Абай облысының әкімдігі

Абай облысының әкімдігі «Абай облысы әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесінің ресми парақшасы

04/09/2026

⚡️Абай ауданының Медеу ауылында ауыз су жүйесі жаңғыртылды



⚡️В селе Медеу Абайского района модернизировали систему водоснабжения

📹 #АбайОблысыныңӘкімдігі

Facebook | Instagram | gov.kz

⚡️Абай ауданының Медеу ауылында ауыз су жүйесі жаңғыртылдыОблыс әкімі Берік Уәли Абай ауданының Медеу ауылына барып, қай...
04/09/2026

⚡️Абай ауданының Медеу ауылында ауыз су жүйесі жаңғыртылды

Облыс әкімі Берік Уәли Абай ауданының Медеу ауылына барып, қайта жаңғыртудан өткен су құбыры желісінің жұмысымен танысты.

➡️Медеу ауылында 400-ден астам халық тұрады. Елді мекеннің су құбырлары желісін қайта жаңғырту жобасы ауыл тұрғындарын сапалы ауызсумен тұрақты қамтамасыз етуге бағытталған.

Медеу ауылындағы ауызсу жүйесін жаңғырту жұмыстары 8 ай ішінде жүргізілді. Нәтижесінде 6 шақырымға жуық құбыр желісі тартылып, 55 тұрғын үй, 5 әкімшілік ғимарат орталықтандырылған су желісіне қосылды. Нысан сәуір айында іске қосылды.

Жаңғыртылған су құбыры жүйесінің іске қосылуы Медеу ауылы тұрғындары үшін тұрақты сумен жабдықтауға және елді мекендегі инженерлік инфрақұрылымның сапасын арттыруға мүмкіндік береді.

«Ауызсу – елді мекендердегі тұрғындардың өмір сапасына тікелей әсер ететін маңызды мәселе. Мемлекет басшысының халықты сапалы таза ауыз сумен қамтамасыз ету жөніндегі тапсырмасына орай қазіргі таңда облыста 31 жоба іске асырылуда. Абай ауданында биыл Архат және Медеу ауылдары орталықтандырылған су желісіне қосылды. Кеңгірбай би және Құндызды ауылдарында құрылыс жалғасуда. Бұл бағыттағы жұмысты жүйелі түрде жалғастыра береміз. Ең бастысы, әрбір жобаның сапалы орындалуы мен нысандардың уақытында пайдалануға берілуін бақылауда ұстау керек», – деді Берік Уәли.

АБАЙ ОБЛЫСЫ ӘКІМІНІҢ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ



⚡️В селе Медеу Абайского района модернизировали систему водоснабжения

Аким области Берик Уали посетил село Медеу Абайского района и ознакомился с работой реконструированной системы водоснабжения.

⏫️В селе проживают более 400 человек. Проект модернизации водопроводных сетей направлен на стабильное обеспечение жителей качественной питьевой водой.

Работы были выполнены за восемь месяцев. В результате проложено около шести километров водопроводных сетей, к централизованному водоснабжению подключены 55 жилых домов и пять административных зданий. Объект введен в эксплуатацию в апреле этого года.

Запуск модернизированной системы позволит обеспечить жителей Медеу стабильным водоснабжением и повысить качество инженерной инфраструктуры села.

«Питьевое водоснабжение – важный вопрос, напрямую влияющий на качество жизни жителей населенных пунктов. Во исполнение поручения Главы государства по обеспечению населения качественной питьевой водой в области реализуется 31 проект. В этом году в Абайском районе к централизованной системе водоснабжения подключены села Архат и Медеу. В селах Кенгирбай би и Кундызды строительство продолжается. Мы будем системно продолжать эту работу. Главное – контролировать качество реализации каждого проекта и своевременный ввод объектов в эксплуатацию», – сказал Берик Уали.

