18/08/2026
ЕЛ ДАМУЫНА ҮЛЕС ҚОСҚАН АЗАМАТТАР МАРАПАТТАЛДЫ
Кеше Қызылорда қаласында Қазақстан Республикасы Парламентінің 30 жылдығына орай салтанатты шара өтті.
Салтанатты жиында Қызылорда облысының әкімі Мұрат Ергешбаев аудандық мәслихат төрағасы Тұрабаев Мұрат Өскенбайұлы мен аудандық мәслихат депутаты Сүлейменов Болат Мулланазарұлына елдің қоғамдық-саяси дамуына қосқан елеулі еңбегі үшін «Қазақстан Республикасының Парламентіне 30 жыл» мерекелік медалін табыстады.
Бұл марапат – ел игілігі жолындағы қажырлы еңбектің, халыққа адал қызмет етудің және мемлекеттік басқару ісіне қосқан үлестің жоғары бағасы.
Мұрат Өскенбайұлы мен Болат Мулланазарұлын айтулы марапаттарымен құттықтай отырып, алдағы қызметтеріне толағай табыс, зор денсаулық және ел игілігі жолындағы еңбектеріне береке тілейміз!
Ел дамуына қосқан үлестеріңіз еселене берсін!
#ҚазақстанПарламентіне30Жыл
#Мәслихат