20/08/2026
Павлодар облысының Денсаулық сақтау басқармасында Павлодар облысы әкімінің орынбасары Айгүл Мәлікованың қатысуымен «2026 жылдың 1 жартыжылдығындағы Павлодар облысы бойынша МФБК өтініштерді талдауы және бақылау қызметінің нәтижелері» тақырыбында кеңес өтті.
Кеңес барысында Департамент қызметінің негізгі көрсеткіштері, азаматтардың өтініштерінің динамикасы мен себептері, жүргізілген бақылау іс-шараларының нәтижелері, сондай-ақ өңірдегі медициналық ұйымдардың қызметінде анықталған проблемалық мәселелер қаралды.
Медициналық көмек көрсету сапасына, пациенттерді қабылдауды ұйымдастыруға, медициналық этика және деонтология нормаларының сақталуына, сондай-ақ бұзушылықтардың алдын алу және медициналық қызметтердің сапасын арттыру шараларына ерекше назар аударылды.
Кеңес қорытындысы бойынша бақылау қызметінің тиімділігін арттыруға, азаматтардың өтініштеріне уақтылы ден қоюға және Павлодар облысы тұрғындарына көрсетілетін медициналық көмектің сапасын одан әрі жақсартуға бағытталған жұмыстың алдағы бағыттары айқындалды.
_____________________________________________________
В Управлении здравоохранения Павлодарской области состоялось совещание с заместителем акима Павлодарской области Айгуль Маликовой на тему: «Анализ обращений и результаты контрольной деятельности ДКМФК по Павлодарской области за 1 полугодие 2026 года».
В ходе совещания рассмотрены основные показатели деятельности Департамента, динамика и причины обращений граждан, результаты проведенных контрольных мероприятий, а также проблемные вопросы, выявленные в деятельности медицинских организаций региона.
Особое внимание уделено вопросам качества оказания медицинской помощи, организации приема пациентов, соблюдения норм медицинской этики и деонтологии, а также мерам по предупреждению нарушений и повышению качества медицинских услуг.
По итогам совещания определены дальнейшие направления работы, направленные на повышение эффективности контрольной деятельности, своевременное реагирование на обращения граждан и дальнейшее улучшение качества медицинской помощи населению Павлодарской области.