Әзірет Сұлтан Ұлттық музей-қорығы

Әзірет Сұлтан Ұлттық музей-қорығы «Әзірет Сұлтан» Ұлттық тарихи-мәдени музей-қорығы» РМҚК

05/09/2026
⚜️ ҒЫЛЫМИ-АКАДЕМИЯЛЫҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ АЯСЫ КЕҢЕЙТІЛУДЕ🔹 «Әзірет Сұлтан» Ұлттық тарихи-мәдени музей-қорығы «Ясауитану» ғылы...
04/09/2026

⚜️ ҒЫЛЫМИ-АКАДЕМИЯЛЫҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ АЯСЫ КЕҢЕЙТІЛУДЕ

🔹 «Әзірет Сұлтан» Ұлттық тарихи-мәдени музей-қорығы «Ясауитану» ғылыми орталығының ғалымдары Түркия Республикасының Ыстамбұл қаласына іссапары шеңберінде Түркия Діни істер қоры жанындағы Ислам зерттеулері орталығының (ISAM) өкілдерімен бірқатар кездесулер өткізді.
Атап айтқанда, ИСАМ вице-президенті, доцент, доктор Яшар Чолак, ғылыми хатшы, доктор Камил Яшароғлу және Кітапхана мен құжаттама департаментінің басшысы Мұстафа Бирол Үлкермен жұмыс кездесулері ұйымдастырылып, мекемелер арасындағы ынтымақтастықтың негізгі бағыттары талқыланды.
🔹 Орталық басшылығы доцент доктор, Яшар Чолак және доктор Камил Яшароғлумен өткен кездесулерде екіжақты меморандум аясында бірлескен ғылыми-зерттеу жобаларын жүзеге асыру, халықаралық ғылыми экспедициялар мен конференциялар ұйымдастырудың кезең-кезеңімен іске асырылу жоспары белгіленді. Сонымен қатар, ИСАМ мекемесінің әлемдік рейтингтік базаларда жарияланатын «Ислам зерттеулері» мен «Османлы зерттеулері» журналдарының редакциялық ұйымдастыру мен әдістері талқыланды.
ИСАМ-ның «Халықаралық қонақ зерттеуші» (MAP) бағдарламасы аясында музей ғалымдарын орталық базасында қысқа және ұзақ мерзімді ғылыми зерттеу, тағылымдамадан өткізу, тәжірибе алмасу тетіктері мен қатысу шарттары қарастырылды.
🔹 Кітапхана мен құжаттама департаментінің басшысы Мұстафа Бирол Үлкермен арнайы өткізілген кездесуде халықаралық деңгейдегі цифрлық кітапхана платформасының жұмысын ұйымдастыру мәселелері сөз болды. Мұстафа Бирол Үлкер орталық қорындағы сирек қолжазбалар мен еңбектерді әлемдік оқырманға бірыңғай платформа арқылы қолжетімді етудегі көпжылдық нәтижелі тәжірибесін ұсынды. Ғалымдар музей-қорықтың цифрлық платформасын қалыптастыру кезеңінде ИСАМ орталығының халықаралық үлгісінің тәжірибесін қолдану бағыттарын талқылады.

Г. Кошенова, Ғылыми аналитика және халықаралық байланыстар бөлімінің басшысы, PhD.
Б. Ботақараев, Қолжазбалар мен сирек кітаптарды зерттеу бөлімінің жетекші ғылыми қызметкері PhD.

04/09/2026

🔷 Мемлекет басшысы Мәдениет және ақпарат министрі Арман Қырықбаевты қабылдады

✔️Кездесу барысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Мәдениет және ақпарат министрлігі қызметінің басым бағыттарын айқындап, ведомство алдына бірқатар нақты міндет қойды.

✔️Мемлекет басшысы мәдениет пен креативті индустрияны одан әрі дамытуды, тарихи-мәдени мұраны сақтап, кеңінен насихаттау жұмыстарын күшейтуді тапсырды. Сондай-ақ Қазақстан мәдениетін халықаралық аренада дәріптеудің маңызын атап өтті.

✔️Мемлекеттік ақпараттық саясат мәселелеріне ерекше назар аударылды. Президент отандық ақпарат кеңістігін жандандыруға, соның ішінде заң жобалау жұмысын заманауи цифрлық тәуекелдерді ескере отырып жетілдіруге күш салу қажет деп санайды.

✔️Бұдан бөлек, Мемлекет басшысы қоғамдық келісімді нығайту жұмыстарын дәйекті түрде жалғастыру, жастардың жасампаз әлеуетін жүзеге асыруына жағдай жасау жөнінде міндет жүктеді.

