Respublica партиясы Батыс Қазақстан облыстық филиалы

  • Home
  • Kazakhstan
  • Oral
  • Respublica партиясы Батыс Қазақстан облыстық филиалы

Respublica партиясы Батыс Қазақстан облыстық филиалы Contact information, map and directions, contact form, opening hours, services, ratings, photos, videos and announcements from Respublica партиясы Батыс Қазақстан облыстық филиалы, Political Party, Oral.

Respublica партиясының съезі 📍⚡️Respublica партиясының төрағасы Айдарбек Қожаназаровтың өкілеттігі үш жылға ұзартылдыRes...
05/07/2026

Respublica партиясының съезі 📍

⚡️Respublica партиясының төрағасы Айдарбек Қожаназаровтың өкілеттігі үш жылға ұзартылды

Respublica партиясының V кезектен тыс съезінде партияның тең төрағасы Сырымбек Тау партия төрағасы Айдарбек Қожаназаровтың өкілеттік мерзімін ұзартуды ұсынды. Партия төрағасының өкілеттік мерзімі осы жылдың шілде айында аяқталады.

«Айдарбек Асанұлы – партияның негізін қалаушылардың бірі. Оның жетекшілігімен Respublica аз уақыттың ішінде ел сеніміне ие болған беделді саяси күшке айналып, нақты нәтижелерге қол жеткізді», – деді Сырымбек Тау.

Оның айтуынша, партия осы уақыт ішінде өңірлерде берік ұйымдық құрылым қалыптастырып, депутаттық корпусты нығайтты және азаматтардың мүддесін көздейтін көптеген заңнамалық бастамаларды көтерді. Алдағы Құрылтай сайлауы қарсаңында партияның сабақтастығы мен таңдаған бағытын сақтап қалу аса маңызды.

Сырымбек Тау Айдарбек Қожаназаровтың кәсіби біліктілігі мен басқарушылық тәжірибесіне тоқталып, оның партия мүшелерінің, өңірлік филиалдардың және депутаттық корпустың қолдауына ие екенін айтты.

Оның пікірінше, өкілеттік мерзімін ұзарту партияның тұрақты дамуын қамтамасыз етіп, алға қойған стратегиялық міндеттерді жүйелі түрде жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

Съезд делегаттары Айдарбек Қожаназаровтың Respublica партиясының төрағасы ретіндегі өкілеттігін ұзартуға дауыс беріп, ұсынысты қолдады.

Елордада Respublica партиясының кезектен тыс V съезі өтті, оған партия басшылығы, орталық және өңірлік кеңес мүшелері, филиал төрағалары, депутаттар, сондай-ақ Respublica Jastary және ReWomen қауымдастықтарының белсенділері қатысты.

Полиция қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтаймыз!Қоғам тыныштығы мен азаматтардың қауіпсіздігі жолындағы жауапты...
23/06/2026

Полиция қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтаймыз!

Қоғам тыныштығы мен азаматтардың қауіпсіздігі жолындағы жауапты еңбектеріңізге алғыс айтамыз. Сіздерге зор денсаулық, абыройлы қызмет және толағай табыс тілейміз!

Мемлекеттік қызметшілер күні құтты болсын!Еліне адал қызмет етіп, қоғамның дамуына үлес қосып жүрген барша мемлекеттік қ...
23/06/2026

Мемлекеттік қызметшілер күні құтты болсын!

Еліне адал қызмет етіп, қоғамның дамуына үлес қосып жүрген барша мемлекеттік қызметшілерге алғыс айтамыз. Сіздерге мықты денсаулық, табыс пен жаңа жетістіктер тілейміз!

Құрметпен, Respublica партиясы

Құрметті медицина қызметкерлері!🔹RESPUBLICA партиясы атынан сіздерді кәсіби мерекелеріңіз – Медицина қызметкерлері күнім...
21/06/2026

Құрметті медицина қызметкерлері!

🔹RESPUBLICA партиясы атынан сіздерді кәсіби мерекелеріңіз – Медицина қызметкерлері күнімен шын жүректен құттықтаймыз!

Адам өмірі мен денсаулығын қорғау жолындағы қажырлы еңбектеріңіз, жоғары жауапкершіліктеріңіз бен жанашырлықтарыңыз үшін алғысымызды білдіреміз.

🎉Сіздерге зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық, еңбектеріңізге табыс пен толағай жетістіктер тілейміз. Халық игілігі жолындағы қызметтеріңіз әрдайым құрмет пен алғысқа бөлене берсін!

Мерекелеріңіз құтты болсын!

