Департамент санитарно-эпидемиологического контроля Павлодарской области

  • Home
  • Kazakhstan
  • Pavlodar
  • Департамент санитарно-эпидемиологического контроля Павлодарской области

Департамент санитарно-эпидемиологического контроля Павлодарской области ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫНЫҢ
САНИТАРИЯЛЫҚ-ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ ДЕПАРТАМЕНТІ Правительственная организация

Облыстық семинар Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті облыстың денсаулық сақтау басқармасымен бірлесіп, меди...
07/09/2026

Облыстық семинар

Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті облыстың денсаулық сақтау басқармасымен бірлесіп, медициналық ұйымдар басшыларының орынбасарлары, мониторинг топтарының басшылары, госпитальдық эпидемиологтар, департаменттің аумақтық басқармаларының мамандары үшін инфекциялық бақылаудың өзекті мәселелері бойынша онлайн-форматта облыстық семинар өткізді.

Семинарда медициналық көмек көрсетуге байланысты жұқпалы аурулардың алдын алу мәселелері қаралды, оның ішінде медициналық ұйымдарда өзін-өзі бақылау мәселелері, персоналдың медициналық тексеруден өтуі мәселелері көрініс тапты.

Ағымдағы эпидемиологиялық жағдай, вакциналау және туберкулездің алдын алу, ЖРВИ мен тұмаудың эпидемиологиялық маусымына дайындығы бойынша эпидемияға қарсы және алдын алу іс-шараларын жүргізуді ұйымдастыру, «Эпидемиолог» жаңғыртылған цифрлық жүйесінің «Шұғыл хабарлама» модулін пайдалану, нысандардағы медициналық қалдықтарды жинау, залалсыздандыру, сақтау мәселелері туралы ақпарат берілді.

Денсаулық сақтау басқармасының штаттан тыс эпидемиологы инъекциялар мен басқа да инфузиялық процедуралардың қауіпсіз практикасы туралы ақпарат берді, «Ғ.Сұлтанов атындағы Павлодар облыстық ауруханасы» ШЖҚ МКК бактериологиялық зертханасының меңгерушісі микробиологиялық зерттеулер жүргізу кезінде биоматериалды алу ережелері туралы айтып берді.
Медицина қызметкерлерін оқыту жұмыстары жалғасады.

*******************

Областной семинар

Департаментом санитарно–эпидемиологического контроля совместно с управлением здравоохранения области проведен областной семинар в онлайн-формате для заместителей руководителей медицинских организаций, руководители мониторинговых групп, госпитальных эпидемиологов, специалистов территориальных управлений департамента по актуальным вопросам инфекционного контроля.

На семинаре рассмотрены вопросы профилактики инфекций, связанных с оказанием медицинской помощи, в том числе отражены вопросы самоконтроля в медицинских организациях, вопросы прохождения медицинского осмотра персоналом.

Озвучена информация о текущей эпидемиологической ситуации, вопросы вакцинации и профилактики туберкулеза, организации проведения противоэпидемических и профилактических мероприятий по готовности к эпидемиологическому сезону ОРВИ и гриппа, эксплуатации модуля «Экстренное извещение» модернизированной цифровой системы «Эпидемиолог», проблемные вопросы сбора, обезвреживания, хранения медотходов на объектах.

Внештатным эпидемиологом управлением здравоохранения представлена информация о безопасной практике инъекций и других инфузионных процедур, заведующая бактериологической лабораторией КГП на ПХВ «Павлодарская областная больница им. Г.Султанова» рассказала о правилах забора биоматериала при проведении микробиологических исследований.
Работа по обучению медицинских работников будет продолжена.

07/09/2026

📌Мектеп асханалары бақылауда

**************************

📌Контроль качества питания в школьных столовых

Көкжөтелдің алдын алу********************Профилактика коклюша
04/09/2026

Көкжөтелдің алдын алу

********************

Профилактика коклюша

04/09/2026

📌 1946–1968 жылдар: зертханалар желісінің кеңеюі

Соғыстан кейінгі жылдар Қазақстандағы санитариялық-эпидемиологиялық және зертханалық қызметтің белсенді даму кезеңі болды.
1946 жылдан 1952 жылға дейін санитариялық-бактериологиялық зертханалардың саны 41-ден 121-ге дейін өсті. Бұл ретте ауылдық жерлердегі зертханалардың саны 15-тен 51-ге дейін артты.
1952 жылы санитариялық-эпидемиологиялық қызметке ұйымдастырушылық және әдістемелік басшылық жасау мақсатында Республикалық санитариялық-эпидемиологиялық станция құрылды.
Кейінгі жылдары мамандандырылған бағыттарды дамыту жұмыстары жалғасты.
1968 жылы Қарағанды және Шымкент облыстық санитариялық-эпидемиологиялық станцияларында алғашқы токсикологиялық зертханалар ұйымдастырылды. Вирусологиялық зертханалар желісі одан әрі дамып, жүргізілетін зерттеулердің ауқымы кеңейе түсті.