****

🔷 Глава государства принял министра культуры и информации Армана Кырыкбаева

✔️В ходе встречи Президент Касым-Жомарт Токаев обозначил приоритетные направления деятельности министерства культуры и информации и поставил перед ведомством ряд конкретных задач.

✔️Глава государства поручил обеспечить дальнейшее развитие культуры и креативных индустрий, усилить работу по сохранению и популяризации историко-культурного наследия. Также была отмечена важность расширения присутствия отечественной культуры на международной арене.

✔️Особое внимание было уделено вопросам государственной информационной политики. Президент считает необходимым направить усилия на укрепление позиций отечественного информационного пространства, в том числе путем совершенствования законодательства с учетом современных цифровых реалий.

✔️Кроме того, Глава государства поручил продолжить последовательную работу по укреплению общественного согласия, а также созданию условий для реализации созидательного потенциала молодежи.

⚜️ «Әзірет Сұлтан» Ұлттық тарихи-мәдени музей-қорығында Ғылыми кеңестің кезекті отырысы өтті 🔹 2026 жылғы 3 қыркүйекте «...
03/09/2026

⚜️ «Әзірет Сұлтан» Ұлттық тарихи-мәдени музей-қорығында Ғылыми кеңестің кезекті отырысы өтті

🔹 2026 жылғы 3 қыркүйекте «Әзірет Сұлтан» Ұлттық тарихи-мәдени музей-қорығында Ғылыми кеңестің кезекті отырысы өтті.
Жиынды музей-қорық директоры, Ғылыми кеңес төрағасы Ерлан Дакенов жүргізді.
Отырыс барысында күн тәртібіне енгізілген бірқатар маңызды мәселелер қаралып, музей-қорықтың ғылыми-зерттеу, ағартушылық және мәдени-танымдық бағыттағы алдағы жұмыстары талқыланды.
🔹 Атап айтқанда, музей-қорықтың жылдық жоспарына сәйкес оқушылар арасында «Туған өлке тағылымы» тақырыбында ІІ қалалық ғылыми-танымдық конференциясын ұйымдастыру мәселесі қаралды. Жиын барысында конференцияның мақсаты мен міндеттері, жас зерттеушілерді туған өлкенің тарихы мен мәдени мұрасын зерделеуге ынталандыру, өлкетану бағытындағы ізденістерін қолдау және оқушылардың ғылыми-зерттеу қабілеттерін дамыту жөнінде ұсыныстар айтылды.
Сонымен қатар, «Сырдария өзені алабының орта және төменгі ағысындағы ислам мәдениеті» тақырыбында халықаралық ғылыми-практикалық конференцияны ұйымдастыру және өткізу мәселесі кеңінен талқыланды. Кеңес мүшелері конференцияның ғылыми маңыздылығына тоқталып, өңірдің тарихи-мәдени мұрасын, ислам өркениетінің қалыптасуы мен дамуын, археологиялық және жазба деректерді, сәулет ескерткіштері мен рухани құндылықтарды кешенді зерттеудің өзектілігін атап өтті.
🔹 Ғылыми кеңес мүшелері аталған іс-шаралардың мазмұны мен ұйымдастырылуына қатысты, күн тәртібінде әр тұрлі мәселелер бойынша өз ұсыныстары мен пікірлерін білдіріп, бірқатар нақты шешімдер қабылдады.

Гаухар Примкулова, ғылыми хатшы.

03/09/2026

#қожаахметясауи #рек #рекомендации #музей

03/09/2026

✍️ Мемлекет басшысының Жарлығымен Арман Оразбайұлы Қырықбаев Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрі болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды.

✍️ Указом Главы государства Кырыкбаев Арман Оразбаевич назначен Министром культуры и информации Республики Казахстан, он освобожден от ранее занимаемой должности.

⚜️ Ясауи кесенесі аумағында лотос гүлдері гүлдеді 🔹 Күздің алғашқы күндерінде «Әзірет Сұлтан» Ұлттық тарихи-мәдени музей...
02/09/2026

⚜️ Ясауи кесенесі аумағында лотос гүлдері гүлдеді

🔹 Күздің алғашқы күндерінде «Әзірет Сұлтан» Ұлттық тарихи-мәдени музей-қорығының аумағында жайқалған лотос гүлдері айналаға ерекше көрік беріп тұр.

🔹 Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің маңындағы гүлзарлар мен саялы ағаштар, жемісті бақтар қасиетті орынның табиғи ажарын айшықтауда.

🔹 Тарихы терең киелі мекеннің сәулеті мен табиғаты үндескен бұл көрініс келушілерге ерекше көңіл күй сыйлайды.

