Батыс Қазақстан облысы балалар-жасөспірімдер туризм және экология орталығы

  • Home
  • Kazakhstan
  • Oral
  • Батыс Қазақстан облысы балалар-жасөспірімдер туризм және экология орталығы

Батыс Қазақстан облысы балалар-жасөспірімдер туризм және экология орталығы Западно-Казахстанский областной центр детско-юношеского туризма и экологии - Клуб ЮНЕСКО Клуб ЮНЕСКО

  #БҚОбілімбасқармасы #БҚОтуризм #БҚОәкімдігі
02/09/2026


#БҚОбілімбасқармасы
#БҚОтуризм
#БҚОәкімдігі

01/09/2026

Әдістемелік отырыс: тәжірибе, ізденіс және кәсіби даму. 31.08.2026ж. Батыс Қазақстан облысының әкімдігі білім басқармасының балалар мен жасөспiрiмдер туризм және экология облыстық орталығында жаңа оқу жылына дайындық бағытында әдістемелік отырыс өткізілді. Отырыстың негізгі тақырыбы: «Қосымша білім беру педагогінің әдістемелік өнімі кәсіби шеберліктің көрсеткіші.
Күн тәртібінде 2026-2027 оқу жылына арналған қосымша білім беру бағдарламаны қарау және бекіту, оқу -тәрбие жұмысының процесінің тиімділігі мен сапасын арттыру міндеттері, сондай-ақ алдағы кезеңге қойылатын негізгі мақсаттар талқыланды. Әдістемелік отырыс барысында орталықтың туризм және қауіпсіз маршруттар, спорт, экологиялық туризм, өлкетану және аймақаралық ынтымақтастық, әскери-патриоттық тәрбие бағыттары бойынша педагогтер өздерінің әдістемелік әзірлемелері мен тәжірибелерімен бөлісті.




#БҚОбілімбасқармасы
#БҚОтуризм
#БҚОәкімдігі

🏕️Батыс Қазақстан облысының әкімдігі білім басқармасының балалар мен жасөспірімдер туризм және экология облыстық орталығ...
28/08/2026

🏕️Батыс Қазақстан облысының әкімдігі білім басқармасының балалар мен жасөспірімдер туризм және экология облыстық орталығында ДИРЕКТОР ТАҒАЙЫНДАЛДЫ.
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2025 жылғы 31 наурыздағы №57 және Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2025 жылғы 31 наурыздағы №96 бірлескен бұйрығымен бекітілген «Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату қағидаларын бекіту туралы» қағидаларының 83-тармағына сәйкес, Касимова Айгуль Кадырбаевна 2026 жылдың 27 тамыз айында Батыс Қазақстан облысының әкімдігі білім басқармасының балалар мен жасөспірімдер туризм және экология облыстық орталығы директоры лауазымына тағайындалды.
Айгуль Кадырбаевна – жоғары білімді, білім беру саласында 36 жылдық еңбек өтілі бар тәжірибелі педагог және басшы.
1994-1998 жылдары А.Пушкин атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің биология мұғалімі біліктілігін алған. Педагогика ғылымдарының магистрі.
Еңбек жолы:
🔹 1990-1999 жылдары – Тасқала аудандағы Карл Маркс атындағы мектебінде химия-биология пәнінің мұғалімі;
🔹 1999-2004 жылдары – Камен жалпы орта білім беру мектебінде биология-экология пәнінің мұғалімі;
🔹 2004-2012 жылдары – С.Жақсығұлов атындағы ЖОББМ-де директорының оқу-тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары;
🔹 2012-2020 жылдары – С.Жақсығұлов атындағы ЖОББМ-нің директоры;
🔹 2020-2026 жылдары – Тасқала ауданы білім беру бөлімінің басшысы.
🏕️Айгуль Кадырбаевнаға жаңа қызметінде сәттілік, жауапты жұмысына толағай табыс тілейміз! БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ

26/08/2026

ОББ қолдауымен ОБЖТжЭО-ның жоспарына сай 2026 ж. 22-28 тамыз аралығында ұлы ағартушы Ыбырай Алтынсариннің 185 жылдығына орай Орал қаласы -Қостанай қаласы-Орал қаласы маршрутымен «Елтану» туристік-өлкетанулық экспедициясы ұйымдастырылды. Экспедицияның басты мақсаты — жасөспірімдерді патриоттыққа тәрбиелеу, рухани-мәдени мұраларды сақтау және Ы.Алтынсариннің тарихи мұрасын терең зерттеу болып табылады. Сапар барысында қатысушылар Қостанай қаласындағы «Ыбырай ізімен» атты танымдық экскурсияға қатысып, ағартушының мемориалдық музейі, кесенесі және туған жері — Омар құдығына барып қайтты. Сонымен қатар бағдарлама аясында іздестіру-зерттеу жұмыстарын жүргізу әдістері бойынша шеберлік сыныптары өткізіліп, ғылыми конференция ұйымдастырылды, сондай-ақ Қазақстан Жазушылар одағы төрағасының орынбасары Абылай Казмуханұлымен және «Ыбырайтанушы» Биалаш Балтақызымен мазмұнды кездесулер өтті. Рухани-танымдық бағыттағы шаралар қатарында қала орталығындағы Алаш арыстары Ахмет Байтұрсынов пен Міржақып Дулатовқа, сондай-ақ тың және тыңайған жерлерді игерушілерге арналған ескерткіштермен танысып, елдегі ірі «Allur» машина жасау заводының жұмысымен танысуға мүмкіндік туды. Экспедиция қорытындысы бойынша арнайы күнделік, қорытынды есеп және бейнеролик жасақталып, алдағы уақытта бұл материалдар зерттеу жобасына ұсынылатын болады.



