БҚО Мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы

  • Home
  • Kazakhstan
  • Oral
  • БҚО Мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы

БҚО Мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы Управление культуры, развития языков и архивного дела Западно-Казахстанской области

27/08/2026

ЖЫРДАН МҰНАРА ТҰРҒЫЗҒАН ҚАЛАМГЕР

Батыс Қазақстан облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының қолдауымен жүзеге асқан «Атамекен» сериалдар топтамасы көрерменге жол тартты.

Жобаның басты мақсаты – Батыс Қазақстан өңірінде дүниеге келген тарихи тұлғалардың өнегелі өмір жолын, ел мен жер тарихындағы айрықша орнын, халқына сіңірген өлшеусіз еңбегін кеңінен насихаттау, кейінгі ұрпаққа олардың рухани мұрасын жеткізу.

Бұл жолғы шығарылым – көрнекті ақын, аудармашы, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Қайрат Жұмағалиевтің ғибратты ғұмыры мен шығармашылық мұрасына арналады.

Қайрат Жұмағалиев – қазақ поэзиясына өзіндік өрнегін қалыптастырған, көркем аударма саласында да қалам тербеген талантты қаламгер. Оның шығармаларынан туған жерге деген перзенттік махаббат, елдік сана, адамгершілік пен азаматтық ұстаным айқын көрініс табады.

Тарихты танып, тұлғаны танытқан тағылымды жобаны бірге тамашалап, Қайрат Жұмағалиевтің шығармашылық мұрасын бірге дәріптейік!

24/08/2026

Ғұмар Қараш – ұлт руханиятының шамшырағы

Батыс Қазақстан облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының қолдауымен жүзеге асқан «Атамекен» сериалдар топтамасы көрерменге жол тартты.

Жобаның басты мақсаты – Батыс Қазақстан өңірінде дүниеге келген тарихи тұлғалардың өнегелі өмір жолын, ел мен жер тарихындағы айрықша орнын, халқына сіңірген өлшеусіз еңбегін кеңінен насихаттау.

Бұл жолғы шығарылым – көрнекті ақын, ойшыл-философ, ағартушы, қоғам қайраткері Ғұмар Қараштың ғибратты ғұмыры мен шығармашылық мұрасына арналады.

Ғұмар Қараш – ұлттың рухани жаңғыруын көксеп, халқын білім мен өнерге, ғылым мен мәдениетке ұмтылуға үндеген біртуар тұлға. Оның ел бірлігі, адамгершілік, имандылық, әділет пен ағартушылық жайындағы ой-толғамдары бүгінгі күнге дейін өз маңызын жойған жоқ.

Тарихты танып, тұлғаны танытқан тағылымды жобаны бірге тамашалап, ұлттық өнердің ұлы мұрасын бірге дәріптейік!

19/08/2026

ДИНАНЫҢ КҮЙІ - ДАЛАНЫҢ ҮНІ

Батыс Қазақстан облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының қолдауымен жүзеге асқан «Атамекен» сериалдар топтамасы көрерменге жол тартты.

Жобаның басты мақсаты – Батыс Қазақстан өңірінде дүниеге келген тарихи тұлғалардың өнегелі өмір жолын, халқына сіңірген өлшеусіз еңбегін насихаттау.

Бұл жолғы шығарылым ұлы даланың ұлы күйшісі, қазақтың күй өнерін биік белеске көтерген дара тұлға Дина Нұрпейісоваға арналады.

Дина Нұрпейісова – ұлттық өнердің алтын қорына өлшеусіз үлес қосқан, күй арқылы халқымыздың мұңын да, қуанышын да, арман-аңсарын да жеткізген біртуар өнерпаз. Оның ғибратты ғұмыры мен шығармашылық мұрасы – қазақ мәдениетінің баға жетпес қазынасы.

Тарихты танып, тұлғаны танытқан тағылымды жобаны бірге тамашалап, ұлттық өнердің ұлы мұрасын бірге дәріптейік!

#тарихитұлғалар #бқо #атамекен

13/08/2026

🔷Мемлекет басшысы Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиевті қабылдады

▪️Президент аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы есепті тыңдады.

Нариман Төреғалиев:

➤ өңірлік жалпы өнім көлемі үш жылда 13,6 пайызға ұлғайып, 2026 жылдың 1 қаңтарында 5 триллион теңгеге жеткенін айтты.