04/09/2026

📌 Тамақтан уланудың алдын алу

Автомобильге жанармай құю станциялары (АЖҚС) және автомобильге газ құю станцияларына (АГҚС) қойылатын санитариялық талап...
03/09/2026

Автомобильге жанармай құю станциялары (АЖҚС) және автомобильге газ құю станцияларына (АГҚС) қойылатын санитариялық талаптар.

АЖҚС және АГҚС-қа қойылатын талаптар Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 23 қыркүйектегі № ҚР ДСМ – 98 бұйрығымен бекітілген «Көлік құралдарына және жолаушыларға қызмет көрсету жөніндегі объектілерге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларымен регламенттеледі.

АЖҚС және АГҚС-ның айналасына санитариялық-қорғаныш аймағы орнатылуы тиіс. Бұл талап Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2022 жылғы 11 қаңтардағы № ҚР ДСМ-2 бұйрығымен бекітілген «Адамның өмір сүру ортасы мен денсаулығына әсер ету объектілері болып табылатын объектілердің санитариялық-қорғаныш аймақтарына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларымен (бұдан әрі – Санитариялық қағидалар) нормаланған. Сонымен, осы бұйрыққа сәйкес АЖҚС мен АГҚС үшін санитариялық қорғаныш аймағы кемінде 100 метр болуы керек.

Санитариялық-қорғаныш аймағында жаңадан салынып жатқан тұрғын үй құрылыстарын қоса алғанда тұрғын үйлерді, ландшафтық-рекреациялық аймақтарды, демалыс алаңдарын (аймақтарын), курорт, санаторий және демалыс үйлерінің аумақтарын, құрылатын және ұйымдастырылатын бау-бақша серіктестіктерінің аумақтарын және коттедж құрылысын, ұжымдық немесе жеке саяжай және бау-бақша учаскелерін, спорт құрылыстарын, балалар алаңдарын, білім беру және балалар ұйымдарын, жаппай қолданылатын емдеу-профилактикалық және сауықтыру ұйымдарын, тамақ өнімдері ретінде пайдаланылатын ауыл шаруашылығы дақылдарын өсіру жөніндегі объектілерін орналастыруға жол берілмейді.

Бұл тыйымдар Қазақстан Республикасының Құрылыс Кодексімен де регламенттелген. Тарихи қалыптасқан құрылысқа байланысты қолданыстағы объектілер үшін санитариялық-қорғаныш аймағын санитариялық қағидаларында көрсетілген нақты шарттарды орындау кезінде санитариялық-қорғаныш аймағының мөлшерін азайтуға жол беріледі. Ал жаңа АЖҚС және АГҚС үшін санитариялық-қорғаныш аймағының нормативтік мөлшері міндетті түрде сақталуы тиіс.

Осыған байланысты автомобильге жанармай құю және автомобильге газ құю станцияларын жобалау, салу, реконструкциялау және пайдалану кезінде Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының талаптарын міндетті түрде ескеру қажет.

**************

Санитарные требования к автозаправочным (АЗС) и автогазозаправочным станциям (АГЗС).

Требования к АЗС и АГЗС регламентируются санитарными правилами «Санитарно-эпидемиологические требования к объектам по обслуживанию транспортных средств и пассажиров», утвержденными приказом Министра здравоохранения Республики Казахстан от 23 сентября 2021 года № ҚР ДСМ – 98.

Вокруг АЗС и АГЗС должна быть установлена санитарно-защитная зона. Данное требование нормировано санитарными правилами «Санитарно-эпидемиологические требования к санитарно-защитным зонам объектов, являющихся объектами воздействия на среду обитания и здоровье человека», утвержденными Приказом и.о. Министра здравоохранения Республики Казахстан от 11 января 2022 года № ҚР ДСМ-2 (далее – Санитарные правила). Так согласно данному приказу санитарно-защитная зона для АЗС и АГЗС должна составлять не менее 100 метров.

В санитарно-защитной зоне не допускается размещать жилые дома, включая вновь строящуюся жилую застройку, ландшафтно-рекреационные зоны, площадки (зоны) отдыха, территории курортов, санаториев и домов отдыха, создаваемые и организующиеся территории садоводческих товариществ и коттеджной застройки, коллективных или индивидуальных дачных и садово-огородных участков, спортивные сооружения, детские площадки, образовательные и детские организации, лечебно-профилактические и оздоровительные организации общего пользования, объекты по выращиванию сельскохозяйственных культур, используемых в качестве продуктов питания.