ПРЕСС-СЛУЖБА АКИМА ОБЛАСТИ АБАЙ

04/09/2026

🔹Абай ауданында қонақ үй мен жаңа жылу жүйесі салынады



🔹В Абайском районе построят гостиницу и модернизируют систему теплоснабжения

📹 #АбайОблысыныңӘкімдігі

Facebook | Instagram | gov.kz

🔹Абай ауданында қонақ үй мен жаңа жылу жүйесі салынадыОблыс әкімі Берік Уәли Абай ауданында жаңадан салынып жатқан нысан...
04/09/2026

🔹Абай ауданында қонақ үй мен жаңа жылу жүйесі салынады

Облыс әкімі Берік Уәли Абай ауданында жаңадан салынып жатқан нысандардың құрылыс барысымен танысты.

➡️Аймақ басшысы әуелі 25 нөмірлі «Taukum Boutique Karaul» қонақ үй кешенінің жобасын көрді. Нысан этнотуристік кешенді дамыту жобасының жалғасы ретінде инвестордың бастамасымен қолға алынған. Құрылыс жұмыстары биылғы шілде айында басталған. Жоба аясында 25 нөмірден бөлек, мейрамхана, VIP-зал, ас үй, қабылдау және демалыс бөлмелерін орналастыру көзделген.

Қонақ үй кешенінің жалпы ауданы 1,5 мың шаршы метрден асады. Пайдалануға берілгеннен кейін 10-нан астам тұрақты жұмыс орны ашылады жоспарлануда. Құрылыс жұмыстарын 2027 жылдың III тоқсанында аяқтау көзделген.

Бұдан кейін облыс әкімі орталық жылу жүйесін жаңғырту жобасымен танысты.

Қазіргі уақытта №1 жылу қазандығын жаңғырту бойынша жобалық-сметалық құжаттама әзірленген. Жаңғырту нәтижесінде үш жаңа жылу қазандығын орнатып, жалпы қуаттылығын 9 МВт-қа жеткізу жоспарланып отыр. Сонымен қатар ұзындығы 2,3 шақырым жылу желісі салынады.

⚡️Жоба жүзеге асқаннан кейін орталық жылу жүйесіне бес көпқабатты тұрғын үймен қатар, кәсіпкерлік нысандар, аудандық аурухана, жаңадан салынатын балабақша, спорт модулі, мейрамхана және қонақ үй кешенін қосу көзделген.

Нысандарды аралап көрген облыс әкімі жұмыстарды уақтылы әрі сапалы аяқтауды тапсырды.

«Қонақ үй ауылға кіреберісте, қолайлы жерде орналасқан. Абай ауданына келетін туристер саны артып келеді. Сондықтан мейманхана қонақтарды қабылдауға лайықты болуы үшін оның аумағын абаттандыру қажет. Ал әкімдік тарапынан жылумен қамту мәселесін шешетін боламыз», – деді Берік Уәли.

Естеріңізге сала кетейік, аймақ басшысы 31 қаңтар күні Қарауыл ауылының көпқабатты тұрғын үйлерінің тұрғындарымен кездесу барысында бірқатар әлеуметтік нысанды орталық жылу жүйесіне қосу үшін жаңа жылу қазандығын салуға қолдау көрсететінін айтқан болатын. Жобаны жыл соңына дейін толық аяқтап, пайдалануға беру жоспарланып отыр.

АБАЙ ОБЛЫСЫ ӘКІМІНІҢ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ



🔹В Абайском районе построят гостиницу и модернизируют систему теплоснабжения

Аким области Берик Уали ознакомился с ходом строительства новых объектов в Абайском районе.

⏫️В первую очередь глава региона осмотрел проект гостиничного комплекса «Taukum Boutique Karaul» на 25 номеров. Объект возводится по инициативе инвестора и является продолжением проекта по развитию этнотуристического комплекса. Строительные работы начались в июле этого года.

Помимо 25 номеров, в гостиничном комплексе предусмотрены ресторан, VIP-зал, кухня, зона ресепшена и комнаты отдыха. Общая площадь объекта превышает 1,5 тысячи квадратных метров. После ввода комплекса в эксплуатацию планируется создать более 10 постоянных рабочих мест. Завершить строительство предполагается в третьем квартале 2027 года.

Затем аким области ознакомился с проектом модернизации системы централизованного теплоснабжения.

В настоящее время разработана проектно-сметная документация по модернизации котельной №1. В рамках проекта планируется установить три новых котла и довести общую мощность объекта до 9 МВт. Также будет построено 2,3 километра тепловых сетей.

