Батыс Қазақстан облысы әкімдігі / Акимат Западно-Казахстанской области

  • Home
  • Kazakhstan
  • Oral
  • Батыс Қазақстан облысы әкімдігі / Акимат Западно-Казахстанской области

Батыс Қазақстан облысы әкімдігі / Акимат Западно-Казахстанской области Батыс Қазақстан облысы әкімдігі / Акимат Западно-Казахстанской области

АРУЖАН ЫҚСАН – VI ДҮНИЕЖҮЗІЛІК КӨШПЕНДІЛЕР ОЙЫНДАРЫНЫҢ КҮМІС ЖҮЛДЕГЕРІ! Қырғызстан Республикасында өтіп жатқан VI дүниеж...
05/09/2026

АРУЖАН ЫҚСАН – VI ДҮНИЕЖҮЗІЛІК КӨШПЕНДІЛЕР ОЙЫНДАРЫНЫҢ КҮМІС ЖҮЛДЕГЕРІ!

Қырғызстан Республикасында өтіп жатқан VI дүниежүзілік көшпенділер ойындарында жамбы атудың мажар стилінен сынға түскен батысқазақстандық спортшы Аружан Ықсан күміс медаль иеленді.

Ұлттық ойынның шартына сәйкес, ат үстінде шауып келе жатып, нысананы дәл көздеу қажет. Мергендер өзара ептілік пен шеберлік жарыстырған жалаулы жарыста жерлесіміз жоғары нәтиже көрсетті.

Аружан Ықсанды айтулы жетістігімен құттықтай отырып, отандық спортшыларға сәттілік пен жарқын жеңістер тілейміз!

БҚО әкімінің баспасөз қызметі

ҚАЛДЫҚТАРДЫ СҰРЫПТАУ ЖӘНЕ ҚАЙТА ӨҢДЕУ ИНФРАҚҰРЫЛЫМЫН ДАМЫТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫОблыс әкімі Нариман Төреғалиев қатты тұ...
05/09/2026

ҚАЛДЫҚТАРДЫ СҰРЫПТАУ ЖӘНЕ ҚАЙТА ӨҢДЕУ ИНФРАҚҰРЫЛЫМЫН ДАМЫТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Облыс әкімі Нариман Төреғалиев қатты тұрмыстық қалдықтарды сұрыптау және қайта өңдеуге арналған жабдықтар шығарумен айналысатын ARTMAN ЖШС басшысы Олег Артьемовпен кездесті. Тараптар өңірде қалдықтарды басқару жүйесін жетілдіру, қажетті инфрақұрылымды дамыту жөнінде пікір алмасты. Кәсіпкер өзі жетекшілік ететін отандық компания өнімінің шетелдік жабдықтардан ерекшелігі мен артықшылықтарына тоқталды.

Аймақ басшысы қатты тұрмыстық қалдықтарды қайта өңдеу, кәдеге жарату бойынша өңірде бірқатар инвестициялық жоба қолға алынғанын айтты. Нариман Төреғалиев «жасыл экономиканың» басты бағыттарының бірі ретінде мұндай бастамалардың маңызды екенін атап өтті.

Кездесу қорытындысы бойынша қос тарап қалдықтарды тиімді басқару, сұрыптау және қайта өңдеу саласында бірлескен жобаларды жоспарлау үшін Алматы қаласында тіркелген отандық компанияның әлеуетімен жан-жақты танысуға келісті.

БҚО әкімінің баспасөз қызметі

ЖАСӨСПІРІМДЕРДІҢ ПСИХИКАЛЫҚ ДЕНСАУЛЫҒЫН НЫҒАЙТУҒА БАҒЫТТАЛҒАН ЗАМАНАУИ ӘДІС-ТӘСІЛДЕР ҰСЫНЫЛДЫОрал қаласында мектеп психо...
05/09/2026

ЖАСӨСПІРІМДЕРДІҢ ПСИХИКАЛЫҚ ДЕНСАУЛЫҒЫН НЫҒАЙТУҒА БАҒЫТТАЛҒАН ЗАМАНАУИ ӘДІС-ТӘСІЛДЕР ҰСЫНЫЛДЫ

Орал қаласында мектеп психологтары мен психологиялық орталық мамандарына арналған облыстық семинар-тренинг өтті. Астана қаласынан келген кәсіби сарапшылар, дәрігер-психиатрлар балалар мен жасөспірімдер арасындағы деструктивті мінез-құлық пен суицидтік тәуекелдердің алдын алу тақырыбында дәріс оқып, заманауи әдіс-тәсілдерді ұсынды. Іс-шараға облыс әкімі Нариман Төреғалиев те қатысып, сала мамандарымен пікір алмасты.

