Adilet партиясы Шымкент қалалық филиалы

Adilet партиясы Шымкент қалалық филиалы Contact information, map and directions, contact form, opening hours, services, ratings, photos, videos and announcements from Adilet партиясы Шымкент қалалық филиалы, Political Party, Бейбітшілік, 3, Shymkent.

05/09/2026

Қалшабек Ақжол:
«Ахмет Байтұрсынов өз ұлтына кешенді түрде қызмет етті»

05/09/2026

Бүгін – Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының туғанына 154 жыл!
Ардақты ағайын!

«Әділет» партиясы өзінің сайлауалды бағдарламасында инновациялар арқылы мемлекеттік тілді дамытуды, «Оқырман ұлт» бағдарламасын ілгерілетуді және «Адал азамат» құндылықтарын орнықтыруды мақсат тұтып отыр.

«Білімді болуға оқу керек. Бай болуға кәсіп керек. Күшті болуға бірлік керек». Ахмет Байтұрсынұлы осындай өсиет қалдырды. Осы өсиет баршамызға ортақ жасампаздыққа, бірлік пен дамуға сенімді серпін береді!

05/09/2026

Тіл – жай ғана қарым-қатынас құралы емес

Тіл – әр халықтың мәдениеті мен дәстүрін, өткені мен тарихын сақтайтын рухани мұра.

Қазақстанда түрлі ұлт өкілдері өз тілінде сөйлеп, ана тілін ұрпақтан ұрпаққа жеткізіп келеді. Әр тілге құрметпен қарау – өзара түсіністік пен татулықты нығайтып, ел бірлігін бекемдей түседі.

Қазақстан халқының тілдері күні құтты болсын!



Язык – это не только средство общения

В нем живут культура, традиции, память и история каждого народа.

Казахстан объединяет людей, говорящих на разных языках, и уважение к этому многообразию остается важной частью нашего общего пространства, взаимопонимания и единства.

Қазақстан халқының тілдері күні құтты болсын!

#қазақстан #әділет #әділетпартиясы #ӘділеттіҚазақстан #партияадилет

Жастар штабының белсенділері марапатталды!Құрылтай сайлауының үгіт-насихат жұмыстарын ұйымдастыруға белсенді атсалысып, ...
04/09/2026

Жастар штабының белсенділері марапатталды!

Құрылтай сайлауының үгіт-насихат жұмыстарын ұйымдастыруға белсенді атсалысып, науқанның жоғары деңгейде өтуіне үлес қосқан жастар штабының белсенділері марапатталды.

Белсенділер «ӘDILET» партиясының төрағасы, Қазақстан Республикасы Құрылтайының төрағасы Айбек Арқабайұлы Дәдебайдың Алғыс хатымен марапатталды.

Марапаттарды «ӘDILET» партиясы Шымкент қаласы филиалының төраға орынбасары Байқонысов Ербол Рәбілұлы табыс етті.

👏 Марапатталушыларды шын жүректен құттықтаймыз! Еңбектеріңіз еленіп, алдағы бастамаларыңызға толағай табыс тілейміз!

Құмай тазы - ұлттық құндылығымызТазы - қазақ халқының тарихы мен дәстүрінің ажырамас бөлігі. Президент Қасым-Жомарт Тоқа...
03/09/2026

Құмай тазы - ұлттық құндылығымыз
Тазы - қазақ халқының тарихы мен дәстүрінің ажырамас бөлігі. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев тазы тұқымын сақтап, көбейту ісіне айрықша мән береді. Мемлекет
басшысының тапсырмасы бойынша дәл осы бағытта мазмұнды жұмыс жүргізілді. Қазақы ит тұқымдарын сақтау және өсімін молайту туралы заң қолданысқа енді.
Сондықтан жеті қазынаның бірі саналатын құмай тазы - аңшының сенімді серігі ғана емес, ұлттық құндылығымыз.
Оны келер ұрпаққа аманат ету - баршамыздың қастерлі
борышымыз!
#қазақстан #әділет #әділетпартиясы #ӘділеттіҚазакстан
#партияадилет