⚙️После реализации проекта к централизованному теплоснабжению подключат пять многоквартирных жилых домов, объекты предпринимательства, районную больницу, строящийся детский сад, спортивный модуль, ресторан и гостиничный комплекс.

Осмотрев объекты, аким области поручил завершить работы своевременно и обеспечить их высокое качество.

«Гостиница расположена в удобном месте, на въезде в село. Число туристов, посещающих Абайский район, растет. Поэтому необходимо благоустроить прилегающую территорию, чтобы гостиница могла достойно принимать гостей. Со своей стороны акимат решит вопрос теплоснабжения», – сказал Берик Уали.

Напомним, 31 января во время встречи с жителями многоквартирных домов села Караул глава региона сообщил, что окажет поддержку в строительстве новой котельной для подключения ряда социальных объектов к централизованной системе теплоснабжения. Полностью завершить проект и ввести объект в эксплуатацию планируется до конца года.

ПРЕСС-СЛУЖБА АКИМА ОБЛАСТИ АБАЙ

04/09/2026

🔶Абай ауданының орталығында жаңғыртылған саябақ ашылды



🔶В районном центре Абайского района открылся обновленный парк

📹 #АбайОблысыныңӘкімдігі

Facebook | Instagram | gov.kz

🔶Абай ауданының орталығында жаңғыртылған саябақ ашылдыБүгін Қарауылда жаңғыртылған саябақ пайдалануға берілді. Салтанатт...
04/09/2026

🔶Абай ауданының орталығында жаңғыртылған саябақ ашылды

Бүгін Қарауылда жаңғыртылған саябақ пайдалануға берілді. Салтанатты шараға облыс әкімі Берік Уәли қатысты.

➡️Саябақ «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында облыстық бюджет қаражаты есебінен толық жаңғыртылды. Жаңғырту жұмыстарының негізгі мақсаты – ауыл тұрғындары үшін қолайлы қоғамдық орта қалыптастыру, демалыс пен спортпен айналысуға қажетті жағдай жасау және саябақтың сәулеттік келбетін жақсарту.

Салтанатты шарада сөз алған аймақ басшысы жаңғыртылған саябақ ауыл тұрғындары үшін маңызды қоғамдық кеңістікке айналатынын атап өтті.

«Бүгін, тұтас ел көлемінде қызу қолдауға ие болған «Таза Қазақстан» экологиялық акциясының шеңберінде Абай ауданында ерекше маңызы бар демалыс орны қайта жаңғыртылып, пайдалануға беріліп отыр. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Ұлттық құрылтайдың бесінші отырысында сөйлеген сөзінде: «Таза Қазақстан – әдемі ұран да, науқан да емес, бұл – күнделікті қажырлы еңбектің нәтижесі. Тазалық тәртіпті күшейтеді, ал тәртіп жауапкершілікті арттырады» деп атап өткен болатын. Мемлекет басшысының тікелей бастамасымен жүзеге асқан бұл акцияның арқасында Отанымыздың әр облысы, қаласы мен ауылында көшелер абаттандырылып, саябақтар жаңғыртылып, ағаш-көшеттер отырғызылып, өңірдің өңі мен көркі кіріп келеді. Сол игі бастама бүгін Ұлылар елінде жалғасын тауып отыр. Халықтың сұранысын ескеріп, облыстық бюджеттен 80 миллион теңгеге жуық қаражат бөлдік. Нәтижесінде бүлдіршіндерден бастап, ауыл үлкендеріне дейін демалатын, салауатты өмір салтын ұстанып, болашақ чемпиондар дайындалатын ерекше қоғамдық кеңістік пайда болды. Абай елі – руханияттың алтын бесігі. Ұлы Абайдың туған жерінде әр нысанның көркі мен келбеті осы өлкенің мәртебесіне сай болуы тиіс. Сондықтан елді мекендерді көркейту, тұрғындарға қолайлы орта қалыптастыру – облыс әкімдігінің маңызды, басты бағыттарының бірі. Бұл бағыттағы жұмысты жалғастыра береміз», – деді Берік Уәли.