- Балалар мен жасөспірімдерді білімді ғана емес, тәрбиелі азамат етіп қалыптастыруымыз қажет. Кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылықты болдырмау – маңызды міндеттердің бірі. Жуырда өңірде балалар құқықтарын қорғауды жүзеге асыратын жаңа басқарма құрылды. Аталған мемлекеттік органға жүктелер жауапкершілік жоғары. Бірақ, бала тәрбиесіне тек басқарма мен мектеп жауапты деген қасаң түсінік болмауы тиіс. Мұғалімдер мен ата-аналар арасында тығыз байланыс орнатылуы керек, - деді Нариман Төреғалиев.

Облыс әкімі бала тәрбиесіне жауапты барлық тарап өз бетінше әрекет етпей, ортақ міндетті ұйымдасқан түрде атқаруды және алдын алу шараларын күшейтуді тапсырды.

Семинар-тренингте педагог-психологтарға деструктивті мінез-құлық танытқан жасөспірімдермен жекелей жұмыс істеу, түрлі жағдаяттарда әрекет ету алгоритмі, балаларды сөзге тарту, диалог орнату, мәселенің салдарымен емес, себебімен күресу тетіктері жан-жақты түсіндірілді.

БҚО әкімінің баспасөз қызметі

БАЛАЛАРҒА ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚТЫҚ КӨМЕК КӨРСЕТУ ЖҰМЫСТАРЫ САРАЛАНДЫАймақ басшысы Нариман Төреғалиев балалар мен жасө...
05/09/2026

БАЛАЛАРҒА ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚТЫҚ КӨМЕК КӨРСЕТУ ЖҰМЫСТАРЫ САРАЛАНДЫ

Аймақ басшысы Нариман Төреғалиев балалар мен жасөспірімдерді психологиялық және құқықтық тұрғыда қолдауды жүзеге асыратын мекемелерде болып, атқарылып жатқан жұмыстарды саралады. Облыстық әдістемелік психологиялық қолдау орталығының жаңа ғимаратында аймақ басшысына мекеме қызметі жөнінде жан-жақты мәлімет берілді. Мұнда 12 психолог, 2 әлеуметтік педагог, 8 әдіскер, қала және аудандарда 15 үйлестіруші жұмыс істейді. Облыс әкімі жауапты мамандармен тілдесіп, мектеп оқушылары арасында деструктивті мінез-құлық пен суицидтік тәуекелдерінің алдын алу шараларын күшейтуді тапсырды.

Облыстық балалардың құқықтарын қорғау басқармасының жұмысы туралы мекеме басшысы Афиза Семғалиева баяндады. Жыл басынан бері жауапты құрылымға тікелей жолданған өтініштерден бөлек, «111» мемлекеттік бірыңғай байланыс орталығы арқылы 62, ал өңірлік сенім телефоны арқылы 220 өтініш келіп түскен. Оның дені балалардың құқықтары мен заңды мүддесін қорғау, білім алу, қауіпсіздік, отбасылық қарым-қатынас және әлеуметтік көмекке байланысты мәселелерді қамтиды.

Ведомствоаралық іс-қимыл аясында басқармаға жедел ден қоюды талап ететін 54 жағдай жөнінде ақпарат беріліп, барлығы бойынша тиісті жұмыстар жүргізілген.

Облыс әкімі Нариман Төреғалиев балалардың құқығын қорғау, олардың психологиялық тұрақтылығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері күн тәртібінен түспейтінін атап өтті.

- Президент бастамашы болған жаңа Ата Заңда адами капиталды дамыту алғаш рет конституциялық міндет болып бекітілді. Ол үшін жас ұрпаққа бәсекеге лайықты білім ғана емес, саналы тәрбие беруіміз қажет. Балалардың құқығын қорғау мен қауіпсіздігін қамту жұмыстарын жандандыру қажет. «Қазақстан балалары» тұжырымдамасын сапалы жүзеге асыруда жауапты құрылымдар бірлесе әрекет етуі тиіс, - деді Нариман Төреғалиев.

