14/08/2026
Сыртқы жарнама мен көрнекі ақпарат мәтіндерін Қазақстан Республикасындағы тіл туралы заңнама талаптарына сәйкестендіру мақсатында ұйымдастырылған «Көркем жарнама – көрікті өңір» айлығы жалғасуда.
Айлық аясында қала көшелері бойында орналасқан бизнес объектілеріндегі жарнама мен көрнекі ақпараттың тіл туралы заңнама нормалары бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.
10 -14 тамыз аралығында Мұхтар Әуезов көшесі мен орталық автобекет маңында орналасқан бизнес нысандарына сауда нысандарына түсіндіру жұмыстары жүргізілді. 100 – ге жуық нысан қамтылып, кәсіпкерлерге әдістемелік көмек көрсетіліп, буклеттер таратылды.