Жоба аясында тұрғындар мен жастардың спортпен тұрақты айналысуына мүмкіндік беретін футбол, волейбол және Street Workaut алаңдары, шахмат, теннис және тоғызқұмалақ үстелдері орнатылды. Саябақтың сыртқы жарықтандыру жүйесі толық жаңартылды. Аумақтың кешкі уақытта қауіпсіз әрі жарық болуын қамтамасыз ету мақсатында 79 жарықтандыру бағаны, 24 сәндік жарықтандыру тірегі және 55 LED шамдары қойылды.

⚡️Сонымен қатар, саябақтың сыртқы келбетін жақсарту және аумақты ретке келтіру үшін жалпы ұзындығы 900 метр болатын қоршау жөнделді. Саябақ ішіндегі жаяу жүргіншілер жолдары мен алаңдарға 1200 шаршы метрге жуық тақтатас төселді. Мұның барлығы – балалардың бос уақытын тиімді өткізуіне және тұрғындардың қауіпсіз демалуына бағытталған игі шаралар.

АБАЙ ОБЛЫСЫ ӘКІМІНІҢ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ



🔶В районном центре Абайского района открылся обновленный парк

Сегодня в селе Карауыл после модернизации введен в эксплуатацию парк. В торжественной церемонии принял участие аким области Берик Уали.

⏫️Парк полностью обновлен за счет средств областного бюджета в рамках республиканской экологической акции «Таза Қазақстан». Главная цель проекта – создать комфортное общественное пространство для жителей села, необходимые условия для отдыха и занятий спортом, а также улучшить архитектурный облик территории.

Выступая на торжественном мероприятии, глава региона отметил, что обновленный парк станет важным общественным пространством для жителей села.

«Сегодня в рамках получившей широкую поддержку по всей стране экологической акции «Таза Қазақстан» в Абайском районе после реконструкции открывается значимый объект отдыха. Глава государства Касым-Жомарт Токаев, выступая на пятом заседании Национального курултая, отметил: «Таза Қазақстан» – не красивый лозунг и не разовая кампания, а результат ежедневного упорного труда. Чистота укрепляет порядок, а порядок повышает ответственность». Благодаря этой акции, реализуемой по инициативе Президента, во всех областях, городах и селах нашей страны благоустраиваются улицы, обновляются парки, высаживаются деревья и преображается облик населенных пунктов. Сегодня эта добрая инициатива получила продолжение на земле великих мыслителей. Учитывая запросы населения, из областного бюджета мы выделили около 80 миллионов тенге. В результате создано современное общественное пространство, где смогут отдыхать и заниматься спортом все жители – от детей до представителей старшего поколения, а также тренироваться будущие чемпионы. Земля Абая – золотая колыбель духовности. На родине великого Абая облик каждого объекта должен соответствовать высокому статусу этого края. Поэтому благоустройство населенных пунктов и создание комфортной среды для жителей являются одними из ключевых направлений работы акимата области. Эта работа будет продолжена», – сказал Берик Уали.

В рамках проекта оборудованы футбольная и волейбольная площадки, зона Street Workout, а также установлены столы для игры в шахматы, настольный теннис и тогызкумалак. Они позволят жителям и молодежи регулярно заниматься спортом. Полностью обновлена система наружного освещения. Для обеспечения безопасности и хорошей освещенности территории в вечернее время установлены 79 опор освещения, 24 декоративные световые конструкции и 55 LED-светильников.

🔹Кроме того, для благоустройства территории отремонтировано ограждение общей протяженностью 900 метров. На пешеходных дорожках и площадках внутри парка уложено около 1200 квадратных метров плитняка. Все проведенные работы направлены на создание условий для полезного досуга детей и безопасного отдыха жителей.

ПРЕСС-СЛУЖБА АКИМА ОБЛАСТИ АБАЙ

04/09/2026

📌Облыс әкімі Абай ауданының Архат ауылының тыныс-тіршілігімен танысты



📌Аким области ознакомился с жизнью села Архат Абайского района

📹 #АбайОблысыныңӘкімдігі

Facebook | Instagram | gov.kz

📌Облыс әкімі Абай ауданының Архат ауылының тыныс-тіршілігімен таныстыАрхат ауылында қазіргі таңда екі елді мекен бар. Мұ...
04/09/2026

📌Облыс әкімі Абай ауданының Архат ауылының тыныс-тіршілігімен танысты

Архат ауылында қазіргі таңда екі елді мекен бар. Мұнда мыңға жуық халық тұрады. Елді мекеннің инфрақұрылымын жақсарту бағытында ауызсу жүйесі жаңғыртылып, жол жөндеу жұмыстары жүргізілуде.

