Бәйтерек Ауданы Әкімдігі

Бәйтерек Ауданы Әкімдігі БҚО, Бәйтерек ауданы əкімінің баспасөз қызметі
Пресс-служба акима района Бәйтерек ЗКО

29/07/2026

📌 БӘЙТЕРЕК АУДАНЫНДА ОБЛЫС ПРОКУРОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ АЗАМАТТАРДЫ ЖЕКЕ СҰРАҚТАРЫ БОЙЫНША ҚАБЫЛДАДЫ

Батыс Қазақстан облысы прокурорының орынбасары А.Сәтбаев Бәйтерек ауданына жұмыс сапары аясында жергілікті тұрғындармен жеке қабылдау өткізді.

​Жиынға аудан әкімі, аудан прокуроры және тиісті мемлекеттік органдардың басшылары қатысып, азаматтардың арыз-шағымдары мен ұсыныстарын тыңдады.

Қабылдау барысында көтерілген негізгі мәселелер социалды/әлеуметтік қолдау; жер телімдерін бөлу және пайдалану; лудомания мен нашақорлықтың алдын алу болды.

Кездесуде тұрғындардың әрбір сауалына қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес нақты құқықтық түсіндірмелер мен кеңестер беріліп, мәселелерді шешудің жолдары қарастырылды. Нәтижесінде көтерілген барлық өтініштер жеке бақылауға алынды. Заң талаптарына сәйкес тиісті шешім қабылдау үшін жауапты мемлекеттік орган басшыларына нақты тапсырмалар жүктелді.

#бәйтерекауданы #бәйтерекауданыәкімдігі #бәйтерекжаңалықтары #азаматтардыжекеқабылдау #прокуратура

27/07/2026

28 шілде күні аудан орталығы Переметный ауылындағы «Олимп» спорт алаңында ұлттық спортты дәріптеуге бағытталған «QAZAQSTAN BARYSY» республикалық турнирінің аудандық іріктеу кезеңі өтеді.

🏆 Жүлде қоры:
🥇 І орын – 150 000 теңге
🥈 ІІ орын – 100 000 теңге
🥉 ІІІ орын – 70 000 теңге

Барша аудан тұрғындарын ұлттық спорт мерекесіне қатысып, палуандарымызға қолдау көрсетуге шақырамыз!

📍 Өтетін орны: Бәйтерек ауданы, Переметный ауылы, «Олимп» спорт алаңы
📅 Күні: 28 шілде

Келіңіздер, бірге жанкүйер болып, тартысты белдесулердің куәсі болайық!

 #құрылтай2026
24/07/2026

#құрылтай2026

БӘЙТЕРЕКТІК ОҚУШЫЛАРДЫҢ 225 ЖЫЛДЫҚ ТАРИХҚА САЯХАТЫ  Биыл Батыс Қазақстан облысында ел тарихындағы айтулы мерейтойлар — Б...
22/07/2026

БӘЙТЕРЕКТІК ОҚУШЫЛАРДЫҢ 225 ЖЫЛДЫҚ ТАРИХҚА САЯХАТЫ

Биыл Батыс Қазақстан облысында ел тарихындағы айтулы мерейтойлар — Бөкей хандығының 225 жылдығы, Хан Ордасы ауылының 200 жылдығы және алғашқы ағарту ошағы Жәңгір хан мектебінің 185 жылдығы кеңінен аталып өтуде. Осы тарихи мерейлі жыл аясында Бәйтерек ауданының мектеп оқушылары ел ордасы болған киелі де тарихи-мәдени өлкеге арнайы танымдық экскурсия жасап қайтты.

​Сапар барысында оқушылар Хан Ордасындағы тарихи-мәдени мұражай кешенін аралап, Бөкей Ордасының қалыптасу кезеңімен және өңірдің дамуына өлшеусіз үлес қосқан тұлғалардың өмір жолымен танысты. Атап айтқанда, қоғам қайраткері Алма Оразбаева, мемлекет және қоғам қайраткері Сейтқали Меңдешев, ағартушы ғалым Хангерей Бөкейұлы және өзге де тарихи тұлғалардың ғибратты ғұмыры туралы тың мәліметтер алды.
​Танымдық экскурсия аясында мектеп оқушылары Жәңгір ханның, этнограф әрі ағартушы Салық Бабажановтың, ұлы күйші-композитор Дәулеткерей Шығайұлының кесенелеріне тағзым етіп, олардың халқымыздың рухани-мәдени мұрасындағы орны туралы кеңірек мағлұмат алды. Сонымен қатар табиғаты ерекше Қарағайлы тоғайды аралап, елге қайтар жолда биылғы мектеп түлектерінің тартуы болған «Ынтымақ» мұнарасын тамашалады.

