Adilet Pavlodar city

Adilet Pavlodar city 🇰🇿«Әділет» партиясы Павлодар қалалық филиалының ресми парақшасы
📍Мекен-жайымыз: Толстой көш. 57

03/09/2026

*Ұлттық құндылықтарымыз ұлықталған күн*

Құрылтай депутаттары, «Әділет» партиясы фракциясының мүшелері Қазақ тазысы мен төбеті күнімен құттықтады.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев тазы тұқымын сақтау және көбейту ісіне айрықша мән беріп келеді. Соның жарқын дәлелі ретінде, Президент тапсырмасымен соңғы жылдары бұл бағытта ауқымды жұмыс атқарылды.

Осы орайда, ұзақ жылдан бері ұлттық құндылықтарымызды ұлықтап, халқымыздың рухани және мәдени мұрасын сақтау, дәріптеу, келер ұрпаққа жеткізу ісіне айрықша атсалысып жүрген депутаттар Дихан Қамзабекұлы, Жанарбек Әшімжанов, Нұрлан Дулатбеков және Жарқынбек Амантайұлы орамды ойларын ортаға салды.

Депутаттар бүгінде қазақ тазысы әлемге танылып келе жатқанын атап өтіп, тазы мен төбет ата-бабамыздың тұрмыс-тіршілігі мен дәстүрлі мәдениетінің ажырамас бөлігі екенін мәлімдеді.

Құмай тазы – ұлттық құндылығымызТазы – қазақ халқының тарихы мен дәстүрінің ажырамас бөлігі. Президент Қасым-Жомарт Тоқа...
03/09/2026

Құмай тазы – ұлттық құндылығымыз

Тазы – қазақ халқының тарихы мен дәстүрінің ажырамас бөлігі. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев тазы тұқымын сақтап, көбейту ісіне айрықша мән береді. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша дәл осы бағытта мазмұнды жұмыс жүргізілді. Қазақы ит тұқымдарын сақтау және өсімін молайту туралы заң қолданысқа енді.

Сондықтан жеті қазынаның бірі саналатын құмай тазы – аңшының сенімді серігі ғана емес, ұлттық құндылығымыз. Оны келер ұрпаққа аманат ету – баршамыздың қастерлі борышымыз!

#қазақстан #әділет #әділетпартиясы #ӘділеттіҚазақстан #партияадилет

Ардақты ағайын!Баршаңызды Қазақ тазысы мен төбеті күнімен шын жүректен құттықтаймыз!Есте жоқ ескі заманнан бері сайын да...
03/09/2026

Ардақты ағайын!

Баршаңызды Қазақ тазысы мен төбеті күнімен шын жүректен құттықтаймыз!

Есте жоқ ескі заманнан бері сайын далада саят құрған халқымыз үшін құмай тазы – атадан балаға аманат болып жеткен қастерлі құндылық, ұлттық болмысымыздың ажырамас бөлшегі. Ал ұлттық құндылықтарды ұлықтау – баршамызға ортақ ұлағатты іс.

Осы орайда, елімізде дәстүр сабақтастығы жалғасын тауып, тарих қойнауынан тамыр тартқан салтымыз бен мәдениетіміз жыл өткен сайын жаңғырып келеді. Қазақ тазысы мен төбеті күні – соның жарқын дәлелі.

Еліміздің іргесі берік, аспаны ашық және келешегі кемел болсын!

#қазақстан #әділет #әділетпартиясы #ӘділеттіҚазақстан #партияадилет

Құрылтай депутаттары оқушылар мен ұстаздарды Білім күнімен құттықтады «Әділет» партиясынан сайланған Құрылтай депутаттар...
01/09/2026

Құрылтай депутаттары оқушылар мен ұстаздарды Білім күнімен құттықтады

«Әділет» партиясынан сайланған Құрылтай депутаттары 2026-2027 оқу жылының басталуына арналған салтанатты жиындарға қатысты. Елорда мен Ақмола облысының мектептеріне партияның 50-ге жуық депутаты барды. Олар оқушылармен, ата-аналармен және ұстаздармен кездесіп, барша қауымды Білім күнімен құттықтады әрі мектептегі білім беруді дамыту мәселелерін талқылады.

«Әділет» партиясының фракция жетекшісінің орынбасары Лаура Қарабасова Астананың Алматы ауданында орналасқан Сырбай Мәуленов атындағы №37 мектеп-лицейіне барды. Ол Мемлекет басшысының білім сапасын арттыру мен оқушыларды қолдауға айрықша көңіл бөліп отырғанын тілге тиек етті. Соңғы бес жылда елімізде 1 миллионнан астам оқушыға арналған 1200-ден астам заманауи мектеп салынды.
Сондай-ақ халықаралық мектеп олимпиадаларының жүлдегерлеріне біржолғы ақшалай сыйақы тағайындалды.

«Жақында халықаралық пәндік олимпиадалардың жеңімпаздарымен кездесуде Президент: «Қазақстанның жарқын болашағы білімді, жан-жақты әрі талантты жастардың қолында» деді. Бұл сөздердің әрқайсыңызға тікелей қатысы бар. Сіздер технология мен жасанды интеллект күнделікті өмірімізге дендеп еніп жатқан кезеңде өсіп келесіздер. Алайда технология адамды ешқашан алмастыра алмайды. Сондықтан оларды сауатты қолдануды үйреніп, гуманитарлық және инженерлік-техникалық бағыттарды қатар меңгеріп, өздеріңіз үшін жаңа мүмкіндіктер ашу маңызды», - деді Лаура Қарабасова.