Аймақ басшысы әуелі «Қарауыл – Архат» аудандық маңызы бар автомобиль жолындағы жөндеу жұмыстарының барысын көрді.

⚙️Биыл «Қарауыл – Архат» аудандық маңызы бар автомобиль жолының 15-20 шақырым аралығында орташа жөндеу жүргізілді. Жоба аясында 7 суағар жөнделіп, 2 шақырым жолға асфальт төселді, сондай-ақ, 1320 шаршы метр жолдың ақаулы учаскелері қалпына келтірілді.

Ал Архат ауылындағы су құбырын қайта жаңғырту жобасы 2024–2026 жылдары жүзеге асырылды. Жоба аясында 13,7 шақырым құбыр желісі тартылып, 121 тұрғын үй мен 4 ғимарат таза ауызсумен қамтылды. Нысан биылғы шілде айында іске қосылды.

Жаңғыртылған нысандарды аралау барысында облыс әкімі жолдың да, ауыз судың да ауыл тұрғындары үшін маңызы зор екенін атап өтті.

«Шежірелі тарихы бар, елге танымал талай тұлға шыққан қасиетті Архат ауылының тыныс-тіршілігімен танысу үшін арнайы келдім. Ауылды дамыту бағытында жүйелі жұмыстар атқарылып жатыр. Соның ішінде жол инфрақұрылымын жақсарту, тұрғындарды сапалы ауызсумен қамтамасыз ету – маңызды міндеттердің бірі. Биыл жолдың бір бөлігі жөнделіп, ауылдың ауызсу жүйесі жаңғыртылды. Жолдың қалған бөлігін жөндеу бойынша алдағы уақытта бюджеттің мүмкіндіктеріне орай қаржы қарастырамыз. Ең бастысы, салынған жол сапалы болуы керек», – деді Берік Уәли.

Сондай-ақ, аймақ басшысы «Қаладан – ауылға» жобасы аясында Архат ауылына қоныс аударған Құсабаевтар отбасының үйінде болып, хал-жағдайымен танысты.

Талғат Құсабаев отбасымен бірге Семей қаласынан көшіп келген. Жанұяда бес бала бар. Жаңа қонысқа келген отбасына ауыл тұрғындары екі бұзаулы сиыр тарту еткен.

➡️Жалпы, Абай ауданында «Қаладан – ауылға» жобасы бойынша биыл 50 отбасын ауылдарға қоныстандыру жоспары толық орындалып, ауданға 50 отбасы, 218 адам көшіп келді. Оның ішінде 34 отбасы, 147 адам Семей қаласынан, 16 отбасы, 71 адам еліміздің өзге өңірлерінен қоныс аударған. Ал Архат ауылына 9 отбасы көшіп келді.

АБАЙ ОБЛЫСЫ ӘКІМІНІҢ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ



📌Аким области ознакомился с жизнью села Архат Абайского района

В настоящее время в Архатский сельский округ входят два населенных пункта, где проживает около тысячи человек. В целях улучшения инфраструктуры здесь модернизирована система водоснабжения и проводится ремонт дорог.

Глава региона в первую очередь ознакомился с ходом ремонта автомобильной дороги районного значения «Караул – Архат».

⚡️В этом году средний ремонт проведен на участке с 15-го по 20-й километр дороги. В рамках проекта отремонтировано семь водопропускных сооружений, уложено два километра асфальта, а также восстановлено 1320 квадратных метров поврежденных участков дорожного полотна.

Проект реконструкции водопровода в селе Архат реализован в 2024–2026 годах. Проложено 13,7 километра водопроводных сетей, чистой питьевой водой обеспечен 121 жилой дом и четыре здания. Объект был введен в эксплуатацию в июле этого года.

Во время осмотра обновленных объектов аким области отметил особую значимость качественных дорог и питьевой воды для сельских жителей.