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ АУЫР АТЛЕТТЕР АЗИЯ ОЙЫНДАРЫНА ДАЙЫНДЫҚТЫ ПЫСЫҚТАДЫҚазақстанның ауыр атлетикадан ұлттық құрамасы алдағы маңы...
03/09/2026

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ АУЫР АТЛЕТТЕР АЗИЯ ОЙЫНДАРЫНА ДАЙЫНДЫҚТЫ ПЫСЫҚТАДЫ

Қазақстанның ауыр атлетикадан ұлттық құрамасы алдағы маңызды додаға дайындықты пысықтап жатыр. 21–30 қыркүйек аралығында Жапонияда өтетін жазғы Азия ойындарында ел намысын қорғайтын спортшылар қазір оқу-жаттығу жиындарын жалғастыруда.

Осыған орай «Әділет» партиясы Шымкент қалалық филиалының төрағасы, ҚР Ауыр атлетика федерациясының вице-президенті, Шымкент қаласы бойынша филиал президенті Мұрат Жолдыхожаев спортшылармен кездесіп, олардың дайындық барысымен танысты. Кездесу барысында алдағы жарысқа әзірлік, спортшылардың қазіргі жағдайы және федерация тарапынан атқарылатын жұмыстар талқыланды.

Биылғы Азия ойындарында Қазақстан құрамасы сапынан 10 спортшы бақ сынайды. Олардың бесеуі – ерлер, бесеуі – қыздар. Әрқайсысы ел қоржынына жүлде салуға мүмкіндік беретін жауапты додаға дайындалып жатыр.

Кездесуде спортшылар дайындық жұмыстары жоспарға сай жүріп жатқанын айтып, жарысқа барынша тыңғылықты әзірленіп жатқанын жеткізді. Олар Жапониядағы додада өз мүмкіндіктерін толық пайдаланып, жоғары нәтиже көрсетуге ниетті.

Мұрат Жолдыхожаев өз кезегінде спортшылардың дайындығын сапалы ұйымдастырумен қатар, олардың алаңсыз жаттығуына қажетті жағдай жасаудың маңызын атап өтті.

«Алда біз үшін жауапты жарыс тұр. Азия ойындары – спортшы үшін де, ел үшін де үлкен сын. Сондықтан дайындықтың әр кезеңіне мұқият қарау керек. Федерация тарапынан спортшыларға қажетті жағдайдың барлығы жасалады. Басты міндет – жарысқа толық дайындықпен барып, бар күшімізді нәтижеге бағыттау», – деді Мұрат Жолдыхожаев.

Кездесу соңында алдағы кезеңдегі жұмыс жоспары нақтыланып, спортшылардың дайындық барысын одан әрі жүйелі түрде жүргізу мәселелері талқыланды. Енді ұлттық құрама Жапониядағы додаға дейінгі соңғы дайындық кезеңіне назар аударады.

#әділет #әділеттіқазақстан #шымкент

МҰРАТ ЖОЛДЫХОЖАЕВ АЗАМАТТАРДЫ ЖЕКЕ МӘСЕЛЕЛЕРІ БОЙЫНША ҚАБЫЛДАДЫ«Әділет» партиясы Шымкент қалалық филиалының төрағасы, қа...
02/09/2026

МҰРАТ ЖОЛДЫХОЖАЕВ АЗАМАТТАРДЫ ЖЕКЕ МӘСЕЛЕЛЕРІ БОЙЫНША ҚАБЫЛДАДЫ

«Әділет» партиясы Шымкент қалалық филиалының төрағасы, қалалық мәслихат төрағасы Мұрат Жолдыхожаев азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдап, тұрғындардың талап-тілектері мен ұсыныстарын тыңдады.

