24it_lyceum

24it_lyceum Contact information, map and directions, contact form, opening hours, services, ratings, photos, videos and announcements from 24it_lyceum, Public School, Жандосова, Shymkent.

21/03/2026

📻 24 FM радиосының мерекелік шығарылымы – Наурыз айының қорытындысы!

Мектебімізде үшінші тоқсанның аяқталуына орай, наурыз айының мерекелік рухын айшықтаған 24 FM радиосының арнайы шығарылымы тыңдармандарға жол тартты.

Бұл шығарылымда Наурыз мейрамының мәні мен маңызы, ұлттық құндылықтар, көктемнің жаңаруымен бірге келетін ізгі тілектер кеңінен насихатталды. Радиобағдарлама барысында оқушыларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлайтын мазмұнды ақпараттар мен мерекелік құттықтаулар ұсынылды.

🎙 Бағдарлама жүргізушілері – 8 «Ә» сынып оқушылары
Дүйсенова Бағым және Сабырхан Мәриям өздерінің шеберлігі мен сахналық мәдениетін жоғары деңгейде көрсете білді.

📌 Ақпараттық қолдау көрсеткен:
ДТЖЖО Жуандыкова Дана Арыстанбекқызы

Бұл радиошығарылым – оқушылардың шығармашылығын дамытып, ұлттық құндылықтарды дәріптеуге бағытталған маңызды бастамалардың бірі болды.

✨ Наурыз – жаңару мен жақсылықтың бастауы!
Осындай игі шаралар алдағы уақытта да жалғасын табады деп сенеміз.

#МектепРадиосы
#Наурыз2026
#НаурызМейрамы
#Наурызнама
ҰлттықҚұндылықтар
ЖастарДауысы
МектепӨмірі
ҮшіншіТоқсан
Шығармашылық
ОқушыларҮні
ШымкентМектептері
БілімБерудеЖаңашылдық
НаурызШуақтары
МерекелікШығарылымБұл

05/03/2026

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ КОНСТИТУЦИЯСЫ ТАРИХИ-МӘДЕНИ МҰРАНЫ САҚТАУҒА ЕРЕКШЕ МӘН БЕРЕДІ

Қазақстан Республикасы Конституциясы тарихи-мәдени мұраны сақтау мәселесіне айрықша назар аударады. Бұл – ұлттың рухани тамырын үзбей, өткен мен бүгінді жалғайтын маңызды ұстаным.

Негізгі заңда ұлттық құндылықтарды қорғау, мәдени мұраны қастерлеу және оны болашақ ұрпаққа жеткізу – мемлекет пен қоғамның ортақ міндеті екені айқын көрсетілген. Өйткені тарихын қадірлеген елдің ғана келешегі кемел болады.

Тарихи ескерткіштерді сақтау, дәстүр мен тілді құрметтеу, рухани байлықты насихаттау – бәрі де ұлттық бірегейлікті нығайтудың негізі.

Конституция осы құндылықтарды қорғауды заң жүзінде бекіте отырып, ұлт болашағына берік кепілдік береді.

03/02/2026

ЖАҢА БІРПАЛАТАЛЫ ПАРЛАМЕНТ – ҚҰРЫЛТАЙДЫҢ ҚҰРЫЛУЫ

Қазақстанның жаңа Конституциясы аясында елдегі заң шығару жүйесін жаңғыртуға бағытталған маңызды институционалдық реформа жүзеге асырылуда. Соның негізгі тетіктерінің бірі – жаңа бірпалаталы Парламент, яғни Құрылтайдың құрылуы.

Жаңа Парламент кеңейтілген өкілеттіктерге ие 145 депутаттан тұрады. Депутаттардың өкілеттік мерзімі бес жыл болып белгіленіп, бұл заң шығару қызметінің тұрақтылығы мен сабақтастығын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Құрылтайды қалыптастыру кезінде пропорционалды сайлау жүйесі қолданылады. Бұл тәсіл саяси партиялардың рөлін арттырып, олардың кадрлық әлеуетін дамытуға ықпал етеді. Сонымен қатар партиялардың институционалдық салмағы күшейіп, саяси күштердің қоғам алдындағы жауапкершілігі арта түседі.

Аталған өзгерістер өкілді биліктің тиімділігін арттыруға, саяси бәсекелестікті нығайтуға және қоғам мүддесін заң шығару деңгейінде сапалы қорғауға бағытталған. #24мектеп

29/01/2026

📣 Педагогтерге арналған бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтіп жатыр.

📅 29–30 қаңтар 2026 жыл
⏰ 09:00 – 18:00
📍 Шымкент қаласы, «Көрме» орталығы

Білім беру ұйымдарында штаттық негізде жұмыс істегісі келетін азаматтарға арналған бос жұмыс орындары ұсынылуда.

👩‍🏫 Педагог мәртебесі бар мамандарға:
– конкурстық рәсімдер бойынша кеңес;
– құжаттарды рәсімдеу;
– электронды платформаға жүктеу тәртібі түсіндіріліп жатыр.

✅ Конкурстың ашықтығы мен әділдігін қамтамасыз ету мақсатында
200-ге жуық тәжірибелі педагог пен ардагер ұстаздан құралған комиссия жұмыс істейді.

🔔 Мүмкіндігіңізді жіберіп алмаңыз!