21/06/2026

«Қамқор» медициналық орталығының ұжымын RESPUBLICA партиясының партияластары және ReWomen әйелдер қауымдастығының өкілдерімен бірге Медицина қызметкерлері күнімен құттықтадық.

Ақ халатты абзал жандарға қоғам саулығы жолындағы еңбектері үшін алғысымызды білдіріп, ізгі тілектерімізді жеткіздік. Дендеріңізге саулық, еңбектеріңізге табыс тілейміз!

20/06/2026

RESPUBLICA партиясы Батыс Қазақстан облыстық филиалының атынан №5 қалалық емхана ұжымын кәсіби мерекелері – Медицина қызметкерлері күнімен құттықтадық.

Адам денсаулығын қорғау жолында аянбай еңбек етіп жүрген ақ халатты абзал жандарға алғысымызды білдіріп, бірқатар қызметкерлерге алғыс хаттар табыстадық.

Медицина қызметкерлерінің еңбегі – үлкен жауапкершілік пен жанашырлықтың үлгісі. Сіздердің кәсібиліктеріңіз бен адал қызметтеріңіздің арқасында талай жанға үміт пен саулық сыйлануда.

Барша медицина саласы қызметкерлеріне зор денсаулық, отбасы амандығын, еңбектеріне табыс пен толағай жетістіктер тілейміз!

Мерекелеріңіз құтты болсын!

ReWomen әйелдер бизнес-клубы аясында Батыс Қазақстан облысындағы ірі өндіріс орындарының бірі — Квант жиһаз фабрикасына ...
10/06/2026

ReWomen әйелдер бизнес-клубы аясында Батыс Қазақстан облысындағы ірі өндіріс орындарының бірі — Квант жиһаз фабрикасына экскурсия ұйымдастырылды.

Кездесу барысында қатысушылар кәсіпорынның өндірістік жұмысымен танысып, жиһаз жасау процесін көзбен көрді. Сонымен қатар, заманауи қазақстандық өндірістің дамуы мен ұйымдастыру жүйесіне ерекше назар аударылды.

1991 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан компания бүгінде корпус және жұмсақ жиһаз, матрас өндірісімен айналысып, өнімдерін Қазақстанның барлық өңірлеріне және шетел нарығына жеткізіп келеді.

Осындай кездесулер кәсіпкер әйелдердің тәжірибе алмасуына, жаңа серіктестіктер орнатуына және өңірдегі өндіріс саласының әлеуетін кеңінен тануына мүмкіндік береді. Ұйымдастырушылар кәсіпорын басшылығына мазмұнды экскурсия мен жылы қабылдау үшін алғыстарын білдірді.

06/06/2026

Сегодня в 323 Cafe состоялась встреча в формате бизнес-завтрака участников ReWomen.

В ходе встречи обсудили предстоящие планы и новые проекты, а также вопросы открытия представительств в районах области. Кроме того, состоялась первая встреча представителей ReWomen Business Club, который создаётся в городе Уральск. Участницы обменялись идеями, предложениями и обсудили направления дальнейшего сотрудничества.

Бүгін ReWomen әйелдер қауымдастығы мүшелерінің таңғы ас форматындағы кездесуі Орал қаласындағы 323 Cafe алаңында өтті.Ке...
06/06/2026

Бүгін ReWomen әйелдер қауымдастығы мүшелерінің таңғы ас форматындағы кездесуі Орал қаласындағы 323 Cafe алаңында өтті.

Кездесу барысында алдағы жоспарлар мен жаңа жобалар талқыланып, аудандарда өкілдіктер ашу жөнінде пікір алмастық. Сонымен қатар, Орал қаласында құрылатын ReWomen бизнес клубы өкілдерінің алғашқы кездесуі өтіп, кәсіпкер әйелдердің өзара байланысын нығайту және бірлескен жобаларды жүзеге асыру бағытында ойлар ортаға салынды.

Осындай кездесулер әйелдер көшбасшылығын дамытуға және қоғамдағы белсенді бастамалардың артуына серпін беретіні анық

🇰🇿Мемлекеттік рәміздер күні құтты болсын!Мемлекеттік рәміздерді қадірлеу – әр азаматтың қастерлі парызы!
04/06/2026

🇰🇿Мемлекеттік рәміздер күні құтты болсын!

Мемлекеттік рәміздерді қадірлеу – әр азаматтың қастерлі парызы!

Address

Oral
090000 - 090013

Alerts

Be the first to know and let us send you an email when Respublica партиясы Батыс Қазақстан облыстық филиалы posts news and promotions. Your email address will not be used for any other purpose, and you can unsubscribe at any time.

Shortcuts

Share