БҚО әкімінің баспасөз қызметі

04/09/2026

Аймақ басшысы Нариман Төреғалиев балалар мен жасөспірімдерді психологиялық және құқықтық тұрғыда қолдауды жүзеге асыратын мекемелерде болып, атқарылып жатқан жұмыстарды саралады.

СОТ ЖҮЙЕСІНДЕ МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІҢ ҚОЛДАНЫЛУ АЯСЫН КЕҢЕЙТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫОралда «Сот ісін жүргізуде мемлекеттік тіл...
04/09/2026

СОТ ЖҮЙЕСІНДЕ МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІҢ ҚОЛДАНЫЛУ АЯСЫН КЕҢЕЙТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Оралда «Сот ісін жүргізуде мемлекеттік тілді қолдану аясын кеңейтудегі мемлекеттік органдардың рөлі» атты ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Оған аймақ басшысы Нариман Төреғалиев, облыстық сот төрағасы Азат Ізбасаров, ҚР Судьялар одағының төрағасы Досжан Әмір, мемлекеттік және құқық қорғау органдарының өкілдері, тіл жанашырлары қатысты.

Облыс әкімі конференцияға қатысушыларды Қазақстан халқының тілдері күні меркесімен құттықтады. Ол мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту қоғамның ортақ міндеті екенін атап өтті.

- Президент бастамашы болған жаңа Халықтық Конституцияның 9-бабы 1-тармағында «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі – қазақ тілі» деп нақты жазылған. Ана тіліміздің ел өміріндегі орны – ешқандай талас тудырмайтын ақиқат. Мемлекеттік тілдің тұғырын нығайту – баршамызға ортақ міндет. 2026 жылдың ІІ тоқсанының нәтижесі бойынша облыстағы жергілікті атқарушы органдарда мемлекеттік тілдегі құжат айналымының үлесі 98 пайызды құрады. Бұл жұмысты жүйелі түрде жалғастыруға әрбір мекеме басшысы мүдделі болуға тиіс, - деді Нариман Төреғалиев.

Облыс әкімі мемлекеттік тілдің құқықтық кеңістіктегі рөлі ерекше екенін айтып, бұл бағыттағы жүйелі жұмыстар азаматтарға сот төрелігінің қолжетімділігін қамтамасыз ететінін атап өтті. Жиында құқықтық құжаттарды мемлекеттік тілде сапалы әзірлеу, заң терминологиясын біріздендіру және мамандардың кәсіби тілдік деңгейін арттыру мәселелері жан-жақты талқыланды.

Конференция соңында тіл саясатын ілгерілетуге қосқан үлесі мен нәтижелі еңбегі үшін сот жүйесі қызметкерлеріне алғыс хаттар табысталды.

БҚО әкімінің баспасөз қызметі

БАТЫСҚАЗАҚСТАНДЫҚ СПОРТШЫЛАР ЕЛ ҚОРЖЫНЫНА ҮШ МЕДАЛЬ САЛДЫҚырғызстан Республикасының Ыстықкөл облысында өтіп жатқан VI дү...
04/09/2026

БАТЫСҚАЗАҚСТАНДЫҚ СПОРТШЫЛАР ЕЛ ҚОРЖЫНЫНА ҮШ МЕДАЛЬ САЛДЫ

Қырғызстан Республикасының Ыстықкөл облысында өтіп жатқан VI дүниежүзілік көшпенділер ойындарында батысқазақстандық спортшылар ел қоржынына үш медаль салды.

Жас шабандоз Санжар Өмекей 12 шақырымдық құнан бәйгеде топ жарып, жеңімпаз атанды. Дәстүрлі садақ атудан Әсемгүл Ғалымжанова «Орта Азия» нысанасы бойынша 40 метр қашықтықта сынға түсіп, алтыннан алқа тақты. Ал Еркебұлан Нығмет көшпенділер ойындарының бағдарламасына енген самбодан 76 келі салмақ дәрежесінде қола жүлде еншіледі.

Жалаулы жарыста Ақ Жайық өңірінің ғана емес, тұтас елдің мерейін асырған жерлестерімізді жарқын жеңістерімен құттықтаймыз! Дүбірлі додада отандық спортшыларға сәттілік тілейміз!

Айта кетейік, байрақты бәсекеде ұлттық құрама сапында 150-ден астам спортшы ел намысын қорғауда. Олардың қатарында 7 батысқазақстандық бар.