Ақмола облысында депутаттар Юлия Кучинская мен Амантай Жарқынбек Целиноград ауданына қарасты Қаражар ауылындағы мектеп-лицейге барып, физика, химия, еңбекке баулу, робототехника және жасанды интеллект кабинеттерінің құрал-жабдықтарын қарап шықты. Ал Ерқанат Мұсылманбек пен Айнагүл Балташева Қосшы қаласындағы №2 мектеп-гимназияға барды.

Депутаттар білім беру жүйесінің алдында тұрған бүгінгі міндеттерге тоқталды. 2031 жылға дейін кемінде 300 мың жаңа оқу орны ашылып, 60 бейінді мектеп құру және тірек мектептер желісін дамыту көзделген.

#қазақстан #әділет #әділетпартиясы #ӘділеттіҚазақстан #партияадилет

Депутаты Курултая поздравили школьников и педагогов с Днем знаний

Депутаты Курултая от партии «Әділет» приняли участие

Депутат Павлодарского городского маслихата Ланглиц Виталий Валерьевич принял участие в благотворительной акции «Мектепке...
01/09/2026

Депутат Павлодарского городского маслихата Ланглиц Виталий Валерьевич принял участие в благотворительной акции «Мектепке нық қадаммен!».

В рамках акции неполным семьям были вручены сертификаты от магазина «Детский мир» на приобретение школьной формы, канцелярских принадлежностей и других необходимых товаров для детей к новому учебному году.

Благодарим Виталия Валерьевича за участие в благотворительной акции, внимание к семьям и поддержку детей!

Депутат Павлодарского городского маслихата Айгожина Нургуль Нурлановна приняла участие в благотворительной акции «Мектеп...
01/09/2026

Депутат Павлодарского городского маслихата Айгожина Нургуль Нурлановна приняла участие в благотворительной акции «Мектепке нық қадаммен!».

В рамках акции семьям вручены сертификаты от магазина «Детский мир» для приобретения необходимых товаров к новому учебному году.

Благодарим за поддержку социально значимой инициативы и вклад в помощь семьям!

01/09/2026

Құрметті ұстаздар, оқушылар және ата-аналар!

Баршаңызды 1 қыркүйек – Білім күнімен шын жүректен құттықтаймыз!

Бұл – әр адам үшін ерекше күн. Бірінші сынып оқушылары таңғажайып білім әлеміне алғашқы қадамдарын жасайды, жоғары сынып оқушылары өз болашағын таңдайды, ал педагогтер мен ата-аналар күш-жігерін балалардың жетістігі жолында жұмсайды.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев халықаралық пән олимпиадалары жеңімпаздарымен және жүлдегерлерімен кездесуде білім мен ғылым, инновация мен озық технология – бүгінгі дәуірдің басты қаруы екенін атап өтті. Жаһандық бәсекеде білімді, зияткер елдер ғана алға шығады.

Баршаңызға толайым табыс тілейміз.

Мереке құтты болсын! Білім күні құтты болсын!



Дорогие учителя, школьники и родители!

Партия «Әділет» поздравляет вас с 1 сентября – Днем знаний!

Для каждого этот день особенный. Первоклассники делают первый шаг в мир открытий, старшеклассники выбирают свое будущее, а педагоги и родители вкладывают силы в успехи детей.

Глава государства Касым-Жомарт Токаев на встрече с победителями и призерами международных олимпиад отметил, что образование, наука, инновации и передовые технологии – это ключевые инструменты развития в современн

30/08/2026

Құрылтай депутаттары кеншілерді кәсіби мерекесімен құттықтады

​Кен өндіру және өнеркәсіп саласы – депутаттардың кәсіби жолының бір бөлігі. Арман Қалықов көмір шахтасында жер астындағы кен жұмысшысы болып еңбек етсе, Алмат Әбдікешов кәсіби мансабын Анненский кенішінде шәкірт болып бастады. Сұңғат Есімханов бұған дейін электр энергетикасы және көмір өнеркәсібі мәселелеріне жетекшілік етті. Ал Вадим Басин Қарағанды көмір бассейніндегі шахталарға жетекшілік ететін Qarmet компаниясын басқарды.

​Депутаттар құттықтауында еңбек қауіпсіздігіне, жұмысшы мамандықтардың беделін арттыруға және еңбек адамын құрметтеуге баса мән берді.

Сондай-ақ олар Мемлекет басшысы жұмысшы мамандық иелерінің ел дамуындағы айрықша рөлін бірнеше рет атап өткенін еске салды.
​Кеншілерге қауіпсіз жұмыс, зор денсаулық және отбасыларына амандық тіледі.

Address

Толстого, 57
Pavlodar

Opening Hours

Monday 09:00 - 18:30
Tuesday 09:00 - 18:30
Wednesday 09:00 - 18:30
Thursday 09:00 - 18:30
Friday 09:00 - 18:00

Telephone

+77182651158

Alerts

Be the first to know and let us send you an email when Adilet Pavlodar city posts news and promotions. Your email address will not be used for any other purpose, and you can unsubscribe at any time.

Shortcuts

Share