Ордабасы Ұлттық тарихи-мəдени қорығы

Ордабасы  Ұлттық тарихи-мəдени қорығы «Национальный историко – культурный заповедник «Ордабасы»
Республиканское Государственное Казенное Предприятие

⚜️ Музей қоры құнды жәдігерлермен толықты🟨 «Ордабасы» ұлттық тарихи-мәдени қорығы қызметкерлерінің ұйымдастыруымен музей...
21/08/2026

⚜️ Музей қоры құнды жәдігерлермен толықты

🟨 «Ордабасы» ұлттық тарихи-мәдени қорығы қызметкерлерінің ұйымдастыруымен музей қорын толықтыру мақсатында өңірдегі елді мекендерге экспедиция ұйымдастырылды.

🟨 Экспедиция барысында Бадам ауылының тұрғыны Қалижан Сансызбайұлы Қараспан ауылынан кездейсоқ табылған, биіктігі 95 см болатын бір құмша ыдысты, ал Көкбұлақ ауылының тұрғыны Жанболат Ташболатұлы ауыл маңынан кездейсоқ табылған, әртүрлі тарихи кезеңдерге жататын археологиялық және этнографиялық құндылығы бар жәдігерлерді музей қорына тұрақты сақтауға тапсырды.

🟨 Музей қорын осындай құнды жәдігерлермен толықтыру – өңірдің тарихи-мәдени мұрасын сақтау, ғылыми тұрғыдан зерттеу және оны келешек ұрпаққа жеткізудің маңызды бағыттарының бірі. Жоғарыда аталған азаматтарға халықтың қазынасы болған музей қорының толығуына қосқан өлшеусіз үлестері үшін «Ордабасы» қорық-музейінің атынан алғысымызды білдіреміз.

⚜️ МУЗЕЙ-ҚОРЫҚТАР АРАСЫНДАҒЫ КӘСІБИ NETWORKING КЕЗДЕСУІ 🟨 Тараз қаласында «Ежелгі Тараз ескерткіштері» мемлекеттік тарих...
20/08/2026

⚜️ МУЗЕЙ-ҚОРЫҚТАР АРАСЫНДАҒЫ КӘСІБИ NETWORKING КЕЗДЕСУІ
🟨 Тараз қаласында «Ежелгі Тараз ескерткіштері» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының ұйымдастыруымен Қазақстанның музей-қорықтары басшылары мен жетекші мамандарының қатысуымен «Мұра арқылы байланыс» атты кәсіби networking кездесуі өтті.
🟨 Кәсіби басқосуға «Ордабасы» ұлттық тарихи-мәдени қорығының қызметкерлері де қатысып, еліміздің музей-қорықтары арасындағы тәжірибе алмасу мен кәсіби байланысты нығайтуға бағытталған пікірталастарға атсалысты.
🟨 Кездесудің негізгі мақсаты – тарихи-мәдени мұраны сақтау және насихаттау саласындағы озық тәжірибелермен бөлісу, музей қызметін заманауи бағытта дамыту, цифрлық технологияларды енгізу, жасанды интеллект мүмкіндіктерін тиімді пайдалану және бірлескен жобаларды жүзеге асыру жолдарын талқылау.
🟨 Іс-шара барысында ескерткіштерді қорғау және қалпына келтіру, археологиялық зерттеулердің заманауи әдістері, музей қызметін цифрландыру, ғылыми-зерттеу жұмыстарын жаңа форматта ұйымдастыру, жасанды интеллект технологияларын мәдени мұраны танытуда қолдану және заманауи музейлік экспозициялар құру мәселелері кеңінен қарастырылды.

⚜️ «Ордабасы» ұлттық тарихи-мәдени музей-қорығының ұйымдастыруымен Машат жазғы балалар сауықтыру лагерінде жас ұрпақтың ...
20/08/2026

⚜️ «Ордабасы» ұлттық тарихи-мәдени музей-қорығының ұйымдастыруымен Машат жазғы балалар сауықтыру лагерінде жас ұрпақтың тарихи-танымдық білімін арттыруға бағытталған «Ордабасы – көне тарих куәсі» атты көшпелі көрмесі өткізілді.
🟨Көрменің басты мақсаты – жас демалушыларға Ордабасы өңірінің бай тарихы мен мәдени мұрасын кеңінен таныстыру, ұлттық құндылықтарды дәріптеу және туған өлке тарихына деген қызығушылықтарын арттыру.
🟨 Іс-шара барысында музей-қорықтың қорында сақталған құнды жәдігерлер көпшілік назарына ұсынылды. Музей қызметкерлері әр жәдігердің тарихы мен маңызына тоқталып, балаларға Ордабасы өңірінің тарихи-мәдени мұрасы туралы мазмұнды ақпарат берді. Жас демалушылар жәдігерлермен жақын танысып, өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, тұшымды жауаптарын алды.
🟨 Көшпелі көрме балалардың туған өлке тарихына деген қызығушылығын арттырып, олардың тарихи мұраны тануына және ұлттық құндылықтарды құрметтеуіне мүмкіндік берді.
Осындай тағылымды іс-шаралар жас ұрпақтың бойында ел тарихына деген құрметті қалыптастырып, отансүйгіштік сезімін нығайтуға, тарихи санасы мен рухани дүниетанымын кеңейтуге зор ықпал етеді.