БҚО әкімінің баспасөз қызметі

Н.ТӨРЕҒАЛИЕВ: АҚ ЖАЙЫҚ ӨҢІРІ КӨРШІ ЕЛДЕРДЕГІ ҚАНДАСТАРМЕН ТҰРАҚТЫ БАЙЛАНЫС ОРНАТЫП КЕЛЕДІ«Атамекен» өнер ордасында «Алты...
04/09/2026

Н.ТӨРЕҒАЛИЕВ: АҚ ЖАЙЫҚ ӨҢІРІ КӨРШІ ЕЛДЕРДЕГІ ҚАНДАСТАРМЕН ТҰРАҚТЫ БАЙЛАНЫС ОРНАТЫП КЕЛЕДІ

«Атамекен» өнер ордасында «Алтын көпір» халықаралық форумы өтті. Оған облыс әкімі Нариман Төреғалиев, құрамында қоғамдық ұйым көшбасшылары, қазақ диаспорасының өкілдері бар Ресей Федерациясы, Өзбекстан және Қырғызстаннан келген делегациялар, жергілікті тарихшы ғалымдар, ақын-жазушылар, тіл жанашырлары, еңбек ардагерлері және жастар қатысты.

Аймақ басшысы «Алтын көпір» фестивалі атына заты сай, шетелде тұратын қазақ диаспорасы өкілдерін тарихи Отанымен байланыстыратын, туған тіліміз бен ұлттық мәдениетімізді, салт-дәстүріміз бен қастерлі құндылықтарымызды ұрпақтан ұрпаққа жалғастыратын тағылымға толы, рухани көпір екенін атап өтті.

- Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев бастамашы болған Халықтық Конституцияның преамбуласы «Біз, біртұтас Қазақстан халқы...» деген сөздерден басталады. Бай шежірелі Қазақстан – әлемнің қай түкпірінде өмір сүріп жатса да, әрбір қазақ үшін әрдайым тарихи Отаны болып қала береді. Дәстүрлі фестивальдің негізгі мақсаты да – жырақта жүрген қандастарымызбен тұрақты байланыс орнату, ортақ құндылықтарымызды дәріптеу, - деді Нариман Төреғалиев.

Батыс Қазақстан облысы Ресей Федерациясының 5 бірдей аймағымен шектесіп жатыр. Өңіраралық ынтымақтастық оң жолға қойылған. Аймақ басшысы көрші елдегі қазақ диаспорасы өкілдерімен, қоғамдық ұйымдармен кездесу игі дәстүрге айналғанын тілге тиек етті.

- Жуырда Орынбор облысына жасаған жұмыс сапарында «Бәйтерек» қазақ қоғамдық бірлестігі мүшелерімен кездесіп, тыныс-тірлігімен таныстым. Қандастарымыз құрған ұйым ұлттық салт-дәстүр мен төл тарихты танып-білу, насихаттау жолында жүйелі жұмыстар атқарып жатыр. Түптеп келгенде, арақашықтық ұлттық болмысты сақтауға кедергі болмауы тиіс. Тату көршілікке негізделген саясат ұстанған Мемлекеттер басшылары да бұған ерекше мән беріп келеді, - деді облыс әкімі.

Форумда төл тарихты түгендеу, қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейту және өзара ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға бағытталған ұтымды ұсыныстар мен парасатты пікірлер айтылды.

БҚО әкімінің баспасөз қызметі

04/09/2026

«Атамекен» өнер ордасында «Алтын көпір» халықаралық форумы өтті. Оған облыс әкімі Нариман Төреғалиев, құрамында қоғамдық ұйым көшбасшылары, қазақ диаспорасының өкілдері бар Ресей Федерациясы, Өзбекстан және Қырғызстаннан келген делегациялар, жергілікті тарихшы ғалымдар, ақын-жазушылар, тіл жанашырлары, еңбек ардагерлері және жастар қатысты.

Address

г. Уральск, пр-т. Нурсултана Назарбаева, 179
Oral
090000

Alerts

Be the first to know and let us send you an email when Батыс Қазақстан облысы әкімдігі / Акимат Западно-Казахстанской области posts news and promotions. Your email address will not be used for any other purpose, and you can unsubscribe at any time.

Contact The Organization

Send a message to Батыс Қазақстан облысы әкімдігі / Акимат Западно-Казахстанской области:

Shortcuts

Share