«Я специально приехал, чтобы ознакомиться с жизнью священного села Архат, обладающего богатой историей и подарившего стране немало известных личностей. Для развития села проводится системная работа. Одними из важнейших задач являются улучшение дорожной инфраструктуры и обеспечение жителей качественной питьевой водой. В этом году отремонтирована часть дороги и модернизирована система водоснабжения. В дальнейшем с учетом возможностей бюджета рассмотрим вопрос выделения средств на ремонт оставшегося участка дороги. Самое главное – обеспечить высокое качество выполненных работ», – сказал Берик Уали.

Глава региона также посетил семью Кусабаевых, переехавшую в село Архат в рамках проекта «Қаладан ауылға», и поинтересовался условиями ее жизни.

Талгат Кусабаев вместе с семьей переехал из Семея. Супруги воспитывают пятерых детей. Жители села подарили новоселам двух коров с телятами.

⏫️В целом в Абайском районе план по переселению в села 50 семей в рамках проекта «Из города – в село» на этот год выполнен полностью. В район переехали 50 семей, или 218 человек. Из них 34 семьи – 147 человек – прибыли из Семея, еще 16 семей – 71 человек – из других регионов страны. В село Архат переселились девять семей.

ПРЕСС-СЛУЖБА АКИМА ОБЛАСТИ АБАЙ

➡️Облыс әкімі Абай ауданының тұрғындарын қабылдадыБүгін аймақ басшысы Берік Уәли Қарауыл ауылында азаматтарды жеке мәсел...
04/09/2026

➡️Облыс әкімі Абай ауданының тұрғындарын қабылдады

Бүгін аймақ басшысы Берік Уәли Қарауыл ауылында азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады. Қабылдауға аудан әкімі Мейіржан Смағұлов, тиісті басқарма басшылары қатысты.

Жеке қабылдау барысында тұрғындар ауыл шаруашылығын дамыту, «Жайлау» бағдарламасы аясында несие алу және тұрғын үй мәселелері бойынша өтініштері мен ұсыныстарын жеткізді.

Атап айтқанда, «Жайлау» бағдарламасы бойынша несие алуға ниетті 19 шаруашылықтың өтініші қаралды. Өтініш иесі алдағы уақытта бөлінетін қаражатты ниет білдіруші шаруашылықтардың санына қарай теңгерімді бөлуді сұрады.

📌Облыс әкімі азаматтардың өтініштерін тыңдап, көтерілген мәселелерді тиісті мемлекеттік органдармен бірлесіп зерделеуді тапсырды. Әрбір өтініштің заң талаптары аясында қаралып, нақты шешім қабылдануы қажеттігін атап өтті.

Облыс әкімінің азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдауының алдында басқарма басшылары аудан тұрғындарын қабылдап, сауалдарына жауап берді.

АБАЙ ОБЛЫСЫ ӘКІМІНІҢ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ



➡️Аким области провел личный прием жителей Абайского района

Сегодня глава региона Берик Уали провел в селе Карауыл прием граждан по личным вопросам. В приеме приняли участие аким района Мейиржан Смагулов и руководители профильных управлений.

Жители озвучили обращения и предложения, касающиеся развития сельского хозяйства, получения кредитов в рамках программы «Жайлау» и обеспечения жильем.

В частности, был рассмотрен вопрос 19 хозяйств, намеренных получить кредит по программе «Жайлау». Заявитель предложил распределить выделяемые средства сбалансированно, с учетом количества хозяйств, подавших заявки.

⏫️Аким области выслушал обращения граждан и поручил совместно с соответствующими государственными органами детально изучить поднятые вопросы. Он подчеркнул, что каждое обращение должно быть рассмотрено в рамках законодательства и по нему необходимо принять конкретное решение.

Перед личным приемом граждан акимом области руководители управлений провели прием жителей района и ответили на их вопросы.

ПРЕСС-СЛУЖБА АКИМА ОБЛАСТИ АБАЙ

Address

Қайым Мұхамедханов көшесі, 8
Semey
070000

Alerts

Be the first to know and let us send you an email when Абай облысының әкімдігі posts news and promotions. Your email address will not be used for any other purpose, and you can unsubscribe at any time.

Shortcuts

Share