Қабылдауға қалалық партия филиалы төрағасының орынбасары Ербол Байқонысов және бірқатар салалық басқармалардың басшылары қатысты. Мұндай формат көтерілген мәселелерді сол жерде тиісті мамандармен бірге талқылап, нақты шешу жолдарын қарастыруға мүмкіндік берді.

Тұрғындар негізінен инфрақұрылым, денсаулық сақтау, білім беру және әлеуметтік салаға қатысты мәселелерін ортаға салды. Әр азаматтың өтініші жеке қаралып, жауапты мамандарға тиісті тапсырмалар берілді.

Қабылдау барысында бірқатар мәселе сол жерде шешімін тапса, қосымша зерделеуді қажет ететін өтініштер арнайы хаттамаға енгізіліп, бақылауға алынды.

Мұрат Жолдыхожаев тұрғындардың мәселесін тыңдаумен шектелмей, олардың орындалу барысын бақылаудың маңыздылығын атап өтті.

«Халықтың өтінішін тыңдау – жұмыстың бір бөлігі ғана. Ең маңыздысы – көтерілген мәселенің нақты шешімін табуы. Сондықтан әрбір өтініш назардан тыс қалмауы керек. Қай мәселені қай сала шешуге тиіс екені анықталып, жауапты мамандарға нақты тапсырма берілуі қажет. Ал қосымша уақыт пен зерделеуді қажет ететін мәселелер бақылауға алынады», – деді Мұрат Жолдыхожаев.

Жеке қабылдау барысында көтерілген ұсыныстар мен өтініштер алдағы уақытта да назарда болып, олардың шешілу барысы тиісті тәртіппен бақыланатын болады.

#әділет #әділеттіқазақстан #шымкент

01/09/2026

Құрметті ұстаздар, оқушылар және ата-аналар!

Баршаңызды 1 қыркүйек – Білім күнімен шын жүректен құттықтаймыз!

Бұл – әр адам үшін ерекше күн. Бірінші сынып оқушылары таңғажайып білім әлеміне алғашқы қадамдарын жасайды, жоғары сынып оқушылары өз болашағын таңдайды, ал педагогтер мен ата-аналар күш-жігерін балалардың жетістігі жолында жұмсайды.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев халықаралық пән олимпиадалары жеңімпаздарымен және жүлдегерлерімен кездесуде білім мен ғылым, инновация мен озық технология – бүгінгі дәуірдің басты қаруы екенін атап өтті. Жаһандық бәсекеде білімді, зияткер елдер ғана алға шығады.

Баршаңызға толайым табыс тілейміз.

Мереке құтты болсын! Білім күні құтты болсын!



Дорогие учителя, школьники и родители!

Партия «Әділет» поздравляет вас с 1 сентября – Днем знаний!

Для каждого этот день особенный. Первоклассники делают первый шаг в мир открытий, старшеклассники выбирают свое будущее, а педагоги и родители вкладывают силы в успехи детей.

Глава государства Касым-Жомарт Токаев на встрече с победителями и призерами международных олимпиад отметил, что образование, наука, инновации и передовые технологии – это ключевые инструменты развития в современную эпоху. В условиях глобальной конкуренции вперед вырываются лишь образованные и интеллектуально развитые нации.

Желаем школьникам интересного и продуктивного учебного года, учителям – профессиональных успехов, а родителям – поводов для гордости.

С праздником! С Днем знаний!

#қазақстан #әділет #әділетпартиясы #ӘділеттіҚазақстан #партияадилет

Address

Бейбітшілік, 3
Shymkent
160000

Opening Hours

Monday 09:00 - 17:00
Tuesday 09:00 - 17:00
Wednesday 09:00 - 17:00
Thursday 09:00 - 17:00
Friday 09:00 - 17:00

Alerts

Be the first to know and let us send you an email when Adilet партиясы Шымкент қалалық филиалы posts news and promotions. Your email address will not be used for any other purpose, and you can unsubscribe at any time.

Contact The Organization

Send a message to Adilet партиясы Шымкент қалалық филиалы:

Shortcuts

Share