Әділет партиясы Солтүстік Қазақстан облысы

Әділет партиясы Солтүстік Қазақстан облысы «Әділет» партиясы Солтүстік Қазақстан облыстық филиалының ресми парақшасы

05/09/2026

🔹 Бүгін, 5 қыркүйек – Ахмет Байтұрсынұлының туған күні.

✅ Ал сіз «зат есім», «сын есім», «етістік», «бастауыш» және «баяндауыш» сияқты сөздердің оның мол ғылыми мұрасының бір бөлігі екенін білесіз бе?

✅ Арада жүз жылдан астам уақыт өтсе де, оның қазақ тіліне қосқан үлесі әлі де күнделікті өміріміздің бір бөлігі болып келеді.

•••

🔹Сегодня, 5 сентября, мы отмечаем день рождения Ахмета Байтұрсынұлы.

✅ А вы знали, что слова «зат есім», «сын есім», «етістік», «бастауыш» и «баяндауыш» – часть его огромного научного наследия?

✅ Более ста лет спустя его вклад в казахский язык остаётся частью нашей повседневной жизни.

05/09/2026

Тіл – жай ғана қарым-қатынас құралы емес

Тіл – әр халықтың мәдениеті мен дәстүрін, өткені мен тарихын сақтайтын рухани мұра.

Қазақстанда түрлі ұлт өкілдері өз тілінде сөйлеп, ана тілін ұрпақтан ұрпаққа жеткізіп келеді. Әр тілге құрметпен қарау – өзара түсіністік пен татулықты нығайтып, ел бірлігін бекемдей түседі.

Қазақстан халқының тілдері күні құтты болсын!



Язык – это не только средство общения

В нем живут культура, традиции, память и история каждого народа.

Казахстан объединяет людей, говорящих на разных языках, и уважение к этому многообразию остается важной частью нашего общего пространства, взаимопонимания и единства.

Қазақстан халқының тілдері күні құтты болсын!

#қазақстан #әділет #әділетпартиясы #ӘділеттіҚазақстан #партияадилет

05/09/2026

Ардақты ағайын!

Бүгін – Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының туғанына 154 жыл!

Осы игі істі жалғастыра отырып, «Әділет» партиясы өзінің сайлауалды бағдарламасында инновациялар арқылы мемлекеттік тілді дамытуды, «Оқырман ұлт» бағдарламасын ілгерілетуді және «Адал азамат» құндылықтарын орнықтыруды мақсат тұтып отыр.

«Білімді болуға оқу керек. Бай болуға кәсіп керек. Күшті болуға бірлік керек». Ахмет Байтұрсынұлы осындай өсиет қалдырды. Осы өсиет баршамызға ортақ жасампаздыққа, бірлік пен дамуға сенімді серпін береді!

#қазақстан #әділет #әділетпартиясы #ӘділеттіҚазақстан #партияадилет

03/09/2026

Ұлттық құндылықтарымыз ұлықталған күн

Құрылтай депутаттары, «Әділет» партиясы фракциясының мүшелері Қазақ тазысы мен төбеті күнімен құттықтады.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев тазы тұқымын сақтау және көбейту ісіне айрықша мән беріп келеді. Соның жарқын дәлелі ретінде, Президент тапсырмасымен соңғы жылдары бұл бағытта ауқымды жұмыс атқарылды.

Осы орайда, ұзақ жылдан бері ұлттық құндылықтарымызды ұлықтап, халқымыздың рухани және мәдени мұрасын сақтау, дәріптеу, келер ұрпаққа жеткізу ісіне айрықша атсалысып жүрген депутаттар Дихан Қамзабекұлы, Жанарбек Әшімжанов, Нұрлан Дулатбеков және Жарқынбек Амантайұлы орамды ойларын ортаға салды.

Депутаттар бүгінде қазақ тазысы әлемге танылып келе жатқанын атап өтіп, тазы мен төбет ата-бабамыздың тұрмыс-тіршілігі мен дәстүрлі мәдениетінің ажырамас бөлігі екенін мәлімдеді.

Ардақты ағайын!Баршаңызды Қазақ тазысы мен төбеті күнімен шын жүректен құттықтаймыз!Есте жоқ ескі заманнан бері сайын да...
03/09/2026

Ардақты ағайын!

Баршаңызды Қазақ тазысы мен төбеті күнімен шын жүректен құттықтаймыз!