▪️Өткен жылдың қорытындысы бойынша тартылған инвестиция көлемі 874,5 миллиард теңгені құрап, алдыңғы жылмен салыстырғанда 16,6 пайызға өсті.

➤ бұған дейінгі тапсырмаларының орындалуы туралы егжей-тегжейлі ақпарат берді.

▪️Жуырда Қарашығанақ кен орнында қуаттылығы жылына 5 миллиард текше метр газ өңдеуге жететін зауыт құрылысы басталады. Инвестициялық жоба құны – 1,7 триллион теңге.

▪️Сондай-ақ жыл соңына дейін Жайық өзені арқылы өтетін көпірдің құрылысын бастау жоспарланып отыр.

➤ соңғы үш жылда облыста жалпы құны 138 миллиард теңге болатын 121 жаңа әлеуметтік нысан салынғаны туралы баяндады.

▪️1542 шақырым автокөлік жолдары жөндеуден өтті. Қазақстан – Ресей шекарасындағы «Сырым» автокөлік өткізу бекеті қайта жаңғыртылып жатыр. Келесі жылы «Тасқала» бекетінде дәл осындай жоба басталады.

▪️Бұдан бөлек, жаңадан салынған және жаңғыртылған төрт теміржол вокзалы ел игілігіне берілді.

▪️Былтыр ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі 320 миллиард теңгеге жетті.

▪️«Ауыл аманаты» бағдарламасы қолға алынғаннан бері 1414 жоба қаржыландырылып, 2 мыңға жуық жаңа жұмыс орны ашылды.

▪️«Қаладан – ауылға» өңірлік бағдарламасы аясында мыңнан астам адам ауылға қоныс аударды. Барлық 218 отбасы баспанамен қамтылып, оларға әлеуметтік қолдау шаралары көрсетілді.

Мемлекет басшысы:

📌өңірді одан әрі дамыту, коммуналдық инфрақұрылымды жедел жаңғырту және тұрғындардың тұрмыс сапасын арттыру жұмысын жалғастыруды тапсырды.

*****

🔷 Глава государства принял акима Западно-Казахстанской области Наримана Турегалиева

▪️Президент заслушал отчет о социально-экономическом развитии региона.

Нариман Турегалиев:

➤ доложил, что объем валового регионального продукта по состоянию на 1 января 2026 года достиг 5 трлн тенге, увеличившись за три года на 13,6%.

▪️По итогам прошлого года объем привлеченных инвестиций составил 874,5 млрд тенге, что на 16,6% больше по сравнению с предыдущим годом.

➤ подробно проинформировал о ходе исполнения ранее данных поручений.

▪️В ближайшее время на месторождении Карачаганак начнется строительство газоперерабатывающего завода мощностью 5 млрд кубометров газа в год. Стоимость инвестиционного проекта составляет 1,7 трлн тенге.

▪️Кроме того, до конца текущего года планируется начать строительство нового моста через реку Урал.

➤ сообщил, что за последние три года в области построен 121 новый социальный объект общей стоимостью 138 млрд тенге.

▪️Проведен ремонт 1542 километров автомобильных дорог. Продолжается реконструкция автомобильного пункта пропуска «Сырым» на казахстанско-российской границе. В следующем году начнется реализация аналогичного проекта на пункте «Таскала».

▪️Также введены в эксплуатацию четыре вновь построенных и реконструированных железнодорожных вокзала.

▪️По итогам прошлого года объем валовой продукции сельского хозяйства достиг 320 млрд тенге.

▪️С начала реализации программы «Ауыл аманаты» профинансировано 1414 проектов, создано около 2 тысяч новых рабочих мест.

▪️В рамках региональной программы «Из города – в село» переселились свыше тысячи человек. Все 218 семей обеспечены жильем и получили необходимые меры социальной поддержки.

Глава государства:

📌 поручил продолжить работу по дальнейшему развитию региона, ускорить модернизацию коммунальной инфраструктуры и принять дополнительные меры по повышению качества жизни населения.

28/07/2026

ҚАДЫР МҰРАСЫ - ҰЛТ ҚАЗЫНАСЫ

Батыс Қазақстан облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының қолдауымен жүзеге асқан «Атамекен» сериалдар топтамасы көрерменге жол тартты.