#БҚОбілімбасқармасы
#БҚОтуризм
#БҚОәкімдігі

ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!!!🏕️ХХІ республикалық  және мемлекет аралық слетінде Батыс Қазақстан облысының Бәйтерек ауданы, Щапов ауылы...
21/08/2026

ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!!!
🏕️ХХІ республикалық және мемлекет аралық слетінде Батыс Қазақстан облысының Бәйтерек ауданы, Щапов ауылының Бауыржан Момышұлы атындағы ЖББОМ-нің «Бауыржан ұландары» командасы жалпыкомандалық есепте ІІІ орынға ие болды.
Мақсаты: балалар мен жасөспірімдердің қатысуымен болатын жол – көлік оқиғаларының алдын алу жөніндегі жұмысты жетілдіру және балалардың жол – көлік жарақаттануының алдын алу проблемаларына мүдделі мекемелердің, ұйымдар мен жұртшылықтың назарын аудару.
🔹Бір неше күні бойы қатысушылар «Жол қозғалысы ережелерінің білгірлер», «Жас реттеуші», «Үгіт-насихат бригадалары», «Эрудиттер турнирі», «Жас санитар» байқауыларында және «Велосипедті мәнерлеп жүргізу» мен «Автоқалада велосипед жүргізу» қашықтықтарында өз білімдері мен шеберліктерін көрсетті.
🔹Республикалық слет 12-20 тамыз күндері Қостанай облысында өткізілді. Слетке Қазақстанның 20 өңірінен және ТМД елдерінен келген, барлығы 26 команда қатысты.
🔹Команда жетекшілері: Мухамбетова А.Х., Гиляжева Г.Ж.
Губашева А. Т. -БҚО ПД ӘПБ үгіт-насихат тобының аға инспекторы, полиция аға лейтенанты. #юид2026

💐Құрметті Надежда Садановна!Сізді мерейлі 70 жасқа толған мерейтойыңызбен шын жүректен құттықтаймыз!🏕️Сіз балалар туризм...
01/08/2026

💐Құрметті Надежда Садановна!
Сізді мерейлі 70 жасқа толған мерейтойыңызбен шын жүректен құттықтаймыз!
🏕️Сіз балалар туризмін дамытуға өлшеусіз үлес қосқан, бірнеше буын жас туристердің бойына туған жерге деген сүйіспеншілік пен табиғатты аялау сезімін сіңірген ардақты жансыз. Көп жылғы адал еңбегіңіз, мол тәжірибеңіз бен шәкірт тәрбиелеудегі еңбегіңіз әрдайым жоғары бағаланады.
💐Сізге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасыңызға амандық, бақ-береке және қуаныш тілейміз! Әр күніңіз шаттыққа, жүрегіңіз жылулыққа толы болсын. Еңбегіңіздің жемісін көріп, елдің құрметіне бөлене беріңіз!
🏕️И/т Облыстық балалар мен жасөспірімдер туризм және экология орталығының ұжымы

🏕️2026 жылдың 7-11 шілде күндері Ақжайық ауданында спорттық бағдарлаудан «Бағдар - 2026»  оқу-жаттығу жиыны өткізілді. 🔹...
14/07/2026

🏕️2026 жылдың 7-11 шілде күндері Ақжайық ауданында спорттық бағдарлаудан «Бағдар - 2026» оқу-жаттығу жиыны өткізілді.
🔹Мақсаты: салауатты өмір салтын қалыптастыру, спорттық бағдарлауды насихаттау және жазғы кезеңде балалардың бос уақытын тиімді өткізу.
Бағдарламаға сай білім алушылар спорттық бағдарлау бойынша теориялық және практикалық сабақтарға қатысып, «Лабиринт», «Ұзақ» және «Орта» қашықтықтары бойынша өздерінің шеберліктерін көрсете білді.
#БҚОбілімбасқармасы
#БҚОтуризм
#БҚОәкімдігі

Address

Улица им. Исатай батыра, д. 71/1
Oral
090000

Opening Hours

Monday 09:00 - 18:00
Tuesday 09:00 - 18:00
Wednesday 09:00 - 18:00
Thursday 09:00 - 18:00
Friday 09:00 - 18:00

Telephone

+77016731470

Alerts

Be the first to know and let us send you an email when Батыс Қазақстан облысы балалар-жасөспірімдер туризм және экология орталығы posts news and promotions. Your email address will not be used for any other purpose, and you can unsubscribe at any time.

Contact The Organization

Send a message to Батыс Қазақстан облысы балалар-жасөспірімдер туризм және экология орталығы:

Shortcuts

Share