10/08/2026

Бүгін – қазақ халқының ұлы ойшылы, ақыны, ағартушысы, ұлттық руханиятымыздың биік тұлғасы Абай Құнанбайұлының туған күні.Абайдың өлеңдері мен қара сөздері – халқымыздың рухани мұрасы мен ұлттық ой-санасының баға жетпес қазынасы. Ұлы ақынның ғылым мен білімге, еңбекке, адамгершілік пен ізгілікке үндеген тағылымды ойлары мен өнегелі өсиеттері бүгінгі таңда да өз маңызын жойған жоқ.Абайдың мәңгілік мұрасы ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып, әр жүрекке рухани күш-қуат, терең ой мен даналық сыйлай берсін!Осы айтулы күнге орай, «Ордабасы» ұлттық тарихи-мәдени музей-қорығының қызметкерлерінің орындауындағы Абай Құнанбайұлының жүректерге жақын, сырлы да әсем «Желсіз түнде жарық ай» әнін назарларыңызға ұсынамыз.

⚜️ «Ордабасы» ұлттық тарихи-мәдени қорығының ұйымдастыруымен «Конституция – бірлік пен қоғамдық тұрақтылықтың негізі» та...
07/08/2026

⚜️ «Ордабасы» ұлттық тарихи-мәдени қорығының ұйымдастыруымен «Конституция – бірлік пен қоғамдық тұрақтылықтың негізі» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.
🟨 Іс-шара Бадам округ әкімшілігінің мәжіліс залында ұйымдастырылды. Дөңгелек үстелдің негізгі мақсаты – Конституциялық реформаларды ілгерілету, сондай-ақ халықтың мүддесі үшін енгізілген жаңа өзгерістерді көпшілікке кеңінен таныстыру.
🟨 Шараға арнайы шақырылған– М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан зерттеу университетінің оқытушысы, философия ғылымдарының кандидаты С. Мәжінбеков Конституцияға енгізілген жаңа өзгерістердің мәні мен маңызы туралы жан-жақты баяндама жасап, қатысушылардың сұрақтарына жауап берді.
🟨Дөңгелек үстелге ұстаздар, мәдениет саласының қызметкерлері, зейнеткерлер мен жастар қатысты.

⚜️ Қорық-музей қызметкерлері республикалық ғылыми-тәжірибелік семинарға қатысты🟨 2026 жылғы 17 шілдеде «Отырар» мемлекет...
24/07/2026

⚜️ Қорық-музей қызметкерлері республикалық ғылыми-тәжірибелік
семинарға қатысты
🟨 2026 жылғы 17 шілдеде «Отырар» мемлекеттік археологиялық музей-қорығында «Музейлік керамикалық бұйымдарды консервациялау және реставрациялау: заманауи тәсілдер, әдістер және озық тәжірибелер» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік семинар өтті.
🟨 Аталған семинарға «Ордабасы» ұлттық тарихи-мәдени қорығының директор орынбасары Д.Түймелиев, бас қор сақтаушы Б.Қасымов қатысып, музей қорларындағы керамикалық бұйымдарды ғылыми негізде консервациялау және реставрациялау бағытында тәжірибе алмасып, кәсіби біліктіліктерін арттырды.
🟨 50-ден астам археолог, реставратор, музей қызметкері және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысқан семинарда «Өткеннің жаңғырған мұрасы» атты көрмені тамашалаудан басталды. Көрмеде «Отырар» музей-қорығының қорындағы қайта қалпына келтірілген археологиялық керамикалық бұйымдар көпшілік назарына ұсынылды.
🟨 Іс-шара барысында «Отырар» мемлекеттік археологиялық музей-қорығының реставрация және консервация бөлімінің қызметкерлері мен Түркістан облыстық тарихи-өлкетану музейінің мамандары керамикалық бұйымдарды консервациялау және реставрациялау саласындағы тәжірибелерімен бөлісіп, заманауи әдістер мен ғылыми-практикалық жұмыстардың нәтижелерін таныстырды.
🟨 Осындай ғылыми-тәжірибелік кездесулер мәдени мұраны сақтау ісіндегі кәсіби тәжірибені жетілдіруге, музей саласы мамандары арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға және тарихи құндылықтарды келер ұрпаққа сақтап жеткізуге өз үлесін қосады.