23/01/2026

🔹Шымкентте 139 мың оқушы ауқымды құқықтық акцияға қатысты
🔹Шымкент қаласы прокуратурасының бастамасымен мегаполистің білім беру мекемелерінде «Bala Protect» жобасы аясында құқықтық акция өтті.
Қаланың 164 мемлекеттік мектебінде 6-11 сынып аралығындағы 139 мың оқушы «Заң мен тәртіп» тақырыбында бірыңғай диктант жазды.
Шараның негізгі мақсаты — өскелең ұрпақтың бойында құқықтық мәдениетті қалыптастыру, заңды құрметтеуге және қоғамдық тәртіпті сақтауға баулу.
Диктант мазмұны оқушыларға әрбір азаматтың қоғам алдындағы жауапкершілігін сезіндіруге және құқықтық сауаттылықтарын арттыруға бағытталған.
Мұндай шаралар жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алуға және мемлекетіміздің «Заң мен Тәртіп» қағидатын ұстанатын берік қоғам ретінде дамуына септігін тигізеді.
Шымкент қаласының прокуратурасы
#ЗмТ
🔹В Шымкенте 139 тысяч школьников приняли участие в масштабной правовой акции
🔹 По инициативе прокуратуры города Шымкента в рамках проекта «Bala Protect» в образовательных учреждениях мегаполиса прошла правовая акция.
В 164 государственных школах города 139 тысяч учащихся 6–11 классов написали единый диктант на тему «Закон и порядок».
Основная цель мероприятия — формирование у подрастающего поколения правовой культуры, воспитание уважения к закону и соблюдению общественного порядка.
Содержание диктанта было направлено на то, чтобы помочь учащимся осознать ответственность каждого гражданина перед обществом и повысить их правовую грамотность.
Подобные мероприятия способствуют профилактике правонарушений среди подростков и развитию нашего государства как устойчивого общества, придерживающегося принципа «Закон и порядок».
Прокуратура города Шымкент
#ЗиП
#Шымкентпрокуратура
#ШымкентӘдістемелікорталық
#ШымкентБілімбасқармасы

20/01/2026

🎙️ «Радио 24 FM»: 2026 жылдың алғашқы жағымды жаңалықтары эфирде!

Мектебімізде оқушылардың шығармашылығы мен белсенділігін арттыруға бағытталған «Радио 24 FM» жаңалықтар легі 2026 жылдың ең алғашқы жағымды хабарларын көрермендерге жолдады. Жаңа жылды жарқын көңіл күймен бастап, мектеп тынысынан сыр шертетін тың жаңалықтар оқушылар мен ұстаздар қауымына көтеріңкі рух сыйлады.

Жаңалықтар легінің жүргізушілері – 8 «Ә» сынып оқушылары Дүйсенова Бағым мен Сабырхан Мәриям. Олар эфир барысында өздерінің сенімді дауысы, мәдениетті сөйлеуі мен жауапкершілігі арқылы жас жүргізушілерге тән шеберліктерін көрсете білді.

Аталған жобаның жүйелі әрі мазмұнды өтуіне ақпараттық қолдау көрсеткен ДТЖЖО Жуандыкова Дана Арыстанбекқызының еңбегі ерекше. Оқушыларға бағыт-бағдар беріп, шығармашылық ізденіске жетелеген мұндай қолдау – жас журналистердің қалыптасуына үлкен мүмкіндік.

«Радио 24 FM» – тек жаңалықтар алаңы ғана емес, сонымен қатар оқушылардың өзіндік ойы мен көшбасшылық қабілетін дамытатын, мектеп өміріндегі жағымды бастамаларды насихаттайтын маңызды ақпараттық жоба. Алдағы уақытта да бұл радио жаңалықтары өз тыңдармандарын тың мазмұнмен қуанта береді деп сенеміз.

✨ Жас тілшілерге шығармашылық табыс, жарқын эфирлер тілейміз!
Саттар_Ерубаев Оқуға_құштар_мектеп
Radio24FM
МектепРадиосы
ЖасЖүргізушілер
ОқушыҮні
ЖағымдыЖаңалық
2026Жыл
МектепӨмірі

24/12/2025

24 FM: Жыл соңында да қуанышты жаңалықтармен бірге!

Жылдың соңғы күндері жақсылыққа толы! 🎉 24 FM радиосы тыңдармандарын жағымды жаңалықтармен қуантуды жалғастырып келеді. Бұл жыл біздің бәрімізге көптеген оқиғалар мен есте қаларлық сәттер сыйлады, ал 24 FM сіздің көңіліңізді көтеретін жаңалықтармен жылдың соңын сәнді аяқтауға көмектеседі.

Жаңалықтарды жүргізген — 8 «Ә» сынып оқушылары Дүйсенова Бағым және Сабырхан Мәриям. Ақпаратты өңдеп, жинақтаған — ДТЖЖО Жуандыкова Дана Арыстанбекқызы.

Тыңдаушыларымызға тек жағымды сәттер мен жылы сөздер, шабыт беретін әңгімелер жеткізіп, жаңа жылға ерекше көңіл-күй сыйлаймыз. 24 FM — жыл бойы бірге жүрген сенімді дос! 🌟

#Адалазаматбіртұтастәрбие
#СаттарЕрубаев
#Шымкентәдістемелікорталық

#ЖағымдыЖаңалықтар
#ЖылСоңы
#Қуаныш
#Позитив

16/06/2025

Address

Жандосова
Shymkent

Website

Alerts

Be the first to know and let us send you an email when 24it_lyceum posts news and promotions. Your email address will not be used for any other purpose, and you can unsubscribe at any time.

Share

Category