⚜️ Музей қорындағы ХІІІ ғасырға тән алтын динарлар 🔹 «Әзірет Сұлтан» Ұлттық тарихи-мәдени музей-қорығының нумизматикалық...
01/09/2026

⚜️ Музей қорындағы ХІІІ ғасырға тән алтын динарлар

🔹 «Әзірет Сұлтан» Ұлттық тарихи-мәдени музей-қорығының нумизматикалық жәдігерлер қорында ХІІІ ғасырдың алғашқы жартысына тән 15 дана алтын динар сақталған. Бұл жәдігерлер музей қорына бір-екі жыл көлемінде бірнеше адамдар тарапынан өткізілген. 2004 жылы Отырар қалажұртының маңындағы Арыс өзені бойынан ХІІІ ғасырға тән алтын динарлар көмбесі табылған болатын. Музейіміздің қорына өткізілген динарлар сол көмбенің құрамындағы тиындар болуы керек деген болжам бар.
​Музей қорындағы ХІІІ ғасырға тән алтын динарлардың құрамына келер болсақ, 1 данасы Орду ақша сарайында ХІІІ ғ. алғашқы ширегінде соғылған. 620 х.ж. (1220-шы жылдар) дәл осы типте соғылған күміс дирхемдер Баласағұн қаласынан табылған болатын. Музей қорындағы алтын динардың беттерінде соғылған жылдық жазбалары сақталмағандықтан, жоғарыда айтылған, осы динармен типтес дирхемдердің соғылған жылдарын есепке ала отырып, музей қорындағы динардың да соғылған жылын осы 1220-шы жылдар аумағынан деп қарастырдық. (1 сурет.).
3 дана динар Самарқан ақша сарайында соғылған. Олардың ішінде біреуінде ғана 641 х.ж. (1243-1244 ж.) соғылғандығы көрсетілген жазбасы сақталған. Айта кететін маңызды жайттың бірі, осы Самарқанда соғылған динарлар қатарында типологиялық тұрғыда бүгінгі таңда әлемде белгілі болып отырған Шыңғыс хан атымен соғылған жалғыз динарда да бар. (2, 3 суреттер.) Динарлардың 3 данасы Бухара ақша сарайында, Халифа Наср лид-Дин Аллаһ есімі мен «Калима» жазбасымен шекімеленген. (4 сурет.)
1 данасы ХІІІ ғасырдың басында (ХІІІ ғасырдың 10-шы – 20-шы жылдар аралығы) Хорезмшах Мухаммед бин Текеш атынан соғылған динар. (5 сурет.)
🔹 Қалған динарлар беттерінде ақша сарайы атауының жазбасы сақталмаған немесе, мүлдем түсірілмеген. Ол динарлардың ерекшеліктеріне келер болсақ, 2 дана анонимді динардың екі бетіне де «Калима» (Ла илаһа илла Аллаһ мухаммад Расул Аллаһ) жазбасы түсірілген (6 сурет). 1 данасы алтын динардың сынған бөлігі. (7 сурет)
ХІІІ ғасырда соғылған алтын динарлардың тарихына келер болсақ, Орта Азияда моңғол шапқыншылығынан кейін ХІІІ ғ. ортасына дейін алтын ақшалардың тұрақты шекімесі болмады. Орта Азияда 1251 жылы Мөңкенің қаған болып жарияланып, құрылтай өткізген жылымен тұспа-тұс келеді. Осы жылы өткен құрылтайда жаулап алынған жерлерден жиналатын салықтың «Купчур» түрі бекітілген болатын. Бұған дейін жергілікті халықтан жиналып отырған «Ихражат» және «Илтимасат» сынды салықтарды қысқартып, олардың орнына көлемі белгіленген, жылына бір рет төленетін «Купчур» салығын алтын динарлармен жинау бекітілген болатын. Құрылтайда қарастырылған салық мәселесіне байланысты Орта Азияда сауда қатынасын реттеп, нарыққа толыққанды айналым құралы қызметін атқаратын төмен сынамдағы алтын динарларды өндіріп отыру ісін ретке келтіру қажеттігі туындады.
«Купчур» салығын реттеу, жинау мәселесі жүктелген, ұлы моңғол мемлекетінің билігі тұсында Орта Азияның билеушісі ретінде тағайындалған көпес-билеуші Масуд-бекке жүктелген еді. Ол алтыннан ақша соғып отыратын ақша сарайларын іске қосып қана қоймай, соғылған алтын динарлардың белсенді түрде сауда айналымында жүруін қамтамасыз етуі керек болатын. Егер, олай етпесе алтынан соғылған ақшалардың барлығы айналымда ұзақ жүрмей, адамдардың жеке қорына айналып кететінін білген. Сондықтан, алтын ақшалардың сынамасын саналы түрде төмендетумен оның күнделікті сауда айналымында толыққанды жүруіне мүмкіндіктер жасалған.