Есте жоқ ескі заманнан бері сайын далада саят құрған халқымыз үшін құмай тазы – атадан балаға аманат болып жеткен қастерлі құндылық, ұлттық болмысымыздың ажырамас бөлшегі. Ал ұлттық құндылықтарды ұлықтау – баршамызға ортақ ұлағатты іс.

Осы орайда, елімізде дәстүр сабақтастығы жалғасын тауып, тарих қойнауынан тамыр тартқан салтымыз бен мәдениетіміз жыл өткен сайын жаңғырып келеді. Қазақ тазысы мен төбеті күні – соның жарқын дәлелі.

Еліміздің іргесі берік, аспаны ашық және келешегі кемел болсын!

#қазақстан #әділет #әділетпартиясы #ӘділеттіҚазақстан #партияадилет

01/09/2026

Құрметті ұстаздар, оқушылар және ата-аналар!

Баршаңызды 1 қыркүйек – Білім күнімен шын жүректен құттықтаймыз!

Бұл – әр адам үшін ерекше күн. Бірінші сынып оқушылары таңғажайып білім әлеміне алғашқы қадамдарын жасайды, жоғары сынып оқушылары өз болашағын таңдайды, ал педагогтер мен ата-аналар күш-жігерін балалардың жетістігі жолында жұмсайды.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев халықаралық пән олимпиадалары жеңімпаздарымен және жүлдегерлерімен кездесуде білім мен ғылым, инновация мен озық технология – бүгінгі дәуірдің басты қаруы екенін атап өтті. Жаһандық бәсекеде білімді, зияткер елдер ғана алға шығады.

Баршаңызға толайым табыс тілейміз.

Мереке құтты болсын! Білім күні құтты болсын!



Дорогие учителя, школьники и родители!

Партия «Әділет» поздравляет вас с 1 сентября – Днем знаний!

Для каждого этот день особенный. Первоклассники делают первый шаг в мир открытий, старшеклассники выбирают свое будущее, а педагоги и родители вкладывают силы в успехи детей.

Глава государства Касым-Жомарт Токаев на встрече с победителями и призерами международных олимпиад отметил, что образование, наука, инновации и передовые технологии – это ключевые инструменты развития в современн

«Мектепке нық қадаммен»: около 50 детей получили поддержку к учебному году🔹 В Петропавловске в рамках республиканской со...
28/08/2026

«Мектепке нық қадаммен»: около 50 детей получили поддержку к учебному году

🔹 В Петропавловске в рамках республиканской социальной акции «Мектепке нық қадаммен», организованной СКОФ партии «Әділет», прошло благотворительное мероприятие. Цель акции – поддержать детей в преддверии нового учебного года и подарить хорошее настроение.

✅ В рамках акции почти 50 детей получили сертификаты на приобретение необходимых школьных принадлежностей. Кроме того, для ребят подготовили специальные подарки в одном из любимых мест отдыха детей в Петропавловске – «Мире аттракционов».

✅ В ходе мероприятия для маленьких гостей выступили аниматоры, организованы различные игры и развлекательная программа. Дети активно участвовали в конкурсах и получили яркие впечатления от праздника.

✅ По словам организаторов, такие социальные акции помогают не только оказать детям необходимую поддержку, но и создать для них праздничное настроение, чтобы они с радостью встретили новый учебный год.

🎙️ «Улыбка на лице каждого ребёнка – самый большой подарок для нас. Цель сегодняшнего мероприятия – не просто помочь детям приобрести необходимые для школы вещи, но и подарить им хорошее настроение, создать условия, чтобы они с радостью и позитивом сделали свой первый шаг в новый учебный год. Сегодня ни один ребёнок не остался без подарка», – отметила председатель СКОФ партии «Әділет» Калия Туренова.

✅ В завершение благотворительного мероприятия детям вручили различные подарки.

28/08/2026

«Мектепке нық қадаммен»: СҚО-да 50-ге жуық балаға қолдау көрсетілді

🔹Облыс орталығында «Әділет» партиясы СҚОФ ұйымдастыруымен «Мектепке нық қадаммен» республикалық әлеуметтік акциясы өтті. Қайырымдылық шарасының басты мақсаты – балаларға жаңа оқу жылын көтеріңкі көңіл-күймен бастауға қолдау көрсету.