​Сапар барысында оқушылардың қауіпсіздігі мен денсаулығын қамтамасыз ету мақсатында олармен бірге мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, медбике және автокөлік жүргізушісі бірге барды.
​ #бәйтерекауданы #бәйтерекауданыәкімдігі #бәйтерекжаңалықтары #ханордасынасаяхат #экскурсия

Бүгін Бәйтерек ауданы әкімдігінде өткен актив жиналысында аудан әкімі Марат Тоқжанов ішкі саясат бөлімінің жаңа басшысы ...
20/07/2026

Бүгін Бәйтерек ауданы әкімдігінде өткен актив жиналысында аудан әкімі Марат Тоқжанов ішкі саясат бөлімінің жаңа басшысы Қуанышбек Қадырбекұлы Мұқатаевты таныстырды. Жиын барысында аудан басшысы жаңадан тағайындалған бөлім басшысының алдағы қызметіне сәттілік тілеп, өңірдегі қоғамдық тұрақтылықты нығайту және мемлекеттік бағдарламаларды сапалы іске асыру бағытында бірқатар нақты міндеттер жүктеді.

Қуанышбек Мұқатаев 1991 жылы 18 қыркүйекте Батыс Қазақстан облысы, Бөкей Орда ауданының Мұратсай ауылында дүниеге келген. Білімі жоғары, 2023 жылы Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетін «құқықтану» мамандығы бойынша тәмамдаған.
​Ол еңбек жолын 2013-2015 жылдары БҚО Ішкі істер департаментінде полицей болып бастаған. Кейін, 2016-2019 жылдары Казталов ауданы Ақпәтер ауылдық округі әкімі аппаратының жастар жетекшісі, аудандық жастар ресурстық орталығының кеңесшісі лауазымдарында қызмет атқарды. 2020-2024 жылдары Ақпәтер ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы ретінде мемлекеттік қызметін жалғастырды. Сондай-ақ, 2024-2026 жылдар аралығында Казталов ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру және бақылау бөлімінің бас инспекторы, бас инспектор-заңгері лауазымдарын абыроймен атқарды.
​2026 жылдың 20 шілдесінен бастап Бәйтерек ауданының ішкі саясат бөлімінің басшысы қызметіне ресми түрде кіріскен Қуанышбек Қадырбекұлының мемлекеттік қызмет саласындағы жинақтаған кәсіби тәжірибесі ауданның идеологиялық бағыттағы жұмыстарына жаңа серпін береді деп сенеміз. Жаңа басшыны тағайындалуымен құттықтай отырып, ауданның әлеуметтік-саяси ахуалын дамыту жолындағы жауапты қызметіне толағай табыстар тілейміз.

#бәйтерекауданы #бәйтерекауданыәкімдігі #бәйтерекжаңалықтары #жаңатағайындау #ішкісаясатбөлімі

13/07/2026

МЕМЛЕКЕТТІК КӨРСЕТІЛЕТІН ҚЫЗМЕТТЕРДІҢ САПАСЫН АРТТЫРУ – ЖАҢА ЗАҢНЫҢ БАСЫМ БАҒЫТЫ

Address

Гагарина, 139
Peremetnoe
090600

Opening Hours

Monday 09:00 - 18:30
Tuesday 09:00 - 18:30
Wednesday 09:00 - 18:30
Thursday 09:00 - 18:30
Friday 09:00 - 18:30

Telephone

+77113022333

Alerts

Be the first to know and let us send you an email when Бәйтерек Ауданы Әкімдігі posts news and promotions. Your email address will not be used for any other purpose, and you can unsubscribe at any time.

Contact The Organization

Send a message to Бәйтерек Ауданы Әкімдігі:

Shortcuts

Share