⚜️ ОРДАБАСЫ АУДАНЫ – «ӨНЕРЛІ ӨЛКЕ» ОБЛЫСТЫҚ ӨНЕР ФЕСТИВАЛІНІҢ БАС ЖҮЛДЕ ИЕГЕРІ!🟨 Түркістан қаласындағы «Керуен-Сарай» ту...
21/07/2026

⚜️ ОРДАБАСЫ АУДАНЫ – «ӨНЕРЛІ ӨЛКЕ» ОБЛЫСТЫҚ ӨНЕР ФЕСТИВАЛІНІҢ БАС ЖҮЛДЕ ИЕГЕРІ!

🟨 Түркістан қаласындағы «Керуен-Сарай» туристік кешенінде өткен «Өнерлі өлке» облыстық өнер фестивалінде Ордабасы ауданы жоғары өнері мен бай мәдени мұрасын лайықты таныстырып, фестивальдің ең жоғары марапаты – Бас жүлдені жеңіп алды.
🟨 Осынау тарихи жеңіске Ордабасы ұлттық тарихи-мәдени қорығы да өз үлесін қосты. Фестиваль аясында өңірдің сан ғасырлық тарихын, археологиялық және этнографиялық мұрасын көпшілік назарына ұсынып, арнайы экспозиция ұйымдастырды.
🟨 Сонымен қатар, ауданның мәдениет мекемелері, өнер ұжымдары мен шығармашылық ұйымдары бірлесіп ұлттық құндылықтарды дәріптеген мазмұнды бағдарламаны ұсынды. Театрландырылған көріністер, ұлттық ән-күй, қолөнер көрмелері, салт-дәстүр көріністері, ұлттық спорт ойындары мен «Ордабасы өнімдері» көрмесі көрермендердің ерекше ықыласына бөленді.
🟨 Фестивальдің гала-концертінде Ордабасы өнерпаздарының жоғары кәсіби деңгейі мен сахналық шеберлігі қазылар алқасының жоғары бағасына ие болып, ауданның Бас жүлдені жеңіп алуына негіз болды.
🟨 Ордабасы ұлттық тарихи-мәдени қорығы ауданымыздың осы зор жетістігімен барша жерлестерімізді, мәдениет және өнер саласының қызметкерлерін, шығармашылық ұжымдарды шын жүректен құттықтайды!
Бас жүлде құтты болсын, Ордабасы!

#Ордабасы #ӨнерліӨлке #ОрдабасыҚорығы #ҰлттықМұра #Тарих #Мәдениет #Түркістан

17/07/2026

Машат балалар лагерінде көшпелі көрме

⚜️ «Ордабасы» ұлттық тарихи-мәдени қорығының қызметкерлері Түркістан  облысы, Сайрам  ауданына қарасты «Машат» балалар л...
17/07/2026

⚜️ «Ордабасы» ұлттық тарихи-мәдени қорығының қызметкерлері Түркістан облысы, Сайрам ауданына қарасты «Машат» балалар лагерінде көшпелі көрме ұйымдастырды.
🟨 Көрмеге келушілерге қазақ-жоңғар соғысы кезеңіндегі ел тағдырын шешкен Ордабасы құрылтайының тарихи маңызы кеңінен таныстырылды. Сонымен қатар, осы өңірден табылған археологиялық, нумизматикалық және этнографиялық жәдігерлер демалып жатқан балаларға ұсынылып, олардың тарихи және ғылыми құндылығы туралы жан-жақты мәлімет берілді.
🟨 Көшпелі көрме жас жеткіншектердің туған өлкенің тарихына деген қызығушылығын арттырып, ұлттық құндылықтарды дәріптеуге бағытталды.
Іс-шара соңында «Машат» балалар лагерінің қызметкерлері мазмұнды көрмені ұйымдастырғаны үшін «Ордабасы» ұлттық тарихи-мәдени қорығының ұжымына ризашылықтарын білдіріп, алғыстарын жеткізді.

Address

Түркістан облысы Ордабасы ауданы Ордабасы ауылы
Shymkent
160601

Alerts

Be the first to know and let us send you an email when Ордабасы Ұлттық тарихи-мəдени қорығы posts news and promotions. Your email address will not be used for any other purpose, and you can unsubscribe at any time.

Contact The Organization

Send a message to Ордабасы Ұлттық тарихи-мəдени қорығы:

Shortcuts

Share