🔹 Ортағасырлық Орта Азия нумизматикасын зерттеуші белгілі нумизмат ғалым Е.А.Давидович ХІІІ ғасырдағы Орта Азияның ақша шекімелеу ісін 3 кезеңге бөліп қарастырады. Ол кісінің кезеңдестіруі бойынша музей қорында алғашқы екі кезеңге тән алтын динарлар сақтауға алынған. Жүргізілген нумизматикалық зерттеулер бойынша ІІ кезеңде (ХІІІ ғасырдың 50-70 жылдар аралығы) соғылған алтын ақшалар ХІІІ ғасырдың алғашқы жартысына дейінгі уақыт аралығын қамтитын І кезеңге қарағанда әлдеқайда көп мөлшерде соғылып отырған.
Түрлі жылдарда табылып отырған ақша көмбелер мен жекелеген тиындармен жүргізілген зерттеу жұмыстары ХІІІ ғасырдың ортасынан бастап ХІІІ ғасырдың 70-ші жылдарына дейінгі уақыт аралығында алтын динарлар үздіксіз соғылып отырғандығын көрсетеді. Бұл кезеңде Отырар, Ходженд, Бухара, Самарқан, Орду ал-Ағзам, Алмалық, Герат т/б ақша сарайлары өлкенің нарығын алтын ақшалармен қамтамасыз етіп отырған.
ХІІІ ғасырдың екінші жартысынан бастап 20 жылдай аралықта соғылып отырған Ұлы Моңғол мемлекетінің алтын динарлардың метрологиялық көрсеткіштеріне жүргізілген сараптамалар нәтижесінде алтын динарлардың салмақ көрсеткіштері белгілі бір стандартты ұстанбағандықтары белгілі болды. Дегенмен, олардың сынам көрсеткіштері төмен болса да (негізінен 500 бен 580 % сынам көрсеткіші аралығында), ортақ көрсеткіш бойынша соғылып отырғандығын көрсетті. Яғни, алтын ақшалар даналап емес, салмақ көрсеткіштері арқылы айналымда жүрген. Бұл тұжырымды осы кезеңге тән алтын ақшалар көмбелерінің құрамындағы динар кесінділері де растай түседі. Мемлекет алтын ақшаларға белгілі бір сынамды белгілеп беру арқылы олардың салмақ көрсеткіштері арқылы айналымда жүрулеріне жағдай туындатқан.
Көмбе құрамында бүтін ақшалармен қатар көп мөлшерде кездесіп отыратын динарлардың кесіліп алынған бөліктерінің салмақ өлшемдеріне жүргізілген сараптама жұмыстары олардың жосықсыз кесіліп отырмағандығын көрсетті. Тиын кесінділерінің көпшілігінің салмақ өлшемдері бүтін динарлардың орта салмағының жартысын, 1/3 бөлігін, ¼ және 1/10 көрсеткен. Осыған қарағанда динар бөліктері де сауда жасауға қолайлы белгілі бір салмақ көлемінде кесіліп отырғанға ұқсайды.
🔹 Бұл кезең нарығында айналымда жүрген алтын ақшалардың барлығы соғылған ақша сарайлары мен жыл айырмашылықтарына қарамастан типологиялық тұрғыда бір-біріне жақын болған. Тиындар беттеріне түсіріліп отырған жазбалар түрлері де көп емес. Негізінен ислам дінінің сенім негізі – Калима жазбасы (لا اله الا الله محمد رسول الله және لا اله الا الله وحده لا شريك له) және халифа Наср лид-Дин Аллахтың аты мен атақ-лауазымының жазбасы түсіріліп отырған. Оған қосымша ақша сарайы атауының жазбасы, кей тиындар беттерінде خاني (Хани) эпитеті мен قاان (Қаған) лауазымы және қосымша компоненттер орын алуы мүмкін. Жазбалардың тиындар беттерінде орналастырылуы да айтарлықтай біркелкі үлгіде.

Т.Жолдасов, кіші ғылыми қызметкер.

Address

Тауке хан 282А
Türkistan
161200

Opening Hours

Monday 09:00 - 18:00
Tuesday 09:00 - 18:00
Wednesday 09:00 - 18:00
Thursday 09:00 - 18:00
Friday 09:00 - 18:00
Saturday 09:00 - 18:00
Sunday 09:00 - 18:00

Telephone

+77253332300

Alerts

Be the first to know and let us send you an email when Әзірет Сұлтан Ұлттық музей-қорығы posts news and promotions. Your email address will not be used for any other purpose, and you can unsubscribe at any time.

Contact The Organization

Send a message to Әзірет Сұлтан Ұлттық музей-қорығы:

Shortcuts

Share