеге асырылуда. 2026 жылғы мамырда Парламент Мәжілісіне саланы жүйелі дамытуға бағытталған «Мұнай-газ химиясы өнеркәсібі туралы» базалық заң жобасы енгізілді.
Газ саласында инфрақұрылымды кеңейту және геологиялық барлау жұмыстары жалғасуда. 2025 жылы «Талдықорған – Үшарал» газ құбырының құрылысы аяқталды, «Бейнеу – Бозой – Шымкент» магистральдық газ құбырының екінші желісін іске асырудың белсенді кезеңі басталды.
Еліміздегі газдандыру деңгейі 64,2%-ға жетіп, 13 млн-нан астам қазақстандық табиғи газға қол жеткізді. Алдағы уақытта газдандыру деңгейін 80%-ға жеткізу міндеті қойылып отыр.
▪️Министр мұнай-газ кешенінің отандық өндірісті дамытуға қосып отырған үлесін де атап өтті. Жер қойнауын пайдаланушылардың жалпы сатып алу көлемі 4,6 трлн теңгеге жетті, оның ішінде қазақстандық қамту үлесі 3 трлн теңгеден асты. Бұл отандық кәсіпорындардың өнімдері мен қазақстандық сервистік компаниялардың қызметтеріне қосымша сұранысты қамтамасыз етеді.
▪️Сала қызметкерлерін мемлекеттік наградалармен марапаттау
▪️Салтанатты іс-шара барысында мұнай-газ саласының қызметкерлерін мемлекеттік наградалармен марапаттау рәсімі өтті.
______
⚜️Министр энергетики поздравил работников нефтегазовой отрасли с профессиональным праздником
▪️4 сентября 2026 года в Астане состоялось торжественное собрание, посвященное Дню работников нефтегазовой отрасли. В мероприятии принял участие Министр энергетики Ерлан Аккенжанов.
▪️Глава ведомства поздравил работников и ветеранов отрасли с профессиональным праздником и отметил их вклад в обеспечение энергетической безопасности страны, развитие экономики и реализацию крупных производственных проектов.
▪️«За каждой добытой тонной нефти, каждым кубометром газа и литром произведенного топлива стоит ваш тяжелый и самоотверженный труд. Именно благодаря профессионализму, ответственности и опыту работников отрасли Казахстан сохраняет устойчивость энергетического комплекса и продолжает развивать его потенциал», - отметил Ерлан Аккенжанов.
▪️Министр подчеркнул, что 2025 год стал для отрасли рекордным по добыче нефти. Объем добычи достиг 99,55 млн тонн. В 2026 году отрасль столкнулась с рядом серьезных вызовов, включая внештатные ситуации на инфраструктуре КТК, ограничения по приему газа на Оренбургском ГПЗ, а также необходимость проведения внеплановых ремонтных работ на крупных месторождениях.
▪️Несмотря на это, благодаря оперативным техническим решениям и профессиональной работе специалистов ситуацию удалось стабилизировать. По итогам 2026 года ожидается добыча нефти на уровне порядка 96 млн тонн.
Отдельное внимание было уделено развитию переработки и нефтегазохимии. В 2025 году объем переработки нефти на отечественных НПЗ составил 18,4 млн тонн. Продолжается реализация планов по расширению мощностей Атырауского, Павлодарского и Шымкентского нефтеперерабатывающих заводов.
▪️«Наша задача - последовательно уходить от простой добычи сырья к его глубокой переработке, создавать продукцию с высокой добавленной стоимостью и формировать новые производственные возможности внутри страны», - подчеркнул министр.
Активно развивается нефтегазохимическая отрасль. В Атырауской области начата реализация крупного проекта по производству полиэтилена, в Павлодарском регионе - проекта по производству алкилата. В мае 2026 года в Мажилис Парламента внесен базовый Закон «О нефтегазохимической промышленности», направленный на системное развитие отрасли.
▪️В газовой сфере продолжается расширение инфраструктуры и геологоразведочных работ. В 2025 году завершена прокладка газопровода «Талдыкорган - Ушарал», начата активная фаза реализации второй нитки магистрального газопровода «Бейнеу - Бозой - Шымкент».
Уровень газификации страны достиг 64,2%, доступ к природному газу получили более 13 млн казахстанцев. В перспективе поставлена задача довести уровень газификации до 80%.
▪️Министр также отметил вклад нефтегазового комплекса в развитие отечественного производства. Общий объем закупок недропользователей достиг 4,6 трлн тенге, при этом доля внутристрановой ценности превысила 3 трлн тенге. Это обеспечивает дополнительный спрос на продукцию казахстанских предприятий и услуги отечественных сервисных компаний.
▪️Государственные награды работникам отрасли
В рамках торжественного мероприятия состоялось награждение работников нефтегазовой отрасли государственными наградами.