01/09/2026
🌱 22 сәуір – Халықаралық планетаны көгалдандыру күні
БҰҰ Бас Ассамблеясы Қазақстанның бастамасымен 22 сәуірді Халықаралық планетаны көгалдандыру күні деп жариялау туралы қарар қабылдады.
Бастаманы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылғы қыркүйекте БҰҰ Бас Ассамблеясының 80-сессиясында ұсынған болатын. Қарарға әлемнің түрлі өңірлерінен 32 мемлекет қолдау білдірді.
Қазақстанда көгалдандыру және орманды қалпына келтіру жұмыстары жүйелі түрде жүргізіліп келеді. 2021–2025 жылдары мемлекеттік орман қоры аумағында 1 млн гектардан астам жерде 1,6 млрд-тан астам көшет отырғызылып, тұқым себілді.
Осы кезеңде қалалар мен елді мекендерде шамамен 18,4 млн ағаш отырғызылды. Арал теңізінің құрғаған табанында 1,1 млн гектардан астам аумақта орман-мелиорациялық жұмыстар жүргізілді.
«Таза Қазақстан» жалпыұлттық бастамасы аясында соңғы екі жылда елімізде 1,5 мыңға жуық экологиялық іс-шара өткізіліп, шамамен 5,5 млн ағаш отырғызылды.
Алдағы негізгі міндеттер:
🌱 2026 жылы 210 млн-нан астам көшет отырғызу;
🌳 2 млрд ағаш отырғызу жөніндегі тапсырманы 2027 жылдың соңына дейін аяқтау;
🌲 орман питомниктерін дамыту және өңірлерді сапалы отырғызу материалымен қамтамасыз ету;
📍 отырғызылған ағаштардың жерсінуіне мониторингті күшейту;
🏙️ қалалар мен елді мекендердің айналасындағы жасыл аймақтарды кеңейту;
🌍 2035 жылға қарай орманмен көмкерілген аумақты 14,7 млн гектарға дейін ұлғайту;
🌿 «Орталық Азияның жасыл қалқаны» өңірлік бастамасы аясында Қазақстанда 1 млн гектардан астам аумақта орман екпелерін құру мүмкіндігін қарастыру;
♻️ халықаралық климаттық қаржыландыру мен көміртегі бірліктері тетіктерін тарта отырып, орман-климаттық жобаларды іске асыру.
Бұл жұмыстар алдағы жылдары да жалғасады. Негізгі міндет – отырғызылған ағаштардың жерсінуін қамтамасыз ету, жасыл аумақтарды кеңейту және орманды қалпына келтіру жұмыстарының сапасын арттыру.
Табиғатты қорғау мен қоршаған ортаны таза ұстау әрқайсымыздың күнделікті ісімізден басталады.
⸻
🌱 22 апреля – Международный день озеленения планеты
Генеральная Ассамблея ООН приняла инициированную Казахстаном резолюцию о провозглашении 22 апреля Международным днем озеленения планеты.
Инициатива была выдвинута Главой государства Касым-Жомартом Токаевым в сентябре 2025 года на 80-й сессии Генеральной Ассамблеи ООН. Резолюцию поддержали 32 государства из различных регионов мира.
В Казахстане системно ведется работа по озеленению и лесовосстановлению. В 2021–2025 годах на территории государственного лесного фонда высажено и посеяно более 1,6 млрд сеянцев на площади свыше 1 млн гектаров.
За этот же период в городах и населенных пунктах высажено порядка 18,4 млн деревьев. На осушенном дне Аральского моря лесомелиоративными мероприятиями охвачено более 1,1 млн гектаров.
В рамках общенациональной инициативы «Таза Қазақстан» за последние два года по стране проведено порядка 1,5 тыс. экологических мероприятий и высажено около 5,5 млн деревьев.
Основные задачи на перспективу:
🌱 высадить более 210 млн сеянцев в 2026 году;
🌳 завершить выполнение поручения по посадке 2 млрд деревьев до конца 2027 года;
🌲 развивать лесные питомники и обеспечивать регионы качественным посадочным материалом;
📍 усилить мониторинг приживаемости высаженных деревьев;
🏙️ расширять зеленые зоны вокруг городов и населенных пунктов;
🌍 увеличить площадь покрытых лесом территорий до 14,7 млн гектаров к 2035 году;
🌿 рассмотреть возможность создания лесных насаждений на площади более 1 млн гектаров в Казахстане в рамках региональной инициативы «Зеленый щит Центральной Азии»;
♻️ реализовывать лесоклиматические проекты с привлечением международного климатического финансирования и механизмов углеродных единиц.
Эта работа будет продолжена и в последующие годы. Основная задача — обеспечить приживаемость высаженных деревьев, расширить зеленые территории и повысить качество лесовосстановительных работ.
Забота о природе и чистоте окружающей среды начинается с повседневных действий каждого из нас.
#ЭТРМ #МЭПР