Жобаның басты мақсаты – Батыс Қазақстан өңірінде дүниеге келген тарихи тұлғалардың өнегелі өмір жолын, халқына сіңірген өлшеусіз еңбегін, елдік мұрат жолындағы қызметін кеңінен насихаттап, олардың рухани мұрасын кейінгі ұрпаққа таныту және ұлттық құндылықтарды дәріптеу.

«Атамекен» сериалдар топтамасының әрбір шығарылымы туған жердің тарихында өзіндік қолтаңбасын қалдырған бірегей тұлғалардың тағылымды ғұмырына арналмақ.

Бұл жолғы шығарылым қазақ поэзиясының көрнекті өкілі, Қазақстанның халық жазушысы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Қадыр Мырза Әлінің өмір жолы мен шығармашылық мұрасына, қазақ әдебиеті мен руханиятының дамуына қосқан ерен үлесіне арналады.

Ұлт руханиятының алып тұлғасы Қадыр Мырза Әлінің тағылымды ғұмыры мен мәңгілік мұрасын бірге танып, тамашалауға шақырамыз!

24/07/2026

ХАМЗА МҰРАСЫ – МӘҢГІЛІК ҚАЗЫНА

Батыс Қазақстан облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының қолдауымен «Атамекен» сериалдар топтамасы жарық көрді.

Аталмыш жоба – Батыс Қазақстан өңірінде дүниеге келген тарихи тұлғалардың өнегелі өмір жолы мен елге сіңірген еңбегін кеңінен насихаттауға бағытталған.

Осы жолғы шығарылым қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі, жазушы Хамза Есенжановтың өмірі мен шығармашылығына арналады.

Х. Есенжанов атындағы облыстық балалар және жасөспірімдер кітапханасы және қаламгердің әдеби мұрасы, халқымыздың рухани қазынасына қосқан өлшеусіз үлесі мен өнегелі ғұмыры туралы сыр шертетін туындыны бірге тамашалауға шақырамыз. #тарихитұлға #бқо #атамекен #сериал

21/07/2026

ЕЛГЕ ҚЫЗМЕТ ЕТКЕН ЕРЕН ТҰЛҒА

Батыс Қазақстан облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының қолдауымен «Атамекен» сериалдар топтамасы жарық көрді.
Аталмыш жоба – Батыс Қазақстан өңірінде дүниеге келген тарихи тұлғалардың өнегелі өмір жолы мен елге сіңірген еңбегін кеңінен насихаттауға бағытталған.
Бұл жолғы шығарылым мемлекет және қоғам қайраткері Мұстахым Біләлұлы Ықсановтың өмірі мен ел дамуына сіңірген ерен еңбегіне арналады.
Өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына өлшеусіз үлес қосқан, халық игілігі жолында қажырлы қызмет еткен біртуар тұлғаның өнегелі ғұмыры мен тарихи мұрасы кино туынды арқылы көпшілік назарына ұсынылады.
Көрермен қауымды тағылымды тұлғаның өнегесін кейінгі ұрпаққа насихаттауға бағытталған жаңа шығарылымды тамашалауға шақырамыз!

🇰🇿🇬🇧Қазақ тілі – енді Оксфордта!ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі мен Оксфорд университеті арасындағы ынтымақтастық...
21/07/2026

🇰🇿🇬🇧Қазақ тілі – енді Оксфордта!

ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі мен Оксфорд университеті арасындағы ынтымақтастық туралы келісім аясында бүгінде аталған жоғары оқу орнында қазақ тілі оқытылып келеді.

Осы бастамаға арналған «Қазақ тілі Оксфордта» атты деректі фильмді «Хабар» телеарнасы түсірді.

Деректі фильмнің алғашқы бөлімін келесі сілтеме арқылы көре аласыздар:

https://youtu.be/lhu40WbbzBk?si=5HUJ8bHs_xmsBFqh

✔️ Фильмде Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек қазақ тілін Оксфорд университетінде оқыту бастамасының жүзеге асу тарихы мен оның маңызы туралы әңгімелейді.

Address

Хамида Чурин көшесі, 116
Oral
090000

Alerts

Be the first to know and let us send you an email when БҚО Мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы posts news and promotions. Your email address will not be used for any other purpose, and you can unsubscribe at any time.

Shortcuts

Share