✅ Акция аясында 50-ге жуық балаға мектепке қажетті құралдарды сатып алуға арналған сертификаттар табысталды. Сонымен қатар, бүлдіршіндерге Петропавл қаласындағы балалардың сүйікті демалыс орындарының бірі – «Аттракциондар әлеміне» арнайы сыйлықтар тарту етілді.

✅ Іс-шара барысында кішкентай қонақтар үшін аниматорлар шақырылып, түрлі ойындар мен көңілді бағдарламалар ұйымдастырылды. Балалар белсенді қатысып, мерекелік шарадан ерекше әсер алды.

✅ Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай әлеуметтік акциялар балаларға қажетті көмек көрсетумен қатар, олардың жаңа оқу жылын қуанышпен қарсы алуына мүмкіндік береді.

🎙️«Әр баланың жүзіндегі күлкі – біз үшін ең үлкен сый. Бүгінгі шараның мақсаты – балаларға мектепке қажетті заттарды алып қана қоймай, олардың көңіл-күйін көтеріп, жаңа оқу жылына жақсы көңілмен қадам басуына жағдай жасау. Бұл күні ешбір бала сыйлықсыз қалмады», – деді «Әділет» партиясы СҚОФ төрайымы Қалия Төренова.

✅ Қайырымдылық шарасы соңында балаларға түрлі сыйлықтар табысталды. Осындай игі бастамалар алдағы уақытта да жалғасын таппақ.

«Әділет» партиясы Құрылтайдың I шақырылымындағы депутаттық мандаттарды бөлді🔹Астанада Айбек Дәдебайдың төрағалығымен «Әд...
27/08/2026

«Әділет» партиясы Құрылтайдың I шақырылымындағы депутаттық мандаттарды бөлді

🔹Астанада Айбек Дәдебайдың төрағалығымен «Әділет» партиясы Саяси кеңесі Бюросының отырысы өтті. Отырыс барысында Бюро еліміздің бір палаталы парламентінде депутаттық мандатқа ие болған 110 кандидаттың тізімін бекітті.

🔹Тиісті шешім мен партиялық тізім Құрылтайдың бірінші шақырылымы депутаттарын ресми тіркеу үшін ҚР Орталық сайлау комиссиясына жолданды. Депутаттардың 37-сі әйел (33,6%), 13-і жас (11,8%), 2-еуі ерекше қажеттіліктері бар адам (1,8%). 21-і (19%) – өзге ұлт өкілі. Орташа жасы – 46,7 жас.

🔹Олардың қатарында Ұлттық Құрылтайдың бұрынғы 13 мүшесі, Мәжілістің 20 экс-депутаты және Сенаттың 4 экс-депутаты бар. Жалпы, Парламентте депутаттық тәжірибесі бар 24 адам бар. Сонымен қатар 10 адам Президенттік жастар кадр резервінің мүшесі, 4-еуі Президент жанындағы Жастар саясаты жөніндегі кеңестің мүшесі, 5-еуі Президент жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның мүшесі. Тағы 26 адам мәслихат депутаты болып сайланған.
Құрамда әртүрлі саланың мамандары бар. Олардың ішінде 3 эколог, 2 волонтерлік қозғалыс өкілі және IT саласының 4 маманы бар.

🔹Бюро мүшелері «Әділет» партиясының Құрылтайдағы депутаттық фракциясы туралы ережені бекітті. Сайлау қорытындысы бойынша «Әділет» партиясы сайлаушылардың 71,17% дауысын жинап, 145 депутаттық мандаттың 110-ын иеленді. Партияны 6,5 миллионнан астам қазақстандық қолдады. Партия төрағасы Айбек Дәдебай атап өткендей, сайлау нәтижелері азаматтардың партияға және елде жүзеге асырылып жатқан ауқымды реформалар бағытына жоғары сенім білдіргенін көрсетеді. Енді партия мен оның депутаттық фракциясының басты міндеті – бұл сенімді нақты істер мен нәтижелер арқылы ақтау.

Address

Абая, 15
Petropavl
150000

Opening Hours

Monday 09:00 - 18:30
Tuesday 09:00 - 18:30
Wednesday 09:00 - 18:30
Thursday 09:00 - 18:30
Friday 09:00 - 18:30

Telephone

+77152369234

Alerts

Be the first to know and let us send you an email when Әділет партиясы Солтүстік Қазақстан облысы posts news and promotions. Your email address will not be used for any other purpose, and you can unsubscribe at any time.

Contact The Organization

Send a message to Әділет партиясы Солтүстік Қазақстан облысы:

Shortcuts

Share