Данные запреты также регламентированы Строительным кодексом Республики Казахстан.
Для действующих объектов ввиду исторически сложившейся застройки допускается уменьшение размеров санитарно-защитной зоны, при исполнении конкретных условий, указанных в Санитарных правилак к санитарно-защитным зонам. А для новых АЗС и АГЗС нормативный размер СЗЗ должен быть соблюден в обязательном порядке.

В этой связи, при проектировании, строительстве, реконструкции и эксплуатации автозаправочных и автогазозаправочных станций необходимо в обязательном порядке учитывать требования действующего законодательства Республики Казахстан.

03/09/2026

📌 Химиялық уланудың алдын алу

Әдептілік пен адалдық – мемлекеттік қызметтің негізіПавлодар облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департамент...
03/09/2026

Әдептілік пен адалдық – мемлекеттік қызметтің негізі

Павлодар облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінде мемлекеттік қызметшілердің құқықтық және этикалық мәдениетін арттыру бойынша жұмыс жалғасуда.
Әдеп жөніндегі уәкіл Г.Б. Ақылбекова персоналды басқару қызметінің басшысы А.К. Бейсеновамен бірлесіп, Ақсу қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының ұжымымен кездесу өткізді.

Кездесудің басты тақырыбы мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексін сақтау, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және ұжымда салауатты атмосфера қалыптастыру мәселелері болды.

Мемлекеттік қызметшілерге адалдық, парасаттылық, әділдік, ашықтық және айналадағыларға құрметпен қарау қағидаттары тек ресми мінез-құлықта ғана емес, күнделікті жұмыста да көрініс табуы тиіс екені еске салынды. Мүдделер қақтығысының алдын алу, сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді сақтау және сыбайлас жемқорлықтың кез келген көріністеріне жол бермеу мәселелері талқыланды. Көрнекілік үшін сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтары және олардың салдары туралы статистикалық деректер келтірілді.

Жас мамандарға ерекше назар аударылды. Жеке форматта кәсіби әдеп, әріптестермен өзара қарым-қатынас, қарым-қатынас мәдениеті және белгіленген талаптарды сақтау үшін жеке жауапкершілік мәселелері талқыланды.
Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу дұрыс кәсіби құндылықтарды қалыптастырудан басталады. Сондықтан жас мемлекеттік қызметшілердің алғашқы жұмыс күндерінен бастап адалдықты, жауапкершілікті және әріптестерге құрметпен қарауды өз кәсібінің ажырамас бөлігі ретінде қабылдауы ерекше маңызды.
Ұжымдағы қолайлы моральдық-психологиялық ахуал — бұл жай ғана жайлы жұмыс ортасы емес, сонымен қатар тиімді және үйлесімді жұмыстың маңызды шарты

****************

Этика и добропорядочность — основа государственной службы

В департаменте санитарно-эпидемиологического контроля Павлодарской области продолжается работа по повышению правовой и этической культуры государственных служащих.

Уполномоченным по этике Акылбековой Г.Б. совместно с руководителем службы управления персоналом Бейсеновой А.К. проведена встреча с коллективом Аксуского городского управления санитарно-эпидемиологического контроля.

Главной темой встречи стали вопросы соблюдения Этического кодекса государственных служащих, профилактики коррупции и формирования здоровой атмосферы в коллективе.

Государственным служащим напомнили, что принципы добропорядочности, честности, справедливости, открытости и уважительного отношения к окружающим должны проявляться не только в официальном поведении, но и в ежедневной работе. Обсуждены вопросы предупреждения конфликта интересов, соблюдения антикоррупционных ограничений и недопустимости любых проявлений коррупции.

Для наглядности приведены статистические данные о коррупционных правонарушениях и их последствиях.
Особое внимание уделено молодым специалистам. В индивидуальном формате обсуждены вопросы профессиональной этики, взаимоотношений с коллегами, культуры общения и личной ответственности за соблюдение установленных требований.

Профилактика коррупции начинается с формирования правильных профессиональных ценностей. Поэтому особенно важно, чтобы молодые государственные служащие с первых дней работы воспринимали добропорядочность, ответственность и уважение к коллегам как неотъемлемую часть своей профессии.

Благоприятный морально-психологический климат в коллективе — это не только комфортная рабочая среда, но и важное условие эффективной и слаженной работы.

02/09/2026

📌 Туберкулездің алдын алу

Address

Pavlodar
140000

Opening Hours

Monday 09:00 - 18:30
Tuesday 09:00 - 18:30
Wednesday 09:00 - 18:30
Thursday 09:00 - 18:30
Friday 09:00 - 18:30

Telephone

+77182551882

Alerts

Be the first to know and let us send you an email when Департамент санитарно-эпидемиологического контроля Павлодарской области posts news and promotions. Your email address will not be used for any other purpose, and you can unsubscribe at any time.

Contact The Organization

Send a message to Департамент санитарно-эпидемиологического контроля Павлодарской области:

Shortcuts

Share