Астана қ.,Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті

  • Home
  • Kazakhstan
  • Nur-Sultan
  • Астана қ.,Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті

Астана қ.,Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті Астана қаласының Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті

📌 Департамент санитарно-эпидемиологического контроля города Астаны (далее-Департамент) приглашает Вас на работу. С 7 сен...
04/09/2026

📌 Департамент санитарно-эпидемиологического контроля города Астаны (далее-Департамент) приглашает Вас на работу. С 7 сентября по 8 сентября текущего года идет прием документов на общий конкурс по новому отбору. Информацию о вакантных должностях можете посмотреть на Внешнем портале Eqyzmet.gov.kz

По всем интересующим вопросам можете обращаться в службу управления персоналом (кадровая служба) Департамента по телефону 8 (7172) 79-57-11.

📌 Астана қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті (бұдан әрі-Департамент) Сізді жұмысқа шақырады. Ағ...
04/09/2026

📌 Астана қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті (бұдан әрі-Департамент) Сізді жұмысқа шақырады. Ағымдағы жылдың 7 қыркүйектен бастап 8 қыркүйек аралығында жаңа іріктеу бойынша жалпы конкурсқа құжаттар қабылдануда. Бос лауазымдар туралы ақпаратты Eqyzmet.gov.kz Сыртқы порталынан көре аласыздар:

Барлық сұрақтар бойынша Департаменттің персоналды басқару қызметіне (кадр қызметі) 8 (7172) 79-57-11 телефоны бойынша хабарласа аласыздар.

04/09/2026

📌 Астана қаласының Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті 2026–2027 оқу жылына мектеп асханаларының дайындығы, санитариялық талаптардың сақталуы және оқушыларды қауіпсіз әрі сапалы тамақтандыруды ұйымдастыру мәселелері бойынша «24KZ» телеарнасына сұхбат берді.

⚜️ Еңбек жолы – елге қызмет етудің жарқын үлгісі⚜️ Бүгін Астана қаласының Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департам...
31/08/2026

⚜️ Еңбек жолы – елге қызмет етудің жарқын үлгісі

⚜️ Бүгін Астана қаласының Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінде ұзақ жылдар бойы абыройлы еңбек етіп келе жатқан Смагулова Гүлбарам Хозақызы құрметті еңбек демалысына шығарып салынды.

⚜️ Гүлбарам Хозақызы 1982 жылғы 31 тамыздан бастап денсаулық сақтау саласында табанды еңбек етіп, өз өмірін халықтың денсаулығын қорғау, санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылықты қамтамасыз ету ісіне арнап келеді. Осы жылдар ішінде ол кәсіби білімі мен мол тәжірибесін ұштастыра отырып, өз ісіне адалдығымен, жауапкершілігімен және адамгершілік қасиеттерімен әріптестерінің құрметіне бөленді.

📢 Онлайн-сауалнамаға қатысуға шақырамыз!Қазақ тағамтану академиясы ҚР ДСМ Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті...
21/08/2026

📢 Онлайн-сауалнамаға қатысуға шақырамыз!

Қазақ тағамтану академиясы ҚР ДСМ Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетімен бірлесіп «Қазақстан Республикасы халқының «Тағамдық денсаулық индексі» белгісін және тамақ өнімдерінің қаптамасындағы ақпаратты қабылдауын зерттеу» тақырыбында әлеуметтік сауалнама жүргізеді.

Сіздің пікіріңіз біз үшін маңызды: мұндай таңбалау қаншалықты түсінікті, көзге көрінетін және тамақ өнімдерін неғұрлым саналы таңдауға көмектеседі?

📝 Сауалнама анонимді, қатысу ерікті және оны толтыруға бірнеше минут қана уақыт кетеді.
👥 Сауалнамаға Қазақстан Республикасының 15 жастан асқан тұрғындары шақырылады.
👉 Сауалнамаға қатысу: https://ee.kobotoolbox.org/single/f906212138f83e15705005f346f849ef?returnUrl=https://tally.so/r/RGQk8p

🙏 Қатысқаныңыз үшін рақмет! Сіздің пікіріңіз өнімдердің құрамы мен тағамдық құндылығы туралы ақпаратты халыққа түсініктірек етуге және дұрыс тамақтану үшін пайдалы өнімдерді таңдауға көмектеседі.

⚜️ 2026 жылғы 20 тамызда Астана қаласы Байқоңыр ауданының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының Қазақстан ...
21/08/2026

⚜️ 2026 жылғы 20 тамызда Астана қаласы Байқоңыр ауданының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің мамандарына арналған «Мемлекеттік қызмет саласындағы заңнаманы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және қызметтік әдеп нормаларын бұзушылықтардың алдын алу» тақырыбында семинар-сабақ өткізілді.
Іс-шара Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 25 желтоқсандағы №153 «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшілерінің әдеп нормалары мен мінез-құлық қағидаларын одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы» Жарлығын іске асыру, сондай-ақ мемлекеттік қызметшілердің құқықтық сауаттылығын арттыру және қызметкерлер арасында тәуелді мінез-құлықтың алдын алу жөніндегі іс-шаралар шеңберінде өткізілді.
Баяндамамен Департаменттің әдеп жөніндегі уәкілі Тагаева Г.Ж. және Ішкі қауіпсіздік бөлімінің бас маманы Заманбеков З.С. сөз сөйледі.
Кездесу барысында мемлекеттік қызметшілердің мемлекеттік қызмет саласындағы заңнама талаптарын, қызметтік әдеп нормаларын және Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексінің ережелерін сақтауы, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл, сыбайлас жемқорлыққа қарсы насихат және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу мәселелері талқыланды.
«Сұрақ-жауап» сессиясы барысында қатысушылар қызметтік әдеп нормаларын сақтауға қатысты практикалық мәселелер бойынша, оның ішінде мемлекеттік қызметшілердің діни іс-шараларға қатысуының жол берілетіндігі жөнінде түсіндірмелер алды. Сонымен қатар сыбайлас жемқорлық тәуекелінің туындауын көрсетуі мүмкін жағдайлар орын алған кездегі мемлекеттік қызметшінің әрекет ету тәртібі түсіндірілді.
Іс-шараның қорытынды бөлімінде қатысушылар лауазымдық міндеттерін орындау барысында туындауы мүмкін сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне байланысты практикалық жағдайларды талқылап, өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алды.
Семинар соңында қатысушылар өз сұрақтарын қойып, пікірталасқа белсенді түрде қатысуға мүмкіндік алды.

📌 Вакцинация как ключ к элиминации кори
20/08/2026

📌 Вакцинация как ключ к элиминации кори

📌Кодекс этики государственного служащего
20/08/2026

📌Кодекс этики государственного служащего

📌 Профилактика вирусного гепатита В и С
20/08/2026

📌 Профилактика вирусного гепатита В и С

Address

Проспект Абая, 47
Nur-Sultan
010000

Opening Hours

Monday 08:00 - 17:30
Tuesday 08:00 - 17:30
Wednesday 08:00 - 17:30
Thursday 08:00 - 17:30
Friday 08:00 - 17:30

Telephone

+77172576059

Alerts

Be the first to know and let us send you an email when Астана қ.,Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті posts news and promotions. Your email address will not be used for any other purpose, and you can unsubscribe at any time.

Contact The Organization

Send a message to Астана қ.,Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті:

Shortcuts

Share